"Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 109 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының м.а. - Қаржы министрінің м.а. 2023 жылғы 28 наурыздағы № 296 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 28 наурызда № 32136 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 109 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10524 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      осы бұйрықпен бекітілген Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидаларында:

      18-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі;";

      22 және 23-тармақтар алып тасталсын;

      24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Этил спиртін теміржол цистернасымен өткізу (тиеп-жөнелту) уәкілетті органның аумақтық органының қызметкеріне уәкілетті адам жеке куәлігін көрсеткеннен кейін ғана жүргізіледі.

      25. Этил спиртін өндірушінің орналасқан жері бойынша уәкілетті органның аумақтық органы автоцистернаның метрологиялық тексеру актісі деректерінің, (этил спиртінің құбыржолмен тасымалдау жағдайларынан басқа) дұрыстығына көз жеткізген соң этил спиртін өткізуге (тиеп-жөнелтуге) кіріседі.";

      26-тармақ алып тасталсын;

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Этил спирті сақталатын спирт қоймасы резервуарларының қолжетімді жерлері күн сайын жергілікті уақыт бойынша сағат 17:00-ден сағат 10:00-ге дейін, сондай-ақ сенбі, жексенбі және мереке күндері тығындалып жабылады және Жеткізуші қызметкердің қатысуымен уәкілетті органның аумақтық органы пломба салады.";

      33-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі
орынбасарының міндетін атқарушы -
Қаржы министрінің міндетін атқарушы
Е. Жамаубаев

      "Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі

      "Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады