"Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне тексерулер жүргізу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 1206 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 814 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 29 наурыздағы № 166 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 29 наурыздағы № 38 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 31 наурызда № 32188 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне тексерулер жүргізу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 1206 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 814 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12687 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне тексерулер жүргізу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Өлшемшарттарда келесі ұғымдар қолданылады:

      1) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;

      2) деректерді қалыпқа келтіру – әртүрлі шкалаларда өлшенген мәндерді шартты түрде жалпы шкалаға келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;

      3) болмашы бұзушылықтар – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік бақылау және қадағалау аясында нормативтік құқықтық актілермен белгіленген, қауіпті өндірістік объектілерде авариялардың, оқыс оқиғалардың пайда болуына апарып соқпайтын құқық бұзушылықтар;

      4) елеулі бұзушылықтар – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік бақылау және қадағалау аясында нормативтік құқықтық актілермен белгіленген, қауіпті өндірістік объектілерде оқыс оқиғалардың пайда болуына апарып соғатын құқық бұзушылықтар;

      5) өрескел бұзушылық – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік бақылау және қадағалау аясында нормативтік құқықтық актілермен белгіленген, қауіпті өндірістік объектілерде аариялардың пайда болуына апарып соғатын құқық бұзушылықтар;

      6) тәуекел – бақылау және қадағалау субъектісінің қызметі нәтижесінде адам өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдығы;

      7) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары – бақылау және қадағалау субъектісінің тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты, бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;

      8) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) тікелей байланыссыз бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      9) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      10) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – тиісті қызмет салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі ықтимал дәрежесі мақсатында бақылау және қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексерулерді кейіннен жүзеге асыру үшін бақылау және қадағалау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау және (немесе) осындай бақылау және қадағалау субъектісін (объектісін) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексеруден босату процесі;

      11) тексеру парағы – бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптар тізбесі;

      12) іріктеме жиынтық (іріктеме) – Кодекстің 143-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың нақты саласында бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын бағаланатын субъектілердің (объектілердің) тізбесі.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару мақсаттары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптастырылады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Ықтимал тәуекелдерге талдау жүргізгеннен кейін бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) тәуекелдің үш дәрежесі (жоғары, орта және төмен) бойынша бөлінеді.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Объективті өлшемшарттар бойынша жоғары және орташа тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне тексеру, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі.

      Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылған бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне тексеру және жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі.";

      12-тармақта:

      3) -тармақша алып тасталсын;

      5) -тармақша алып тасталсын;

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Ықтимал тәуекел мен проблеманың маңыздылығына, бұзушылықтың біржолғы немесе жүйелі сипатына, әрбір ақпарат көзі бойынша бұрын қабылданған шешімдерді талдауға байланысты бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын талаптар өрескел, елеулі және болмашы бұзушылық дәрежелеріне сәйкес келеді.

      Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын талаптардың бұзушылық дәрежелері осы өлшемшарттарға 1-қосымшада келтірілген.

      Берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне жүргізілетін тексерулерді жүргізу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын талаптардың бұзушылық дәрежелері осы өлшемшарттарға 2-қосымшада келтірілген.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдылығын және субъективті өлшемшарттар көрсеткіштерінің маңыздылығын негізге ала отырып, осы өлшемшарттардың 6-тарауында айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу тәртібіне сәйкес 0-ден 100 балға дейінгі шкала бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші есептеледі.

      Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі):

      1) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ді қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің жоғары дәрежесіне;

      2) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 31-ден 70-ті қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің орташа дәрежесіне;

      3) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 30-ты қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылады.";

      16 және 17-тармақтары алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 5 және 6-тараулармен толықтырылсын:

      "5-тарау. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес ерекшелік пен құпиялылықты ескере отырып, ақпараттық жүйелерді пайдалану кезінде тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру

      21. Тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің нақты дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу кестелерін немесе тізімдерін қалыптастыратын ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқаудың қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді.

      22. Тәуекел дәрежесінің субъективті өлшемшарттарын көрсеткішін есептеу, сондай-ақ оларға сәйкес бақылау және қадағалау субъектісі тәуекелдің жоғары, орташа немесе төмен дәрежелеріне жататын тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері осы өлшемшарттарға 3-қосымшаға сәйкес белгіленген.

      6-тарау. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін есептеу тәртібі

      23. Субъективті өлшемшарттар (R) бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу бақылау және қадағалау (SP) субъектілеріне (объектілеріне) бара отырып, алдыңғы тексерулердің және Профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін және осы өлшемшарттардың (SC) 15-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін қорытындылау жолымен автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады, деректер мәндерін 0-ден 100 баллға дейінгі диапазонға қалыпқа келтіре отырып.

      Rарал = SP + SC , мұнда

      Rарал – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші,

      SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші,

      SC – осы өлшемшарттардың 15-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші.

      Есептеу өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының әрбір бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) бойынша жүргізіледі. Бұл ретте өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жататын бағаланатын бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) тізбесі деректерді кейіннен қалыпқа келтіру үшін іріктемелі жиынтықты (іріктемені) құрайды.

      24. Алдыңғы тексерулер мен бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша алынған деректер бойынша 0-ден 100-ге дейінгі баллмен бағаланатын бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші қалыптастырылады.

      Осы өлшемшарттардың 12-тармағында көрсетілген ақпарат көздерінің кез келгені бойынша бір өрескел бұзушылық анықталған кезде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау және қадағалау субъектісіне тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 100 балл теңестіріледі және оған қатысты өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып профилактикалық бақылау және берілген рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру жүргізіледі рұқсаттар.

      Өрескел бұзушылықтар анықталмаған кезде бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткішпен есептеледі.

      Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады.

      Бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7, мұнда

      SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны.

      Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады.

      Бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРН = (SР2 х 100/SР1) х 0,3, мұнда:

      SРН – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны;

      Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шкала бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:

      SР = SРз + SРн, мұнда:

      SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші;

      SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SРН – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

      Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.

      25. Осы өлшемшарттардың 15-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу 0-ден 100 балға дейінгі шкала бойынша жүргізіледі және мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

     


      xi – субъективті өлшемшарт көрсеткіші,

      wi – субъективті өлшем көрсеткішінің үлес салмағы xi,

      n – көрсеткіштер саны.

      Осы өлшемшарттардың 15-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.

      26. R көрсеткіші бойынша субъектілер (объектілер) бойынша есептелген мәндер 0-ден 100 балға дейінгі диапазонға қалыпқа келтіріледі. Деректерді қалыпқа келтіру әрбір іріктемелі жиынтық (іріктеме) бойынша мынадай формула әдісін пайдалана отырып жүзеге асырылады:

     


      R – бақылау және қадағалау жеке субъектісінің (объектісінің) субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (қорытынды),

      Rmax – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шкаласы бойынша ең жоғарғы ықтимал мән (шкаланың жоғарғы шекарасы),

      Rmin – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шкаласы бойынша ең төменгі ықтимал мән (шкаланың төменгі шекарасы),

      Rарал – осы өлшемшарттардың 23-тармағына сәйкес есептелген субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші.";

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне тексерулер жүргізу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 1-қосымшада:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын талаптардың бұзушылық дәрежелері";

      Бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) алдыңғы тексерулер мен бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері бөлімінің тақырыбы алып тасталсын;

      14-бөлімде:

      реттік нөмірі 2831-жолға орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, мемлекеттік тіліндегі мәтін өзгермейді;

      реттік нөмірі 2936-жолға орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, мемлекеттік тіліндегі мәтін өзгермейді;

      Бақылау және қадағалау субъектісі кінәсінен туындаған қолайсыз жағдайлардың болуы (оқыс оқиғалар, авариялар және жазатайым оқиғалар), Расталған шағымдармен өтініштердің болуы және саны; Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері, Кодекстің 144-4-бабында көзделген негіздерге сәйкес, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері бөлімдері алып тасталсын;

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне тексерулер жүргізу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 2-қосымшада:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне жүргізілетін тексерулерді жүргізу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын талаптардың бұзушылық дәрежелері";

      Бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) алдыңғы тексерулер мен бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері бөлімінің тақырыбы алып тасталсын;

      Бақылау және қадағалау субъектісі кінәсінен туындаған қолайсыз жағдайлардың болуы, Расталған шағымдармен өтініштердің болуы және саны; Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері, Кодекстің 144-4-бабында көзделген негіздерге сәйкес, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері, Бақылау және қадағалау субъектілері қызметкерлерін аттестаттау, емтихан нәтижелері бөлімдері алып тасталсын;

      осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің Төтенше жағдайлар министрінің
міндетін атқарушы міндетін атқарушы
__________А. Куантыров __________Ю. Ильин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасы

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу жөніндегі

      комитеті

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
2023 жылғы 29 наурыздағы
№ 38 мен
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
міндетін атқарушы
2023 жылғы 29 наурыздағы
№ 166 бірлескен
бұйрығына қосымша
  Өнеркәсіптік қауіпсіздік
саласындағы бақылау және
қадағалау субъектісіне
(объектісіне) бару арқылы
профилактикалық бақылау
және берілген рұқсаттар
бойынша рұқсат беру
талаптарына сәйкестігіне
тексерулер жүргізу үшін
қолданылатын тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
3-қосымша

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі

Р/с №

Субъективті өлшемшарттар көрсеткіші

Субъективті өлшемшарт көрсеткіші бойынша ақпарат көзі

Маңыздылығы бойынша үлес салмағы, балл (барлығы 100 баллға дейін болуы тиіс), wi

Шарттар / мәндер, xi

1-шарты / мәні

2-шарты / мәні

3-шарты / мәні

4-шарты / мәні

5-шарты / мәні

6-шарты / мәні

1

2

3

4

5

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау үшін

1

Оқыс оқиғалар саны

бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) кінәсінен туындаған қолайсыз оқиғалардың болуы (оқыс оқиғалар, авариялар және жазатайым оқиғалар)

20

0

1

2 - 5

6 және одан көп



0 %

25%

75%

100%



2

Авариялар саны

бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) кінәсінен туындаған қолайсыз оқиғалардың болуы (оқыс оқиғалар, авариялар және жазатайым оқиғалар)

20

 
0

1

2 және одан көп




0 %

75 %

100%




3

Жазатайым оқиғалар саны

бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) кінәсінен туындаған қолайсыз оқиғалардың болуы (оқыс оқиғалар, авариялар және жазатайым оқиғалар)

20

0

1

2 - 3

4 және одан көп



0 %

25%

75%

100%



0 %

20 %

50%

75%

100%


4

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде есепте тұрған қауіпті техникалық құрылғылардың саны

мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері

20

0

1 – 5

6 – 15

16- 50

51-99

100 және одан көп

0 %

10 %

20 %

50 %

75%

100%

5

Тіркелген өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларының cаны

мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері

20

0

1-3

3 және одан көп




0 %

75 %

100 %




Берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру үшін

1

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 299-бабында көзделген өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы аттестатталатын жұмыс түрлерін жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жазаның болуы

мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері

20

1






100%






2

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттың болуы

мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері

40

0

1





0 %

100 %





3

Қауіпті өндірістік объектіде тау-кен құтқару, газдан құтқару, бұрқаққа қарсы жұмыстарды жүргізу құқығына куәліктің болуы

мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері

40

0

1





0 %

100 %






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады