"Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары жол инфрақұрылымы қауіпсіздігінің мониторингі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 947 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 27 наурыздағы № 180 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 31 наурызда № 32203 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары жол инфрақұрылымы қауіпсіздігінің мониторингі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 947 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18132 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Автомобиль жолдары жол инфрақұрылымы қауіпсіздігінің мониторингі қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2-тармағының 36-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Автомобиль жолдары жол инфрақұрылымы қауіпсіздігінің мониторингі қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары жол инфрақұрылымы қауіпсіздігінің мониторингі қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Автомобиль жолдары жол инфрақұрылымы қауіпсіздігінің мониторингі қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Автомобиль жолдары жол инфрақұрылымы қауіпсіздігінің мониторингі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2-тармағының 36-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және автомобиль жолдары жол инфрақұрылымы қауіпсіздігінің мониторингі тәртібін айқындайды.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Автомобиль жолдары жол инфрақұрылымы қауіпсіздігінің мониторингі тәртібі";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын

      "Жол инфрақұрылымы қауіпсіздігінің мониторингі нәтижелері жолдарды пайдаланушылар үшін ашық болып табылады және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің интернет-ресурсында орналастырылады.";

      1-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Автомобиль жолдары жол
инфрақұрылымы қауіпсіздігінің
мониторингі қағидаларына
1-қосымша";

      2-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Автомобиль жолдары жол
инфрақұрылымы қауіпсіздігінің
мониторингі қағидаларына
2-қосымша".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
М. Карабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады