Автомобиль жолдары жол инфрақұрылымы қауіпсіздігінің мониторингі қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 947 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 18132 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.03.2023 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2-тармағының 36-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.03.2023 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Автомобиль жолдары жол инфрақұрылымы қауіпсіздігінің мониторингі қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.03.2023 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      2018 жылғы "__" ____________

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 947 бұйрығымен бекітілген

Автомобиль жолдары жол инфрақұрылымы қауіпсіздігінің мониторингі қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.03.2023 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Автомобиль жолдары жол инфрақұрылымы қауіпсіздігінің мониторингі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2-тармағының 36-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және автомобиль жолдары жол инфрақұрылымы қауіпсіздігінің мониторингі тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.03.2023 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) жол қозғалысының қауіпсіздігі – қатысушыларының жол-көлiк оқиғалары мен олардың зардаптарынан, сондай-ақ жол жүрісінің экологиялық жағдайға, халықтың денсаулығына теріс әсерінен қорғалу дәрежесiн көрсететiн жол жүрiсiнiң жай-күйi;

      2) жол қозғалысы – жолдар шегінде көлік құралдары арқылы немесе оларсыз адамдардың және жүктердің орын ауыстыру процесінде туындайтын қоғамдық қатынастардың жиынтығы;

      3) жол-көлiк оқиғасы (бұдан әрі – ЖКО) – көлiк құралының жолда жүруі процесiнде және оның қатысуымен туындаған, адамның денсаулығына зиян келтіруге, өліміне, көлік құралдарының, құрылыстардың, жүктердің бүлінуіне не өзге де материалдық залалға әкеп соққан оқиға;

      4) жол инфрақұрылымы қауіпсіздігінің мониторингі (бұдан әрі – Мониторинг) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес автомобиль жолдарының қолданыстағы жол инфрақұрылымың қауіпсіз жұмыс істеуін, оларды қолдауды және жақсартуды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешені;

      5) жұмыс жүргізу объектілері – автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау объектілері, сондай-ақ мердігер шартының шеңберінде және кепілдікті кезеңде жүзеге асырылатын жобалық және техникалық құжаттамалар құрамына кіретін объектілер.

      3. Мониторингі автомобиль жолдарындағы авариялылық тәуекелінің деңгейі туралы ақпарат алу және бұл ақпаратты олардың қауіпсіз жұмыс істеуін, қолдауды және жақсартуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар әзірлеуде қолдану мақсатында жүргізіледі.

      4. Мониторингі бойынша жұмыстардың құрамына мыналар кіреді:

      1) қауіпсіздік көрсеткіштерін жақсарту үшін инженерлік тәсілдерді қолдана отырып, жол инфрақұрылымының қауіпсіздігін бағалау;

      2) авариялылық тәуекелінің деңгейін анықтау және автомобиль жолдары қауіпсіздігінің рейтингін белгілеу;

      3) жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және автомобиль жолдарындағы авариялылық-қауіпті орындарды және учаскелерді жою бойынша бағдарламалар мен іс-шаралар әзірлеу.

      5. Жол инфрақұрылымы қауіпсіздігінің мониторингі автомобиль жолдарын диагностикалау жөніндегі жұмыстарды жүргізу нәтижелері бойынша жүргізіледі және оның ажырамас бөлігі болып табылады.

      6. Жыл мезгіліне байланысты жол инфрақұрылымы қауіпсіздігінің мониторингі жүйелі екі кезеңде – қысқы және көктемгі-жазғы-күзгі кезеңде жүргізіледі.

      7. Мониторинг жүргізілетін автомобиль жолының ең аз учаскесі бір шақырымнан кем емес.

      Мониторинг жүргізілетін жасанды жол құрылысының ұзындығы оның ұзындығына қарай анықталады.

2-тарау. Автомобиль жолдары жол инфрақұрылымы қауіпсіздігінің мониторингі тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.03.2023 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Мониторингі мынадай тәртіпте жүзеге асырылады:

      1) есептік жылдың 1 қазанына кешіктірмей қауіпсіздік көрсеткіштерін жақсарту үшін өздерін дәлелдеген инженерлік тәсілдерді қолдана отырып, жол инфрақұрылымы қауіпсіздігіне бағалау жүргізу;

      2) есептік жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей авариялылық тәуекелінің деңгейін анықтау және автомобиль жолдары қауіпсіздігінің рейтингін белгілеу;

      3) есептік жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей жол инфрақұрылымы қауіпсіздігіне бағалау және автомобиль жолдары қауіпсіздігінің рейтингін орнату;

      4) есептік жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және автомобиль жолдарындағы авариялық-қауіпті орындарды және учаскелерді жою бойынша бағдарламалар мен іс-шаралар әзірлеу;

      9. Жол инфрақұрылымы қауіпсіздігіне бағалау жүргізу осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттамаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      10. Жол инфрақұрылымы қауіпсіздігінің мониторингі нәтижелері жолдарды пайдаланушылар үшін ашық болып табылады және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің интернет-ресурсында орналастырылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.03.2023 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Жол инфрақұрылымының қауіпсіздігі мониторингінің нәтижелері бойынша есеп есептік жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірілмейтін мерзімде автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті органдарға, Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторға және жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі уәкілетті органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша енгізіледі.

      12. Автомобиль жолы учаскесінің авариялылық тәуекелінің деңгейі қорытынды авариялылық коэффициентін Кит жеке авариялылық коэффициентіне (1) формула бойынша көбейту жолымен анықтауға негізделген:



      мұнда Кит - қорытынды авариялылық коэффициентінің мәні, бірліктер үлесінде;


- осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес айқындалатын автомобиль жолының учаскесі бойынша авариялықтың жеке коэффициенттерінің мәні.

      13. Автомоиль жолы учаскесінің авариялылық тәуекелінің әлеуетті деңгейі автомобиль жолының қорытынды авариялылық коэффициентін (Китср)орташа өлшенген мәнін (2) формула бойынша анықтауға негізделген:



      мұнда

– автомобиль жолының ұзындығының шегіндегі автомобиль жолының жекелеген учаскелеріндегі қорытынды авариялылық коэффициенттерінің мәндері, бірліктер үлесінде;

– автомобиль жолының ұзындығының шегіндегі автомобиль жолы учаскелерінің ұзындығы, шқ;

      L – автомобиль жолының ұзындығы, шқ.

      14. Автомобиль жолы учаскесінің авариялылық тәуекелінің деңгейі бойынша жолды саралау қорытынды коэффициенттің орташа өлшенген мәнін есептеу қорытындысы бойынша есептік ұзындық учаскесі кестеге сәйкес жол қозғалысы қауіпсіздігі деңгейінің шектік мәндеріне сәйкес сараланады:

Автомобиль жолының санаты

Жол қозғаласының қауіпсіздігінің деңгейі, бірліктер үлесінде;

жоғары

ұйғарынды

шекті

төмен

қауіпті

5 жұлдыз

4 жұлдыз

3 жұлдыз

2 жұлдыз

1 жұлдыз

I

2,5-тен аз

2,5-5,0

5,0-13,0

13,0-19,0

19,0-дан көп

II-IV

3,0-тен аз

3,0-9,0

9,0-22,0

22,0-28,0

28,0-ден көп

II-IV таулы жерде

10-нан аз

10,0-20,0

20,0-35,0

35,0-60,0

60,0-тан көп

      15. Авариялылық тәуекелінің деңгейінің ұйғарынды мәндері жұмыс жүргізу объектілеріне байланысты орташа өлшенген қорытынды авариялылық коэффициенті бойынша анықталады:

      1) I санаттағы автомобиль жолдары:

      салу немесе реконструкциялау - 5,0 бірліктер үлесінен көп емес;

      күрделі жөндеу - 9,0 бірліктер үлесінен көп емес;

      орташа және ағымдағы жөндеу, күтіп-ұстау –13,0 бірліктер үлесінен көп емес;

      2) II-IV санаттағы автомобиль жолдары:

      салу немесе реконструкциялау - 7,0 бірліктер үлесінен көп емес;

      күрделі жөндеу - 9,0 бірліктер үлесінен көп емес;

      орташа және ағымдағы жөндеу, күтіп-ұстау –14,0-22,0 бірліктер үлесі;

      3) таулы жердегі II-IV автомобиль жолдары:

      салу немесе реконструкциялау - 9,0 бірліктер үлесінен көп емес;

      күрделі жөндеу - 20,0 бірліктер үлесінен көп емес;

      орташа және ағымдағы жөндеу, күтіп-ұстау –35,0 бірліктер үлесінен көп емес.

  Автомобиль жолдары жол
инфрақұрылымы қауіпсіздігінің
мониторингі қағидаларына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.03.2023 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  нысан

Жол инфрақұлымы қауіпсіздігінің мониторингі нәтижелері бойынша есеп

      №________                                     20___ жылғы "____"_____________

      Жол инфрақұлымы қауіпсіздігінің Мониторингін (бұдан әрі – Мониторинг) жүргізу үшін негіз

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Автомобиль жолының (учаскесінің) атауы _____________________________________

      Индекс ____, техникалық санаты__, км ___ + ___ - ___ км ___ + ___

      Мониторинг "__" ________ 20___жылдан бастап "__"_________20___ жылға дейін жүргізілді

      __________________________________________________________

      (Қорытынды авариялық коэффициентінің орташа өлшенген мәні):

      ______ бірліктер үлесінде,_________ жұлдызшаларда

      Өткен мониторинг туралы мәлімет____________________________________________

                                    (кім тарапынан және қашан жүргізілді, ескертулер мен

      __________________________________________________________________________

      сәйкессіздіктер сипаттамасы, оларды жою бойынша қолданылған шаралар)

      __________________________________________________________________________

      Мониторинг нәтижелері бойынша қорытынды______________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      Қосымша мәліметтер:__________________________________________

      ______________________________________________________________

      Қолдар:

      Лауазымды тұлға ___________________/________________________________/

                        (лауазымы, қолы) Аты, тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Ұйым өкілі ___________________/____________________________/

            (лауазымы, қолы) Аты, тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  Автомобиль жолдары жол
инфрақұрылымы қауіпсіздігінің
мониторингі қағидаларына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.03.2023 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Жеке авариялылық коэффициенттерінің мәндері

      1. Жеке авариялылық коэффициентінің мәндері К1

Қозғалыс қарқындылығы, тәулігіне мың автомобиль

3

5

7

9

11

13

15

20

25

К1 (II-IV)

4,75

2,5

2,1

1,9

1,7

1,5

1,4

1,15

1,0

Қозғалыс қарқындылығы, тәулігіне мың автомобиль

8

10

15

20

25

30

35

40

45

К1 (Iб)

3,0

2,4

1,6

1,32

1,15

1,05

1,0

1,12

1,32

К1 (Iс)

3,7

3,2

2,3

1,6

1,3

1,15

1,1

1,0

1,05

      Ескерту:

      II-IV санаттағы екі жолақты жолдар – II-IV

      бөлу жолағы жоқ I санаттағы жолдар – Iб

      бөлу жолағы бар I санаттағы жолдар – Iс

      2. Жеке авариялылық коэффициентінің мәндері К2

Қозғалыс жолағының ені, м

2,75

3,0

3,25

3,5

3,75

4,0

4,5

5,0

К2 (II-IV)

2,0

1,35

1,2

1,1

1,0

1,1

1,2

1,5

К2(Iб)

1,6

1,2

1,1

1,0

1,35

1,45

1,6

1,7

К2 (Iс)

2,9

2,0

1,45

1,1

1,0

1,18

1,8

2,3

      3. Жеке авариялылық коэффициентінің мәндері К3

Жол жиегінің ені, м

0,5

1,0

1,5

2,0

2,5

3,0

4,0

5,0

К3 (II-IV У)

1,65

1,4

1,3

1,2

1,15

1,1

1,0


К3 (II-IV Н)

2,5

1,85

1,5

1,35

1,2

1,1

1,0


К3(Iб У)

4,2

2,9

2,0

1,8

1,6

1,5

1,25

1,0

К3 (Iб Н)

4,3

3,1

2,1

1,5

1,4

1,2

1,1

1,0

К3 (Iс У)

1,6

1,4

1,3

1,2

1,15

1,1

1,05

1,0

К3 (Iс Н)

1,3

1,2

1,15

1,10

1,05

1,0



      Ескерту:

      нығайтылған жиектері бар – У

      жиектері нығайтылмаған - Н

      4. Жеке авариялылық коэффициентінің мәндері К4

Жүру бөлігіндегі негізгі қозғалыс жолақтарының саны, дана

2

3, таңбасыз

3 таңбамен

4

6

8

К4 (II-IV)

1,0

1,3

0,7




К4 (Iб)




0,83

0,63

0,52

К4 (Iс)




0,56

0,50

0,35

      5. Жеке авариялылық коэффициентінің мәндері К5

Бөлу жолағының ені, м

1

2

3

5

10

1,5

К5

2,0

1,5

1,1

1,0

0,75

0,60

      Ескерту:

      I санаттағы жолдар үшін қолданылады, басқа санаттағы жолдар үшін 1,0 қолданылады

      6. Жеке авариялылық коэффициентінің мәндері К6

Бойлық еңіс, %0

20

30

50

70

80

К6 (II-IV)

1,0

1,1

1,4

1,9

2,2

К6 (Iб)

1,0

1,2

1,8

2,9

3,2

К6 (Iс)

1,0

1,1

1,6

2,7

3,0

      7. Жеке авариялылық коэффициентінің мәндері К7

Пландағы қисық радиусы, м

100

150

200-300

400-600

1000-2000

2000-нан көп

К7 (II-IV)

7,2

6,2

5,2

4,0

2,0

1,0

К7 (Iб)

5,6

4,5

3,6

1,5

1,05

1,0

К7 (Iс)

5,0

4,2

3,4

1,25

1,05

1,0

      8. Жеке авариялылық коэффициентінің мәндері К8

Пландағы көрінімділік, м

50

100

150

200

250

350

400

500

600

К8 (II-IV)

4,5

2,5

1,9

1,8

1,7

1,5

1,35

1,1

1,0

К8 (Iб)

9,5

5,5

3,7

2,2

1,8

1,6

1,4

1,2

1,0

К8 (Iс)

3,8

3,3

1,8

1,5

1,3

1,2

1,1

1,05

1,0

      9. Жеке авариялылық коэффициентінің мәндері К9

Пішіндегі көрінімділік, м

50

100

150

200

250

350

400

500

600

К9 (II-IV)

6,0

4,2

3,0

2,6

2,4

2,3

2,0

1,5

1,0

К9 (Iб)

11,0

7,0

5,0

3,5

2,9

2,4

2,2

1,7

1,0

К9 (Iс)

4,0

3,5

2,8

2,0

1,5

1,3

1,2

1,05

1,0

      10. Жеке авариялылық коэффициентінің мәндері К10

Көпірлердің жүру бөлігінің жолдың жүру бөлігіне қатынасы бойынша ені

1 м-ге аө

тең

1 м-ге кең

2 м-ге кең

жер төсемесі еніне тең (көпір болмағанда)

К10 (II-IV)

2,9

2,25

1,7

1,55

1,0

К10 (Iб)

1,75

1,4

1,6

1,05

1,0

К10 (Iс)

2,1

1,6

1,3

1,15

1,0

      11. Жеке авариялылық коэффициентінің мәндері К11

Трасса планының қисықтығы, град. шқ

0

50

100

200

400

600

1000

1500

2000

К11 (II-IV)

2,3

1,5

1,0

1,15

1,9

3,6

1,4

0,9

0,75

К11 (Iб)

1,7

1,4

1,15

1,0

2,7

2,9

2,3

2,2


К11 (Iс)

2,2

1,8

1,4

1,0

2,0

5,8

5,0



      12. Жеке авариялылық коэффициентінің мәндері К12

Қиылысу (негізгі) жолымен қиылысулардың типі

Түрлі деңгейлерде

Бағдаршаммен реттелетін бір деңгейде

Параметрлері нормаларға сәйкес келетін бір деңгейде

параметрлердің нормаларға сәйкес келмейтін бір деңгейде

К12 (II-IV)

0,7

0,85

1,0

1,3

К12 (Iб)

0,50

0,64

1,0

1,5

К12 (Iс)

0,35

0,7

1,0

1,4

      13. Жеке авариялылық коэффициентінің мәндері К13

Негізгі жол бойынша екінші дәрежедегі жолдармен бір деңгейде қиылысу, тәулігіне мың автомобиль

3 аз

4

5

10

15

20

25

30

35

К13 (II-IV)

1,0

1,3

1,75

3,2

4,5

5,2




К13 (Iб)

-

-

1,8

2,4

3,1

3,7

4,2

4,8

5,2

К13 (Iс)

-

-

1,25

2,0

2,5

2,8

3,1

3,3

3,4

      Ескерту: қиылысулар жоқ болса 1,0 қолданылады

      14. Жеке авариялылық коэффициентінің мәндері К14

Бір деңгейдегі қиылысулар мен жанасулар саны, 1 шқ жолда, дана

2 және одан аз

3-5

6-8

8 көп

К14 (II-IV)

1,0

1,1

1,25

1,7

К14 (Iб)

1,0

1,2

1,6

2,1

К14 (Iс)

1,0

1,6

2,8

3,3

      15. Жеке авариялылық коэффициентінің мәндері К15

Құрылыс алаңынан жүру бөлігіне дейінгі арақашықтық, м

10 аз

10-30

30-50

50 көп немесе жоқ

К15 (II-IV)

2,2

1,7

1,5

1,0

К15 (Iб)

3,3

2,6

1,8

1,0

К15 (Iс)

1,7

1,4

1,2

1,0

      16. Жеке авариялылық коэффициентінің мәндері К16

Елді мекендерде жаяу жолдардың, жаяу жүретін жолдардың және жаяу өтпе жолдардың болуы

Жаяу жолдар мен жаяу жүретін жолдар жоқ

Жаяу жолдар мен жаяу жүретін жолдар бір тарапта бар

Жаяу жолдар мен жаяу жүретін жолдар екі тарапта бар

Жаяу жолдар мен жаяу жүретін жолдар екі тарапта бар. Жаяу жолдар мен жаяу жүретін жолдар түрлі деңгейлерде бар

К16 (II-IV)

2,2

1,2

1,0


К16 (Iб)

4,2

2,2

1,4

1,0

К16(Iс)

1,9

1,6

1,3

1,0

      Ескерту: егер жол елді мекен арқылы өтпесе, онда 1,0 қолданылады.

      17. Жеке авариялылық коэффициентінің мәндері К17

Елді мекеннің ұзындығы, шқ

0,5 аз

0,5-1

2

3

4

5

6 немесе өтпейді

К17 (II-IV)

3,3

2,5

1,45

1,35

1,2

1,1

1,0

К17 (Iб)

5,5

4,2

3,5

2,0

1,6

1,3

1,0

К17 (Iс)

2,8

2,2

1,25

1,2

1,1

1,05

1,0

      18. Жеке авариялылық коэффициентінің мәндері К18

Ілінісу коэффициенті

0,2

0,3

0,4

0,5

0,6

0,7

К18 (II-IV)

3,6

1,84

1,4

1,2

1,1

1,0

К18 (Iб)

4,8

2,0

1,46

1,2

1,1

1,0

К18 (Iс)

4,4

2,2

1,38

1,12

1,05

1,0

      19. Жеке авариялылық коэффициентінің мәндері К19

Жүру бөлігінің жамылғысының тегістігі, IRI

1

2

3

4

5

6

7

8

9

К19 (II-IV)

0,85

1,0

1,1

1,15

1,2

1,2

1,15

1,1

1,05

К19 (Iб)

0,65

1,0

1,3

1,5

1,65

1,6

1,55

1,3

1,05

К19 (Iс)

0,60

1,0

1,35

1,55

1,65

1,6

1,4

1,1

0,75

      20. Жеке авариялылық коэффициентінің мәндері К20-22

Жол белгілерін орналастыру

Жоқ, жеткіліксіз немесе дұрыс орнатылмаған

Жеткілікті және дұрыс орнатылған

К20 алдын ала ескерту белгілері

1,13

1,0

К21 тиым салу белгілері

1,19

1,0

К22 ақпараттық-сілтеуіш белгілер

1,15

1,0

      21. Жеке авариялылық коэффициентінің мәндері К23-27

Жол таңбасын орналастыру

Ия

Жоқ

К23 ескі таңбаның толық алынбауы

1,20

1,0

К24 шеткі таңбаның болуы

1,0

1,08

К25 остік таңбаның болуы

1,0

1,13

К26 қозғалыс жолағын бөлу таңбасының болуы

1,0

1,14

К27 белгілер мен таңбалар арасындағы қайшылықтар

1,21

1,0

      Қосымша: К26 қозғалыс жолағын бөлу таңбасының болуы көп жолақты қозғалыс үшін 2-жолақты қозғалыста 1,0 қолданылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады