Агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімнің мазмұнына қойылатын талаптарды айқындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 30 наурыздағы № 39 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 31 наурызда № 32204 болып тіркелді

      "Агломерацияларды дамыту туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімнің мазмұнына қойылатын талаптар айқындалсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлік даму департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
А. Куантыров

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушысының
2023 жылғы 30 наурыздағы
№ 39 бұйрығына
қосымша

Агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімнің мазмұнына қойылатын талаптар

      Агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісім:

      1) жергілікті агломерация кеңесінің 20 адамнан аспайтын сандық құрамын;

      2) жергілікті агломерация кеңесін қалыптастыру тәртібін, оның ішінде құрамына кандидатураларды іріктеу мәселелерін қамтиды.

      Жергілікті агломерация кеңесінің құрамы "Агломерацияларды дамыту туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес бекітілетін жергілікті агломерация кеңесі туралы ережеге сәйкес қалыптастырылады;

      3) жергілікті агломерация кеңесінің отырысын өткізу тәртібін, оның ішінде оның кезеңділігін қамтиды.

      Бұл ретте жергілікті агломерация кеңесінің отырыстары тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады