"Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № 49 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының - Сауда және интеграция министрінің м.а. 2023 жылғы 31 наурыздағы № 128-НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 31 наурыздағы № 43 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 31 наурызда № 32208 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бірлескен бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Қазақстан Республикасының cауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуын тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № 49 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13417 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағы осы бірлескен бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Cауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық 2023 жылғы 2 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағының 7 және 8-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің м.а. __________А. Куантыров
      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі орынбасарының -
Сауда және интеграция министрінің
міндеттерін атқарушы __________С. Жумангарин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің м.а.
2023 жылғы 31 наурыздағы
№ 43 мен
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі
орынбасарының -
Сауда және интеграция
министрінің
міндеттерін атқарушы
2023 жылғы 31 наурыздағы
№ 128-НҚ
Бұйрыққа қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 1 ақпандағы
№ 49 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуын тексеру парағы

      Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес

      ________________________________________________________________________________

      сауда объектiлеріне қатысты

      ________________________________________________________________________________

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _____________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/профилактикалық

      бақылауды тағайындау туралы акт

      ________________________________________________________________________________

      №, күні

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі),

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      ______________________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

1.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті жол берілетін бөлшек сауда бағаларының белгіленген мөлшерін сақтау



2.

Ішкі сауда субъектілеріне сауда объектілері мен сауда инфрақұрылымына тең қолжетімділік беру, оның ішінде сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектілерінің тауарлар беру туралы шарт жасасудан негізсіз бас тартудан не көрінеу кемсітушілік



3.

Ішкі сауда субъектілеріне ірі сауда объектілері, сауда базарлары беретін қосымша көрсетілетін қызметтердің тізбесін (бар болса) бекіту



4.

Сауда объектілеріндегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жол берілетін шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін ішкі сауда субъектілерінің (әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізетін) назарына жеткізу



5.

Сауда базары регламентінде және сауда инфрақұрылымын жаңғыртуда көзделген талаптарды сақтау



6.

Сауда базарларында олардың аумағында техникалық жағдайлар болған кезде автодүкендерден сауда жасауды ұйымдастыру



7.

Ірі сауда объектілерінде, сондай-ақ ақпараттық жүйеде сауда базарларында сауда орындарын жалдау (пайдалану) шарттарына өзгерістер енгізу немесе жасасу



8.

Ірі сауда объектілерінде, сондай-ақ сауда базарларында орнын жалға алу (пайдалану) үшін төлемді ақпараттық жүйе арқылы қолма-қол ақшасыз тәсілмен не екінші деңгейдегі банктер арқылы төлем шотын жазу жолымен қабылдауды қамтамасыз ету



9.

Отандық өндірістің азық-түлік тауарларын сауда алаңында және (немесе) сөре кеңістігінде азық-түлік тауарлары орналасқан жалпы сауда алаңының және (немесе) сөре кеңістігінің кемінде отыз пайызын орналастырады



      Лауазымды адам (адамдар) ___________________________________ _______________

      лауазымы                  қолы

      ________________________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Бақылау субъектісінің басшысы

      ____________________________________________________________ ___________________

      лауазымы                        қолы

      ________________________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады