Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына төлемдер мен төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 27 наурыздағы № 16 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 3 сәуірде № 32225 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының төлемдер мен төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі бекітілсін.

      2. Төлем жүйелері департаменті (Е.Т. Ашықбеков) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (А.С. Қасенов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.Ш. Шолпанқұловқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Ұлттық Банкінің
Төрғасы
Г. Пирматов

      КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі

      КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

  Қазақстан Ұлттық
Банкінің Төрғасы
2023 жылғы 27 наурыздағы
№ 16 Қаулыға
қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының төлемдер мен төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларында:

      2-қосымшада:

      Төлемдер белгілеу кодтарының жан-жақты кестесінде:

      "Арнайы аударымдар" 1-бөлімінде:

      184 "Бірыңғай жиынтық төлемінің қате аударылған (есепке алынған) сомаларын қайтару" төлем белгілеу коды бар жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

"185

Бірыңғай төлем

186

Бірыңғай төлемнің қате аударылған (есептелген) сомасын қайтару

187

Бірыңғай төлемді уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл

188

Бірыңғай төлемнің қате аударылған (есептелген) сомасының өсімпұлын қайтару

      "Бюджетке және бюджеттен төленетін төлемдер" 9-бөлімінде:

      999 "Қосылған құн салығының бақылау шоты бойынша операциялар" төлем белгілеу коды алып тасталсын;

      ескертпеде:

      6-тармақтың он төртінші абзацы алып тасталсын.

      2. "Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14422 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 28-4-тармақпен толықтырылсын:

      "28-4. Борышкердің ақшасын есепке жатқызу, ағымдағы шығысты өтеу және сот арқылы банкроттық рәсімінде кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін ағымдағы шот ашу кезінде қаржы басқарушысы банкке мыналарды ұсынады:

      жеке басын куәландыратын құжат;

      Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы бойынша мемлекеттік басқару саласында уәкілетті органның оны борышкерге қатысты сот банкроттығы рәсімін жүргізуге қаржы басқарушысы етіп тағайындау туралы бұйрығы;

      борышкерге қатысты төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану жөнінде іс қозғау туралы соттың ұйғарымы.";

      63-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) егер уәкілетті мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның клиенттің банктік шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұра туралы шешімі және (немесе) өкімі "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шотқа, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақы және әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан біржолғы зейнетақы төлемдерін, нотариустың депозиті талаптарымен енгізілген ақшаны, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерін, тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылыс жинақтары түрінде тұрғын үй құрылыс жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаны есепке алуға арналған банктік шотқа, жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйге ақы төлеу мақсатында төлемдер мен субсидияларды есепке жатқызуға арналған тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі банктік шотқа, қаржы басқарушысының міндеттемелері бойынша борышкердің ақшасын есепке жатқызу, ағымдағы шығыстарды өтеу және сот арқылы банкроттық рәсімінде кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін қаржы басқарушысының ағымдағы шотына, өзіне қатысты "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рәсімді қолдану туралы іс қозғалған немесе рәсім қолданылған Қазақстан Республикасы азаматының банктік шотына, әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысу шеңберінде қамтамасыз ету шаралары ретінде ақша енгізуіне арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотына, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатында жасалатын шарттар бойынша міндеттемелердің орындалмауы туралы істер бойынша сот шешімдері негізінде өндіріп алуларды қоспағанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған жинақтар түріндегі банктік шоттардағы ақшаны, уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату процесіндегі банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, ерікті жинақтау зейнетақы қорларының ақшасын, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және қызметі мәжбүрлеп тоқтату процесінде тұрған Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының ақшасын есепке алуға арналған банктік шотқа ұсынылған жағдайда;".

      3. "Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14419 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларында:

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын немесе әлеуметтік аударымдарды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, аударымдарды және (немесе) жарналарды әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлеу үшін қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде жөнелтуші төлем тапсырмасымен бір уақытта банкке көрсетілген жарналар және (немесе) аударымдар төленетін адамдардың тізімін ұсынады.

      Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары немесе әлеуметтік аударымдар Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, аударымдар және (немесе) жарналар әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін адамдардың тізімдері (бұдан әрі – тізім) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20849 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 224 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік аударымдарды есептеу және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеу және олар бойынша өндіріп алу қағидаларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдеріне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 255 қаулысымен бекітілген Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларына және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31819 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 қаңтардағы № 28 бұйрығымен бекітілген Бірыңғай төлемді төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару қағидаларына сәйкес ресімделеді.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын банктік шотты ашпай немесе пайдаланбай жүзеге асырған кезде Қағидаларға 7, 8, 9, 10 және 11-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша төлем хабарламалары (бұдан әрі – төлем хабарламалары) түрінде түбіртектердің нысандары пайдаланылады. Төлем хабарламасында Қағидаларда көзделген міндетті деректемелер болған кезде оның өзге нысанын пайдалануға жол беріледі.

      Банк шотын ашпай қолма-қол ақшасыз төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру бюджетке төлемдерді төлеуге арналған түбіртектер, кіріс касса ордерлері, шот-хабарламалар, түбіртек-хабарламалар, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуға арналған түбіртек-хабарламалар, әлеуметтік аударымдарды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, аударымдарды және (немесе) жарналарды әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, бірыңғай жиынтық төлемді және бірыңғай төлемді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ) төлеуге арналған түбіртек-хабарламалар және қолма-қол ақшаны қабылдау үшін пайдаланылатын басқа құжаттар негізінде жүргізіледі. Бұл құжаттар төлем хабарламалары болып табылады. Қағаз тасымалдағышта ұсынылған төлем хабарламаларында түзетулерге жол берілмейді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері банктік шотты ашпай банктің электрондық терминалдары арқылы жүзеге асырылатын қолма-қол ақшасыз төлемдерге және (немесе) ақша аударымдарына қолданылмайды.";

      39 және 40-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Әлеуметтік аударымдарды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, аударымдарды және (немесе) жарналарды әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, бірыңғай жиынтық төлемді және бірыңғай төлемді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-қа банк шотын ашпай немесе пайдаланбай төлеу үшін төлем хабарламасы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.

      40. Төлем хабарламаларында Қағидалардың 7-тармағында белгіленген міндетті деректемелер болады.

      Осы тармақтың ережелері коммуналдық қызметтер үшін ақы төлеуге, жеке тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың бюджетке төлемдерді төлеуге арналған түбіртек-хабарламаларына, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуға және әлеуметтік аударымдарды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, аударымдарды және (немесе) жарналарды әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, бірыңғай жиынтық төлемді және бірыңғай төлемді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-қа төлеуге арналған түбіртек-хабарламаларына қолданылмайды.";

      80-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) салықтар мен бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеуге, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, бірыңғай жиынтық төлемін, бірыңғай төлемін аударуға арналған төлем құжатында көрсетілген ақша жөнелтушінің ЖСН (БСН) мемлекеттік кірістер органы ұсынатын деректермен сәйкес келмеген;";

      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) банктік шоттан ақшаны өндіріп алу туралы талап мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін, нотариус депозиті талабымен енгізілген ақшаны есепке алуға арналған, сондай-ақ "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы заң) 7-бабына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша ашылған банктік шотқа, тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылыс жинақтары түріндегі тұрғын үй құрылыс жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға, инвестициялық портфельді басқарушының орындалмаған міндеттемелері бойынша, осы инвестициялық портфельді басқарушының клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған, номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын тұлға клиенттерінің мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру үшін номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын осы тұлғаның орындалмаған міндеттемелері бойынша ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаны, қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру үшін банк шоттарындағы ақшаны, жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоттардағы ақшаны есепке алуға арналған банк шотына, әлеуетті жеткізушілердің немесе жеткізушілердің "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысу шеңберінде қамтамасыз ету шаралары ретінде ақша енгізуіне арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотына, жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйге ақы төлеу мақсатында төлемдер мен субсидияларды есепке жатқызуға арналған тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі банктік шотқа, қаржы басқарушысының міндеттемелері бойынша борышкердің ақшасын есепке жатқызу, ағымдағы шығыстарды өтеу және сот арқылы банкроттық рәсімінде кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін қаржы басқарушысының ағымдағы шотына, өзіне қатысты "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рәсімді қолдану туралы іс қозғалған немесе рәсім қолданылған Қазақстан Республикасы азаматының банктік шотына қойылғанда;";

      81-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) егер есептелетін ақша сомасы көрсетілген талаптармен байланысты емес болған жағдайда, клиент-жеке тұлғаның талабы бойынша мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін, нотариус депозиті талабымен енгізілген ақшаны есептеу үшін ашылған, сондай-ақ Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы заңның 7-бабына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша ашылған ағымдағы шотқа ақшаны, тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылыс жинақтары түріндегі тұрғын үй құрылыс жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаны, жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоттағы ақшаны, тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылыс жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаны, өндіріп алушылардың пайдасына тұрғын үй төлемдері сомасын пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылыс жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы өндіріп алынған ақшаны сақтауға арналған жеке сот орындаушысының ағымдағы шотындағы ақшаны, осы инвестициялық портфельді басқарушының орындалмаған міндеттемелері бойынша инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаны, номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның орындалмаған міндеттемелері бойынша номиналды ұстаушының функциясын жүзеге асыратын осы тұлға клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаны, қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыруға арналған банктік шоттардағы ақшаны, әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысу шеңберінде қамтамасыз ету шаралары ретінде ақша енгізуіне арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотына, жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйге ақы төлеу мақсатында төлемдер мен субсидияларды есепке жатқызуға арналған тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі банктік шотқа, қаржы басқарушысының міндеттемелері бойынша борышкердің ақшасын есепке жатқызу, ағымдағы шығыстарды өтеу және сот арқылы банкроттық рәсімінде кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін қаржы басқарушысының ағымдағы шотына, өзіне қатысты "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рәсімді қолдану туралы іс қозғалған немесе рәсім қолданылған Қазақстан Республикасы азаматының банктік шотына ақшаны есептеген жағдайда;";

      107-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "107. Банк төлем хабарламасын орындауға қабылдау кезінде бенефициардың пайдасына ақша аударымын жүзеге асыру міндеттемесін қабылдайды. Бюджетке төлемдерді төлеуге, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, аударымдарды және (немесе) жарналарды әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, бірыңғай жиынтық төлемін, бірыңғай төлемін төлеуге салынған қолма-қол ақшаны банк бенефициарға олар банкке салынған күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей аударуға тиіс.";

      134-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "134. Егер клиентке банк шоты мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін, алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны), Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық шығындар өтемақыларын, нотариус депозиті талабымен немесе "эскроу" режимінде банк шотына енгізілген ақшаны, сондай-ақ Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы заңның 7-бабына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша ақшаны, тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылыс жинақтары түрінде тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінде банк шоттарындағы ақшаны, жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін ақы төлеу мақсатында төлемдер мен субсидияларды есепке жатқызуға арналған тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі банктік шотқа ақшаны, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған жинақ түріндегі ақшаны есепке алу үшін, жеке сот орындаушысына өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтау үшін, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай операторға әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысу шеңберінде қамтамасыз ету шаралары ретінде ақша енгізуі үшін, қаржы басқарушысына борышкердің ақшасын есепке жатқызу, ағымдағы шығыстарды өтеу және сот арқылы банкроттық рәсімінде кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін, өзіне қатысты "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рәсімді қолдану туралы іс қозғалған немесе рәсім қолданылған Қазақстан Республикасының азаматына ашылса, бұл жөніндегі мәліметтер де клиенттің банктік шоттарының болуы және нөмірлері туралы анықтамаларда көрсетіледі.";

      11-қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
төлемдер және төлем
жүйелері мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
қаулыларының тізбесіне
1-қосымша
Қазақстан Республикасының
аумағында қолма-қол ақшасыз
төлемдерді және (немесе)
ақша аударымдарын жүзеге
асыру қағидаларына
11-қосымша

      Нысан

Кассир:

ТҮБІРТЕК

(Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар және (немесе) жарналар, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына бірыңғай жиынтық төлем және бірыңғай төлем үшін)

Резидент
Бейрезидент
Ақша жөнелтуші __________________________________________
ЖСН (БСН) ______________________________________________
Ақша жөнелтушінің мекенжайы және телефоны _______________
_________________________________________________________
Жеке басты куәландыратын құжаттың деректері________________
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ бенефициары
БСН ____________________________________________________
ЖСК ___________________________________________________
Бенефициардың банкі, Қазақстан Республикасы
бейрезидент банкінің филиалы
___________________________
БСК__________________________________________________

Төлемнің атауы

ТБК

Сомасы

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар

012


Әлеуметтік аударымдарды уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл

017


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар

121


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар

122


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл

123


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл

124


Бірыңғай жиынтық төлем

183


Бірыңғай төлем

185


Бірыңғай төлемді уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл

187


Барлығы (сомасы жазумен): _________________________________
Күні ___________________

Ақша жөнелтушінің тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) _________________
Қолы ______________

ЖСН

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

Туған күні

Кезең (айы, жылы)

Сомасы

Төлемді нақтылау

1.







2.







3.





















Жиынтығы:

Ақша жөнелтушінің тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) _________________________ Қолы __________
Күні _______________

Кассир:

ХАБАРЛАМА

(Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар және (немесе) жарналар, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына бірыңғай жиынтық төлем және бірыңғай төлем үшін)

Резидент
Бейрезидент
Ақша жөнелтуші _______________________________________
ЖСН (БСН) ____________________________________________
Ақша жөнелтушінің мекенжайы және телефоны _____________
_____________________________________________________
Жеке басты куәландыратын құжаттың деректері
_____________________________________________________
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ бенефициары
БСН ________________________________________________
ЖСК ________________________________________________
Бенефициардың банкі, Қазақстан Республикасы
бейрезидент банкінің филиалы_________________________
БСК _______________________________________________

Төлемнің атауы

ТБК

Сомасы

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар

012


Әлеуметтік аударымдарды уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл

017


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар

121


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар

122


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл

123


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл

124


Бірыңғай жиынтық төлем

183


Бірыңғай төлем

185


Бірыңғай төлемді уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл

187





Ақша жөнелтушінің тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) _______
Қолы ______

ЖСН

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

Туған күні

Кезең (айы, жылы)

Сомасы

Төлемді нақтылау

1.







2.







3.





















Жиынтығы:

 
Ақша жөнелтушінің тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) ______________________ Қолы _______________
Күні _______________


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады