Бірыңғай төлемді төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 қаңтардағы № 28 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 31 қаңтарда № 31819 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 270 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.06.2023 № 270 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-4-бабының 6-тармағына, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 7-1-тармағына, "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасына, "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Бірыңғай төлемді төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Е. Сағындықоваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрі
Т. Дуйсенова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі


      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі


      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық Банкі


      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі


      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 30 қаңтардағы
№ 28 Бұйрыққа
қосымша

Бірыңғай төлемді төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Бірыңғай төлемді төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалары) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-4-бабының 6-тармағына, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 7-1-тармағына, "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасына, "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-1-тармағына сәйкес әзірленді және бірыңғай төлемді есептеу, төлеу, аудару және бөлу тәртібін, сондай-ақ оны қайтару тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) әлеуметтік аударымдар – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды төлеушілер төлейтін ақша;

      3) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – ӘМСҚ) –аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;

      4) әлеуметтік төлемдер – Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төленетін әлеуметтік аударымдар, "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төленетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар;

      5) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ) – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай-ақ "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      6) бірыңғай төлем бойынша берешек – заңнамада белгіленген мерзімдерде есептелген және төленбеген бірыңғай төлем сомалары, сондай-ақ олар бойынша төленбеген өсімпұл сомалары;

      7) бірыңғай төлем төлеуші (бұдан әрі – төлеуші) – Cалық кодексінің 776-1-бабында айқындалған салық агенті;

      8) "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жеке тұлғалар туралы ақпаратты тіркеу мен сақтаудың азаматтық халді сәйкестендіру және анықтау үшін жеткілікті бірыңғай жүйесі;

      9) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары – агенттер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шартты зейнетақы шотына өз қаражаты есебінен аударған ақша;

      10) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру" ведомстволық автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ҚР Еңбекмині ААЖ) – зейнетақы мен әлеуметтік аударымдарды және төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру үшін процестерді автоматтандыру жөніндегі ақпараттық жүйе;

      11) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ведомстволық ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ҚР ҚМ МКК АЖ) – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ішкі құжаттарымен реттелетін ақпараттық жүйе;

      12) мемлекеттік кіріс органы – өз құзыреті шегінде бюджетке салықтар мен төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасында кедендік реттеуді, Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның қарауына жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік орган;

      13) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (бұдан әрі – МӘСҚ) – әлеуметтік аударымдарды жинақтауды, асыраушысынан айырылған жағдайда, отбасы мүшелерін – асырауындағыларды қоса алғанда, өздеріне қатысты әлеуметтік тәуекел жағдайы басталған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлемдерді тағайындауды және жүзеге асыруды жүргізетін заңды тұлға;

      14) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар – жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлейтін, өздеріне аударымдар төлеу жүзеге асырылған медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті алу құқығын беретін ақша;

      15) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар – "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 2-тармағында көрсетілген жарналарды төлеушілер қорға төлейтін және медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті алу құқығын беретін ақша;

      16) міндетті зейнетақы жарналары – "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына енгізілетін ақша;

      17) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      18) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (www.egov.kz) (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметтерге қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе.

      3. Бірыңғай төлем құрамында төлеуге жататын әрбір қызметкер үшін бір айдағы жарналар (бұдан әрі – шектер):

      міндетті зейнетақы жарналары үшін "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 1-тармағына сәйкес;

      жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары үшін "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-1-бабының 1-тармағына сәйкес;

      әлеуметтік аударымдар үшін – республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 7 еселенген мөлшерінің 3,2 %;

      міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар үшін "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 3-тармағына сәйкес аспайды

2-тарау. Бірыңғай төлемді төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ оны қайтару тәртібі

      4. Бірыңғай төлемді төлеуші "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын ескере отырып, екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі – Банк) және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы Мемлекеттік корпорацияның банк шотына қолма-қол ақшамен не қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлейді.

      5. Бірыңғай төлем бойынша берешекті төлеушілер кезең (ай (айлар), жыл (жылдар) үшін қызметкерлер тізімін қоса бере отырып, МТ-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен төлейді.

      Бірыңғай төлем төленетін қызметкерлердің тізімі әрбір жеке тұлға бойынша: жеке сәйкестендіру нөмірін; тегін, атын, әкесінің атын (бар болса); туған күнін; бірыңғай төлем сомасын; бірыңғай төлем төленетін кезеңді (айды, жылды) қамтиды; төлемнің тізімдік бөлігінің элементін тағайындауда "Экономика секторларының кодтарын қолдану және төлемдерді тағайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 болып тіркелген) экономика секторларының кодтарын қолдану және төлемдерді тағайындау қағидаларына сәйкес төлемдерді тағайындау кодтары көрсетіледі) бірыңғай төлем құрамына енгізілген төлемдер бойынша және бірыңғай төлем сомасы, Салық кодексінің 776-3-бабы 1-тармағының екінші бөлігінің ережелеріне сәйкес әлеуметтік төлемдердің тиісті үлестеріне азайтуды есепке алмағанда есептелген.

      6. Бірыңғай төлемді уақтылы төлемеген кезде мемлекеттік кіріс органдары Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімдерде өндіріп алу тәсілдері мен шараларын қабылдайды.

      БЖЗҚ-ға, ӘМСҚ-ге, МӘСҚ-ға және мемлекеттік кірістер органына бірыңғай төлемді уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұл сомасын төлеу кезінде төлеуші "Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 болып тіркелген) бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына сәйкес "төлемді тағайындау" - "кезең (ай (айлар), жыл (жылдар) үшін бірыңғай төлемді уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұл" жолағында тиісті төлемді белгілеу кодын көрсете отырып төлем тапсырмасын банкке ұсынады.

      7. Төлеуші есептелген кірістер бойынша бірыңғай төлемді ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы бірыңғай төлем аударылатын айды көрсете отырып, Мемлекеттік корпорацияның банк шотына аударады.

      8. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Бірыңғай төлем сомасын төлеуші бастамашылық жасаған күні МТ-102 электрондық форматында Мемлекеттік корпорацияға аударады.

      Бұл ретте жөнелтуші банктер қалыптастыратын МТ-102 электрондық форматтағы төлем тапсырмасында бірыңғай төлемдер төленетін кезең "ААЖЖЖЖ" форматындағы "PERIOD" (кезең) тиісті жолағында көрсетіледі.

      9. Төлеуші тізімдік бөлікте тиісті "ASSIGN" (ЭССАЙН) жолағында қызметкерлер бойынша бірыңғай төлем сомасын және төлемдерді, жеке табыс салығын және әлеуметтік төлемдерді тағайындау кодтарын (міндетті зейнетақы кәсіптік жарналарын қоспағанда) көрсетеді.

      Тиісті "ASSIGN" (ЭССАЙН) жолында қызметкерлер бойынша бірыңғай төлем сомасы және жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер (міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын қоспағанда) төлемдерін тағайындау кодтары болмаған кезде банк бірыңғай төлемді Мемлекеттік корпорацияның тиісті шотына қабылдау және аудару жөніндегі операцияны жүргізбейді.

      10. ҚР Еңбекмині ААЖ-ға бірыңғай төлемді аударуды және бөлуді мемлекеттік корпорация Салық кодексінің 776-6-бабына сәйкес жүзеге асырады.

      11. Мемлекеттік корпорацияның шотына түскен бірыңғай төлем сомалары түскен күннен бастап үш операциялық күннен кешіктірмей Мемлекеттік корпорация:

      "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 3-тармағында айқындалған әлеуметтік аударымдардың үлесін;

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 4-тармағында айқындалған міндетті зейнетақы жарналарының үлестерін;

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-1-бабының 4-тармағында айқындалған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының үлестерін;

      "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-1-тармағында айқындалған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың үлесін;

      "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 1-1-тармағында айқындалған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың үлестерін;

      Салық кодексінің 776-3-бабының 2-тармағында айқындалған жеке табыс салығының үлесін бөледі және МТ-100 форматындағы төлем тапсырмасымен БЖЗҚ, ӘМСҚ және МӘСҚ шоттарына, МТ-102 форматындағы төлем тапсырмасымен тиісті мемлекеттік кіріс органына аударады.

      12. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің санаттарына жататындығын қоспағанда, салық кодексінің 776-1-бабында көрсетілген тұлғалар санатына төлеушілердің тиесілігі туралы мәліметтер ҚР Қаржымині МКК АЖ-дан ҚР Еңбекмині ААЖ-ға ұсынылады.

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабына сәйкес төлеушілердің кәсіпкерлік субъектілерінің санаттарына тиесілігі туралы мәліметтер Ұлттық экономика министрлігінің кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімінен ҚР Еңбекмині ААЖ-ға ұсынылады.

      13. Мемлекеттік корпорация Бірыңғай төлемнің бөлінетін сомаларын "Экономика секторларының кодтарын қолдану және төлемдерді тағайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) Экономика секторларының кодтарын қолдану және төлемдерді тағайындау қағидаларына сәйкес төлем тағайындаудың тиісті кодтарымен дөңгелектемей аударады № 14365 үшін).

      14. Бірыңғай төлем шеңберінде жеке табыс салығын бөлуді Мемлекеттік корпорация Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінен алынатын мемлекеттік кіріс органдарының кодтары анықтамалығының мәліметтеріне сәйкес жүзеге асырады. Мемлекеттік кірістер органдары кодтарының анықтамалығын өзектілендіру анықтамалықты ҚР ҚаржыминіМКК АЖ-дан ҚР Еңбекмині ААЖ-ға түсіру жолымен жүзеге асырылады.

      15. Мемлекеттік корпорацияның шотына түскен бірыңғай төлем:

      1) МТ-102 төлем тапсырмасының тізімдік бөлігінде қателіктер жіберген;

      2) Салық кодексінің 776-1-бабында көрсетілген төлеушілердің тұлғалар санатына жататындығы туралы мәліметтер болмаған;

      3) тиісті "ASSIGN" (ЭССАЙН) жолағында қызметкерлер бойынша бірыңғай төлемдердің сомалары және жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдердің (міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын қоспағанда) төлемдерін тағайындау кодтары болмаған;

      4) "ASSIGN" (ЭССАЙН) жолағында көрсетілген төлем мақсаттарының кодтары мен Бірыңғай төлем үлестерінің сомалары сәйкес келмеген кезде төлеушіге толық мөлшерде немесе бірыңғай төлемнің тиісті үлесі мөлшерінде қайтарылады;

      5) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы", "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы", "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әлеуметтік төлемдер (міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын қоспағанда) төлеуден босатылған қызметкер үшін, сондай-ақ "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 1-тармағының 1), 7), 8), 9), 11), 12) және 13) тармақшаларына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды мемлекет төлейтін қызметкерлер үшін бірыңғай төлем аудару кезінде бірыңғай төлемнің тиісті үлесі қайтарылуға жатады.

      6) қызметкер бойынша бірыңғай төлем сомасы әлеуметтік төлемдерді төлеуден босатылмаған (міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын қоспағанда) қызметкер үшін бірыңғай төлем үлестерінің барлық тиісті сомаларын аударған кезде төлеушіге қайтарылады.

      16. Жеке табыс салығын қоспағанда, осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген шектерге сәйкес келетін бірыңғай төлем құрамындағы үлестің және (немесе) үлестің сомасы асып кеткен кезде бірыңғай төлемді төлеушіге ішінара қайтаруды Мемлекеттік корпорация жүзеге асырады.

      Мемлекеттік корпорация бірыңғай төлемді әлеуметтік төлемдер үлестері бойынша (міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын қоспағанда) бөлуге шектерден аспаған соманың бір бөлігі жатады.

      Бірыңғай төлем құрамындағы тиісті үлестің және (немесе) үлестің жалпы сомасы мен БЖЗҚ, МӘСҚ, ӘМСҚ-да бөлінген сома арасындағы айырма тиісінше төлеушіге қайтарылуға жатады, бірыңғай төлем ставкасы жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдерге (міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын қоспағанда) нақты бөлінген соманы негізге ала отырып, тиісті "ASSIGN" (ЭССАЙН) жолындағы тізімдік бөлігінде жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер төлемдерін тағайындау кодтарын (міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын қоспағанда) көрсете отырып азаяды.

      17. Төлеушілер заңнамада белгіленген тәртіппен бірыңғай төлемнің есептелген және төленген сомалары туралы, оның ішінде электрондық немесе қағаз жеткізгіштерде қате (артық) төленген бірыңғай төлем сомасын қайтару туралы мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етеді.

      Төлеушінің қызметі тоқтатылған кезде бірыңғай төлемді есептеу және төлеу туралы құжаттар мемлекеттік мұрағатқа беріледі.

      18. Қызметкер Мемлекеттік корпорациядан, БЖЗҚ, ӘМСҚ, МӘСҚ-дан ол үшін төленген бірыңғай төлем сомалары немесе оның үлестері туралы ақпаратты сұратады және алады.

      19. Төлеуші артық (қате) төлеген және Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-ға, ӘМСҚ-ға, МӘСҚ-ға және тиісті мемлекеттік кіріс органына бөлген бірыңғай төлем сомасын қайтару осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төлеушінің Мемлекеттік корпорацияға жіберілген өтініші негізінде жүргізіледі.

      20. Артық (қате) төленген бірыңғай төлем сомалары қайтарылуға жатпайды:

      1) әлеуметтік төлемдер тағайындау кезінде қатысу өтіліне есептелген кезең үшін есептелген әлеуметтік аударымдар;

      2) инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы төлеу сомасын есептеу кезінде ескерілген міндетті зейнетақы жарналары;

      3) МӘСҚ-дан әлеуметтік төлем тағайындау кезінде ескерілген кірістерден аударылған міндетті зейнетақы жарналары.

      21. Төлеуші артық (қате) Төлеген бірыңғай төлем сомаларын қайтаруға арналған өтінішке салымшының (алушының) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қате есептелген сомаларды оның жеке/шартты зейнетақы шотынан есептен шығаруға келіскені туралы нотариат куәландырған өтініші немесе Мемлекеттік корпорацияға жіберілген сот шешімі қоса беріледі.

      22. Банктің кінәсінан бірыңғай төлемді есептеу кезінде қателіктер жіберген кезде төлеуші Банк қате аударылған сомаларды қайтару туралы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      Төлеуші Банктің өтініші қате аударылған бірыңғай төлем сомаларын қайтаруға арналған хаттар мен өтініштерге қол қоюға осы тұлғалардың өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, Банктің уәкілетті тұлғаларының қолы қойылып беріледі.

      23. Төлеуші артық (қате) төлеген бірыңғай төлем сомаларын қайтаруға арналған өтініш:

      1) бірыңғай төлемді есептеу фактісі расталмаған немесе бірыңғай төлем сомасы бұрын қайтарылғанда (Банкке қайтарылған);

      2) төлеушінің өтініші және салымшының міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының сомасын жеке/шартты зейнетақы шотынан есептен шығаруға келісімі осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшалардың нысандарына сәйкес келмегенде;

      3) салымшының (алушының) қате есептелген сомаларды оның жеке/шартты зейнетақы шотынан есептен шығаруға келіскені туралы нотариат куәландырылған өтініш болмағанда;

      4) төлеушінің өтінішінде қайтарудың дұрыс себебі көрсетілмегенде (бірнеше себептер таңдау);

      5) өтінішке осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген қайтару себебін растайтын құжаттар қоса берілмегенде;

      6) өтініште көрсетілген бір айда екі және одан да көп рет бірыңғай төлем төлеу себебі расталмағанда;

      7) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толған адамдар үшін әлеуметтік аударымдардың үлесі артық төленгені расталмағанда Мемлекеттік корпорацияның қарауында қабылданбайды.

      24. Бірыңғай төлемді төлеушіден немесе банктен артық (қате) төленген бірыңғай төлем сомаларын қайтаруға арналған өтініш негізінде Мемлекеттік корпорация өтініш келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде тиісті мемлекеттік кіріс органына бірыңғай төлемдегі жеке табыс салығының үлесін қайтаруға алдын ала сұрау салуды жібереді.

      Тиісті мемлекеттік кіріс органы Мемлекеттік корпорациядан жеке табыс салығының үлесін бірыңғай төлемде қайтаруға алдын ала сұрау салу келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде тиісті мемлекеттік кіріс органының кодын көрсете отырып жауап жібереді.

      Тиісті мемлекеттік кіріс органынан жауап алған кезде Мемлекеттік корпорация үш жұмыс күні ішінде тиісті БЖЗҚ, ӘМСҚ, МӘСҚ және (немесе) Мемлекеттік кіріс органына бірыңғай төлем үлестерін қайтаруға негізгі сұрау салуды қалыптастырады.

      25. Өтінім келіп түскеннен кейін жеті жұмыс күні ішінде БЖЗҚ, ӘМСҚ, МӘСҚ және тиісті мемлекеттік кірістер органы не МТ-102 форматында төлем тапсырмасын қалыптастырады және оларды кейіннен төлеушіге аудару үшін Мемлекеттік корпорацияның банк шотына ақша аударуды жүзеге асырады не бірыңғай төлем үлесін қайтаруды жүзеге асырмайды:

      1) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды төлеу кезеңі әлеуметтік төлемдерді тағайындау кезінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне есептелген;

      2) салымшының (алушының) жеке/шартты зейнетақы шотындағы соманың жеткіліксіздігі;

      3) егер міндетті зейнетақы жарналарының сомасы тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында зейнетақы төлемдерінің, біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомасын есептеу кезінде және зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару кезінде ескерілсе;

      4) табыстардан аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомалары МӘСҚ-дан әлеуметтік төлем тағайындау кезінде есепке алынған;

      5) Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды төлеу кезеңінде медициналық қызметтерді тұтынушы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алды;

      6) өтініште көрсетілген бір айда екі және одан да көп рет бірыңғай төлем төлеу себебі расталмайды;

      7) Салық кодексінің 776-3-бабына сәйкес төлеуден босатылған тұлға үшін әлеуметтік аударым төленгені расталмайды;

      8) бірыңғай төлемді Салық кодексінің 776-1-баптарына сәйкес бірыңғай төлемді төлеуші деп танылған тұлға төлегені расталмайды.

      26. Қорлардан және тиісті мемлекеттік кіріс органынан бірыңғай төлемнің бір немесе бірнеше үлесін қайтарудан бас тартуды алған кезде Мемлекеттік корпорация үш операциялық күн ішінде бірыңғай төлемнің түскен үлестерін қорларға және тиісті мемлекеттік кіріс органына қайтарады және үш операциялық күн ішінде бірыңғай төлем төлеушіге бас тарту себебін көрсете отырып хабарлама жібереді.

      27. Қорлар мен тиісті мемлекеттік кірістер органының оң шешімі кезінде Мемлекеттік корпорация бірыңғай төлемнің барлық үлестерін алғаннан кейін үш операциялық күн ішінде МТ-102 форматында төлем тапсырмасын қалыптастырады және төлеушіге артық (қате) төленген бірыңғай төлем сомасын аударады және қаражатты төлеушінің банктік шотына аударуды жүзеге асырады.

      Мемлекеттік корпорация бірыңғай төлемнің барлық үлестерін алғаннан кейін үш операциялық күн ішінде МТ-102 форматында төлем тапсырмасын қалыптастырады және төлеушіге артық (қате) төленген бірыңғай төлем сомасын аударады.

      28. Мемлекеттік корпорация өткен операциялық күн үшін күн сайын мемлекеттік кіріс органына бірыңғай төлемді төлеушілер бойынша банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың аудару күнін көрсете отырып, келіп түскен және қате аударылған бірыңғай төлем үлестерінің қайтарылған тізілімдерін ұсынады.

  Бірыңғай төлемді төлеу,
аудару және бөлу, сондай-ақ
қайтару қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Мемлекеттік корпорация басшысына
________________________________

Қате төленген бірыңғай төлем сомаларын қайтаруға өтініш

      ______________________________________________________________

      (бірыңғай төлем төлеушінің немесе банктің, төлеушінің банк операцияларының

      жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы)

      № ________ Төлем тапсырмасымен артық (қате) төленген бірыңғай төлем сомасын

      қайтаруды сұраймын ____________, референс ____________ төлемнің жалпы

      сомасы ___________, қайтарудың жалпы сомасы ________________

№ Р/С

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Тегі, Аты, Әкесінің аты (әкесінің аты болған жағдайда)

Кезең ішінде

Төленген сома

Қайтару сомасы













      себебі (қажеттісін белгілеу керек):

       төлеуші немесе банк бір төлем тапсырмасы негізінде екі немесе одан да көп рет

      қате төлеген;

       жұмыстан босатылған қызметкерлердің аванста алған, қайтаруға жататын табыстарына

      артық есептелген;

       "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан

      Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толған тұлғалар болып

      табылатын қатысушылар үшін артық төленді;

       міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды төлеуден

      босатылған адамдар үшін қате аударылды;

       төлем тағайындау коды дұрыс көрсетілмеген;

       төлем тапсырмасының тізімдік бөлігінде төлем кезеңінде қателіктер жіберілді;

       төлем тапсырмасының тізімдік бөлігінде сомада қателер жіберілді;

       төлеушінің деректемелері дұрыс көрсетілмеген;

       бірыңғай төлем болып табылмайтын қате төленген қаражат;

       Салық кодексінің 776-1-бабына сәйкес айқындалған қызметкерлер үшін бірыңғай төлемді

      есептеу (есепке жатқызу), аудару жөніндегі агент ретінде тіркелмеген төлеуші төледі.

      Қайтаруды келесі деректемелер бойынша жүргізуді сұраймыз:

      Төлеушінің атауы:_____________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі / төлеушінің Бизнес сәйкестендіру нөмірі:

      ________________________________________________________

      Жеке сәйкестендіру коды:________________________________

      Төлеуші банктің банктік сәйкестендіру коды:_______________

      Төлеуші Банкі:____________________

       Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі (қажеттісін белгілеу):

       міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының еңбек қызметінің

      басталғанын/тоқтатылғанын растайтын құжаттың көшірмесі;

       Мемлекеттік кірістер органдарында қабылдау туралы хабарламасы бар бірыңғай төлем

      төлеушілер үшін оңайлатылған декларацияның көшірмесі (_____ нысан);

       Мемлекеттік кірістер органдарында қабылдау туралы хабарламамен бірыңғай төлемді

      қайтару кезеңі үшін патент құнын есептеуді (нысан_____);

       салық төлеушінің жеке шотынан бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы үзінді

      көшірме, төлеушінің өтініші мен төлем құжаттарына қолы сәйкес келмеген жағдайда – қол

      қою құқығын беру туралы бұйрықтың көшірмесі;

       Бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе төлеушінің банктік шоты өзгерген кезде растайтын

      құжаттың көшірмесі;

       еркін нысандағы түсініктеме немесе қосымша құжат.

      Қолтаңбалар:

      Басшы _________________________

      (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса әкесінің аты), қолы)

      Бас бухгалтер ____________________

      (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса әкесінің аты), қолы)

      Заңды мекенжайы: ___________________,

      Төлеушінің байланыс деректері:

      Телефон: +7 (____)_________________,

      E-mail __________________________.

      Толтыру күні: 20_______ж "___"_______.

  Бірыңғай төлемді төлеу,
аудару және бөлу, сондай-ақ
қайтару қағидаларына
2-қосымша

Салымшының (алушының) қате есептелген сомалардың жеке зейнетақы шотының есебінен шығаруға келісімі туралы Өтініш

      Мен, _____________________________________________________________

      (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса), туған күні)

      Жеке сәйкестендіру нөмірі___________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Осымен менің жеке зейнетақы шотыма қате аударылған міндетті зейнетақы

      жарналарын/ жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе)

      сомадағы өсімпұлдарды қайтаруға келісім беремін

      ________________________________________________________________

      (сомасы жазбаша)

      _________________________________________________________________

      (Бірнеше төлем тапсырмалары бойынша қате есептелген бірыңғай төлем және

      (немесе) өсімпұл сомаларын қайтару қажет болған жағдайда қайтаруға жататын

      сомалар әрбір төлем тапсырмасына жеке көрсетіледі)

      Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары

      есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың деректемелеріне өзгерістер

      енгізу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      _____________________________

      (қолы) (күні)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады