Қазақстан Республикасының аумағында танылатын қамтамасыз етілген цифрлық активтер түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2023 жылғы 31 наурыздағы № 124/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 6 сәуірде № 32245 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.04.2023 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында танылатын қамтамасыз етілген цифрлық активтер түрлерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а.
Б. Мусин

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің м.а.
2023 жылғы 31 наурыздағы
№ 124/НҚ Бұйрықпен
бекітілген

Қазақстан Республикасының аумағында танылатын қамтамасыз етілген цифрлық активтер түрлерінің тізбесі

      1. Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді сақтау және айырбастау жөніндегі цифрлық платформада шығарылатын, қамтамасыз етілген цифрлық активтің жеке меншік құқығына (жеке кәсіпкерлік) негізделген материалдық, зияткерлік қызметтер мен активтерге куәландырылған құқығы бар, қамтамасыз етілген цифрлық актив.

      2. Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді сақтау және айырбастау жөніндегі цифрлық платформада шығарылатын, қамтамасыз етілген цифрлық активтің өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер туындыларына, зияткерлік қызметтің өзге де нәтижелеріне меншікке және (немесе) зияткерлік меншік құқығына құқығын растауға ие, қамтамасыз етілген цифрлық актив.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады