"Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 758 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 5 сәуірдегі № 278 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 6 сәуірде № 32246 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 758 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 21580 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында және Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Құқық қорғау органдарына қызметке кандидаттар ретінде немесе ауыстыру жолымен (МК-ға жолдамада тиісті жазба бар болған кезде) жаңадан қабылданатын арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдар "қызметкерлер" бөлімі бойынша куәландырылады.

      Құқық қорғау органдарына қызметке кандидаттар ретінде немесе ауыстыру жолымен (МК-ға жолдамада тиісті жазба бар болған кезде) жаңадан қабылданатын Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған адамдар "қызметкерлер" бөлімі бойынша куәландырылады.";

      7-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құқық қорғау органдары орталық аппараттарының және олардың аумақтық бөліністерінің қызметін үйлестіретін ведомстволық бағынысты республикалық мекемелердің кадр қызметтері қызметке кандидаттарды алдағы уақытта жұмыс істейтін немесе тұрғылықты жері бойынша ӘДК-ге МК-ға жібереді.

      Қалған жағдайларда қызметке кандидаттарды және қызметкерлерді МК өткізу орны ІІМ ОӘДК келісіледі.";

      16-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Сарапшы-дәрігердің бейбіт уақытта күніне 25 (сарапшы -терапевт- дәрігердің – 20) адамнан аспайтын (тағайындалған тексерулерден кейін қайта қабылданатын адамдарды ескере отырып), соғыс уақытында - 50 адамнан аспайтын, сондай-ақ білім беру ұйымдарында түпкілікті куәландыру кезінде тексеру жүргізуіне рұқсат беріледі.";

      24- тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қызметке (оқуға) кандидаттар, нақты лауазымдағы қызметке жарамсыз деп танылған, әскери қызметке жарамсыз немесе шектеулі жарамды, ПФЗ нәтижелері бойынша ұсынылмайтын, сондай-ақ қызметтен босатылуына байланысты МК-ге жолданған қызметкерлер кез келген қорытындыны шығару кезінде ӘДК қорытындысымен танысқаны туралы МК актісінде қол қояды.

      Егер куәландырылатын адам ӘДК қорытындысымен танысқаны туралы қол қоюдан бас тартқан кезде МК актісінің "ескертпе" бөлімінде тиісті жазба жүргізіледі.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Бұдан бұрын жарамды деп танылған және ПФЗ бойынша ұсынылған қызметкерлер алдыңғы қызмет түрімен ұқсас қызмет түріне, денсаулық жағдайына қойылатын талаптары бірдей немесе төмен лауазымға (оның ішінде жоғары тұрған лауазымға) орналасқан (ауысқан) кезде алдыңғы куәландыру сәтінен бастап немесе 3 жыл ішінде қайта куәландыруға жіберілмейді.

      Бұл тұрғыда ерекшелікті ӘДК-нің алдыңғы шешімімен әскери қызметке жарамдылығын шектеу туралы қорытынды шығарылған қызметкерлер немесе ауруларының диагноздары (жүрек-қан тамырлары, эндокринологиялық, жүйке жүйесі) немесе функцияларының бұзылуымен жарақаттардың зардаптары анықталған қызметкерлер құрайды.

      Бұрын жарамды деп танылған және ПФЗ бойынша ұсынылған кандидаттарды, қызметкерлерді МК-ға қайта жіберу кезінде дәрігерлер қарап-тексеру жүргізген сәттен бастап 3 ай ішінде сол МК актісінде тиісті жаңа қорытынды қабылдауға рұқсат беріледі (егер осы кезеңде денсаулық жағдайының нашарламағаны құжатпен расталған болса). Алдыңғы МК жүргізілген сәттен бастап 3 айдан астам мерзімде қайтадан МК кезінде жаңа МК актісі ресімделеді.

      Бұл ретте, қайта қорытынды шығару сәтінде осы Қағидалардың 37 және 59-тармақтарында көрсетілген зерттеу нәтижелерінің қолданылу мерзімі есепке алынады, сондай-ақ Талаптардың бағандары бойынша қызмет түрлерінің бөлінуін ескере отырып, жекелеген мамандардың толықтырып тексеру (ПФЗ, вестибулярлық сынама, ЭЭГ және т.б.) қажеттілігі ескеріледі.

      Алдыңғы МК жүргізілген сәттен бастап 3 айдан астам мерзімде қайтадан МК кезінде жаңа МК актісі ресімделеді.";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Кандидат жолдамада көрсетілген лауазымға қызметке жарамсыз деп танылған және басқа лауазымға жаңа жолдама берілген жағдайларда, денсаулық жағдайы бойынша жаңадан ұсынылған лауазымға қызметке орналасуға кедергі келтіретін негіздер болмаған жағдайда қайта (әрі қарай) куәландыру жүргізіледі. Көрсетілген жағдайларда дәрігерлер тексеру жүргізген сәттен бастап 3 ай ішінде сол куәландыру актісінде жаңа қорытынды қабылдауға рұқсат беріледі.

      Мұндай жағдайларда МК және хаттамалар кітабында ресімдеу тәртібі осы Қағидалардың 31, 136 және 138 -тармақтарымен регламенттеледі.";

      мынадай мазмұндағы 41-1-тармақпен толықтырылсын:

      "41-1. Үш немесе одан да көп негіздемелер (физикалық жай-күйінің ерекшеліктері, сырқаттар, жарақаттар және олардың салдары) бойынша Талаптарға сәйкес жарамдылық санатын жеке бағалау ("ЖЕКЕ") көзделетін жағдайда кандидаттар қызметке жарамсыз деп танылады.";

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Алдын ала МК ІІМ ОӘДК, облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қалалардың Полиция департаменттерінің ӘДК (бұдан әрі – ПД ӘДК) түсу емтихандарынан кемінде 4 ай бұрын жүргізеді және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 77 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13199 болып тіркелген) бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнайы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 445 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24401 болып тіркелген) бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнына оқуға қабылдау қағидаларына сәйкес жеке істерді оқу орындарына жіберу мерзімінен кешіктірілмей аяқталады.";

      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Азаматтық тұрғындар қатарынан оқуға кандидаттарға ӘДК-нің қорытындылары Талаптардың II-тармағына сәйкес "кандидаттар" бөлігі бойынша, әскери қызметшілер мен қызметкерлерге "қызметкерлер" бөлігі бойынша және оқу орнын даярлау (факультеті) бағытының бейініне сәйкес бағандар бойынша шығарылады.

      Соғыс уақытында азаматтық тұрғындар қатарынан оқуға кандидаттар "кандидаттар" бөлігі және Талаптардың І бағаны бойынша, қызметкерлер қатарынан – "қызметкерлер" бөлігі және талаптардың ІІІ бағаны бойынша куәландырылады.";

      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Талаптардың III бағанға жататын лауазымдардан ауыстырылатын қызметкерлер үшін I, II бағандардың талаптарына бойдың сәйкес келмеуі кезінде "_____ қызметке жарамсыз" (лауазымы көрсетілсін) қорытындысы шығарылады, бұл ретте әскери қызметке жарамдылық санаты туралы қорытынды шығарылмайды.

      Осындай қорытынды лауазым бойынша тағайындау ауыстыру кезінде қызметкерлерге, олардың Талаптардың тармақтары бойынша денсаулық және даму жай-күйі бойынша қойылатын талаптарға сәйкес келмегенде шығарылады, ал атқаратын лауазымы бойынша әскери қызметке жарамдылық санаты шектелмейді.";

      63 және 64-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "63. Қызметкерлерді Талаптардың І және ІІ бағандары бойынша МК кезінде және "бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс кезінде шектеулі жарамды" немесе "әскери қызметке шектеулі жарамды" қорытындысын шығару кезінде ӘДК МК кезінде олардың Талаптардың III бағаны бойынша жарамдылық мүмкіндігін қарайды.

      Осы қызметкерлер талаптардың III бағаны бойынша лауазымға жолдама берген және осы бағандар бойынша "әскери қызметке шектеулі жарамды" деген қорытынды шығарған кезде ӘДК нақты ұсынылған лауазымға жарамдылығын нақтылау мақсатында, егер ұсынылған лауазымдағы қызмет науқастану (зақымдану) ішінде теріс әсер етпесе және қызметкер денсаулық жағдайы бойынша жүктелетін функцияларды жүзеге асыруға қабілетті болса – "____қызметке жарамды (нақты лауазымы көрсетіледі)" деген қосымша қорытынды шығарады.

      64. Осындай қосымша қорытынды "әскери қызметке шектеулі жарамды" тұжырымын анықтау кезінде қызметкерлерге Талаптардың III бағаны бойынша МК кезінде, қызмет мерзімін ұзарту, ауыстыру немесе лауазымға тағайындау кезінде шығарылады.";

      85-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "85. МК нәтижелері бойынша бірінші оқу жылы курсанттарында Талаптардың тармақтарында жарамдылықты жеке бағалау көзделген негіздер анықталған жағдайда, олар оқуға жарамсыз деп танылады.

      Курсанттар екінші оқу жылынан бастап МК кезінде және оларды "әскери қызметке жарамды" деп анықтаған жағдайларда одан әрі оқуға жарамды деп танылады (бір мезгілде қорытындының екеуі де шығарылады); "әскери қызметке шектеулі жарамды" деп анықталған кезде одан әрі оқуға жарамсыздығы туралы қосымша қорытынды шығарылады.

      ӘДК-нің "әскери қызметке шектеулі жарамды", "білім беру ұйымында оқуға жарамсыз" деп танылған бітіруші курстардың курсанттары кадр қызметінің жолдамасы бар болған кезде Талаптардың ІІІ бағаны бойынша осы адамдардың нақты лауазымдағы қызметке жарамдылығы туралы мәселе бір уақытта қаралады.

      Талаптарға сәйкес әскери қызметке жарамдылық санатының жеке бағалануы көзделген сырқаттары болған кезде курсанттарға екінші курстан бастап қорытынды осы Қағидалардың 62-тармағына сәйкес шығарылады.";

      мынадай мазмұндағы 85-1-тармақпен толықтырылсын:

      85-1. "Оқу орындарының курсанттары оқуды аяқтағаннан кейiн оқу кезінде алған мамандығына қарағанда (соған сәйкес оқу орына түсер алдында МК өткізілген) денсаулық жағдайына жоғары талаптарды көздейтін лауазымдарға тағайындалған кезде МК өтуге ӘДК-ға жіберіледі.";

      88-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "88. Бұрынғы қызметкерлер, құқық қорғау органдарынан жұмыстан босатылуын ресімдеу сәтіндегі қызметке жарамдылық санаты туралы ӘДК-нің қорытындысын қызметке жарамдылығын анықтау үшін немесе қайта қарау туралы жұмыстан босытылған күнінең бастап бір жыл өткенге дейін өтініш жасаған жағдайда (теріс себептер бойынша қызметтен босатылғандардан басқа) кадр қызметі босатылуын ресімдеу сәтіндегі қызмет атқарған жері бойынша ӘДК-ге оның өтінішір және қолда бар медициналық құжаттарын жолдайды. Негізі болған жағдайларда ӘДК азаматтардың қызметтен босатылу мерзіміндегі жағдайын сипаттайтын материалдар бойынша сырттай әскери-дәрігерлік сараптама жүргізеді.";

      149-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жеке тұлғаның толық психологиялық бейнесін жасауға арналған, сондай-ақ мотивациялық бағыты, өз-өзін бағалау, жеке тұлғалардың мінез-құлық стилі, сипаттамалық белгілері, стреске қарсы іс-қимыл түрі, жетекші талаптар, көңіл-күй көрінісі, жеке тұлғаның бейімделу дәрежесі және бейімделмеудің мүмкін түрі, көшбасшылық белгілерінің айқындылығы құрамдар енетін жеке тұлғаны жан-жақты зерттеу әдістемесі (бұдан әрі – ЖЖЗӘ);";

      150-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "150. ПФ тестілеу міндетті әдістемелері Талаптардың I бағаны бойынша куәландырылатын адамдарға (оның ішінде қызметкерлерге), сондай-ақ жүргізуші лауазымына тағайындалатын, ауысатын адамдарға ПФЗ міндетті әдістемелері нәтижелері бойынша немесе көрсетілімдер бар болған жағдайда қосымша психологиялық тестілеу түрінде жүргізіледі.";

      Қағидаларға 2-қосымшада:

      86-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "86. ЖЖЗӘ профилінің нормативті көрсеткіштері (клиникалық шкалалар 30-дан 70-дейін, бағалық шкалалар және Уэлш индексі сенімді болып табылғанда) М.Люшер методикасымен, функционалдық сынамалардың нәтижелерімен (күмән тудырмайтын және әңгімелесумен, бақылаумен расталған) және де "Равеннің прогрессивті матрицалары" (немесе "ҚБТ") әдістемелері бойынша нәтижелерімен ұштастырған жагдайда, ПЗТ қорытындысы тестілеудің қосымша әдістерін қолданбай шығарылады.

      L және(немесе) К шкалалы 70 Т-баллдан төмен; және(немесе) F шкаласы 80 Т-баллдан жоғары емес; және(немесе) Уэлш индексі -18-ден +4-дейін ерлерге және –23-ден +7-дейін әйел адамдарға (бағалау шкалаларының біреуде 70 Т-баллдан аспағанда) ЖЖЗӘ профилі "шынайы" болып есептеледі.";

      87-тармақтың екінші бөлігіның 2)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) дезадаптация белгілерін қоса алғанда, мінез-құлық сипатындағы тәуекел, мінезтану жоспары, эмоциялық тұрақсыздылық белгілері – 16-Кеттелдің факторлы сауалнамасы, Шмишек, Айзенк тестісі, агрессивті, делинквентті бағыттылықты анықтауға арналған тест, Басса-Дарки сауалнамасы, бейімділік, МОАС, Томас тестісі, классикалық жобалық әдістемелер, УНП, Болжам, Болжам-2, 18 жасқа толмаған адамдарға арналған жеке тұлғаның патодиагностикалық сауалнамасы, Спилберг, Бек шкаласы, ИТО, Лири тестісі, Завьялов сауалнамасы "Алкогольді тұтыну уәждері", тақырыптық апперцептивті тест, Сонди тестісі, СМОЛ тестісі, "аяқталмаған ұсыныстар" әдістемесі, ПФТ;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережеде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. ІІО ӘДС комиссиялары:

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясы (бұдан әрі - ІІМ ОӘДК);

      облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қалалардың полиция департаменттерінің әскери-дәрігерлік комиссиялары (бұдан әрі - ДП ӘДК);

      Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарының уақытша жұмыс істейтін штаттық емес әскери-дәрігерлік комиссиялары (бұдан әрі – ББҰ УӘДК) ұсынған.";

      3 параграфтың атау мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-параграф. Облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қалалардың полиция департаменттерінің әскери-дәрігерлік комиссиялары";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. ПД ӘДК төрағасы азаматтарды, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне әскери-дәрігерлік сараптама өткізу мәселелері бойынша ОӘДК бастығына, Қазақстан Республикасы ҰҰ әскери қызметшілері - Қазақстан Республикасы ҰҰ ӘДК бастығына бағынады.

      ПД ӘДК төрағасы лауазымына кандидатураны тағайындау (ауыстыру), сондай-ақ ПД ӘДК төрағасы лауазымын атқаратын адаммен еңбек шартының мерзімін ұзарту немесе бұзу (Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі 30-бабының 5-тармағына және 52-бабының 1-тармағы 25) тармақшасына сәйкес) кезінде ІІМ ОӘДК-мен келісіледі.";

      3-тараудын атау мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарының штаттық емес әскери-дәрігерлік комиссиялары".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясының басқармасы (М.Ш. Ниязов) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Аппарат басшысына (О.Б. Бекеев) және Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясының басқармасына (М.Ш. Ниязов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
М. Ахметжанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржылық мониторинг агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ic-қимыл агенттігі

      (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Төтенше жағдайлар министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады