"Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-33) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Уәкілетті органның кәсіпорны көрсететін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемін және құнын айқындау әдістемесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
М. Карабаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 199 бұйрығына қосымша |
Уәкілетті органның кәсіпорны көрсететін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемін және құнын айқындау әдістемесі 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Уәкілетті органның кәсіпорны көрсететін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемін және құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) "Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-33) тармақшасына және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 156-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік тапсырма шеңберінде уәкілетті органның кәсіпорны көрсететін су жолдары мен кеме қатынасының гидротехникалық құрылыстарын (шлюздерін) кеме қатынасы үшін қауіпсіз жай-күйде қамтамасыз ету үшін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құнын және көлемін, сондай-ақ уәкілетті органның кәсіпорны ақылы негізде көрсететін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге бағасын айқындау тәртібін белгілейді.
2. Осы Әдістемеде пайдаланылатын ұғымдар:
1) жанама шығыстар - әкімшілік-басқару персоналын, қосалқы қызметтерді, базалар мен өндірістерді күтіп-ұстауға байланысты бөлінетін шығыстарды қоса алғанда, жұмыстарды жүргізу процесінің алдындағы шығыстарға байланысты жиынтық үстеме шығындар;
2) тікелей шығыстар - еңбек ақы төлеуді, іссапар шығыстарын, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, материалдарды, негізгі құралдарды сатып алуды, коммуналдық қызметтерді, электр энергиясын, жылу жүйесі, байланыс қызметтерін және көлік қызметтерін сатып алуды, негізгі құралдарды жөндеуді қоса алғанда, жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) жүргізу процесіне және орындалатын аралық операцияларға тікелей байланысты жиынтық шығындар, ғимараттар мен үй-мекенжайларын күтіп-ұстау, қызмет көрсету, жалдау ақысы, экономикалық сыныптама шығыстарының жолдарында көзделген өзге де шығыстар.
3. Уәкілетті орган (бұдан әрі - кәсіпорын) кәсіпорнының су жолдарын және кеме қатынасы үшін қауіпсіз жай-күйдегі кеме қатынасы гидротехникалық құрылыстарын (шлюздерін) қамтамасыз етуі мынадай жұмыс (көрсетілетін қызмет) түрлерін қамтиды:
кеме қатынасы су жолдарының қызмет көрсетілетін учаскелерінде навигациялық мүкәммал мен жабдықтарды қою (алу) және күтіп-ұстау;
қызмет көрсетілетін су жолдары шегінде лимиттелетін құламаларды әзірлеу бойынша түбін тереңдету жұмыстарын орындау;
түзету (жағалауды бекіту) жұмыстарын орындау;
кеме қатынасы қауіпсіздігіне қатер төндіретін су асты кедергілерін (қойтастар, тамырымен суға кеткен ағаштар, батағаштар және басқалар) алу және алып тастау бойынша түбін тазарту жұмыстарын орындау;
ішкі су жолдарында жобалау, арналық жобалау-іздестіру жұмыстарын, топографиялық, картографиялық, гидрографиялық және зерттеу жұмыстарын орындау;
күрделі және ағымдағы жөндеулерді, реконструкциялауды және жаңғыртуды қоса алғанда, жоспарлы-алдын алу, пайдалану және жөндеу жұмыстары кешенін жоспарлау, жобалау және іске асыру арқылы Бұқтырма, Өскемен және Шүлбі кеме қатынасы шлюздерін, басқа да гидротехникалық құрылыстарды кеме қатынасы үшін жұмыс істейтіндей авариясыз жағдайда күтіп-ұстау;
техникалық флоттың кемелеріне (ағымдағы, орта, күрделі) жөндеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру;
навигациялық белгілерді дайындауды, кеме қатынасы су жолдарының қызмет көрсетілетін учаскелеріне қоюға арналған жағдайлық жабдықтар мен мүлікті жөндеу үшін материалдар мен жекелеген элементтерді дайындауды қамтамасыз ету;
кемелер қозғалысын басқару жүйелерін күтіп-ұстау, жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету және пайдалану;
тиісті құжаттарды ұсына отырып, палубалы шағын көлемді флотты қоса алғанда, кемелерді сыныптау жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
тиісті құжаттарды ұсына отырып, палубалы шағын көлемді флотты қоса алғанда, кемелерді, оның ішінде аспаптық зерттеп-қарау арқылы қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі бойынша куәландыруды жүргізу.
2-тарау. Мемлекеттік тапсырма шеңберінде уәкілетті органның кәсіпорны көрсететін су жолдарын және кеме қатынасы гидротехникалық құрылыстарын (шлюздерін) кеме қатынасы үшін қауіпсіз жағдайда күтіп-ұстау үшін жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) құны мен көлемін айқындау 1-параграф. Жол жұмыстарын, флотты, навигациялық мүкәммалды және жабдықты жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) құны мен көлемін айқындау
4. Жол жұмыстарын, флотты, навигациялық мүкәммалды және жабдықты жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) құны (бұдан әрі - іс-шаралар құны) тікелей шығыстарды, сондай-ақ бөлінетін жанама шығыстарды ескере отырып, айқындалады.
5. Кезекті қаржы жылына арналған іс-шараның құны мынадай формула бойынша есептеледі:
Жіқ = Тш+Жш
мұндағы:
Жіқ - іске асыруға жоспарланған іс-шараның құны;
Тш - тікелей шығындар;
Жш - жанама шығындар.
6. Тікелей шығыстардың сомасы мынадай формула бойынша айқындалады:
Тшс = ∑Тш
мұндағы:
Тшс - жол жұмыстарын, флотты, навигациялық мүкәммалды және жабдықты жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша іске асыру жоспарланған іс-шараларға байланысты барлық тікелей шығыстардың сомасы;
Тш - жол жұмыстарын, флотты, навигациялық мүкәммалды және жабдықты жөндеу жұмыстарын жүргізуге енгізілетін, іске асыруға жоспарланған іс-шаралардың әрбір түрі бойынша тікелей шығыстар.
7. Тікелей шығыстарға қатысты бөлу пайызы іс-шаралардың әрбір түрі бойынша мынадай формуламен айқындалады:
П = Тш/Тшс*100,
мұндағы:
П - іске асыру жоспарланған іс-шаралар бойынша тікелей шығыстарға қатысты жанама шығыстарды бөлу пайызы;
Тш - жол жұмыстарын, флотты, навигациялық мүкәммалды және жабдықты жөндеу жұмыстарын жүргізуге енгізілетін, іске асыруға жоспарланған іс-шаралардың әрбір түрі бойынша тікелей шығыстар;
Тшс - жол жұмыстарын, флотты, навигациялық мүкәммалды және жабдықты жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша іске асыруға жоспарланған іс-шараларға байланысты барлық тікелей шығыстардың сомасы.
8. Жол жұмыстарын, флотты, навигациялық мүкәммалды және жабдықты жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған іс-шаралар бойынша жанама шығыстардың сомасы пайызға сәйкес бөлінеді және мынадай формула бойынша айқындалады:
Жш=Жшс*П
мұндағы:
Жш - іске асыруға жоспарланған іс-шаралардың әрбір түрі бойынша жанама шығыстар;
Жшс - барлық жанама шығыстардың сомасы;
П - іске асыруға жоспарланған іс-шаралардың әрбір түрі бойынша тікелей шығыстарға қатысты жанама шығыстарды бөлу пайызы.
9. Жол жұмыстарының, флот пен навигациялық мүкәммалды жөндеу жөніндегі жұмыстардың барлық түрлерін орындау үшін іс-шаралардың жоспарлы құнын айқындау еңбекақы төлеу, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу құнын, су жолдарының қызмет көрсетілетін кеме қатынасы учаскелерін кеме қатынасы үшін қауіпсіз жағдайда күтіп-ұстауға арналған материалдардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құнын ескере отырып жүргізіледі.
10. Еңбекақы төлеу қорының мөлшерін айқындау еңбек заңнамасының нормаларына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" № 1193 қаулысымен (бұдан әрі - Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1193 қаулысы) белгіленген ерекшеліктерге сәйкес жүзеге асырылады.
11. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) бағалары, тиісті кезеңге республикалық бюджет комиссиясы мақұлдаған және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамында белгіленген түзету коэффициентін қолдана отырып, нарықтық орташа бағалар мониторингінің нәтижелері бойынша сұратылатын жеке баға ұсыныстары негізінде айқындалады.
Уәкілетті органның кәсіпорны нарықтық орташа бағалардың мониторингін, интернет-ресурстарда орналастырылатын баға ұсыныстарын талдау арқылы бюджеттік өтінімді қалыптастыру кезінде жүргізеді.
Уәкілетті органның кәсіпорны баға ұсыныстарын жеке кәсіпкерлік субъектілерден, бюджеттік өтінімді уәкілетті органға жіберігенге дейін күнтізбелік бір жылдан ерте емес мерзімде сұратады.
12. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы "Алуан түрлі экономикалық қызмет ұйымдарының жұмыскерлеріне арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру нормаларын бекіту туралы" № 943 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12627 болып тіркелген бұдан әрі - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің № 943 бұйрығы) сәйкес жол жұмыстарын, флотты, навигациялық жабдықтарды және жабдықтарды жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде жұмыскерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау үшін талап етілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі мен тізбесі жол жұмыстарының прорабтары және/немесе өзге де өндірістік бөлімшелердің, жер снарядтары командирлерінің, кеме капитандарының, механикалық-кеме қызметі механиктерінің баянаттары (қызметтік жазбалары) негізінде айқындалады,
13. Жол жұмыстарын орындау үшін жанар-жағармай материалдарын сатып алуға арналған шығындардың жоспарлы құнын айқындау "Мемлекеттік техникалық флот кемелерінің жанар-жағармай материалдарын жұмсау (заттай мәндегі) нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 10 маусымдағы № 382 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18830 болып тіркелген, бұдан әрі - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің № 382 бұйрығы) талаптарын ескере отырып, отын мен жағармай материалдарының жоспарлы есептік көлемінен құралады.
14. Жол жұмыстарын орындау үшін қажетті отын мен жағармай материалдарының көлемі паспорттық деректерге және техникалық қызмет көрсетуді жүргізу мерзімділігіне сәйкес әрбір нақты кемеде отын тұтынатын әрбір жабдықтың жұмысы жөніндегі деректер негізінде есептеу жолымен айқындалады.
Есептеуде жоспарланған жұмыс уақыты және әрбір нақты кемеде отынды тұтынатын әрбір жабдықтың жұмыс режимі рейстердің орындалу ұзақтығына, қашықтықтарға және жұмыс режиміне байланысты, оның ішінде экипаждар мен флот қызметкерлерінің тұрмыстық жағдайларын қамтамасыз ету үшін дизель-генераторлық қондырғылар мен су жылыту қазандықтарының жұмыс уақыты ескеріледі.
15. Дизель майының көлемін жоспарлау дизель отынының көлеміне пайыздық қатынаста жүзеге асырылады. Майлау майларының жеке шығыс нормалары әрбір нақты қозғалтқыш үшін табиғи отынның агрегаттық шығысынан пайызбен белгіленеді. Қозғалтқыштарды дайындаушы зауыттар өндіретін майлау майларының үлестік (паспорттық) шығыстары, оларды жасау немесе күрделі жөндеу сәтінен бастап қозғалтқыштарды пайдалану мерзіміне байланысты олардың тозу дәрежесі ескеріледі.
16. Флотты жөндеу үшін іс-шаралар құнын жоспарлау кемелерді жоспарлы-алдын ала жөндеу кестесінің және бюджеттік өтінімді қалыптастыру жылының алдындағы жылдың навигациялық кезеңі аяқталғаннан кейін кемелерді зерттеп-қарау деректерінің негізінде жүзеге асырылады.
Зерттеп-қарау нәтижелері бойынша және ақаулы ведомостардың негізінде жөндеу ведомостары жасалады, онда жөндеу көлемі, талап етілетін материалдар және олардың саны, еңбек шығындары және орындау уақыты туралы мәліметтер болады. Ақаулы ведомостарды жасау кезінде техникалық жай-күй формулярларының жазбалары, вахталық және машиналық журналдардың жазбалары, сондай-ақ жоюға жататын ақаулар көрсетілген инспекторлық тексеру актілері мен куәландыру актілері талданады. Бұл ретте нақты тозулардың мәндері рұқсат етілгендермен салыстырылады, бөлшектерді және/немесе жүйелерді және/немесе тораптарды және/немесе кеме бөліктерін жөндеу немесе ауыстыру қажеттілігі айқындалады. Жөндеу түрлері және оны жүргізу тәртібі "Кемелерді жөндеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 201 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6938 болып тіркелген) айқындалады.
Күрделі жөндеу құны материалдарға арналған шығындарды ғана қамтиды және сметалық есептерге (жөндеу ведомостарына), сондай-ақ кеме жөндеу кәсіпорны ұсынатын шығыстардың калькуляциясына сүйене отырып, айқындалады.
17. Навигациялық белгілерді, олардың бөліктері мен элементтерін дайындауға және жөндеуге арналған іс-шаралар құнын жоспарлау сметалық есептермен және белгілердің әрбір түрін, олардың бөліктері мен элементтерін жөндеуге және дайындауға арналған калькуляциялармен айқындалған материалдар мен еңбек шығындарының құнынан тұрады.
Жоспарланған навигациялық кезеңге қою үшін қажетті кеме қатынасы жағдайының навигациялық белгілерінің саны, навигация аяқталғаннан кейін алдағы жылға арналған навигациялық белгілерді орналастыру схемасын ескере отырып, айқындалады.
Белгілер 26600-98 "Ішкі кеме қатынасы жолдарының навигациялық белгілері. Жалпы техникалық шарттар" ГОСТ-қа сәйкес дайындалады. Дайын белгілерді, олардың бөліктері мен элементтерін сатып алған жағдайда, шығындарға белгілерді, олардың бөліктері мен элементтерін сатып алу және межелі жерге тасымалдау құны қосылады.
18. Жол жұмыстарын жүргізу көлемі "Ішкі су жолдарында кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жол жұмыстарын жоспарлау және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 761 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8861 болып тіркелген) айқындалады.
2-параграф. Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) күтіп-ұстау және жөндеу үшін жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) құны мен көлемін айқындау
19. Бұқтырма, Өскемен және Шүлбі шлюздерін және басқа да кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды (бұдан әрі - ГТҚ) күтіп-ұстау және ағымдағы жөндеу үшін жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) құны тікелей шығыстарды, сондай-ақ бөлінетін жанама шығыстарды ескере отырып, айқындалады.
ГТҚ-ны, оның ішінде механикалық, гидротехникалық, электртехникалық жабдықтарды, жүк көтергіш, автомобиль, трактор құралдарын, станоктық паркті және өзге де жабдықтарды күтіп-ұстау осы объектілер мен олардың жұмыс істеуін және жөнделуін қамтамасыз ететін персоналдың жұмысқа қабілетті және қауіпсіз жұмыс істеуіне бағытталған шаралардан тұрады.
ГТҚ-ны күтіп-ұстау және жөндеу ғимараттарды, құрылыстарды, аумақтардың жабындарын, желілерді, жүйелерді, коммуникацияларды, қоршауларды, механизмдерді, құрылғыларды, қондырғыларды, станоктық паркті жоспарлы және ағымдағы (пайдалану) жөндеу жұмыстарын және жоспарлы техникалық қызмет көрсетуді орындауды қамтиды.
20. Кезекті қаржы жылына арналған ГТҚ-ны күтіп-ұстау және ағымдағы жөндеу үшін жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) құны (бұдан әрі - іс-шаралардың құны) әрбір ГТҚ бойынша шығыстар сомасынан құралады және мынадай формула бойынша айқындалады:
Жіқ = ∑Жішс,
мұндағы:
Жіқ - іске асыруға жоспарланған іс-шаралардың құны;
Жішс - әрбір жеке алынған ГТҚ-ны күтіп-ұстау және жөндеу шеңберінде іске асыру жоспарланған іс-шаралардың әрбір түрі бойынша шығыстар сомасы;
21. ГТҚ-ны күтіп-ұстау және ағымдағы жөндеу бойынша шығыстар сомасы мынадай формула бойынша есептеледі:
Жшс = Тш+Жш
мұндағы:
Жшс - шығыстар сомасы;
Тш - тікелей шығыстар;
Жш - жанама шығыстар;
22. Тікелей шығыстардың сомасы мынадай формула бойынша айқындалады:
Тшс = ∑Тші
мұндағы:
Тшс - тікелей шығыстардың барлық сомасы;
Тші - әрбір жеке алынған ГТҚ-ны күтіп-ұстау және жөндеу шеңберінде іске асыруға жоспарланған іс-шаралардың әрбір түрі бойынша тікелей шығыстар.
23. Іс-шаралар бойынша тікелей шығыстарға қатысты жанама шығыстарды бөлу пайызы мынадай формула бойынша айқындалады:
П = Тшi/Тшс*100
мұндағы:
П - іске асыру жоспарланған іс-шаралар бойынша тікелей шығыстарға қатысты жанама шығыстарды бөлу пайызы;
Тш - әрбір жеке алынған ГТҚ-ны күтіп-ұстау және жөндеу шеңберінде іске асыру жоспарланған іс-шаралардың әрбір түрі бойынша тікелей шығыстар;
Тшс - барлық тікелей шығыстардың сомасы.
24. ГТҚ-ны күтіп-ұстау бойынша жанама шығыстардың сомасы формула бойынша есептелген пайызға сәйкес бөлінеді:
Жш=Жшс*П
мұндағы:
Жш - әрбір жеке алынған ГТҚ-ны күтіп-ұстау және жөндеу шеңберінде іске асыруға жоспарланған іс-шаралардың әрбір түрі бойынша жанама шығыстар;
Жшс - жанама шығыстар сомасы;
П - әрбір жеке алынған ГТҚ-ны күтіп-ұстау және жөндеу шеңберінде іске асыру жоспарланған іс-шаралардың әрбір түрі бойынша тікелей шығыстарға қатысты жанама шығыстарды бөлу пайызы;
25. Авариясыз жұмысты (күрделі жөндеуді) қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың құнын айқындау ГТҚ тікелей өндірістік процеске жататын тікелей шығыстардан қалыптастырылады және күрделі жөндеуге, авторлық және техникалық сүйемелдеу қызметтеріне арналған шығындардан тұрады.
26. Кезекті қаржы жылына арналған авариясыз жұмысты (күрделі жөндеуді) қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың құны мынадай формула бойынша есептелетін әрбір бірлікке арналған тікелей шығыстар сомасынан құралады:
Кжқ = ∑Тшс
мұндағы:
Кжқ - ГТҚ-ны авариясыз жұмысты (күрделі жөндеуді) қамтамасыз ету бойынша іске асыруға жоспарланған іс-шаралардың құны;
Тшс - іске асыруға жоспарланған іс-шаралардың әрбір түрі бойынша күрделі жөндеу тікелей шығыстардың сомасы.
27. Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) ағымдағы жөндеуді жүргізуге және күтіп-ұстауға арналған іс-шаралардың жоспарлы құнын айқындау, кеме қатынасы шлюздері мен басқа да гидротехникалық құрылыстарды кеме қатынасы үшін кеме қатынайтын және авариясыз жағдайда күтіп-ұстауға арналған материалдардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құнын, бюджетке төленетін салық және басқа да міндетті төлемдерді төлеу құнын ескере отырып жүргізіледі.
28. Еңбекақы төлеу қорының мөлшерін айқындау қолданыстағы еңбек заңнамасының нормаларына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1193 қаулысымен белгіленетін ерекшеліктерге сәйкес жүзеге асырылады.
29. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) бағалары, тиісті кезеңге республикалық бюджет комиссиясы мақұлдаған және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамында белгіленген түзету коэффициентін қолдана отырып, нарықтық орташа бағалар мониторингінің нәтижелері бойынша сұратылатын жеке баға ұсыныстары негізінде айқындалады.
Уәкілетті органның кәсіпорны нарықтық орташа бағалардың мониторингін, интернет-ресурстарда орналастырылатын баға ұсыныстарын талдау арқылы бюджеттік өтінімді қалыптастыру кезінде жүргізеді.
Уәкілетті органның кәсіпорны баға ұсыныстарын жеке кәсіпкерлік субъектілерден, бюджеттік өтінімді уәкілетті органға жіберігенге дейін күнтізбелік бір жылдан ерте емес мерзімде сұратады.
30. Жөндеу жұмыстарының көлемі жыл сайын өткізілетін объектілердің техникалық жай-күйін қарап-тексеру және зерттеп-қарау нәтижелері бойынша айқындалады.
Зерттеп-қарау "Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) техникалық пайдалану, зерттеп-қарау және жөндеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 550 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11915 болып тіркелген) сәйкес белгіленген мерзімдерде, ғимараттардың, құрылыстар мен жабдықтардың техникалық сипаттамаларын, сондай-ақ пайдалану жөніндегі техникалық регламенттердің талаптарын және нормативтік және пайдалану құжаттарының өзге де талаптарын ескере отырып жүргізіледі.
Техникалық бақылау органдарының нұсқамаларын, пайдалану жөніндегі талаптарды, жобалау-конструкторлық құжаттаманың деректерін, техникалық есептеулердің нәтижелерін, бақылау өлшемдерінің көрсеткіштерін ескере отырып, зерттеп-қарау, қарап-тексеру және бақылау нәтижелері бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу түрлері мен технологиясы айқындалады.
31. ГТҚ-ны күтіп-ұстау және жөндеу жөніндегі жұмыстардың көлемін айқындау "Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) техникалық пайдалану, зерттеп-қарау және жөндеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 550 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11915 болып тіркелген) және "Материалдар мен жабдықтардың азаймайтын қорларының тізбесін, әрбір кеме қатынасы шлюзі үшін оларды пайдалану және сақтау тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 439 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18911 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.
32. ГТҚ қызметкерлерінің қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау үшін талап етілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі мен тізбесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің № 943 бұйрығына сәйкес ГТҚ өндірістік бөлімшелерінің баянаттары (қызметтік жазбалары) негізінде айқындалады.
Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі болу қажеттілігімен және/немесе қордағы нормалармен және/немесе техникалық қызмет көрсетуді жүргізу кезінде ауыстыруға қойылатын талаптармен және/немесе аспаптар мен жабдықтарды тексеру және куәландыру кезеңділігімен, және/немесе жүйелерге қызмет көрсету есептерімен және кезеңділігімен, басқа да деректермен айқындалады.
33. Техникалық құралдар үшін жанар-жағармай материалдарын сатып алуға арналған шығындардың жоспарлы құнын айқындау отын мен жағармай материалдарының қажетті есептік көлемінің құнынан құралады.
34. Отын және жағармай материалдарының көлемі "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына арналған жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы № 1210 қаулысының бұдан әрі – Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1210 қаулысы) талаптарын ескере отырып, паспорттық деректерге және техникалық қызмет көрсетуді жүргізу мерзімділігіне сәйкес қажеттілік нормалары бойынша қозғалтқыштардың әрқайсысының жұмысы жөніндегі деректердің негізінде есептеу жолымен айқындалады.
3-параграф. Кемелер қозғалысын басқару жүйелерін күтіп-ұстау үшін жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) құны мен көлемін айқындау
35. Кемелер қозғалысын басқару жүйелерін күтіп-ұстау үшін жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) құны (бұдан әрі - іс-шаралар құны) тікелей шығыстар, сондай-ақ бөлінетін жанама шығыстар ескеріле отырып, айқындалады.
36. Кемелер қозғалысын басқару жүйелерін (бұдан әрі - КҚБЖ) күтіп-ұстауға арналған іс-шаралардың құны мынадай формула бойынша айқындалады:
Жшс = ∑Ұшс
мұндағы:
Жшс – КҚБЖ-ны күтіп-ұстау бойынша іске асыруға жоспарланған іс-шаралардың құны;
Ұшс - іске асыруға жоспарланған іс-шаралардың әрбір түрі бойынша КҚБЖ-ны күтіп-ұстау бойынша шығыстар сомасы.
37. КҚБЖ-ны күтіп-ұстау бойынша шығыстар сомасы мынадай формуламен айқындалады:
Шс = Тш+Жш
мұндағы:
Шс - шығыстар сомасы;
Тш - тікелей шығыстар;
Жш - жанама шығыстар.
38. Тікелей шығыстардың сомасы мынадай формула бойынша айқындалады:
Тшср = ∑Тш
мұндағы:
Тшср - барлық тікелей шығыстардың сомасы;
Тш - іске асыруға жоспарланған іс-шаралардың әрбір түрі бойынша тікелей шығыстар.
39. Іс-шаралар бойынша тікелей шығыстарға қатысты жанама шығыстарды бөлу пайызы мынадай формула бойынша айқындалады:
П = Тш/Тшс*100
мұндағы:
П - іске асыруға жоспарланған іс-шаралар бойынша тікелей шығыстарға қатысты жанама шығыстарды бөлу пайызы;
Тш - іске асыруға жоспарланған іс-шаралардың әрбір түрі бойынша тікелей шығыстар;
Тшс - барлық тікелей шығыстардың сомасы.
40. КҚБЖ-ны күтіп-ұстау үшін жанама шығыстардың сомасы есептелген пайызға сәйкес мынадай формула бойынша бөлінеді:
Жш = Жшс*П
мұндағы:
Жш – іске асыруға жоспарланған іс-шаралардың әрбір түрі бойынша жанама шығыстар;
Жшс - жанама шығыстар сомасы;
П - іске асыруға жоспарланған іс-шаралардың әрбір түрі бойынша тікелей шығыстарға қатысты жанама шығыстарды бөлу пайызы.
41. КҚБЖ-ны күтіп-ұстауға арналған іс-шаралардың жоспарлы құнын айқындау теңіз порттарында және оларға кіреберістерде кемелердің қауіпсіз жүзуін навигациялық қамтамасыз етудің қалыпты және қауіпсіз жағдайларын жасауға арналған еңбекке ақы төлеу, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу құнын, материалдардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құнын ескере отырып жүргізіледі.
42. Еңбек ақы төлеу қорының мөлшерін айқындау қолданыстағы еңбек заңнамасының нормаларына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1193 қаулысымен белгіленетін ерекшеліктерге сәйкес жүзеге асырылады.
43. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) бағалары, тиісті кезеңге республикалық бюджет комиссиясы мақұлдаған және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамында белгіленген түзету коэффициентін қолдана отырып, нарықтық орташа бағалар мониторингінің нәтижелері бойынша сұратылатын жеке баға ұсыныстары негізінде айқындалады.
Уәкілетті органның кәсіпорны нарықтық орташа бағалардың мониторингін, интернет-ресурстарда орналастырылатын баға ұсыныстарын талдау арқылы бюджеттік өтінімді қалыптастыру кезінде жүргізеді.
Уәкілетті органның кәсіпорны баға ұсыныстарын жеке кәсіпкерлік субъектілерден, бюджеттік өтінімді уәкілетті органға жіберігенге дейін күнтізбелік бір жылдан ерте емес мерзімде сұратады.
44. КҚБЖ жұмыскерлерінің қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау үшін талап етілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі мен тізбесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің № 943 бұйрығына сәйкес КҚБЖ өндірістік бөлімшелерінің баянаттары (қызметтік жазбалары) негізінде айқындалады.
45. Техникалық құралдар үшін жанар-жағармай материалдарын сатып алуға арналған шығындардың жоспарлы құнын айқындау отын мен жағармай материалдарының қажетті есептік көлемінің құнынан құралады.
46. Отын мен жағармай материалдарының көлемі Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1210 қаулысының талаптарын ескере отырып, паспорттық деректерге және техникалық қызмет көрсетуді жүргізу кезеңділігіне сәйкес, қажеттілік нормалары бойынша, қозғалтқыштардың әрқайсысының жұмысы жөніндегі деректердің негізінде есептеу жолымен айқындалады.
47. КҚБЖ жұмыстарының көлемі соңғы бірнеше жылдағы статистикалық деректер негізінде, сондай-ақ теңіз порттарына жоспарланған кеме кірулерінің саны туралы болжамды деректер негізінде жоспарланады. КҚБЖ жұмыстары "Қазақстан Республикасының теңіз порттарында және оларға кіреберістерде кемелердің жүзу және тұрақта тұру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 162 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12193 болып тіркелген) талаптарына сәйкес орындалады.
4-параграф. Кемелерді сыныптау және олардың техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) құны мен көлемін айқындау
48. Кемелерді сыныптау және олардың техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) құны (бұдан әрі - іс-шаралар құны) тікелей шығыстар, сондай-ақ бөлінетін жанама шығыстар ескеріле отырып, айқындалады.
49. Кезекті қаржы жылына арналған кемелерді сыныптау және техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін іс-шаралардың құны мынадай формула бойынша айқындалады:
Ішқ = ∑Шс
мұндағы:
Ішқ - кемелерді сыныптау және олардың техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін іске асыруға жоспарланған іс-шаралардың құны;
Шс - іске асыру жоспарланған іс-шаралардың әрбір түрі бойынша кемелерді сыныптау және техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шығыстар сомасы.
50. Кемелерді сыныптау және техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін іс-шаралар құны мынадай формула бойынша айқындалады:
Шс = Тш+Жш
мұндағы:
Шс – шығыстар сомасы;
Тш – тікелей шығындар;
Жш – жанама шығындар.
51. Тікелей шығыстардың сомасы мынадай формула бойынша айқындалады:
Тшс = ∑Тш
мұндағы:
Тшс - барлық тікелей шығыстардың сомасы;
Тш - іске асыруға жоспарланған іс-шаралардың әрбір түрі бойынша тікелей шығыстар.
52. Іс-шаралар бойынша тікелей шығыстарға қатысты жанама шығыстарды бөлу пайызы мынадай формула бойынша айқындалады:
П = Тш/Тшс*100
мұндағы:
П - іске асыруға жоспарланған іс-шаралар бойынша тікелей шығыстарға қатысты жанама шығыстарды бөлу пайызы;
Тш - іске асыруға жоспарланған іс-шаралардың әрбір түрі бойынша тікелей шығыстар;
Тшс - барлық тікелей шығыстардың сомасы.
53. Кемелерді сыныптау және олардың техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жанама шығыстардың сомасы есептелген пайызға сәйкес мынадай формула бойынша бөлінеді:
Жш = Жшс*П
мұндағы:
Жш - іске асыруға жоспарланған іс-шаралардың әрбір түрі бойынша жанама шығыстар;
Жшс - жанама шығыстар сомасы;
П - іске асыруға жоспарланған іс-шаралардың әрбір түрі бойынша тікелей шығыстарға қатысты жанама шығыстарды бөлу пайызы;
54. Кемелерді техникалық куәландыруды және жіктеуді жүргізу үшін іс-шаралардың жоспарлы құнын айқындау еңбекке ақы төлеу, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу құнын, кемелердің техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған материалдардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құнын ескере отырып жүргізіледі.
55. Еңбек ақы төлеу қорының мөлшерін айқындау қолданыстағы еңбек заңнамасының нормаларына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1193 қаулысымен белгіленетін ерекшеліктерге сәйкес жүзеге асырылады.
56. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) бағалары, тиісті кезеңге республикалық бюджет комиссиясы мақұлдаған және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамында белгіленген түзету коэффициентін қолдана отырып, нарықтық орташа бағалар мониторингінің нәтижелері бойынша сұратылатын жеке баға ұсыныстары негізінде айқындалады.
Уәкілетті органның кәсіпорны нарықтық орташа бағалардың мониторингін, интернет-ресурстарда орналастырылатын баға ұсыныстарын талдау арқылы бюджеттік өтінімді қалыптастыру кезінде жүргізеді.
Уәкілетті органның кәсіпорны баға ұсыныстарын жеке кәсіпкерлік субъектілерден, бюджеттік өтінімді уәкілетті органға жіберігенге дейін күнтізбелік бір жылдан ерте емес мерзімде сұратады.
57. Кемелерді сыныптау және техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде жұмыспен қамтылған жұмыскерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау үшін талап етілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі мен тізбесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің № 943 бұйрығына сәйкес өндірістік бөлімшелердің баянаттары (қызметтік жазбалары) негізінде айқындалады.
58. Техникалық құралдар үшін жанар-жағармай материалдарын сатып алуға арналған шығындардың жоспарлы құнын айқындау отын мен жағармай материалдарының қажетті есептік көлемінің құнынан құралады.
59. Отын мен жағармай материалдарының көлемі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1210 қаулысының талаптарын ескере отырып, паспорттық деректерге және техникалық қызмет көрсетуді жүргізу мерзімділігіне сәйкес қажеттілік нормалары бойынша қозғалтқыштардың әрқайсысының жұмысы жөніндегі деректердің негізінде есептеу жолымен айқындалады.
60. Әрбір келесі жылға кемелерді сыныптау және олардың техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыс көлемін айқындау өткен жылы жүргізілген сыныптауды талдау және кемелердің техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету нәтижелерінің негізінде жүзеге асырылады.
3-тарау. Уәкілетті органның кәсіпорны ақылы негізде көрсететін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бағасын айқындау 1-параграф. Уәкілетті орган кәсіпорнының, ақылы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің негізгі түрлеріне баға белгілеу жөнінде ұсыныстар қалыптастыруы
61. Кәсіпорын көрсететін ақылы жұмыстар мен қызметтерге баға белгілеу жөнінде ұсыныстар қалыптастыру:
1) шығыстар баптары бойынша таратып жаза отырып, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнына енгізілетін жалпы шығыстарды айқындау. Жалпы шығыстар ақылы жұмыстар мен қызметтерді көрсету кезінде кәсіпорын жүзеге асыратын барлық пайдалану шығыстарын, амортизацияны, үстеме шығыстарды қамтиды.
2) орындалатын ақылы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша шығындарды негізді бөлу арқылы бағалардың құндық негізін айқындау;
3) алынған құн негізін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тиісті түрлерінің көлеміне бөлу арқылы ақылы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бірлігінің өзіндік құнын айқындау негізінде жүзеге асырылады.
62. Ақылы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге бағалардың құндық негізін айқындау өзіндік құнға жатқызу тәртібіне байланысты тікелей және жанама шығыстарға бөлінетін шығыстардан құралады.
63. Ақылы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бірлігінің өзіндік құнын анықтау кәсіпорынның оларды орындауға тікелей және жанама шығындарын қамтиды. Ақылы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша жанама шығыстар есеп айырысу жолымен – тиісті жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрі бойынша тікелей шығыстар көлеміне пропорционалды түрде айқындалады.
64. Ақылы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес жалпы шығыстар мен таза кірісті жиынтықтау арқылы айқындалады. Таза кірістің шамасы тікелей және жанама шығыстар сомасының 25% - ынан аспайтын мөлшерде қалыптастырылады.
65. Уәкілетті органның кәсіпорны көрсететін ақылы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің негізгі түрлері:
жабдықтау жабдықтарын қою (алу), күтіп-ұстау және жөндеу жөніндегі қызметтер;
жол жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметтер (түбін тереңдету,түзету, түбін тазарту, тральдық жұмыстар және басқалар);
жобалау-іздестіру қызметтері;
флот қызметтері;
акваторияда жүзу құралдарының тұруы жөніндегі қызметтер;
лоцмандық алып өту қызметтері;
су жолдарының жай-күйі туралы ақпаратты дайындау және ұсыну жөніндегі қызметтер;
шлюздеу қызметтері;
жабдықтар мен мамандандырылған техника қызметтері;
су асты суларын қабылдау және қайта өңдеу жөніндегі қызметтер;
кемелер қозғалысын басқару жүйесінің қызметтері;
кемелерді сыныптауды және олардың техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер;
пайдаланылатын кемелерді жобалау, жасау, жаңарту, қайта жабдықтау, жаңғырту, жөндеу, материалдар мен бұйымдарды дайындау кезінде техникалық қауіпсіздік талаптарының сақталуына техникалық байқауды жүзеге асыру жөніндегі қызметтер;
кеме жасау, кеме жөндеу кәсіпорындары мен басқа да ұйымдардың өтінімдері бойынша тиісті құжаттарды ұсына отырып, тану рәсімін жүргізу жөніндегі қызметтер;
кемелерді техникалық куәландыруды жүргізу жөніндегі қызметтер;
кемелерді жасауға, жаңартуға, қайта жабдықтауға, жаңғыртуға және жөндеуге, кемелерге орнатуға арналған бұйымдарды (тетіктерді, жабдықтарды, құрылғыларды, жабдықтау заттарын) және материалдарды дайындауға және жөндеуге арналған техникалық құжаттаманы қарау және келісу жөніндегі қызметтер;
кемелердің су жолдарында жүзуге жарамдылығын куәландыратын құжаттарды беру жөніндегі қызметтер;
уәкілетті орган кәсіпорнының Жарғысына сәйкес өз табысын алуға байланысты өзге де жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді орындау.
2- параграф. Уәкілетті органның кәсіпорны ақылы негізде көрсететін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу
66. Ақылы жұмыстар мен кәсіпорын көрсететін қызметтердің бағаларын уәкілетті орган "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 156-бабының негізінде белгілейді.
67. Ақылы жұмыстар мен кәсіпорын көрсететін қызметтердің бағаларын уәкілетті орган кәсіпорнының ұсыныстарын ескере отырып белгілейді.
Уәкілетті органның кәсіпорны көрсететін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемін және құнын айқындау әдістемесіне қосымша |
Уәкілетті орган кәсіпорнының ақылы негізде көрсететін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге баға құнын есептеу нысаны
№ | Шығыстардың атауы | Сомасы, теңге |
1 | Еңбекақы | |
2 | Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, оның ішінде: | |
2.1 | Әлеуметтік салық | |
2.2 | Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар | |
2.3 | ЖМЗЖ | |
2.4 | МӘМС | |
2.5 | Басқа салықтар | |
3 | Материалдар | |
4 | Амортизация | |
5 | Өзге де шығыстар | |
Барлығы тікелей шығыстар | ||
7 | Кезең шығыстары | |
Кезең шығыстарымен жиынтығы | ||
8 | Жоспарлы жинақтар | |
Барлығы ҚҚС-сыз | ||
9 | ҚҚС 12% | |
Барлығы |
Ескертпе:
1. Жалақы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1193 қаулысына сәйкес есептеледі.
2. Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің негізінде есептеледі.
3. Құжаттарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1210 қаулысына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің № 382 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің № 943 бұйрығына сәйкес жұмыстарды орындау/қызметтерді көрсету кезінде пайдаланылатын тауарларға арналған шығыстардың тізбесі көрсетіледі.
4. Амортизация жұмыстарын орындау/қызмет көрсету кезінде пайдаланылатын негізгі құралдың жинақталған тозу сомасын қамтиды.
5. Басқа шығыстарға бұрын көрсетілмеген, бірақ жұмысты орындау/қызмет көрсету (электр энергиясы, байланыс қызметтері және басқалар) кезінде келтірілген тікелей шығыстар жатады.
6. Кезең шығыстарына әкімшілік және (немесе) үстеме шығыстар жатады.
7. Жоспарлы жинақтар жоспарланған таза табыстың шамасын көрсетеді.