"Сынамаларды іріктеу туралы актіні ресімдеу қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 294 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 240 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 14 сәуірде № 32312 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сынамаларды іріктеу туралы актіні ресімдеу қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 294 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13636 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген сынамаларды іріктеу туралы актіні ресімдеу қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сынамаларды іріктеу туралы акті техникалық құралмен немесе қара немесе көк түсті сиямен айқын көрінетін жазбамен мынадай күйде толтырылады.

      Сынамаларды іріктеу туралы актінің 1-тармағында жалпы мәліметтер көрсетіледі:

      Қазақстан Республикасының аумағынан құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларын әкетуге ниетті жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғаның атауы;

      сынамаларды іріктеген адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы;

      сынамаларды іріктеу кезінде қатысқан адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жұмыс орны;

      сынамаларды іріктеуді жүзеге асыратын нормативтік техникалық құжаттың атауы;

      құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларының орналасқан жері;

      құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларының бағытталатын маршруты.

      Сынамаларды іріктеу туралы актінің 2-тармағында сынамаларды іріктеу туралы шарты және қолданылған техникалық құрылғы туралы мәліметтер толтырылады.

      Сынамаларды іріктеу туралы актінің 2-тармағында іріктелген сынамалар туралы мәліметтен тұратын кесте толтырылады:

      1-бағанда – іріктелген сынаманың реттік нөмірі;

      2-бағанда – құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларының атауы;

      3-бағанда – іріктелген сынаманың грамдық өлшемдегі салмағы;

      4-бағанда – сынаманың жеке нөмірі;

      5-бағанда – қаптама түрі.

      Сынамаларды іріктеу туралы актінің 4-тармағында тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және лауазымы көрсетілген қатысушы адамның ескертулері туындаған жағдайда белгіленеді.

      Сынамаларды іріктеу туралы актінің 5-тармағында мыналар қойылады:

      қатысушы адамдардың, сондай-ақ сынамаларды іріктеу туралы актіні дайындаған адамның лауазымдары, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіле отырып қолдары қойылады;

      сынамаларды іріктеу туралы актіні дайындау күні;

      Қазақстан Республикасының аумағынан құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларын әкетуге ниетті жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғаның мөрі;

      сынамаларды іріктеу туралы актінің данасын алған адамның қолы, лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және дананы алған күні көрсетіледі.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Сынамаларды іріктеу актісі үш данада дайындалады:

      бірінші данасы – Қазақстан Республикасының аумағынан құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларын әкетуге ниетті жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғаға ұсынылады;

      екінші данасы – уәкілетті ұйымға ұсыну үшін;

      үшінші данасы – уәкілетті органға ұсыну үшін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген сынамаларды іріктеу туралы акті нысанын осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
М. Карабаев

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2023 жылғы 12 сәуірдегі
№ 240 Бұйрыққа
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2016 жылғы 29 наурыздағы
№ 294 бұйрығына
2-қосымша

      Нысан

Сынамаларды іріктеу туралы акті

20____ ж. "____" ___________

№___________

      1. __________________________________________________________________.

      Қазақстан Республикасының аумағынан құрамында бағалы металдары бар шикізат

      тауарларын әкетуге ниетті жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғаның атауы

      ____________________________________________________________________

      сынамаларды іріктеген адамның тегі, аты, әкесінің аты

      (болған жағдайда), лауазымы

      __________________________________________________________ қатысуымен

      жұмыс орны, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы сынамаларды іріктеу

      туралы актіні ресімдеу қағидасына және құрамында бағалы металдары бар шикізат

      тауарларының сынамалардын іріктеу нормасын олардың өкілділігін қамтитын ең аз

      көлемдегі санын белгілейтін

      __________________________________________________________

      нормативтік техникалық құжаттың атауы

      нормативтік техникалық құжатқа сәйкес, ______________ __________________

      мемлекетінен мемлекетіне бағытталған,

      ____________________________________________________________________

      уақытша сақтау қоймасында, вагонда, т.б.

      орналасқан құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларына сынамаларды

      іріктеу жүргізілді.

      2. Сынамаларды іріктеу____________________________________________ және

      бұлтты/ашық күнді ауа райында

      ____________________________________ жағдайында жүргізілді.

      табиғи/жасанды жарықтандыру кезінде

      Сынамаларды іріктеу кезінде ___________________________________________

      техникалық құралдың атауы техникалық құралы қолданылды.

      3. Осы акті бойынша құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларының

      сынамалары іріктелді:

№ р/н

Құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларының атауы

Сынаманың салмағы, грамм

Сынаманың жеке нөмірі

Орау түрі

1

2

3

4

5






      4. Қатысқан адамның ескертуі: __________________________________

      ескертудің мазмұны, ескерту

      ____________________________________________________________________.

      адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы

      5. Акт үш данада дайындалды.

      Қатысқан (болған) адамдардың қолдары:

      ______________________________________________________ ____________

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы             қолы

      Актіні дайындаған:

      ______________________________________________________ ____________

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы             қолы

      МО             20____ж."____"_______________

      актіні дайындау күні

      Осы актінің данасын алдым:

      _____________________________________________________ ____________

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы             қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады