"Тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 92 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 14 сәуірдегі № 145 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 17 сәуірде № 32322 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 92 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9957 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсыну қағидаларында:

      Тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсыну қағидаларына 3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ және мұнай-газ-химия департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
А. Саткалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Статистикалық жоспарлау және реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2023 жылғы 14 сәуірдегі
№ 145 бұйрығына
қосымша
  Тауарлық, сұйытылған мұнай
және сұйытылған табиғи газды
өндіру, тасымалдау (тасу),
сақтау, тиеп-жөнелту және
өткізу мониторингі бойынша
мәліметтер ұсыну қағидаларына
3-қосымша
  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан

      Ұсынылады: уәкілетті органға.

      Әкімшілік деректердің нысаны: www.egsu.energo.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

      Сатып алынған шикі және тауарлық газ көлемдері туралы мәліметтер

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: 3 ШТГС.

      Кезеңділік: жыл сайын.

      Есепті кезең: 20___ жыл.

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: ұлттық оператор.

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 (бірінші) ақпанынан кешіктірмей.

Атауы (өңір және жер қойнауын пайдаланушы компания)

Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші бойынша аумақтың коды

Кен орны

Баға (уәкілетті орган бекіткен)

Газды сатып алу бағасы

Газды сатып алу көлемі




шикі газ

тауарлық газ

шикі газ

тауарлық газ

шикі газ

тауарлық газ

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1-облыс






1-жер қойнауын пайдаланушы






2-жер қойнауын пайдаланушы






...






2-облыс






1-жер қойнауын пайдаланушы






2-жер қойнауын пайдаланушы






...






      Атауы ________________________ Мекенжайы___________________________

      Телефоны ________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы________________________________________

      Орындаушы____________________ ____________ қолы, телефоны

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам______________қолы _____________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Мөрдің орны

      (жеке кәсіпкерлерлік субъектілері болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)

  "Сатып алынған шикі және
тауарлық газ көлемдері туралы
мәліметтер" әкімшілік
деректерді жинауға
арналған нысанға
қосымша

"Сатып алынған шикі және тауарлық газ көлемдері туралы мәліметтер" әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме (Индексі: 3 ШТГС, кезеңділігі: жыл сайын)

      "Сатып алынған шикі және тауарлық газ көлемдері туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанда мынадай деректер көрсетіледі:

      1-бағанда облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың атауы және ұлттық оператор шикі және/немесе тауарлық газды сатып алатын осы облыс аясындағы жер қойнауын пайдаланушылардың атауы көрсетіледі;

      2-бағанда Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне сәйкес шикі және/немесе тауарлық газды сатып алатын облыс, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың коды толтырылады;

      3-бағанда қандай да бір жер қойнауын пайдаланушының кен орны атауы көрсетіледі;

      4-бағанда кен орындары бойынша мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі газдың уәкілетті орган бекіткен бағасы көрсетіледі (бар болған жағдайда толтырылады);

      5-бағанда кен орындары бойынша мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын тауарлық газдың уәкілетті орган бекіткен бағасы көрсетіледі (бар болған жағдайда толтырылады);

      6-бағанда кен орындары бойынша шикі газдың сатып алу бағасы көрсетіледі, бір мың текше метр үшін теңгеде;

      7-бағанда кен орындары бойынша тауарлық газдың сатып алу бағасы көрсетіледі, бір мың текше метр үшін теңгеде;

      8-бағанда кен орындары бойынша шикі газдың көлемі көрсетіледі, бір мың текше метр;

      9-бағанда кен орындары бойынша тауарлық газдың көлемі көрсетіледі, бір мың текше метр.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады