Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің мемлекеттік саяси қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидасын және оның сипаттамасын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі басшысының 2023 жылғы 17 сәуірдегі № 19 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 18 сәуірде № 32329 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса тіркеліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің мемлекеттік саяси қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидасы;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің мемлекеттік саяси қызметшілеріне берілетін қызметтік куәліктің сипаттамасы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің меңгерушісіне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Сот әкімшілігінің басшысы
Н. АХМЕТЗАКИРОВ

  Қазақстан Республикасының
Сот әкімшілігінің басшысы
2023 жылғы 17 сәуірдегі
№ 19 бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Мемлекеттік саяси қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидасы

1 – тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік саяси қызметшілерге қызметтік куәлік беру қағидалары және оның сипаттамасы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік саяси қызметшілерге қызметтік куәлік беру тәртібін және оның сипаттамасын белгілейді.

      1. Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің мемлекеттік саяси қызметшісінің қызметтік куәлігі (бұдан әрі - қызметтік куәлік) олардың мемлекеттік лауазымын және лауазымдық өкілеттігін растайтын құжат болып табылады.

      2. Тиісінше рәсімделмеген, жарамдылық мерзімі өткен, түзетілген және тазартылған қызметтік куәлік жарамсыз болып саналады.

      3. Қызметтік куәлік осы бұйрықпен бекітілген сипаттамаға сәйкес келеді.

2 – тарау. Қызметтік куәлікті беру тәртібі

      4. Қызметтік куәлік Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі басшысының орынбасарларына - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының қолы қойылып беріледі.

      6. Қызметтік куәлік лауазымға тағайындалған, лауазымы ауыстырған, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ауысқан, жоғалтқан сондай-ақ бүлдірілген (тозған) кезінде бұрын берілген қызметтік куәліктің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін беріледі.

      Қызметтік куәлік төрт жыл мерзімге беріледі.

      7. Қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік саяси қызметшіге қызметтік куәлікті тапсырған кезде оны пайдалану және сақтау тәртібі туралы ауызша түсіндірме жүргізеді.

      8. Қызметтік куәлік мемлекеттік саяси қызметкерге қол қоюмен беріледі.

      9. Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген жағдайларда куәлікті ауыстыру жағдайында бұрын берілген қызметтік куәлік қайтарып алынады.

      10. Атқарып отырған лауазымынан босатылған, жұмыстан босатылған, лауазымы ауысқан кезде мемлекеттік саяси қызметшілер тиісті актінің шығарылған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде куәлікті оны алған жері бойынша тапсырады.

      11. Қызметтік куәліктерді беруді және қайтаруды есепке алуды Персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімі (бұдан әрі - Персоналды басқару қызметі) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысанда Сот әкімшілігінің мемлекеттік саяси қызметшілеріне қызметтік куәлікті беруді және қайтаруды есепке алу журналында жүзеге асырады.

      12. Қызметтік куәлікті беруді және оның қайтарылуын есепке алу журналы Персоналды басқару қызметі бөлімінің арнайы шкафында (сейф) сақталады.

      13. Қызметтік куәліктерді есептен шығаруды және жоюды Персоналды басқару қызметінің жауапты қызметкері осы қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтік куәліктерді есептен шығару және жою туралы актіні жасай отырып жүргізеді.

      14. Қызметтік куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда оның иесі үш жұмыс күн ішінде Персоналды басқару қызметіне жазбаша түрде хабарлайды.

  Қызметтік куәлік беру
қағидаларына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің мемлекеттік саяси қызметшілерге қызметтік куәлікті беруді және оның қайтарылуын тіркеу журналы

Куәлік

Фото

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Лауазымы

Берілген күні

Алғаны/ қайтарғаны
туралы қолы

Қайтарылған күні

Жойылған күні

















      Ескертпе: қызметтік куәліктерді беруді, қайтаруды есепке алу журналы тігіліп, нөмірленеді және мөрмен расталады.

  Қызметтік куәлік
беру қағидаларына
2-қосымша

Қызметтік куәліктерді есептен шығару және жою АКТСІ

      ______________                                    __________№___________
жасалған жері                                           күні

      Біз, төменде қол қоюшылар, (3 қызметкерден кем емес, тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда), лауазымын көрсету қажет) Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің мемлекеттік саяси қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидасының 10-тармағы негізінде тізімге сәйкес жұмыстан босатуға, басқа лауазымға ауыстыруға байланысты: _______ қызметтік куәлігін есептен шығаруға және жоюға жиналған сипаттаманы зерделей отырып:

      Оларды есептен шығару және жою туралы осы актіні жасадық

Лауазымының атауы

қолы

Лауазымының атауы

қолы

Лауазымының атауы

қолы

  Қазақстан Республикасының
Сот әкімшілігінің басшысы
2023 жылғы 17 сәуірдегі
№ 19 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы

      1. Қызметтік куәлік қоңыр көк түсті былғары мұқабадағы мөлшері 18,5 х 6,5 см., сыртқы бетінің ортасында алтын түсті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы суреттелген, оның астында мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген сөздер орналасқан кітапша болып табылады.

      2. Куәліктің ішкі жапсырмаларында ақ түсті 32 сәулесі бар күн түрінде өрнегі және ашық көк түсті фон бар, оның астында қалықтаған бүркіттің бейнесі орналасқан. Оң жақ шетінде ақ түсті бояумен тігінен орындалған мынадай мазмұндағы жазу бар: "KAZAKHSTAN".

      3. Куәліктің оң жақ ішкі жапсырмасында:

      1) жоғарғы бөлігінде қызыл түспен "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ СОТЫ" деген сөздер басылған;

      2) төменде қызыл түспен "№ КУӘЛІК" деген сөздер басылған;

      3) 0,5 см аралықпен төменірек үш жолда куәлік иесінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) жазылады;

      4) олардың астында 0,5 см аралықтан кейін куәлік иесінің лауазымы көрсетіледі;

      5) куәлік иесінің фотосуреті үшін орын бар;

      6) төменгі жағында "ТӨРАҒА" деген жазу, оның тегі мен аты-жөнінің бірінші әріптері орналасқан, сондай-ақ тұлғаның қолы арнайы мөрмен бекітіледі.

      4. Куәліктің сол жақ ішкі жапсырмасында:

      1) жоғарғы бөлігінде қызыл түспен "ВЕРХОВНЫЙ СУД РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН" деген сөздер басылған;

      2) төменде қызыл түспен "УДОСТОВЕРЕНИЕ №" деген сөздер басылған;

      3) 0,5 см аралықпен төменірек үш жолда куәлік иесінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) жазылады;

      4) олардың астында 0,5 см аралықтан кейін куәлік иесінің лауазымы жазылған;

      5) оң жақта ақ фонда алтын түспен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасқан;

      6) төменгі жағында куәліктің қолданылу мерзімі көрсетіледі.



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады