БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын айқындау қағидалары" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 209 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10120 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы"
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын айқындау қағидаларында:
тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын айқындау қағидалары";
2-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) ірі коммерциялық тұтынушы – өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторды және электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушыны қоспағанда, тауарлық газды өз қызметінде пайдалану үшін сатып алатын, осы Заңның 8-бабының 4-1-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін заңды тұлға;";
3 және 4-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Заңның 20-бабы 2-тармағына сәйкес тауарлық газды iшкi нарықта көтерме саудада өткiзудiң шектi бағалары Қазақстан Республикасының өңiрлерiн газбен жабдықтаудың экономикалық және әлеуметтiк жағдайлары ескерiле отырып, жылдарға бөлу арқылы әрбір бес жыл сайын әрбiр облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, тұтынушыларға одан әрі өткізу мақсатында сығымдалған және (немесе) сұйытылған табиғи газ өндіру үшін тауарлық газды сатып алатын өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар үшін жеке белгiленедi және қажет болған кезде уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жыл сайын 1 шілдеде түзетіліп отырады.
Түзету тауарлық газды сатып алу бағаларының, тауарлық газ құрылымының және (немесе) көздерінің және (немесе) тауарлық газды магистральдық газ құбыржолдары арқылы тасымалдауға, тауарлық газды жерасты газ қоймаларында сақтауға арналған мемлекеттік реттеуге жататын тарифтердің өзгеруіне байланысты ұлттық оператордың уәкілетті органға жүгінуі негізінде жылына бір реттен асырылмай жүргізіледі.
Тауарлық газбен жабдықталмайтын Қазақстан Республикасының өңірлері үшін тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасының деңгейі есептелмейді.
4. Заңның 20-бабы 2-1 және 2-2-тармақтарына сәйкес мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында тауарлық газды өнеркәсіптік өндірісте отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін сатып алатын өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар үшін тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағалары олар пайдалануға енгізілген күннен бастап жылдарға бөлу арқылы әрбір бес жыл сайын әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала, астана үшін жеке белгіленеді және қажет болған кезде уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жыл сайын 1 шілдеде түзетіліп отырады.
Түзету тауарлық газды сатып алу бағаларының, тауарлық газ құрылымының және (немесе) көздерінің және (немесе) тауарлық газды магистральдық газ құбыржолдары арқылы тасымалдауға, тауарлық газды жерасты газ қоймаларында сақтауға арналған, мемлекеттік реттеуге жататын тарифтердің өзгеруіне байланысты ұлттық оператордың уәкілетті органға жүгінуі негізінде жылына бір реттен асырылмай жүргізіледі.
Электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушылар үшін тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағалары электр станцияларының тізбесіне енгізілген әрбір тұтынушы үшін жылдарға бөлу арқылы әрбір бес жыл сайын жеке белгіленеді және қажет болған кезде уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жыл сайын 1 шілдеде түзетіліп отырады.
Түзету тауарлық газды сатып алу бағаларының, тауарлық газ құрылымының және (немесе) көздерінің және (немесе) тауарлық газды магистральдық газ құбыржолдары арқылы тасымалдауға, тауарлық газды жерасты газ қоймаларында сақтауға арналған, мемлекеттік реттеуге жататын тарифтердің өзгеруіне байланысты ұлттық оператордың уәкілетті органға жүгінуі негізінде жылына бір реттен асырылмай жүргізіледі.";
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Заңның 20-бабы 2-3 және 2-4-тармақтарына сәйкес ірі коммерциялық тұтынушыларға, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға немесе цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлғаларға кейіннен өткізуге арналған тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағалары жыл сайын 1 шілдеде әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала, астана үшін жеке белгіленеді.
Ірі коммерциялық тұтынушылар үшін белгіленетін шекті бағалар:
әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын;
цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларды қоспағанда, халық және заңды тұлғалар үшін жылу және (немесе) электр энергиясын өндіруге қажетті тауарлық газды өткізу жөніндегі қатынастарға қолданылмайды.";
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана үшін Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада сатудың шекті бағаларын, оның ішінде өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар, электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушылар үшін бекітуді көздейтін нормативтік құқықтық актінің жобасы мынадай сомаларды негізге ала отырып әзірленеді:
1) мыналардың орташа өлшемді мәндерінің жиынтығы:
жоспарланған кезеңде облысқа, республикалық маңызы бар қалаға, астанаға жеткізу мақсатында жер қойнауын пайдаланушылардан ұлттық оператордың сатып алуына жоспарланатын тауарлық газ бағалары;
жоспарланған кезеңге арналған қазақстандық тауарлық газға ортаазиялық және (немесе) ресейлік газды қарсы жеткізу жөніндегі мәмілелердің шеңберінде сатып алу жоспарланатын тауарлық газ бағалары;
жоспарланған кезеңге арналған импорттық жеткізулер жөніндегі мәмілелердің шеңберінде Қазақстан Республикасының шекарасында сатып алуға жоспарланатын тауарлық газ бағалары;
2) "Табиғи монополиялар туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 10) тармақшасына сәйкес тиісті табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен тарифтердің негізінде айқындалатын тауарлық газды сатып алынатын жерден облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың газ тарату жүйелеріне дейін магистральдық газ құбырлары бойынша тасымалдау және жерасты газ қоймаларында тауарлық газды сақтау жөніндегі орташа өлшемді шығыстар;
3) әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала, астана үшін жеке жоспарланған кезеңге арналған рентабельділік нормалары;
4) мұнай-газ химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында өнеркәсіптік өндірісте отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін тауарлық газды сатып алатын және Заңның 6-бабының 7-2) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін мұнай-газ химия өнімін өндіру жөніндегі инвестициялық жобалардың тізбесіне (бұдан әрі – инвестициялық жобалардың тізбесі) енгізілген өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар, сондай-ақ электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушылар үшін осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген орташа өлшемді мәндердің жиынтығының 7 % мөлшерінде жоспарланған кезеңге арналған рентабельділік нормалары;
5) одан әрі тұтынушыларға өткізу мақсатында сығымдалған және (немесе) сұйытылған табиғи газды өндіру үшін тауарлық газды сатып алатын өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар үшін осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген орташа өлшемді мәндердің жиынтығының 0 % мөлшерінде жоспарланатын кезеңге арналған рентабельділік нормалары.
Тауарлық газды жылдық тұтыну көлемі 10 млн м3 астам, бірақ 100 млн м3 кем, 100 млн м3 астам, бірақ 300 млн м3 кем, 300 млн м3 астам, бірақ 500 млн м3 кем диапазондарда болатын ірі коммерциялық тұтынушылар үшін Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасы бірінші жылға мынадай формула бойынша есептеледі:
мұнда,
– ірі коммерциялық тұтынушылар үшін тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасы, мың текше метр үшін теңге;
– осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген орташа өлшемденген мәндердің жиынтығы, мың текше метр үшін теңге;
1,2 – уәкілетті орган қолданатын есептеу коэффициенті.
Тауарлық газды жылдық тұтыну көлемі 10 млн м3 астам, бірақ 100 млн м3 кем, 100 млн м3 астам, бірақ 300 млн м3 кем, 300 млн м3 астам, бірақ 500 млн м3 кем диапазондарда болатын ірі коммерциялық тұтынушылар үшін Қазақстан Республикасының ішкі нарығында көтерме саудада өткізудің шекті бағасы әрбір келесі жылға мынадай формула бойынша есептеледі:
мұнда,
– ірі коммерциялық тұтынушылар үшін тауарлық газды көтерме саудада өткізудің келесі жылдарға арналған шекті бағасы, мың текше метр үшін теңге.
-өткен жылы ірі коммерциялық тұтынушылар үшін тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасы, мың текше метр үшін теңге;
r – 1,2 - 1,75 шегіндегі есептеу коэффициенті, оны уәкілетті орган экспорттық нетбэк қағидаты бойынша қалыптастырылатын Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасының деңгейі төрт жылдық кезеңде қол жеткізілгенге дейін, алдыңғы күнтізбелік жылға көтерме саудада өткізудің бекітілген шекті бағасының деңгейін ескере отырып қолданатын болады.
Экспорттық нетбэк қағидаты бойынша қалыптастырылатын Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:
мұнда,
– экспорттық нетбэк қағидаты бойынша қалыптастырылатын Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасы, мың текше метр үшін теңге;
– ұлттық оператордан алынатын мәліметтер негізінде қалыптастырылатын, Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен шекарасындағы тауарлық газдың өткен күнтізбелік жыл бойынша орташа өлшенген экспорттық бағасы, мың текше метр үшін теңге;
– ұлттық оператордан алынатын мәліметтер негізінде қалыптастырылатын, тауарлық газды магистральдық газ құбырлары жүйесі бойынша жер қойнауын пайдаланушыдан Қытай Халық Республикасымен шекараға дейін тасымалдауға арналған шығыстар, мың текше метр үшін теңге;
– табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті орган бекіткен тарифтерге сәйкес анықталатын тауарлық газды магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдау шығындары, бір мың текше метр үшін теңге.
Егер Қазақстан Республикасының ішкі нарығында ірі коммерциялық тұтынушылар үшін тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасы Қазақстан Республикасының ішкі нарығында экспорттық нетбэк қағидаты бойынша қалыптастырылатын тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасынан асып кеткен жағдайда, Қазақстан Республикасының ішкі нарығында экспорттық нетбэк қағидаты бойынша қалыптастырылатын тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасы қолданылады.
Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды жылдық тұтыну көлемі 500 млн м3-ден асатын ірі коммерциялық тұтынушылар, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғалар немесе цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының ішкі нарығында экспорттық нетбэк қағидаты бойынша қалыптастырылатын тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасы, тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасының формуласына сәйкес есептеледі.";
8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"8. Осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес әзірленген Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекітуді көздейтін нормативтік құқықтық актінің жобасы тауарлық газдың шекті бағасының деңгейін ағымдағы деңгеймен салыстырғанда күнтізбелік бір жылдың ішінде он бес пайыздан астамға ұлғайтуды көздей алмайды.
Осы тармақтың ережелері өнеркәсіптік тұтынушылар-инвесторларға, электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушыларға, ірі коммерциялық тұтынушыларға, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғалар немесе цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлғаларға арналған Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларына қолданылмайды.";
бірінші абзац алынып тасталсын;
14-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"14. Заңның 20-бабының 3-1 және 3-2-тармақтарына сәйкес уәкiлеттi орган табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органмен келiсу бойынша мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында тауарлық газды өнеркәсіптік өндірісте отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін сатып алатын өнеркәсіптік тұтынушы-инвестор үшін оны пайдалануға енгізілген күнге дейін отыз жұмыс күнінен кешiктiрмей, сондай-ақ электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушы үшін тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткiзудiң шектi бағаларын кейіннен 1 шілдеден бастап бесжылдық кезеңге бекіте отырып, жаңа электр қуаттары пайдалануға берілген күнге дейін отыз жұмыс күнінен кешiктiрмей бекітеді және қажет болған кезде жыл сайын 1 шілдеде түзетіп отырады.
Уәкілетті орган табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша жыл сайын 15 мамырдан кешіктірілмейтін мерзімде:
ірі коммерциялық тұтынушыларға;
цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға немесе цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлғаларға кейіннен өткізуге арналған тауарлық газды алдағы жылы ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекітеді.";
20-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"20. Жоспарлы кезеңге Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағасының деңгейі бір күнтізбелік жыл ішінде сұйытылған мұнай газының шекті бағасының деңгейін ағымдағы деңгеймен салыстырғанда, жиырма пайыздан астам ұлғайтуды көздей алмайды.";
22 және 23-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
"22. Табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын, оның ішінде өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар үшін, электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушылар үшін, ірі коммерциялық тұтынушылар үшін, цифрлік майнингті жүзеге асыратын тұлғалар үшін немесе цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлғалар үшін немесе Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын бекітуді көздейтін нормативтік құқықтық актінің жобасын келісу үшін қажетті қосымша ақпаратты уәкілетті органнан сұратады, ол осындай сұрау салу алынған күнінен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде беріледі.
23. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 10, 11, 12, 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ақпаратты белгіленген мерзімдерде ұсынбаған жағдайда, табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын, оның ішінде өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар үшін, электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушылар үшін, ірі коммерциялық тұтынушылар үшін, цифрлік майнингті жүзеге асыратын тұлғалар үшін немесе цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлғалар үшін немесе Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын бекітуді көздейтін нормативтік құқықтық актінің жобасын келісуден бас тартады.
Бұл ретте уәкілетті орган табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша осы Қағидалардың 13, 14 және 24-тармақтарында көрсетілген мерзімдерде Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын, оның ішінде өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар үшін,электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушылар үшін, ірі коммерциялық тұтынушылар үшін, цифрлік майнингті жүзеге асыратын тұлғалар үшіннемесе цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлғалар үшін немесе Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын ағымдағы кезеңнің деңгейінде бекітеді.".
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ және мұнай-газ-химия департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
А. Саткалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі