"Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасының 2020 жылғы 3 маусымдағы № 15 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасының 2023 жылғы 2 мамырдағы № 20 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 4 мамырда № 32435 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 20-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2020 жылғы 3 маусымдағы № 15 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20822 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің педагогтері, ғылыми жұмыскерлері лауазымдарына орналасу және педагог лауазымдарының біліктілік сипаттамаларының қағидаларында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Академияның педагогтері, ғылыми жұмыскерлері лауазымдарына тағайындауға арналған конкурстық комиссияның (бұдан әрі – конкурстық комиссия) саны мен дербес құрамын және оның өкілеттік мерзімін Академияның ректоры анықтайды. Конкурстық комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі кадр қызметінің өкілі енгізіледі.";

      10-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген) 075/У нысанындағы медициналық анықтама;".

      2. Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының ректоры З.Х.Баймолдинаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының төрағасы
А. МЕРГАЛИЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады