"Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 18 шілдедегі № 265 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 10 мамырдағы № 489 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 11 мамырда № 32463 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 18 шілдедегі № 265 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4336 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу Қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын (бұдан әрі - Қағидалар) "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (бұдан әрі - Заң) Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірлеген және кәсіби аудиторлық ұйымдарын аккредиттеу бойынша мемлекеттік көрсетілген қызметтер тәртібін анықтайды (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы).";

      3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін, сондай-ақ заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты Заңның 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінде жүгінген кезде сұрауды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар) мазмұны:

      куәлік беру кезінде:

      1) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің құжат айналымы бойынша басқарма қызметкері қабылдайды және кейіннен орындаушыға бөлу үшін көрсетілетін қызметті берушінің аудиторлық қызметі саласындағы тиісті басқармасына береді - бір жұмыс күні ішінде;

      2) орындаушы берілген құжаттардың толықтығын осы Қағидалардың 8-тармағы 1-қосымшасына сәйкес тексереді - бір жұмыс күн ішінде.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмауы және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар болуы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетінқызметті беруші екі жұмыс күні ішінде сұрау салуды одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тартады.

      Ұсынылған құжаттардың толықтығы анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші осы тармақтың 3) тармақшасына сәйкес рәсімдерді (іс-қимылдарды) жүзеге асырады;

      3) ұсынылған құжаттардың мазмұнын қарау, дайындау аудиторлық қызмет саласындағы басқарма басшысымен, көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметі басқармасының басшысымен қорытынды жобасын, куәлік беру туралы бұйрық жобасын келісу, сондай-ақ оларды көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының бекітуі, бұйрықты тіркеу не бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау және аккредиттеу туралы куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру - бір жұмыс күні ішінде;

      куәлікті қайта рәсімдеу кезінде:

      1) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің құжат айналымы бойынша басқарма қызметкері қабылдайды және кейіннен орындаушыға бөлу үшін көрсетілетін қызметті берушінің аудиторлық қызмет саласындағы тиісті басқармасына береді - бір жұмыс күні ішінде;

      2) орындаушымен дайындау және аудиторлық қызмет саласындағы саласындағы басқарма басшысымен, көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметі басқармасының басшысымен қорытынды жобасын, куәлікті беру туралы бұйрық жобасын келісу, сондай-ақ оларды көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының бекітуі, бұйрықты тіркеу немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау және аккредиттеу туралы куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру - екі жұмыс күні ішінде.

      куәліктің телнұсқасын беру кезінде:

      1) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің құжат айналымы бойынша басқарма қызметкері қабылдайды және кейіннен орындаушыға бөлу үшін көрсетілетін қызметті берушінің аудиторлық қызметі саласындағы тиісті басқармасына береді - бір жұмыс күні ішінде;

      2) орындаушы ұсынылған құжаттардың мазмұнын қарайды және куәлікті басып шығарады, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырады және куәліктің телнұсқасын береді - бір жұмыс күн ішінде.

      мынадай мазмұндағы 8-1 тармақпен толтырылсын:

      "8-1. Аккредиттеу туралы куәлікті беру және қайта ресімдеу кезінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 73-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тыңдау жүргізілмейді.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы ӘРПК-нің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.".

      Көрсетілген Қағиданың 1 қосымшасы осы бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары - Қаржы министрі
2023 жылғы 10 мамырдағы
№ 489 бұйрығына
қосымша
  Кәсіби аудиторлық
ұйымдарды аккредиттеу
қағидаларына
1-қосымша

"Кәсіби аудиторлық ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – негізгі талаптар тізбесі)

1

Қызмет берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметтің көрсетілу тәсілдері

"Электроны үкімет" ұсынысты қабылдау мен мемлекеттік қызметтің нәтежиесін алу веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz арқылы жүзеге асады.

3

Мемлекеттік қызметтің көрсетілу мерзімі

Куәлік беру – 3 (үш) жұмыс күні;
куәлікті қайта рәсімдеу – 3 (үш) жұмыс күні;
куәліктің телнұсқасын беру – 2 (екі) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік, немесе осы негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - электрондық.

6

Көрсетілген қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтің көрсетілуінен алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі

7

Жұмыс кестесі

1) Көрсетілген қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабына сәйкес сәйкес демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін түскі үзіліс 13.00 – 14.30 жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда.
2) Порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады);
3) Бірыңғай байланыс орталығы – күн сайын сағат 9.00- ден 21.00-ге дейін.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар тізбесі

1)көрсетілген қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2)мәліметтер нысаны;
Заңды мекенжайы өзгерген жағдайда кәсіби аудиторлық ұйымын аккредиттеу туралы куәлікті қайта рәсімдеу үшін, сондай-ақ кәсіби аудиторлық ұйымын аккредиттеу туралы куәлік жоғалған, бүлінген кезде, егер бұрын берілген куәлік қағаз нысанда ресімделсе, телнұсқаны беру үшін көрсетілген қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды порталда толтыру қажет.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негіздері

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) кәсіби ұйымдар мен және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) бар.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болу шартымен мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда ала алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинет", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған www.gov.kz.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады