"Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырдағы № 239 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 11 мамырда № 32470 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өрт қауіпсіздігі қағидаларында:

      24-тармақта:

      1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жертөлелерде, цоколь қабаттарында, шатырларда, техникалық қабаттар, техникалық үй-жайларда, желдету камераларында тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, жарылғыш заттарды, пиротехникалық бұйымдарды, жанғыш газдары бар баллондарды, аэрозоль орамындағы тауарларды, целлулоидты, жарылыс-өрт қауіпті, жанғыш заттар мен материалдарды сақтауға және жинауға;";

      8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) ғимараттың барлық қабаттарының терезелерінде және жертөлелердің терезелеріндегі ойықтарда (қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнайы мекемелердің және қылмыстық-атқару жүйелері объектілерінің, мекеме қоймаларының, кассаларының, теледидардың бас станциялары, қару-жарақ бөлмелерінің, құпия бөлімдерінің, прекурсорларды сақтау және олардың айналымы үй-жайларын қоспағанда) торларды орнатуға;";

      69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "69. Техникалық қызмет көрсету, мерзімді сынақтар, жоспарлы-алдын ала жөндеу мерзімділігі мен жұмыстардың көлемдері қызмет көрсетілетін өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының техникалық құралдарына арналған пайдалану құжаттамасының және стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкес белгіленеді және шартта көрсетіледі.";

      265-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) сауда залдарында жанғыш газдары бар баллондарды орнатуға;";

      1075-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1075. Паркингтерде, жабық типтегі тұрақтарда жобалық құжаттамада көзделмеген басқа да функционалдық мақсаттарға арналған үй-жайларды ұйымдастыруға және/немесе орналастыруға болмайды.

      Жарылыс қаупі бар заттар мен материалдарды, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, майларды, жанғыш газдары бар баллондарды, қысымдағы баллондарды шаруашылық қоймаларында және клиенттердің багажына арналған қоймаларда сақтауға болмайды.

      Шаруашылық қоймалар мен клиенттердің багажына арналған қоймаларды автотұрақтың бірінші (қону) қабатында ғана орналастыруға рұқсат етіледі, жеңіл автокөліктердің жерасты автотұрақтары үшін ғимараттың жер асты қабатының бірінші қабаттан төмен емес (жоғарғы) қабатта орналастыруға рұқсат етіледі.

      Жанғыш материалдарды шаруашылық және клиенттердің багажына арналған қоймалардан тыс сақтауға болмайды.";

      1264-тармақ алып тасталсын;

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      министрінің міндетін атқарушы И. Кульшимбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ақпарат және қоғамдық

      даму министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ғылым және жоғары

      білім министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Индустрия

      және инфрақұрылымдық министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Сауда

      және интеграция министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Оқу-ағарту министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Орталық сайлау комиссиясы


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология және табиғи

      ресурстар министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады