"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында әскери қызметшілердің әкімшілік қамауды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 8 маусымдағы № 28 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 16 мамырдағы № 25/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 18 мамырда № 32522 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында әскери қызметшілердің әкімшілік қамауды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 8 маусымдағы № 28 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15333 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      преамбула келесі редакцияда жазылсын:

      "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 46-7-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасының "Әскери полиция органдары туралы" Заңының 9-бабы 2-тармағы 1-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      аталған бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында әскери қызметшілерді қамауды өтеу қағидаларында:

      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында әскери қызметшілерінің әкімшілік қамауды өтеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 46-7-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасының "Әскери полиция органдары туралы" Заңының 9-бабы 2-тармағы 1-тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының (бұдан әрі - ӘПО) гауптвахтасында әскери қызметшілердің әкімшілік қамауды өтеу тәртібін белгілейді.";

      5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Гауптвахта қызметкерлерінің дене күші мен арнайы құралдарды қолдануы "Әскери полиция органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес жүзеге асырылады.";

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери полициясы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) тармақшасымен көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің Төрағасы
Е. Сагимбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады