Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гаупвахтасында әскери қызметшілердің әкімшілік қамауды өтеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 8 маусымдағы № 28 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы14 шілдеде № 15333 болып тіркелді.

      "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 46-7-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасының "Әскери полиция органдары туралы" Заңының 9-бабы 2-тармағы 1-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 16.05.2023 № 25/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында әскери қызметшілердің әкімшілік қамауды өтеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери полициясы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды;

      2) мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Әскери полициясы департаментінің қызметіне жетекшілік ететін бірінші орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы
К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2017 жылғы 8 маусымдағы
№ 28 бұйрығымен
бекітілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында әскери қызметшілердің әкімшілік қамауды өтеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында әскери қызметшілерінің әкімшілік қамауды өтеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 46-7-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасының "Әскери полиция органдары туралы" Заңының 9-бабы 2-тармағы 1-тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының (бұдан әрі - ӘПО) гауптвахтасында әскери қызметшілердің әкімшілік қамауды өтеу тәртібін белгілейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 16.05.2023 № 25/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. ӘПО гауптвахтасында әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған үшін сот шешімі бойынша әкімшілік қамау түрінде әкімшілік жаза қолданылған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларының әскери қызметшілері ұсталады.

      3. Гауптвахтада күн тәртібін ӘПО бастығы белгілейді және мемлекеттік және орыс тілдерінде әр камерада ілінеді.

      4. Гауптвахтадағы режимді қамтамасыз ету мен ішкі тәртіптеменің сақталуы ӘПО бастығына және гауаптвахта әкімшілігіне жүктеледі.

      5. Гауптвахта қызметкерлерінің дене күші мен арнайы құралдарды қолдануы "Әскери полиция органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 16.05.2023 № 25/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілерді гауптвахтаға қабылдау және орналастыру

      6. Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілерді гауптвахтаға қабылдауды және орналастыруды гауптвахта бастығы (оны алмастыратын адам) не болмаса гауптвахтаның ауысым бастығы тәулік бойы жүргізеді.

      Аталған лауазымды тұлғалар қамауға алынған адамды гаупвахтаға қабылдау үшін негіз болып табылатын құжаттардың бар-жоғын тексереді.

      7. Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілер гауптвахтаға судьяның қолы мен сот органының мөрі бар әкімшілік қамауға алу туралы сот қаулысының негізінде қабылданады.

      Сондай-ақ қамауға алынған әскери қызметшілерді гауптвахтаға жеткізген лауазымды тұлғалар гауптвахта бастығына (оны алмастыратын адамға) не болмаса гауптвахтаның ауысым бастығына мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе әскери билеті;

      2) медициналық кітапша;

      3) қызметтік мінездеменің көшірмесі;

      4) азық-түлік аттестаты.

      Азық-түлік аттестаттары жоқ әкімшілік қамауға алынған әскери қазметшілер гауптвахта балансында тұрған әскери бөлім командирінің бұйрығынан үзінді бойынша жабдықталымға алынады.

      8. Гауптвахтаға әскери қызметшіні қабылдау кезінде осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген қажетті құжаттардың бар-жоғы және оның дұрыс ресімделуі тексеріледі, сондай-ақ жеке тексеріп қарау жүргізіледі.

      Жеке тексеріп қарауды тексерілушімен бір жыныстағы адам ғана жүргізеді.

      Гауптвахтаға қамауға алынатын әскери қызметші туралы, сондай-ақ алынған және сақтауға қабылданған құжаттар, дүние-мүліктер, нәрселер, бұйымдар, заттар, құндылықтар, ақша сомалары туралы мәліметтер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілерді есепке алу кітабына (бұдан әрі – Есепке алу кітабы) әскери қызметшінің қатысуымен енгізіледі.

      9. Жеке құжаттар, дүние-мүліктер, нәрселер, бұйымдар, заттар, құндылықтар, қаражаттар гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілердің дүние-мүліктерін сақтау бөлмесіне сақтауға өткізіледі. Қаражаттар мен құндылықтар темір сейфте сақталады.

      10. Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшіні гауптвахтаға қабылдаған кезде медициналық қызметші (фельдшер) оны дене жарақатын анықтау мақсатында тексереді. Ол туралы Есепке алу кітабына тиісті жазба жазылады. Анықталған дене жарақаттары әскери қызметшіні гауптвахтаға алып келген лауазымды тұлғаға тексеріс жүргізу үшін хабарланады.

      11. Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшіде дене жарақаты анықталған жағдайда оған медициналық көмек көрсетіледі. Тәуліктік мерзімде медициналық қызметкерді қатыстыра отырып, медициналық куәландыру жүргізіледі, оның нәтижелері Есепке алу кітабында белгіленеді.

      Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшіде дене жарақатын анықтаудың әрбір фактісі бойынша гауптвахта бастығы (оны алмастыратын тұлға) тәулік ішінде жазбаша түрде әскери прокурорға хабарлайды.

      12. Медициналық қызметкер (фельдшер) болмаған жағдайда гауптвахта бастығы (оны алмастыратын адам) не болмаса гауптвахтаның ауысым бастығы гауптвахтаға жабылатын әскери қызметшіні шұғыл медициналық көмек көрсету қажеттілігін анықтау үшін оның денсаулық жағдайы туралы тергеу жүргізеді.

      Әскери қызметшіде өзін нашар сезінуіне шағымы немесе науқас белгілері (жарақат) бар болса гауптвахта бастығы (оны алмастыратын адам) не болмаса гауптвахтаның ауысым бастығы тез арада жедел медициналық жәрдем бригадасын шақырады.

      Науқастың өміріне қауіп төнген жағдайда, жедел медициналық жәрдем бригадасы ұзақ мерзімде болмағанда не болмаса келу мүмкіндігі болмаған кезде гауптвахта бастығы (не болмаса оны алмастыратын тұлға) не болмаса гауптвахтаның ауысым бастығы науқасты жақын жердегі медициналық мекемеге жеткізу бойынша шаралар қолданады.

      Қамаудағы әскери қызметшінің науқасы және оны емдеу мекемесіне жатқызу туралы гауптвахта бастығы (ауысым бастығы) әкімшілік қамау бойынша шешім шығарған әскери прокурорға, судьяға және әскери бөлім командиріне мәлімдейді.

      Әскери қызметші емделу аяқталғаннан кейін әскери бөлім командирінің қарамағына келеді, ол бір тәулік ішінде қамауды өтеу үшін оны гауптвахтаға жеткізу бойынша шаралар қолданады.

      13. Гауптвахтаға қабылданған әскери қызметшіге қол қойғыза отырып, оның құқығы мен міндеттері, сондай-ақ гауптвахтада ұстаудың ішкі тәртіптемесі түсіндіріледі.

      Қамауға алынған әскери қызметшінің құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде әр камерада ілінеді.

      14. Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілер есіктерінде берік тиектері және қарау тесіктері болуға тиісті камераларда ұсталады, терезелер металл торлармен жабдықталады.

      15. Камера бойынша орналастыру гауптвахтада ұсталатын басқа әскери қызметшілерден бөлек жүргізіліп, мынадай талаптар сақталады:

      1) офицерлер сержанттар және сарбаздар құрамдарының лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерден бөлек;

      2) мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілері осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген әскери қызметшілер санатынан бөлек;

      3) әйелдер еркектерден бөлек;

      Камералар бойынша орналастыруды гауптвахта бастығы (оны алмастыратын адам) не болмаса гауптвахтаның ауысым бастығы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Камералар бойынша оналастыру жоспарына сәйкес жүргізеді.

      16. Гауптвахтаның әкімшілігі әкімшілік қамауға алынған әр әскери қызметшіге жеке іс ашады, оған қамау түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы, қамауға алынғанды және оның дүние-мүліктерін жеке тексеріп қарау хаттамасы, сондай-ақ басқа да материалдар тігіледі.

3-тарау. Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілерді материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету

      17. Гауптвахтаға қамалған әскери қызметшілер:

      1) ұйықтайтын орынмен;

      2) ұйқы кезінде төсек жабдықтарымен: матрацпен, жастықпен, көрпемен, екі ақжаймамен және жастықтыспен, сүлгімен. Әйел жынысты адамдарға сонымен қатар гигиеналық сүлгі беріледі;

      3) тамақтану кезінде асханалық ыдыс-аяқпен және асханалық құралдармен: табақпен, кесемен, қасықпен;

      4) жуыну керек-жарақтарымен және жеке гигиеналық заттармен;

      5) жалпыәскери жарғылармен, кітаптармен, журналдармен және мерзімді баспамен қамтамасыз етіледі.

      18. Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілер камераларда немесе гауптвахта жанындағы асханада тамақтанады.

      19. Жуыну керек-жарақтары дәретханаға шығу уақытында беріледі, одан кейін камерадан тыс орналасқан құлыппен жабылатын шкафқа кері қойылады.

      20. Күн сайын камераларға ішу үшін қайнатылған су беріледі.

      21. Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілерге аптасына кемінде екі рет душта жуынуға ұзақтығы 15 минуттан аспайтын уақыт мүмкіндігі беріледі. Аптасына бір рет моншада жуынады.

      Әйелдерге жеке гигиена тәртібін сақтау үшін қосымша уақыт беріледі.

      22. Қараңғы түскеннен кейін гауптвахтаның камераларында, дәліздері мен дәретханаларында жарық беріліп тұрады.

      Ұйқыдан оянғаннан кейін қайырмалы сәкі көтеріледі және құлыппен бекітіледі.

      23. Жұмыстарды орындау және серуендеу уақытын қоспағанда, тәулік бойы қамауға алынғандар құлыпқа жабылатын камераларда болады.

      24. Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілерге ұсыныс, өтініш және шағым беру үшін олардың өтініші бойынша жазу керек-жарақтары (қағаз, қаламсап, қарындаш) беріледі.

      25. Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 353 бұйрығымен бекітілген Бейбiт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн азық-түлiкпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормаларының 1-нормасы "Жалпы әскери азық үлесіне" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11844 болып тіркелді) сәйкес тамақпен қамтамасыз етіледі.

      26. Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілер гауптвахтада ұсталған кезеңде гауптвахтаның ішкі тәртіптемесіне сәйкес шаруашылық жұмыстарды атқаруға тартылады.

      27. Күн сайын қамауға алынғандар серуенде немесе жұмыстарда болған уақытта камералар желдетіледі. Гауптвахтаның үй-жайлары мен дәретханаларды залалсыздандыру қажеттілігіне қарай аптасына бір реттен сирек емес жүргізіледі.

4-тарау. Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілердің сауқаттарды, бандерольдерді, сәлемдемелерді және хаттарды алуы, сондай-ақ шағымдарды, өтініштер мен ұсыныстарды жолдауы

      28. Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілер сауқаттар, бандерольдер, сәлемдемелер мен хаттар алады, олардың салмақтары Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 65 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14370 болып тіркелген) бекітілген Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларында көзделген нормалардан аспауы тиісті.

      29. Сәлемдемеде, бандерольде, хатта табылған қамауға алынған әскери қызметшіде болуға тыйым салынған құралдар немесе заттар тізбесі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 319 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында сотталғандарды ұстаудың ішкі тәртіптемесі мен тәртібінің қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9848 болып тіркелген) 3-тараудың 25-тармағында белгіленген.

      Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшіге олардың құқықтары мен заңдық мүдделерін іске асыру мәселелеріне қатысты құжаттар мен жазбаларды, оның ішінде әкімшілік іс бойынша құжаттарды өзімен бірге алып жүруге және сақтауға рұқсат беріледі.

      30. Сауқаттарды, бандерольдер мен сәлемдемелерді гауптвахта қызметкерлері қарап тексереді.

      31. Сәлемдемені жеткізген келуші осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада өтінішті толтырады және қол қояды. Өтініштің екі данасы, сәлемдеме, сәлемдемені жеткізген адамның жеке басын куәландыратын құжат гаупвахта қызметкеріне беріледі.

      32. Гауптвахта қызметкері сәлемдемені қабылдап, келушіге жеке басын куәландыратын құжатын және өтініштің бірінші данасына қабылдағаны туралы қол қойып, қайтарады, ал екінші данасы сәлемдемені алғаны туралы қол қойғаннан кейін әскери қызметшінің жеке ісіне тігіледі. Жеке істе сәлемдемені алғаны туралы белгі қойылады.

      33. Сауқат, бандероль және сәлемдеме оларды қабылдағаннан кейін бір тәуліктен кешіктірмей әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшіге тапсырылады.

      34. Сауқат, бандероль және сәлемдеме әскери қызметші гаупвахтадан болсатылған жағдайда қабылданбайды және келушіге қайтарылады.

      35. Медициналық қызметкердің қорытындысы бойынша гауптвахтаның әкімшілігі әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілер үшін дәрі-дәрмек құралдары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды, оларды қамтамасыз ету мүмкіншілігі жоқ болған жағдайларда жұбайынан (зайыбынан) не болмаса жақын туысынан қабылдайды.

      36. Зайыбы (жұбайы) не болмаса жақын туысқаны қайтыс болғаны немесе ауыр науқасқа шалдыққаны туралы келіп түскен хатты не болмаса жеделхатты әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшіге олар келіп түскен күні тез арада гаупвахта ауысымының бастығы тапсырады.

      Әскери қызметші гаупвахтадан шыққаннан кейін келіп түскен хаттар ол кеткен жерге алғаннан кейін тәуліктік мерзім ішінде жіберіледі.

      37. Гауптвахта қызметкерлері күн сайын камераларды аралап шығады және қамауға алынған әскери қызметшілерден ұсыныстарды, өтініштер мен шағымдарды жазбаша, сондай-ақ ауызша қабылдайды.

      38. Ауызша түрде қабылданған ұсыныстар, өтініштер мен шағымдар тез арада гауптвахта бастығына баяндалады.

      39. Жазбаша мазмұндалған ұсыныстар, өтініштер мен шағымдар осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілердің ұсыныстарын, өтініштері мен шағымдарын тіркеу кітабында тіркеледі және ӘПО басшылығы арқылы адресатқа жолданады.

      40. Олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша әскери прокуратура органдарына, сотқа немесе басқа да мемлекеттік органдарға жолданған үндеулерін берілген уақыттан бастап жиырма төрт сағат ішінде гауптвахта әкімшілігі қараусыз мекенжай бойынша жолдайды.

      Ұсыныстарға, өтініштерге және шағымдарға берілген жауаптар қамауға алынған әскери қызметшілерге қол қойғыза отырып, жарияланады және олардың жеке істеріне тігіледі.

5-тарау. Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілерді медициналық-санитарлық қамтамасыз ету

      41. Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілер гаупвахтаның медицина қызметкері (фельдшері) күн сайын камераларды аралау уақытында медициналық көмекке, ал жіті науқастанған жағдайда кез келген гауптвахта қызметкеріне жүгінеді. Әскери қызметші жүгінген қызметкер тез арада медицина қызметкерін шақыртады.

      42. Денсаулық жағдайына шағымданған әкімшілік қамауға алынған әскери қызметші медицина қызметкерінің қорытындысы бойынша шұғыл білікті медициналық көмек көрсету қажет болған кезде емдеу мекемесіне жіберіледі.

      Гауптвахта бастығы әскери қызметшіні емдеу мекемесіне орналастыру туралы әскери бөлімнің қолбасшылығына хабарлайды.

      43. Камераларда әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілерге амбулаторлық жәрдем көрсетіледі. Дәрі-дәрмектер дәрігердің тағайындауымен, көрсетілген мөлшерлерде жеке қол қою арқылы беріледі.

      44. Дәрілік заттарды науқасқа берер алдында әр кезде олардың дәрігердің нұсқаулығына сәйкестігі мен жарамдылық мерзімі тексеріледі.

      45. Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілерге медициналық көмек көрсетудің өзге де мәселелері Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының Ішкі қызмет жарғысымен және денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

      46. Қамауға алынған әскери қызметші қайтыс болған жағдайда гаупвахта бастығы тез арада бұл туралы оның жұбайына (зайыбына) немесе жақын туыстарына, сондай-ақ әскери прокурорға және әскери бөлім қолбасшылығына жазбаша нысанда хабарлайды.

      Қайтыс болған адамның денесі патология-анатомиялық зерттеуден, сондай-ақ тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін жұбайына (зайыбына) немесе жақын туыстарына не болмаса әскери бөлімінің қолбасшылығына тапсырылады.

      47. Қамауға алынған әскери қызметші қайтыс болған жағдайда гауптвахтада ұсталған әскери қызметшілердің дүние-мүліктерін сақтау бөлмесіндегі жеке құжаттары, дүние-мүліктері, нәрселері, бұйымдары, заттары, құндылықтары мен қаражаттары жұбайына (зайыбына) немесе жақын туыстарына не болмаса әскери бөлімінің қолбасшылығына беріледі.

6-тарау. Гауптвахтада әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілерге көтермелеу мен жазалауды қолдану

      48. Гауптвахтада әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілерге жақсы тәртіп сақтағаны үшін көтермелеу ретінде мыналар қолданылуы мүмкін: қысқа мерзімдік кездесуге рұқсат беру, алғыс жариялау, мерекелік күндері бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алғашқы қажеттілік заттары мен азық-түліктер алуға қосымша ақшалай шығындар жасауға рұқсат ету.

      49. Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілерге гауптвахтада ұстаудың ішкі тәртіптемесін бұзғаны үшін мынадай жазалау шаралары қолданылады:

      1) ескерту;

      2) сөгіс.

      50. Ауызша жариялағаннан басқа барлық көтермелеулер мен жазалауларды гауптвахта бастығы жариялайды және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Әскери қызметшілерді жазалау мен көтермелеулерді есепке алу кітабында есепке алынады.

7-тарау. Күн сайын серуенге шығару

      51. Әр гауптвахта жанында әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілерді серуенге шығаруға арналған аула болады.

      52. Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілер күн сайын ұзақтығы күніне кемінде екі сағат серуенге шығарылады. Күн тәртібі мен ауа-райының жағдайын ескере отырып, серуендеудің ұзақтығын гауптвахта әкімшілігі белгілейді.

      53. Әскери қызметшілер осы Қағидаларда белгіленген ішкі тәртіптемені бұзған жағдайда гауптвахта бастығының (оны алмастыратын адамның) не болмаса ауысым бастығының шешімі бойынша серуен мерзімінен бұрын тоқтатылады.

      54. Серуеннен босатуды әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшінің өтінішін қарағаннан кейін гауптвахта бастығы жүзеге асырады.

8-тарау. Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілерді босату

      55. Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілерді босатуды сот қаулысымен белгіленген әкімшілік қамау мерзімін өтегеннен кейін гауптвахта бастығы (оны алмастыратын адам) жүргізеді.

      56. Мерзімді қызметтегі әскери қызметшінің қамаудағы мерзімі аяқталу қарсаңында гауптвахта бастығы (оны алмастыратын адам) оған өкіл жолдау үшін әскери бөлім командиріне босату уақыты туралы хабарлайды.

      Гауптвахта бастығының хабарлауы бойынша әскери бөлім командирі әскери қызметшіні көрсетілген уақытта қызмет орнына жөнелту үшін әскери бөлімінің өкілін гауптвахтаға жібереді, сондай-ақ мерзім бойынша оның киім-кешегін қамтамасыз ету бойынша шаралар қолданады.

      57. Әкімшілік қамау мерзімі аяқталған күні гауптвахта бастығы (оны алмастыратын адам) ауысым бастығына осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери қызметшіні босату туралы хат береді.

      58. Әкімшілік қамауды өтеген әскери қызметшіні босату кезінде осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ӘПО бастығының қолы қойылған гауптвахтадан босату туралы анықтама беріледі.

      59. Сонымен қатар гауптвахтадан босату кезінде әскери қызметшіге дүние-мүліктерді сақтау бөлмесінде сақтауда тұрған жеке құжаттары, дүние-мүліктері, нәрселері, бұйымдары, заттары, құндылықтары, қаражаттары беріледі, ол туралы Есепке алу кітабында тиісті жазба жүргізіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлтық қауіпсіздік комитеті
әскери полициясы
органдарының гауптвахтасында
әскери қызметшілердің
әкімшілік қамауды өтеу
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

20___ жылы әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілерді есепке алу кітабы

                                                      Басталуы: 20__ ж. "__"_____

                                                      Аяқталуы: 20__ ж. "__"_____

      Сыртқы беті

Рет №, қамалғанды қабылдау күні мен уақыты

Лауазымы, әскери шені, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Әскери бөлімнің нөмірі

Әкімшілік қамауды қашан және қандай сот қолданды, оны қолдану негіздері

Қамауға кандай мерзімге алынды және қандай камерада ұсталады

Қабылданған құжаттар, дүние-мүліктер, нәрселер, бұйымдар, заттар, құндылықтар, қаражаттар

Гауптвахтаға қабылдаған кезде құжаттарды, дүние-мүліктерді, нәрселерді, бұйымдарды, заттарды, құндылықтарды, қаражаттар соммасын өткізу туралы қолы

Қамалғанды қабылдау кезде медициналық қарау, моншада жуынған және денені қарау уақыты туралы жазба (медициналық жұмыскердің қолы)

Босату туралы жазба

Қамау мерзімінің аяқталу күні

Босатудан кейін гауптвахтаға қабылдаған кезде құжаттарды, дүние-мүліктерді, нәрселерді, бұйымдарды, заттарды, құндылықтарды, қаражаттар сомасын алғаны туралы қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

  Қазақстан Республикасы
Ұлтық қауіпсіздік комитеті
әскери полициясы
органдарының гауптвахтасында
әскери қызметшілердің
әкімшілік қамауды өтеу
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

      БЕКІТЕМІН

      Әскери полиция органының бастығы

      ______________________________

      (лауазымы, қолы, тегі)

      ______ жылғы "___ " ___________

Камералар бойынша орналастыру жоспары

Бөлек ұсталады

Камера нөмірі

Камерадағы орын сандары

Ескертпе

1

2

3

4









      ӘПО гауптвахта бастығы ____________________________________

                                    (әскери атағы, қолы, тегі)

      Ескертпе:      1. Камераларға орналастыруды гауптвахта бастығы немесе ауысым бастығы жүргізеді.

                  2. Камерадағы орналастыру жоспары ауысым бастығында, кезекші бөлімде және ӘПО басшылығында болуы қажет.

  Қазақстан Республикасы
Ұлтық қауіпсіздік комитеті
әскери полициясы
органдарының гауптвахтасында
әскери қызметшілердің
әкімшілік қамауды өтеу
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Өтініш

      __________________________________________________________________ тұратын

                              (тұрғылықты мекенжайы)

      азаматтан (-шадан)__________________________________________________________

                              (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметші:_________________________________________

                                                (тегі және аты, әкесінің аты (егер болса),

      ___________________________ үшін сәлемдемені қабылдауыңызды сұраймын.

            (туған жылы)

      Сәлемдемедегі заттардың тізімдемесі:

Р/с №

Заттардың атауы

Салмағы
(килограмм грамм)

Саны

Ескертпе

1










                                    Өтініш иесінің қолы _________________________

                                                      20 _ жылғы "__" ____________

      Сәлемдемені қабылдады _____________________________________________________

            (сәлемдемені қабылдаған қызметкердің әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты

                                    (бар болса), қолы)

      Сәлемдемені алдым _________________________________________________________

                        (сәлемдемені алғанның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      20 __ жылғы "____" __________

  Қазақстан Республикасы
Ұлтық қауіпсіздік комитеті
әскери полициясы
органдарының гауптвахтасында
әскери қызметшілердің
әкімшілік қамауды өтеу
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілердің ұсыныстарын, өтініштері мен шағымдарын тіркеу кітабы

                                                      Басталуы: 20__ ж. "__"_____

                                                      Аяқталуы: 20__ ж. "__"_____

      Ішкі жағы

Р/с

Түскен күні жыл, ай, күн)

Өтініш берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және оның әскери қызметке қатысы

Өтініштің қысқаша мазмұны

Орындау үшін кімге және қашан берілді және орындаушының қолы

Орындау мерзімі

Қашан және қандай шешім қабылданды

Құжаттар тігілген іс

1

2

3

4

5

6

7

8

  Қазақстан Республикасы
Ұлтық қауіпсіздік комитеті
әскери полициясы
органдарының гауптвахтасында
әскери қызметшілердің
әкімшілік қамауды өтеу
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Әскери қызметшілерді жазалау мен көтермелеулерді есепке алу кітабы

                                                      Басталуы: 20__ ж. "__"_____

                                                      Аяқталуы: 20__ ж. "__"_____

      Сыртқы жағы

Жазалауға тартылған адамдарды есепке алу

р/с

тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Жаза не үшін қолданылды

Жаза түрі

Жазаны кім және қашан қолданды

Ескертпе







Көтермеленген адамдарды есепке алу

р/с

тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Не үшін көтермеленді

Көтермелеу түрі

Көтермелеуді кім және қашан қолданды

Ескертпе







  Қазақстан Республикасы
Ұлтық қауіпсіздік комитеті
әскери полициясы
органдарының гауптвахтасында
әскери қызметшілердің
әкімшілік қамауды өтеу
қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Әскери қызметшіні босату туралы
ХАТ



Ауысым бастығы _________________________________________
_________________________________________________________
(әскери атағыі, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_________________________________________________________
қамауда ұсталушы _________________________________________
(қамалғанның әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты)
________________________________________________ босатылады
(уақыт, күн, ай, жыл)

Негіздеме:
__________________________________________________________________________



Гауптвахта бастығы _________________________________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
20___ ж. "___" ________


  Қазақстан Республикасы
Ұлтық қауіпсіздік комитеті
әскери полициясы
органдарының гауптвахтасында
әскери қызметшілердің
әкімшілік қамауды өтеу
қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

Гауптвахтадан босату туралы
АНЫҚТАМА

      Әскери қызметші ___________________________________________________ берілді,

                        (әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ол 20__ ж. "___" _______ бастап 20__ ж. "___" _______ аралығында ӘПО гауптвахтасында

      ___________________________________________________ сәйкес әкімшілік қамауды өтеді.

                  (төрешінің қаулы)

      Әскери полиция органының бастығы

      ___________________________________________________

      (әскери атағы, қолы, тегі және аты, әкесінің аты (бар болса)

      20__ ж. "___" _________

      М. О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады