ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 8-1-тармағының бесінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу, сондай-ақ олардың электрондық кезек бойынша өтуі үшін төлемақы мөлшерлері бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 05.03.2024 № 125 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қантардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және дамыту
агенттігінің төрағасы
2023 жылғы "___" _________
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 25 мамырдағы № 538 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу, сондай-ақ олардың электрондық кезек бойынша өтуі үшін төлемақы мөлшерлері
Ескерту. Мөлшерлері жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 05.03.2024 № 125 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Автомобиль көлігінің түрі | 1 (бір) көлік құралы үшін төлемақы мөлшері, АЕК* |
1 | Жүк автомобильдері, оның ішінде тіркемелері бар, электрондық кезектің автоматтандырылған жүйесінде брондау күні мен уақытына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу үшін ершікті тартқыштар | 1 |
2 | Жүк автомобильдері, оның ішінде тіркемелері бар, кезектен тыс (жеделдетілген) тәртіппен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу үшін ершікті тартқыштар | 100 |
* АЕК – "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен тиісті жылға белгіленетін айлық есептік көрсеткіш.