"Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 24 ақпандағы № 139 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 26 маусымдағы № 266 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 12 шілдеде № 17190 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 25 мамырдағы № 174 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.05.2023 № 174 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-1-тармағына, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 24 ақпандағы № 139 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13533 болып тіркелген, 2016 жылғы 7 cәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-1-тармағына, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағы 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1-тармағына және 68-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалану қағидалары бекітілсін";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
М. Әбілқасымова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _________________ Б. Сұлтанов

      2018 жылғы 20 маусым

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитетінің төрағасы

      __________________ Н. Айдапкелов

      2018 жылғы 26 маусым

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2018 жылғы 26 маусымдағы
№ 266 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
міндетін атқарушының
2016 жылғы 24 ақпандағы
№ 139 бұйрығына
қосымша

Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы (бұдан әрі – Заң), "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңдарына (бұдан әрі – "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заң) сәйкес әзірленді және медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) стационар жағдайларында тұратын (бұдан әрі – МӘМ) және мемлекеттің толық қамсыздандыруындағы адамдардың жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері (бұдан әрі – зейнетақы төлемдері) мен мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды (бұдан әрі – жәрдемақылар) пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. Сот әрекетке қабілетсіз және қамқорлыққа (бұдан әрі – қамқоршы) мұқтаж деп таныған адамдарға және қамқоршыға зейнетақы төлемдері мен жәрдемақылар:

      адамдардың және қамқоршылардың ағымдағы шоттарына 30 % көлемінде;

      жеке банктік шотына немесе қолма-қол ақшаның бақылау шоттарына 70 % көлемінде (бұдан әрі – ҚБШ) аударылады.

2-тарау. Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды пайдалану тәртібі

      3. Қазақстан Республикасы 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық Кодексінің 26-бабының, 2-тармағына сәйкес және "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексі 122-бабының 4-тармағына сәйкес еңбекке қабілетсіз адамдардың зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын пайдалану үшін МӘМ-нің басшысы қамқоршы (бұдан әрі – қамқоршы) болып тағайындалады.

      Қамқорлықтағы адамға ағымдағы шот ашу үшін қамқоршы зейнетақы мен жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымға адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы сот шешімінің көшірмесін, әрекетке қабілетсіз адамға қамқоршылық белгілеу туралы қамқоршылық және қорғаншылық органының шешімін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысымен бекітілген Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14422 болып тіркелген) көзделген құжаттарды ұсынады.

      Қамқорлықтағыларға ағымдағы шоттарды қамқоршы болып табылатын МӘМ-нің басшысы екінші деңгейдегі банктерде, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдарда, "Қазпочта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелерінде (бұдан әрі – зейнетақы мен жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйым) ашады.

      4. МӘМ-де зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды пайдалануға арналған комиссия құрылады.

      Комиссия тақ саннан тұрады, бірақ 7 адамнан кем емес. Комиссияның құрамына МӘМ-нің басшысы немесе оның орынбасары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органның (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) (бұдан әрі – уәкілетті орган) және аталған өңірдегі арнаулы әлеуметтік қызметтер саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері (келісім бойынша), медициналық бөлімшенің меңгерушісі, бухгалтер, диеталық тамақтану жөніндегі мейірбике, МӘМ-нің әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы кіреді.

      Комиссияның төрағасы комиссия мүшелерінің қатарынан сайланады.

      Комиссия отырысы оның үштен екі құрамы болған кезде заңды болып саналады.

      Дауыс беруге қатыспайтын, МӘМ-нің қызметкері комиссияның хатшысы болып тағайындалады.

      Комиссия отырысы айына 1 реттен жиі емес өтеді және:

      адамдардың және қамқорлықтағылардың – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысымен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне кірмейтін санитариялық гигиена заттарына, дәрілік заттар мен медициналық қызметтерге (бұдан әрі – киім, аяқ киім және төсек жабдықтары);

      қамқорлықтағылардың – қосымша тамаққа, күнделікті қажетті заттарға (бұдан әрі – жеке қажеттіліктер) қажеттілігін айқындайды.

      5. Қамқорлықтағылардың ағымдағы шоттарындағы зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын қамқоршы қамқорлықтағылардың жеке қажеттіліктеріне жұмсайды.

      Комиссияның зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды қамқорлықтағылардың жеке қажеттіліктеріне пайдалану туралы шешімі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рәсімделеді.

      Қамқорлықтағылардың зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын пайдалану тиісті журналда көрсетіледі.

      6. Адамдардың ағымдағы шоттарындағы зейнетақы төлемдері мен жәрдемақылары өз бетінше жұмсалады.

      7. МӘМ-нің жеке банктік шоты немесе ҚБШ оның орналасқан жері бойынша аумақтық қазынашылық органында ашылады.

      8. Адамдардың және қарқорлықтағылардың ҚБШ-ға түскен зейнетақы төлемдері мен жәрдемақылары осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген киім, аяқ киім және төсек жабдықтарын және санитариялық гигиена заттары, дәрілік заттар мен медициналық қызметтер сатып алуға пайдаланылады.

      Осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген киім, аяқ киім және төсек жабдықтарын және санитариялық гигиена заттарын, дәрілік заттар мен медициналық қызметтер сатып алу "Мемлекеттiк сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      Осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген киім, аяқ киім және төсек жабдықтарын сатып алуды жүзеге асыру үшін жауапты маман комиссия шешімінің көшірмесін және құжаттың көшірмесін (шот-фактуралар немесе тауарды жеткізу туралы жүкқұжат (акт) қоса береді (тіркейді).

      МӘМ-нің жеке банктік шотындағы немесе ҚБШ зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды пайдалану туралы комиссияның шешімі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рәсімделеді.

      Адамдардың, қамқорлықтағылардың зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын пайдалану тиісті журналда белгіленеді.

      9. Осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген киім, аяқ киім және төсек жабдықтарын сатып алуға және (немесе) ҚБШ-дағы қаражат есебінен қамтамасыз етуге келмейтін олардың құнына қаражат жетпеген кезде жергілікті атқарушы органдар оларды сатып алуға қосымша шығысты қарастырады.

      10. МӘМ-нің басшысы ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін уәкілетті органға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша адамдардың және қамқорлықтағылардың алған зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қамқорлықтағылардың зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын пайдалану туралы есепті ұсынады.

      Зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды пайдалану бойынша есепке комиссия шешімінің көшірмесі мен құжаттардың көшірмесі (шот-фактуралар немесе тауарды жеткізу туралы жүкқұжат (акт) қоса беріледі.

  Медициналық-әлеуметтік
мекемелердің (ұйымдардың)
жасына байланысты, еңбек
сіңірген жылдары үшін
зейнетақы төлемдері мен
мүгедектiгi бойынша,
асыраушысынан айрылу
жағдайы бойынша берілетін
мемлекеттiк әлеуметтiк
жәрдемақыларды пайдалану
қағидаларына 1-қосымша
  Нысан

Комиссияның зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды қамқорлықтағылардың жеке қажеттіліктерін пайдалану туралы ШЕШІМІ

      20__ жылғы___________ № ___________

      Қамқорлықтағылардың қажеттіліктерін ескере отырып, комиссия былай деп ШЕШТІ:

      Зейнетақы төлемдері мен жәрдемақылар мыналарға жұмсалсын:

Адамдардың және қамқорлықтағылардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Адамдардың және қамқорлықтағылардың қажеттілігі

Өлшем бірлігі

Пайдалану мақсаттары

Қолдау тапты/қолдау таппады


























      Комиссия мүшелерінің айрықша ой-пікірлері

      ___________________________________________

      (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ___________________________________________

      (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ___________________________________________

      (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Медициналық-әлеуметтік мекеменің

      басшысы/басшы орынбасары ______ ___________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Уәкілетті органның өкілі ______ ___________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Үкіметтік емес ұйымның өкілі ______________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Медициналық-әлеуметтік мекеменің медицина

      бөлімшесінің меңгерушісі _______ __________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Медициналық-әлеуметтік мекеменің диеталық тамақтану

      жөніндегі мейіргері _________ _____________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Медициналық-әлеуметтік мекеменің әлеуметтік

      жұмыс жөніндегі маманы _______ ______________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Медициналық-әлеуметтік мекеменің

      бухгалтері ________ _________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Медициналық-әлеуметтік
мекемелердің (ұйымдардың)
жасына байланысты, еңбек
сіңірген жылдары үшін
зейнетақы төлемдері мен
мүгедектiгi бойынша,
асыраушысынан айрылу
жағдайы бойынша берілетін
мемлекеттiк әлеуметтiк
жәрдемақыларды пайдалану
қағидаларына
2-қосымша

Киім, ішкиім, аяқ киім және төсек жабдықтарының тізбесі

      1. Киім:

      1) пальто, күрте;

      2) плащ, ветровка;

      3) жүн маталардан тiгiлген костюм;

      4) мақта маталардан тiгiлген костюм;

      5) спорттық костюм;

      6) шалбар, джинсы, шорты;

      7) көйлек, сарафан, халат;

      8) жүн маталардан тiгiлген юбка, мақта маталардан тiгiлген юбка;

      9) мақта маталардан тiгiлген блузка;

      10) свитер, жакет, жемпiр, кофта, трикотаж жаймадан тiгiлген жилет;

      11) трико;

      12) футболка;

      13) мақта маталардан тiгiлген кеудеге киетiн жейде.

      2. Ішкиім:

      1) трусы, панталон;

      2) түнде киетiн жейде, пижама;

      3) майка;

      4) мақта маталардан және эластикалық трикотаж жаймадан тiгiлген туалет бұйымдары

      (бюстгальтер);

      5) кальсондар;

      6) гамаштар.

      3. Орамал-шарф бұйымдары мен бас киiмдер:

      1) шарф;

      2) шапка, берет;

      3) панама, фуражка, кепкалар;

      4) әйелдердiң бас орамалы;

      5) тақия;

      6) қолғаптар, биялайлар;

      7) жүн орамал (жартылай жүн);

      8) тоқыма шапка.

      4. Носки-шұлық бұйымдары:

      1) колготки;

      2) шұлық, носки;

      3) гольфы.

      5. Аяқ киім:

      1) қысқы етiк, киiзден тiгiлген аяқ киiм;

      2) пима;

      3) маусымдық етiктер;

      4) қысқа етiк;

      5) бәтеңке, туфли;

      6) қысқа бәтеңке;

      7) аяқ киiм немесе сандалилер;

      8) спорттық аяқ киiм;

      9) бөлмеде киетiн тәпiшке;

      10) сланцы.

      6. Төсек жабдықтары:

      1) ақ жайма;

      2) көрпе тысы;

      3) жастық тысы;

      4) матрац (оның iшiнде басылып қалмайтын матрац);

      5) жастық;

      6) көрпе;

      7) жамылғы;

      8) вафельді сүлгi;

      9) түкті сүлгiлер.

  Медициналық-әлеуметтік
мекемелердің (ұйымдардың)
жасына байланысты, еңбек
сіңірген жылдары үшін
зейнетақы төлемдері мен
мүгедектiгi бойынша,
асыраушысынан айрылу
жағдайы бойынша берілетін
мемлекеттiк әлеуметтiк
жәрдемақыларды пайдалану
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

МӘМ-нің жеке банктік шотындағы немесе ҚБШ зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды пайдалану туралы комиссияның ШЕШІМІ

      20__ жылғы___________ № ___________

      Адамдардың, қамқорлықтағылардың қажеттіліктерін ескере отырып, комиссия былай

      деп ШЕШТІ:

      Зейнетақы төлемдері мен жәрдемақылар мыналарға жұмсалсын:

Қамқорлықтағы лардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Адамдардың және қамқорлықтағылардың қажеттілігі

Өлшем бірлігі

Пайдалану мақсаттары

Қолдау тапты/қолдау таппады




























      Комиссия мүшелерінің айрықша ой-пікірлері

      ___________________________________________

      (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ___________________________________________

      (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ___________________________________________

      (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Медициналық-әлеуметтік мекеменің

      басшысы/басшы орынбасары ______ __________________________________

      Уәкілетті органның өкілі _______ _________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Үкіметтік емес ұйымның өкілі _______ _________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Медициналық-әлеуметтік мекеменің медицина

      бөлімшесінің меңгерушісі ______ _____________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Медициналық-әлеуметтік мекеменің диеталық тамақтану

      жөніндегі мейіргері _________ _______________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Медициналық-әлеуметтік мекеменің әлеуметтік

      жұмыс жөніндегі маманы ________ _____________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Медициналық-әлеуметтік мекеменің

      бухгалтері _____________ ____________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Медициналық-әлеуметтік
мекемелердің (ұйымдардың)
жасына байланысты, еңбек
сіңірген жылдары үшін
зейнетақы төлемдері мен
мүгедектiгi бойынша,
асыраушысынан айрылу
жағдайы бойынша берілетін
мемлекеттiк әлеуметтiк
жәрдемақыларды пайдалану
қағидаларына 4-қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

Адамдардың алынған зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалануы туралы ЕСЕП

      Есепті кезең 20___ жылғы ________

      Индекс: 1-АЗТМӘЖП

      Кезеңділігі: ай сайын

      Ұсынатын адамдар тобы: медициналық-әлеуметтік мекеме басшылары

      Қайда ұсынылады: облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармаcы, Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаcы

      Ұсыну мерзімі: ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін

  теңге

р/с №

Есепті кезеңнің басына ҚБШ-дағы ақшалай қаражаттың қалдығы

Есепті кезеңге түсімдердің сомасы

Есепті кезеңге жүргізілген шығыстардың сомасы

Есепті кезеңнің аяғына ҚБШ-дағы ақшалай қаражаттың қалдығы

1

2

3

4

5











      Медициналық-әлеуметтік

      мекеменің басшысы/ ______ _____________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Медициналық-әлеуметтік

      мекеменің бухгалтері ________ _______________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Медициналық-әлеуметтік мекеменің атауы __________________________

      Медициналық-әлеуметтік мекеменің мекенжайы _____________________

      М.О. 20___ жылғы "__" ________

      Ескертпе: "Адамдардың алынған зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалануы туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

"Адамдардың алынған зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалануы туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме

      1. "Адамдардың алынған зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалануы туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) медициналық-әлеуметтік мекемелер облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына, Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармаcына, Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін ұсынады.

      2. Нысанға медициналық-әлеуметтік мекеме басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

      3. Нысанның 1-бағанында жолдардың реттік нөмірлері көрсетіледі.

      4. Нысанның 2-бағанында есепті кезеңнің басына ҚБШ-дағы ақшалай қаражаттың қалдығы көрсетіледі.

      5. Нысанның 3-бағанында есепті кезеңге түсімдердің сомасы көрсетіледі.

      6. Нысанның 4-бағанында есепті кезеңге жүргізілген шығыстардың сомасы көрсетіледі.

      7. Нысанның 5-бағанында есепті кезеңнің аяғына ҚБШ-дағы ақшалай қаражаттың қалдығы көрсетіледі.

  Медициналық-әлеуметтік
мекемелердің (ұйымдардың)
жасына байланысты, еңбек
сіңірген жылдары үшін
зейнетақы төлемдері мен
мүгедектiгi бойынша,
асыраушысынан айрылу
жағдайы бойынша берілетін
мемлекеттiк әлеуметтiк
жәрдемақыларды пайдалану
қағидаларына 5-қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

Қамқорлықтағылардың алынған зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалануы туралы ЕСЕП

      Есепті кезең 20___ жылғы ________

      Индекс: 1-ҚЗТМӘЖП

      Кезеңділігі: ай сайын

      Ұсынатын адамдар тобы: медициналық-әлеуметтік мекеме басшылары

      Қайда ұсынылады: облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармаcы, Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаcы

      Ұсыну мерзімі: ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін

  теңге

Р/с №

Қамқорлықтағының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Есепті кезеңнің басына қамқорлықтағының банк шотындағы ақшалай қаражаттың қалдығы

Есепті кезеңге түсімдердің сомасы

Есепті кезеңге жүргізілгеншығыстар сомасы

Есепті кезеңнің аяғына қамқорлық тағының банк шотындағы ақшалай қаражаттың қалдығы

Барлығы

оның ішінде

қолма-қол ақшаны пайдалана отырып

қолма- қол ақшасыз

1

2

3

4

5

6

7

8










ЖИЫНЫ:







      Медициналық-әлеуметтік

      мекеменің басшысы ______ _____________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Медициналық-әлеуметтік

      мекеменің бухгалтері ______ _____________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Медициналық-әлеуметтік мекеменің атауы __________________________

      Медициналық-әлеуметтік мекеменің мекенжайы _____________________

      М.О. 20___ жылғы "__" ________

      Ескертпе: "Қамқорлықтағылардың алынған зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалануы туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

"Қамқорлықтағылардың алынған зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалануы туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме

      1. "Қамқорлықтағылардың алынған зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалануы туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) медициналық-әлеуметтік мекемелер облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына, Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармаcына, Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін ұсынады.

      2. Нысанға медициналық-әлеуметтік мекеме басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

      3. Нысанның 1-бағанында жолдардың реттік нөмірлері көрсетіледі.

      4. Нысанның 2-бағанында қамқорлықтағының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі.

      5. Нысанның 3-бағанында есепті кезеңнің басына қамқорлықтағының банк шотындағы ақшалай қаражаттың қалдығы көрсетіледі.

      6. Нысанның 4-бағанында есепті кезеңге түсімдердің сомасы көрсетіледі.

      7. Нысанның 5-бағанында есепті кезеңге жүргізілген шығыстардың жалпы сомасы көрсетіледі.

      8. Нысанның 6-бағанында 5-бағаннан пайдаланылған қолма-қол ақша сомасы көрсетіледі.

      9. Нысанның 7-бағанында 5-бағаннан пайдаланылған қолма-қол ақшасыз сомасы көрсетіледі.

      10. Нысанның 8-бағанында есепті кезеңнің аяғына қамқорлықтағының банк шотындағы ақшалай қаражаттың қалдығы көрсетіледі.

      11. Арифметикалық-логикалық бақылау: 5-баған 6 және 7-бағандардың қосындысына тең.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады