Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің "Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын бекіту туралы" 2019 жылғы 24 маусымдағы № 58 және "Табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенттерін бекіту туралы" 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 82 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 мамырда № 32601 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 58 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18889 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мұнай тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған үлгілік шартында:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Магистральдық мұнай құбыры жүйесіне Тұтынушы тапсырған барлық мұнайды сақтауға Өнім беруші жауапты болады. Тасымалдаудың толық бір айлық кезеңінде магистральдық мұнай құбыры жүйесінде тұрған, Тұтынушының мұнайының бөлінбеген қалдығын сақтау үшін (магистральдық мұнай құбыры жүйесін толтыру үшін Тұтынушы берген мұнайды шегере отырып) тарифті есептеу мынадай түрде айқындалатын:

      егер тасымалдаудың бір айлық кезеңінің соңындағы мұнайдың бөлінбеген қалдығы тасымалдаудың бір айлық кезеңінің басындағы қалдықтан артық болса, онда тасымалдаудың бір айлық кезеңінің басындағы бөлінбеген қалдық сақтаудың толық бір айлық кезеңі сақталған көлем болып есептелетін;

      егер тасымалдаудың бір айлық кезеңінің аяғындағы мұнайдың бөлінбеген қалдығы тасымалдаудың бір айлық кезеңінің басындағы қалдықтан аз болса, онда тасымалдаудың толық бір айлық кезеңі тасымалдаудың айлық кезеңінің аяғындағы бөлінбеген қалдық сақталған көлем болып есептелетін жағдайларда.";

      2. "Табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22039 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында тасымалдауды қоспағанда, оларды магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламентінде:

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Тұтынушы магистральдық мұнай құбыры жүйесіне тапсырған барлық мұнай табиғи монополия субъектісінде жауапты сақтауда болады. Магистральдық мұнай құбыры жүйесінде тасымалдаудың толық айлық кезеңінде болған тұтынушы мұнайының бөлінбеген қалдығын (магистральдық мұнай құбыры жүйесін толтыру үшін Тұтынушы берген мұнайды шегере отырып) сақтағаны үшін тарифті есептеу, төмендегідей айқындалады:

      егер тасымалдаудың айлық кезеңінің соңындағы мұнайдың бөлінбеген қалдығы тасымалдаудың айлық кезеңінің басындағы қалдықтан артық болған жағдайда, тасымалдаудың айлық кезеңінің басындағы бөлінбеген қалдық тасымалдаудың толық айлық кезеңі сақталған көлем болып есептеледі;

      егер тасымалдаудың айлық кезеңінің соңындағы мұнайдың бөлінбеген қалдығы тасымалдаудың айлық кезеңінің басындағы қалдықтан кем болған жағдайда, тасымалдаудың айлық кезеңінің соңындағы бөлінбеген қалдық тасымалдаудың толық айлық кезеңі сақталған көлем болып есептеледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология және

      табиғи ресурстар министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады