Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 10 тамыздағы № 336 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 10 тамызда № 33268 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы кейбір бұйрықтарға мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 2 маусымдағы № 199 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32681 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау әдістемесінде:

      3-тараудың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтеріне кепілдік берілген сома тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 13,64 пайызы есебінен айқындалады.

      КБС = АЕК*13,64 %, мұндағы:

      КБС – кепілдік берілген сома;

      АЕК – айлық есептік көрсеткіш.

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне және "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепілдік берілген сомадан міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарын төлеуге шығыстар ұсталады.";

      2) "Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 288 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32994 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Жеке көмекшінің қызметтеріне ақы төлеуді қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері қызмет көрсетудің нақты уақыты үшін, бірақ Кодекстің 163-бабының 2-тармағына сәйкес күніне сегіз сағаттан асырмай жүргізеді.

      Жеке көмекшінің бір сағатта көрсететін қызметтеріне ақы төлеуді есептеу тиісті қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 13,64 пайызының есебі негізге алына отырып жүргізіледі.".

      2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Т. Дуйсенова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады