ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртәбән 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11227 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидаларында және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарында:
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Аңшылық алқаптарды бекітіп беру бойынша облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар құратын комиссияның мүшелері:
1) облыстардың жергілікті атқарушы органдарының (облыс әкімінің орынбасарынан төмен емес), комиссия төрағасы;
2) облыстардың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелері (басшыдан төмен емес);
3) ведомствоның аумақтық бөлімшелері (басшының орынбасарынан төмен емес);
4) аңшылық шаруашылығы саласындағы ғылыми ұйымдардың;
5) аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің аккредиттелген республикалық қауымдастықтары.
Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі уәкілетті орган құратын комиссияның мүшелері:
1) ведомствоның (төрағаның орынбасарынан төмен емес), комиссия төрағасы;
2) облыстардың жергілікті атқарушы органдарының (облыстың жергілікті атқарушы органының табиғат пайдалану мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесінің басшысынан төмен емес);
3) ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің (басшының орынбасарынан төмен емес);
4) балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми ұйымдар;
5) балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің аккредиттелген республикалық қауымдастығының өкілдерінен тұрады.
Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерді бекітіп беру жөніндегі ведомствоның аумақтық бөлімшелері құратын комиссияның мүшелері:
1) ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің, комиссия төрағасы (басшыдан төмен емес);
2) облыстардың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелерінің (облыстың жергілікті атқарушы органының табиғат пайдалану мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесінің басшысынан төмен емес);
3) балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми ұйымдарының;
4) балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің аккредиттелген республикалық қауымдастығының;
5) су ресурстары жөніндегі аумақтық бөлімшелердің (басшы орынбасарынан төмен емес) өкілдерінен тұрады.";
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Конкурсқа қатысу үшін кепілдік жарна бастапқы бағаның 15 (он бес пайызын) құрайды, бірақ 50 (елу мың) айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі - АЕК) кем емес және 30 (отыз мың) АЕК аспайды.";
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"38. Егер бірінші конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталған сәтте бір өтінім тіркелген болса, мұндай конкурс өтпеді деп танылады.
Екінші және одан кейінгі конкурстар өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталған сәтте біліктілік талаптарға сәйкес кемінде бір тіркелген өтінім болған кезде өтті деп танылады.
Екінші және одан кейінгі конкурстарды өткізу кезінде конкурстың екінші кезеңіне жалғыз қатысушы жіберілгенде онымен объектінің бастапқы бағасы төленген және шарт жасасқан жағдайда мұндай қатысушы конкурстың жеңімпазы болып танылады.";
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"42. Комиссия хатшысы өтінімдерді ашқан күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде веб-порталда комиссияның барлық мүшелерінің ЭЦҚ-ын пайдалана отырып қол қою үшін рұқсат беру хаттамасын қалыптастырады.
Комиссия мүшесі рұқсат беру хаттамасына қол қоймаған жағдайда, Комиссия хатшысы хаттамада қолдың болмау себебі туралы ақпараты бар рұқсат беру хаттамасында қол қоймаған комиссия мүшелері көрсетіледі.";
45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"45. Конкурстың екінші кезеңін өткізу күні мен уақытын тізілімнің веб-порталы жіберу хаттамасы веб-порталда жарияланған күннен бастап бірінші жұмыс күніне автоматты түрде тағайындайды.";
47, 48, 49 және 50-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"47. Конкурстың екінші кезеңі веб-портал белгілеген уақытта басталады және мынадай түрде өткізіледі:
1) екінші кезең басталған сәтте аукцион залында комиссия белгілеген бастапқы бағадан кем болмайтын өтінімде көрсетілген конкурсқа қатысушылардың баға ұсыныстары көрсетіледі және конкурс басталатын бастапқы баға қалыптастырылады;
2) конкурстың екінші кезеңі басталған сәттен бастап қатысушыға осы Қағиданың 49-тармағына сәйкес белгіленген қадамға басқа қатысушының ең жоғары ағымдағы бағасын арттыру мүмкіндігі беріледі;
3) Егер конкурстың екінші кезеңі басталғаннан бастап он минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі ағымдағы ең жоғары бағаны көтермесе, онда оны ұсынған қатысушы жеңімпаз деп танылады, ал конкурстың осы нысанасы бойынша конкурс өткізілген деп танылады;
4) Егер аукцион залында конкурстың екінші кезеңінің басынан бастап он минут ішінде қатысушылардың бірі осы Қағиданың 49-тармағына сәйкес белгіленген қадамға басқа қатысушының ең жоғары ағымдағы бағасын арттыру жолымен конкурс нысанасын сатып алу ниетін растаса, онда ағымдағы баға белгіленген қадамға ұлғайтылады;
5) Егер ағымдағы баға ұлғайтылғаннан кейін он минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі ағымдағы бағаны ұлғайту жолымен конкурс нысанасын сатып алу ниетін растамайтын болса, онда конкурс нысанасын сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз деп танылады, ал конкурс өткізілген деп танылады;
6) Егер конкурстың екінші кезеңі аяқталған сәтте сағат 17:00-де жеңімпаз анықталмаса, онда конкурстың нысанасын сатып алуға өзінің ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал конкурстың осы мәні бойынша конкурс өткізілген болып танылады.";
48. Егер конкурстың екінші кезеңі басталған сәтте екі және одан да көп қатысушының баға ұсыныстарында конкурс мәні үшін бірдей ең жоғары баға болған және осы ағымдағы баға он минут ішінде ұлғайтылмаған жағдайда, онда осы қатысушылардың арасында өтінімі бірдей ең жоғары бағаны қамтитын қатысушылардың басқа өтінімдерінен бұрын қабылданған қатысушы конкурстың жеңімпазы болып танылады.
49. Конкурстың екінші кезеңі кезінде бағаны өзгерту қадамы былайша белгіленеді:
1) айлық есептік көрсеткіштің 20 еселенген мөлшеріне дейінгі мөлшердегі ағымдағы баға кезінде өзгерту қадамы 20 процент мөлшерінде белгіленеді;
2) ағымдағы баға айлық есептік көрсеткіштің 20 еселенгеннен 100 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы 30 процент мөлшерінде белгіленеді;
3) ағымдағы баға айлық есептік көрсеткіштің 100 еселенгеннен 250 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы 15 процент мөлшерінде белгіленеді;
4) ағымдағы баға айлық есептік көрсеткіштің 250 еселенгеннен 500 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы 10 процент мөлшерінде белгіленеді;
5) ағымдағы баға айлық есептік көрсеткіштің 500 еселенген мөлшерінен және одан жоғары мөлшерде болған кезде өзгерту қадамы 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
50. Конкурстың нәтижелері туралы хаттаманы веб-портал қалыптастырады және ұйымдастырушы мен жеңімпаз ЭЦҚ пайдалана отырып, ол өткізілетін күні қол қояды.
Конкурс нәтижелері туралы хаттама конкурс нәтижелерін және жеңімпаздың және облыстың жергілікті атқарушы органының немесе ведомствоның аумақтық бөлімшесінің конкурс нәтижесі болып табылатын шарттарда шартқа қол қою міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады.
Конкурстың нәтижелерін ведомствоның аумақтық бөлімшелері және (немесе) ведомство конкурс нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде шешім (қаулы) қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдарға жібереді.";
52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"52. Жеңімпаз белгіленген мерзімде конкурс нәтижелері туралы хаттамаға не шартқа қол қоймаған немесе түпкілікті бағаны төлеу мерзімін бұзған жағдайда, ұйымдастырушы веб-порталда конкурс нәтижелерінің күшін жою туралы актіні қалыптастырады және қол қояды.";
54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"54. Облыстың жергілікті атқарушы органы түпкілікті бағаны төлеген күннен бастап он жұмыс күні ішінде объектілерді бекіту туралы шешім (қаулы) қабылдайды.";
55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"55. Облыстың жергілікті атқарушы органының объектілерді бекіту туралы шешімі негізінде шешім қабылданғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде шарт жасалады.";
56 және 57-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"56. Конкурсты жеңіп шыққан тұлға конкурстың нәтижелері туралы хаттамаға немесе шартқа қол қоюдан бас тартқан жағдайда ол енгізген кепілдік жарнаны жоғалтады.
57. Аңшылық алқаптарды бекітіп беру кезіндегі шарт бойынша есеп айырысулар облыстың жергілікті атқарушы органы мен жеңімпаз арасында жүргізіледі.
Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру кезінде шарт бойынша есеп айырысулар ведомствоның аумақтық бөлімшелері мен жеңімпаз арасында жүргізіледі.
Түпкілікті баға конкурс нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей бірыңғай оператордың есеп айырысу шотына енгізіледі.";
58-тармақ алып тасталсын;
59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"59. Жеңімпаз конкурстың нәтижелері туралы хаттамаға, шартқа, белгіленген мерзімде қол қоюдан бас тартқан, немесе түпкілікті бағаны төлеу мерзімін бұзған жағдайда, ұйымдастырушы веб-порталда қалыптастырылатын конкурс нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және конкурстың осы нысанасы бойынша күші жойылған конкурстың шарттарымен конкурс қайтадан өткізіледі.
Түпкілікті баға бірыңғай оператормен ұйымдастырушының веб-порталда жеңімпазбен түпкілікті бағаны төлеу туралы мәліметтер енгізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде республикалық бюджеттің кірісіне аударылады.";
60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"60. Өтінімге балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарында көрсетілген құжаттар қосымша қоса беріледі.
Өтініш берушіде тереңдете қайта өңдеу жөніндегі технологиялар мен өндірістік қуаттардың болуын растау үшін ведомствоның ғылыми ұйымы артемия цисталарын қайта өңдеу саласындағы маманның (мамандардың) және (немесе) ұйымның (ұйымдардың) қатарынан комиссия құрады.
Жеңімпазбен қабылдап алу-беру актісіне қол қою туралы мәліметтер ұйымдастырушымен веб-порталға екі күн ішінде енгізіледі.";
осы қағидалардың 2-қосымшасы осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы қағидалардың 4-қосымшасы осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықтың 2-қосымшасымен бекітілген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі |
З. Сулейменова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурсқа қатысуға өтінім
1. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп
беру бойынша конкурс өткізу туралы жарияланған хабарламаны қарап:
_____________________________________________________________________
(су айдынының және (немесе) учаскесінің атауы)
_____________________________________________________________________
(су айдынының және (немесе) учаскесінің сәйкестендіру нөмірі, аудан, облыс)
және аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және
(немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурс өткізу қағидаларымен
танысқан соң,
Мен, төменде қол қоюшы __________________________________________
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), не заңды тұлғаның атауы)
конкурсқа қатысуға өтінім қабылдауды және өткізілетін конкурсқа қатысушы
ретінде тіркеуді сұраймын. "___" __________ 20 ___ жылғы Интернет желісінде
орналасқан мемлекеттік мүлік веб-порталда www.gosreestr.kz мақсатында
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық) балық аулау, көлде-тауарлы және тор
қоршамада балық өсіру)
2. Мен (біз) конкурсқа қатысу үшін кепілдік жарнаны енгіздім, оны конкурс
нәтижелері анықталғанға дейін тізілімнің веб-порталы мынадай сома бойынша
бұғаттайды: ___________________________________________________________
(сомасы теңгемен, оның ішінде жазумен көрсетіледі)
хабарламада көрсетілген мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай
оператордың (бұдан әрі – бірыңғай оператор) шотына:
_____________________________________________________________________
(жеке сәйкестендіру коды, банктік сәйкестендіру коды, төлем белгілеу коды,
бенефициар коды)
_____________________________________________________________________
(төлем құжатының № және күні)
3. Біздің (менің) қатысушыға қойылатын белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда және (немесе) осы өтінімде мәлімделген ақпараттың дұрыс еместігі анықталған жағдайда біз (мен) конкурсқа қатысу құқығынан айырылып отырмыз, біздің (менің) конкурста жеңіске жеткен жағдайда біз (мен) қол қойған конкурс нәтижелері туралы хаттама мен балық шаруашылығын жүргізу шарты жарамсыз деп танылатындығымен келісемін, кепілдік жарна қайтарылмайды.
4. Егер біз (мен) конкурстың жеңімпазы болған жағдайда, біз (мен) конкурс өткен күні конкурс нәтижелері туралы хаттамаға қол қоямыз (мын) және жергілікті атқарушы объектіні бекіту туралы шешімі (қаулы) негізінде шешім шығарылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде балық шаруашылығын жүргізуге шарт жасаймыз (мын).
5. Мені (бізді) жеңімпаз деп анықтаған жағдайда, мен (біз) енгізген кепілдік жарнаның сомасы қайтарылмайтындығымен және менің (біздің) конкурс нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан, түпкілікті бағаны төлеуден не шарт жасасудан бас тартқан жағдайда, ведомствоның аумақтық бөлімшесінде қалатындығымен келісемін.
6. Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарымен таныстым.
7. Менде (бізде) салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар, кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы мәлімдеймін.
8. Өткен жылдардағы балық шаруашылығын дамыту жоспарлары (қолданыстағы шарттар бойынша) бойынша менде (бізде) берешектің жоқ екендігі туралы мәлімдеймін.
9. Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін жауапкершілік туралы хабардар етемін.
10. Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
11. Осы өтінім конкурс нәтижелері туралы хаттамамен бірге балық шаруашылығын жүргізуге шарт жасалғанға дейін қолданылатын шарттың күші болады.
12. Өзі туралы мәліметтерді ұсынамын:
Заңды тұлға үшін:
Атауы _________________________________________________________
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі ______________________________________
Басшының аты, тегі, әкесінің аты (бар болса) _________________________
Мекен жайы: ____________________________________________________
Телефон нөмірі (факс): ___________________________________________
Кепілдік жарнаны қайтару үшін банктік деректемелер:
Жеке сәйкестендіру коды _________________________________________
Банктік сәйкестендіру коды _______________________________________
Банктің атауы ___________________________________________________
Бенефициар коды ________________________________________________
Кепілдік жарнаны төлеген тұлғаның Жеке сәйкестендіру нөмірі/Бизнес- сәйкестендіру
нөмірі __________________________________________________
Жеке тұлға үшін:
Аты, тегі, әкесінің аты (бар болса) __________________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі ________________________________________
Заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметтi жүзеге асыруға құқық беретiн
құжаттың нөмері _____________________________________________________
Паспорттық деректер _____________________________________________
Мекен жайы: ____________________________________________________
Телефон нөмірі (факс): ___________________________________________
Кепілдік жарнаны қайтару үшін банктік деректемелер:
Жеке сәйкестендіру коды _________________________________________
Банктік сәйкестендіру коды _______________________________________
Банктің атауы ___________________________________________________
Бенефициар коды________________________________________________
Кепілдік жарнаны төлеген тұлғаның Жеке сәйкестендіру нөмірі/Бизнес- сәйкестендіру
нөмірі __________________________________________________
00:00-де өтінім беруші қол қойды және жіберді "__" _______ 20__ жыл:
ЭЦҚ деректері
ЭЦҚ қол қойылған күні мен уақыты
Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:
Сағат 00:00-де "__" ______ 20__ жыл:
ЭЦҚ деректері
ЭЦҚ қол қойылған күні мен уақыты
Бұйрығына 2-қосымша | |
Аңшылық алқаптарды және балық шаруашылығы су айдындары мен (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурс өткізу қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
Меншік құқығында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау мен қайта өңдеу бойынша негізгі құралдардың, технологиялық жабдықтардың және басқа да материалдық-техникалық құралдардың болуы туралы анықтама
№ | Атауы | Өлшем бірлігі | Саны |
кәсіпшілік балық аулауды жүргізу мақсатында | |||
1 | Балық және балық өнімдерін өңдеуге арналған цехтар есептік нөмерін №_____________ көрсете отырып* | тонна/тәулік | |
2 | Балық аулау флоты, оның ішінде**: | ||
1) қуаты 40 ат күші бар және бірліктен жоғары өздігінен жүретін (стационарлық қозғалтқышы бар) | бірлік | ||
3 | Басқасын (көрсету) |
Ескертпе:
*Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 7-1/37 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10466 болып тіркелген) бекітілген Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша балық өнімінің G-2 қызмет түрінің кодымен өндіру объектісінің есеп нөмірінің болуы туралы растама (электрондық көшірмесі);
**Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеме тізілімінен және (немесе) кеме кітабынан қатысушының атына тіркелген үзінді (электрондық көшірмесі).
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.
Мәліметтерді пайдалануға келісемін, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған.
Конкурсқа қатысушы _________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе ұйымның атауы)
Толтырылған күні __________
Қолы _____________________
Бұйрығына 3-қосымша | |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығына 2-қосымша |
Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары
1-тарау. Аңшылық алқаптарды бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары
1. Аңшылық алқаптарды бекітіп беру кезінде қатысушыларға мынадай біліктілік талаптары қойылады:
1) салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы;
2) конкурсқа қатысушының банк, филиал немесе банк бөлімшесі алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы;
3) аумақтық бөлімшелерден алынатын аңшылық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарларына сәйкес қаржылық және басқа да міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтер (аңшылық алқаптары бұрын бекітіліп берілген жеке немесе заңды тұлғалар үшін) (электрондық көшірмесі).
4) жануарлар дүниесін қорғауға арналған меншік немесе жалға алу құқығында материалдық-техникалық құралдарының болуы туралы анықтама.
2-тарау. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары
2. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру кезінде қатысушыларға мынадай біліктілік талаптары қойылады:
кәсіпшілік балық аулауды және (немесе) әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:
1) салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар, кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша берешегінің болмауы туралы мәліметтер;
2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес меншік құқығында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын өндіру мен қайта өңдеу бойынша негізгі құралдардың, технологиялық жабдықтардың және басқа да материалдық-техникалық құралдардың болуы туралы анықтама (әуесқойлық (спорттық) балық аулауды және жергілікті балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қоспағанда);
3) аумақтық бөлімшелерден алынатын балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарларына сәйкес қаржылық және басқа да міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтер (балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бұрын бекітіліп берілген жеке немесе заңды тұлғалар үшін) (электрондық көшірмесі).
Ескертпе* қайта өңдеу балық шикізатын өңдеуді білдіреді, ол мына процестерді, не олардың бір бөлігін: бөлшектеуді (қабыршығынан аршуды, бөлшектеп бөлуді, сүбе етін алуды, басын кесіп алуды, терісін сыпыруды, етін тартуды, ішек-қарнынан тазартуды), қақтауды, суықтай және ыстықтай ыстауды, балық ұнын (майын, бар болса) консервілер мен пресервілер өндіруді қамтиды.
ащы-тұзды балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:
1) салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар, кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша берешегінің болмауы туралы мәліметтер;
2) аумақтық бөлімшелерден (бұрын балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бекітіп берілген жеке немесе заңды тұлғалар үшін) алынатын балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарларына сәйкес қаржылық және басқа да міндеттемелерді орындау туралы мәліметтер (түпнұсқа);
3) өтініш берушіде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ведомствоның ғылыми ұйымының қорытындысымен расталған Артемия цисталарын терең өңдеу бойынша технологиялар мен өндірістік қуаттардың болуы.
Ескертпе* артемия цисталарын терең өңдеу деп ылғалдылығы 8%-дан аспайтын, науплий мөлшері кемінде 160 000 дана/грамм, жарып шығуы кемінде 80% құрғақ артемия цисталарын өндіру жөніндегі процесті қамтиды.
шарбақтық және (немесе) көлде тауарлы балық өсіру шаруашылықтарын жүргізу мақсатында балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:
салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар, кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша берешегінің болмауы туралы мәліметтер.