Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын ұйымдардың тіркелімін әлеуметтік қызметтер порталында электрондық түрде қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 6 маусымдағы № 205 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 7 маусымда № 32724 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 136-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын ұйымдардың тіркелімін әлеуметтік қызметтер порталында электрондық түрде қалыптастыру қағидалары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбір бұйрықтары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызмет көрсету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрге жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Т. Дуйсенова

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 6 маусымдағы
№ 205 бұйрығына
1 қосымша

Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын ұйымдардың тіркелімін әлеуметтік қызметтер порталында электрондық түрде қалыптастыру қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 07.04.2025 № 106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын ұйымдардың тіркелімін әлеуметтік қызметтер порталында электрондық түрде қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 136-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын ұйымдардың тіркелімін әлеуметтік қызметтер порталында электрондық түрде қалыптастыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін ұйымдардың тіркелімі (бұдан әрі – ұйымдар тіркелімі) – әлеуметтік қызметтер порталында өнім берушілер ретінде тіркелген ұйымдардың электрондық тізбесі;

      2) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілер (бұдан әрі – өнім берушілер) – арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған лицензия негізінде ұсыну жөніндегі мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларда жұмыспен қамтылған жеке және (немесе) заңды тұлғалар;

      3) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы тіркелімі (бұдан әрі – портал) – Кодекске сәйкес мүгедектігі бар адамдар үшін өнім берушілер ұсынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құнын жергілікті атқарушы органдардың кепілдік берілген сома шегінде өтеуі шарттарымен оларға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін білдіретін ақпараттандыру объектісі.

      3. Ұйымдардың тіркелімі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 230 бұйрығымен бекітілген "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34655 болып тіркелген) сәйкес лицензия алу үшін өнім берушілер ұсынған деректердің негізінде электрондық түрде қалыптастырылады.

2-тарау. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын ұйымдардың тіркелімін әлеуметтік қызметтер порталында электрондық түрде қалыптастыру тәртібі

      4. Ұйымдардың тіркелімі осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензия берілгенен кейін автоматты түрде порталда электрондық түрде қалыптастырылады.

      5. Ұйымдар тіркелімі мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) ұйымның атауы;

      2) бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      3) заңды мекенжайы;

      4) қызмет көрсету шарты (стационар, жартылай стационар, үйде, уақытша болу жағдайында);

      5) қызмет алушылар санаты (психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектігі бар балалар; тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балалар; психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдар; бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар; егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдар; белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар; бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдар; тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары; адам саудасының құрбандары);

      6) ұйымның жалпы қуаттылығы;

      7) байланыс деректері (телефон, электрондық пошта мекенжайы);

      8) лицензиялау (берілген күні, лицензияның қолдану мерзімі);

      9) лицензияны қайта рәсімдеу күні;

      10) қызмет көрсету шарты (қол қойылған күні, шарттың мерзімі);

      11) енгізілген күні;

      12) лицензияның қолданысы тоқтатылған күні;

      13) шығару негізі.

      6. Лицензияның қолданысын тоқтату "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы заңының 35-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      7. Өнім берушінінің келісімімен ұйымдардың тіркелімінде қамтылған мәліметтер жалпыға қолжетімді болып табылады.

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2025 жылғы 7 сәуірдегі
№ 106 Қағидаларға
қосымша
  Нысан

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың тіркелімі

Ұйымның атауы

бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Мекенжайы

Қызмет көрсету шарты

Қызмет алушылар санаты

1

2

3

4

5

6





-стационар
-жартылай стационар
-үйде
-уақытша болу жағдайында

психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектігі бар балалар; тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балалар; психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдар; бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдар;
белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдар; тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары;
адам саудасының құрбандары













      кестенің жалғасы

Ұйымның жалпы қуаттылығы

Байланыс мәліметтері

Лицензиялау

Лицензияның қайта рәсімдеу күні

телефон

Электорндық пошта мекенжайы

Берілген күні

Лицензияның қолдану мерзімі

7

8

9

10

11

12



















      кестенің жалғасы

Қызмет көрсету келісім шарты

Енгізілген күні

Лицензияның қолданысы тоқтатылған күні

Тіркеуден шығару негізі

Бекітілген күні

Шарт мерзімі

13

14

15

16

17
















  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 6 маусымдағы
№ 205 бұйрығына
2 қосымша

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір бұйрықтарының және құрылымдық элменттерінің күші жойылды деп тану туралы

      1. "Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын ұйымдардың бірыңғай тіркелімін және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 377 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17469 болып тіркелген).

      2. "Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын ұйымдардың бірыңғай тіркелімін және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 377 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 10 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26516 болып тіркелді).

      3. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 383 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер тізбесінің 7-тармағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29785 болып тіркелді).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады