"Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 25 сәуірдегі № 140 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2023 жылғы 13 маусымдағы № 221 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 13 маусымда № 32773 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 25 сәуірдегі № 140 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16902 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің міндетін атқарушы
Ж. Нурмаганбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
міндетін атқарушы
2023 жылғы 13 маусымдағы
№ 221 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 26 сәуірдегі
№ 141 бұйрығымен
бекітілген

Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 146-бабының 4-тармағына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және шикі газды факелде жағуға рұқсат беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) Бiрыңғай байланыс орталығы – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;

      2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;

      3) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі – лицензиялауды, сәйкестендіру нөмірін бере отырып, рұқсат алу бөлігінде рұқсат беру рәсімдерін электрондық түрде жүзеге асыруға, арыз берушінің хабарлама жіберуіне және осы процестерді қамтамасыз етуге арналған, "электрондық үкіметтің" құрауышы болып табылатын ақпараттық жүйе;

      4) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - Портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      5) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

      3. Шикі газды факелде жағуға рұқсаттар беру:

      1) ұңғыма объектілерін сынау кезінде;

      2) кен орнын сынамалап пайдалану кезінде;

      3) шикі газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу кезінде жүзеге асырылады.

      4. "Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі ) осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген.

2-тарау. Шикі газды факелде жағуға рұқсаттар беру тәртібі

1-параграф. Ұңғымалар объектілерін сынау кезінде шикі газды факелде жағуға рұқсаттар беру

      5. Ұңғыма объектілерін сынау кезінде шикі газды жағуға жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша оператор, сенімгерлік басқарушы) (бұдан әрі – арыз беруші) бекіткен және Кодекс көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларын жүргізу үшін базалық жобалау құжатына немесе әзірлеуді талдауға сәйкес, арыз беруші бекіткен ұңғыма объектілерін сынау жоспарында көзделген мерзімге, ұңғыманың әрбір объектісі үшін тоқсан күннен аспайтын мерзімге шикі газды жағуға жол беріледі.

      Ұңғыма объектілерін сынау кезінде Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін бекітілген жобалау құжатына сәйкес, арыз беруші бекіткен ұңғыма объектілерін сынау жоспарында көзделген мерзімге, ұңғыманың әрбір объектісі үшін тоқсан күннен аспайтын мерзімге шикі газды жағуға жол беріледі.

      6. Өтініш беруші ұңғыма объектілеріне сынақ жүргізу кезінде рұқсат алу үшін Портал арқылы көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды жібереді.

      7. Ұңғыма объектілерін, оның ішінде нақты немесе жобалық ұңғымаларды бұрғылау бойынша сынау жоспарын арыз беруші:

      барлау кезеңінде – барлау кезеңінен, сондай-ақ осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген жобалау құжатының қолдану мерзімінен аспайтын мерзімге;

      өндіру кезеңінде – өндіру кезеңінен, сондай-ақ Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген жобалау құжатының қолдану мерзімінен аспайтын мерзімге жасайды.

2-параграф. Кен орнын сынамалап пайдалану, шикі газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу кезінде шикі газды факелде жағуға рұқсаттар беру

      8. Кен орнын сынамалап пайдалану, шикі газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу кезінде рұқсатты алу үшін Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар ұсынылады.

      9. Арыз беруші сынамалап пайдалану кезінде барлау кезеңінен, сондай-ақ сынамалап пайдалану жобасының және шикі газды қайта өңдеу бағдарламасының қолдану мерзімінен аспайтын мерзімге рұқсат сұратады.

      Арыз беруші шикі газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу кезінде өндіру кезеңі мерзімінен, сондай-ақ базалық жобалау құжатының, әзірлеуді талдаудың немесе Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін бекітілген жобалау құжатының және шикі газды қайта өңдеу бағдарламасының қолдану мерзімінен аспайтын мерзімге рұқсат сұратады.

      10. Егер кен орнын сынамалап пайдалану кезінде, шикі газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу кезінде рұқсат алу үшін өтініш берілсе, өтініш берілген күннен бастап осындай кезеңнің өткен күндерін шегеріп тастағанда және жағылатын шикі газ көлемін тиісті қайта есептеумен уәкілетті органның рұқсат беру мерзімін шегеріп тастағандағы Кодекстің 147-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті органмен бекітілген шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасына сәйкес кезең жағудың сұратылып отырған кезеңі болып көрсетіледі.

3-тарау. Уәкілетті органның шикі газды факелде жағуға рұқсаттар беруге өтініштерін қарауы

      11. Өтініш келіп түскен күні көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және тіркелген құжаттарды құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысын айқындайтын жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысына береді.

      Өтініш беруші мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды берген кезде өтініш берушінің "жеке кабинетінде" көрсетілетін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе Портал арқылы өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.

      Көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Уәкілетті орган жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Арыз беруші құжаттар топтамасын толық ұсынбаған кезде көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арызды одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды.

      Көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесі басшысының ЭЦҚ қол қойылған арызды одан әрі қараудан уәжді бас тарту өтініш берушіге электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      12. Арыз беруші ұңғыма объектілеріне сынақтар жүргізу кезінде рұқсат алу үшін құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері оларды алты жұмыс күні ішінде осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін қарайды.

      Кен орнын сынамалы пайдалану, шикі газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу кезінде рұқсат алу үшін құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері оларды осы Қағидалардың 11-тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін қарайды.

      Ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы және олардың осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігі жағдайында көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері осы Қағидалардың 11-тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат не осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат беруден уәжді бас тартуды дайындайды және арыз берушіге жібереді.

      13. Бас тарту туралы алдын ала шешім қабылданған жағдайда, көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізу уақыты мен орны туралы хабарлама жібереді.

      Тыңдау рәсімі ҚР ӘРПК-ның 73-бабына сәйкес жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат беру не осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шикі газды жағуға рұқсат беруден уәжді бас тартуды ұсыну арқылы рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      14. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.

      15. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актіні бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.

      16. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекет жасауына (әрекетсіздік танытуына) шағымдану үшін шағым уәкілетті орган әкімшілік актіні қабылдағаны немесе әрекет жасағаны (әрекетсіздік танытқаны) туралы арыз берушіге белгілі болған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірілмей:

      шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға);

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға;

      мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган басшылығының атына беріледі.

      Арыз берушінің шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды тұлға шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген арыз иесіне ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      Шағым ҚР ӘРПК 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган шағымды қарайтын органға ол келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді. Уәкілетті орган қолайлы акт қабылданған, шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      Шағымды қарайтын органның шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.

      17. Шағымды қарайтын органның шешімімен келіспеген жағдайда, арыз беруші шағымды қарайтын басқа органға немесе ҚР ӘРПК 100-бабының 6-тармағына сәйкес сотқа жүгінеді.

  Шикі газды факелде
жағуға рұқсат беру
қағидаларына
1-қосымша

"Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

"Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы:
1) ұңғыма объектілерін сынау кезінде;
2) кен орнын сынамалап пайдалану кезінде;
3) шикі газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу кезінде.

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

2.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

Арыздарды қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады www.egov.kz, www.elicense.kz.

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1) ұңғымалар объектілерін сынау кезінде факелде шикі газды жағуға рұқсат беру кезінде – 8 (сегіз) жұмыс күні.
2) кен орнын сынамалы пайдалану, шикі газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу кезінде факелде шикі газды жағуға рұқсат беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні.

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Факелде шикі газды жағуға рұқсат не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту нысанында.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигін

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде арыздарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін

Порталға:
ұңғымалар объектілерін сынау кезінде:
1) "Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес шикі газды факелде жағуға рұқсат алу үшін арыз (бұдан әрі – арыз);
2) көрсетілетін қызметтіалушы бекіткен ұңғыма объектілерін сынау жоспарының электрондық көшірмесі;
3) бұрын алынған рұқсат шеңберінде ұңғыма объектілерін сынау бойынша жұмыстар жүргізілмеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы оларды жүргізбеу себептерін түсіндіретін растайтын құжаттың электрондық көшірмесін тіркейді;
кен орнын сынамалы пайдалану, шикі газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу кезінде "Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес арыз беріледі.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы рұқсат алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 25 сәуірдегі № 140 бұйрығымен бекітілген Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру қағидаларында белгіленген рұқсат беру үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің сәйкес келмеуі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16902 болып тіркелген);
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметі алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылады.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1) мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" деген бөлімінде;
Порталда орналастырылған;
2) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар;
3) көрсетілетін қызметті алушының Порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар;
4) Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді;
5) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы 1414, 8 800 080 7777.

  "Шикі газды факелде жағуға
рұқсат беру" мемлекеттік
қызмет көрсетуге қойылатын
негізгі
талаптар тізбесіне
қосымша
  Нысан

Шикі газды факелде жағуға рұқсат алу үшін арыз

      (қайда)_______________________________________________________________

      (көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның толық атауы)

      бастап _____________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру

      нөмірі, заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жерінің мекенжайы, бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі, байланыс деректері (телефон, электрондық пошта)

      ____________________________________________________________________

      (кен орны (құрылым); ұңғыма нөмірі*)

      ____________________________________________________________________

      (мәлімделген жылға жағу мерзімін көрсете отырып, жағылатын шикі

      газдың көлемі (млн. м3)

      ____________________________________________________________________

      (жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жобалау

      құжатының атауы, нөмірі, күні және қолданылу мерзімі)

      ____________________________________________________________________

      (шикі газды жағу нормативтері мен көлемдерін есептеу көмірсутектер

      саласындағы уәкілетті орган бекітетін әдістемеге сәйкес)

      Ұңғыма туралы деректер:*

Объектінің атауы және нөмірі

Көлемі, млн. м3

Аралығы

Объектілер бойынша факелде шикі газдың жағылу күндері

1

2

3

4









      * ұңғымалар объектілеріне сынақтар жүргізу кезінде шикі газды жағуға рұқсат алу үшін

      Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі:

      1. ______________________________________

      2. ______________________________________

      …

      Осы арқылы арыз беруші рұқсат беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісетіні расталады.

      Ұйымның басшысы

      ____________________________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      Электрондық-цифрлық қолтаңба 20 __ ж. "____" ____________________

  Шикі газды факелде жағуға
рұқсат беру қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

[УО атауы (мемлекеттік тілде)]
[УО реквизиттері мемлекеттік тілде]



 

[УО атауы (орыс тілінде)]
[УО реквизиттері орыс тілінде]

Арызды одан әрі қараудан/ рұқсат беруден уәжді бас тарту

Нөмірі: [нөмірі]
Берілген күні: [берілген күні]

Жер қойнауын пайдаланушының атауы (жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша оператордың, сенімгерлік басқарушының атауы)

[УО атауы], Сіздің [арыз берген күн] № [арыз нөмірі] арызыңызды қарап, хабарлайды
____________________________________.
[бас тарту себебі]

[Көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы]

[тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)]


 

  Шикі газды факелде жағуға
рұқсат беру қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

[УО атауы (мемлекеттік тілде)]
[УО реквизиттері мемлекеттік тілде]



 

УО атауы (орыс тілінде)]
[УО реквизиттері орыс тілінде]

Шикі газды факелде жағуға
РҰҚСАТ

Нөмірі: [нөмірі]
Берілген күні: [берілген күні]

Жер қойнауын пайдаланушының атауы (жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша оператордың, сенімгерлік басқарушының атауы)

 
Берілді: ________________________________________________________
(жер қойнауын пайдаланушының атауы (оператор келісімшарт
бойынша сенімгерлікпен басқарушының жер қойнауын пайдалану))
Кен орны, ұңғыма: ______________________________________________
(кен орны (құрылымы), ұңғыма нөмірі)
Көлемінде:______________________________________________________
(газды шикі жағудың рұқсат етілген көлемі)
Шикі газды жағу түрі:____________________________________________
(шикі газды жағу түрі)
Рұқсаттың қолдану мерзімі: ______________________________________
(дайындық және қорытынды жұмыстарды ескере отырып
рұқсаттың қолдану кезеңі)
Ескертпе: ________________________________________________________


[Көмірсутектер саласындағы уәкілетті
органның жауапты құрылымдық
бөлімшесінің басшысы]

[тегі, аты, әкесінің аты (болған
жағдайда)]

 


 

  Шикі газды факелде жағуға
рұқсат беру қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Хабарлама

      ________________________________________________________ берілді

      (арыз берушінің толық атауы)

      Осы арқылы_____________________________________________МО

      (уәкілетті органның толық атауы)

      Сіздің [өтінім күні] жылғы №[Өтінім нөмірі] арызыңызды қарап,

      көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган "Шикі газды факелде жағуға рұқсат

      беру" мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі бойынша алдын ала шешімге

      ___________________________________________________________________

      (арыз берушінің толық атауы)

      ұстанымын _________________________________________________________

      (тыңдау өткізілетін күні, уақыты және орны)

      білдіру мүмкіндігі туралы хабарлайды.

      Уәкілетті орган басшысы ______________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (уәкілетті орган басшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда ),

      лауазымы)

      Хабарлама жолданған күні және уақыты:

      20__ жылғы "___" ______ "__" сағат "__" мин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады