Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 13 маусымдағы № 480 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 13 маусымда № 32774 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының ұсынылып отырған тізбесі бекітілсін, оларға осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізіледі.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әскери - тергеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мыналарды:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
М. Ахметжанов

  Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2023 жылғы 13 маусымдағы
№ 480 Бұйрыққа
қосымша

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі:

      1. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тергеу, анықтау және әскери-тергеу бөліністерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 220 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10761 болып тіркелген):

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тергеу, анықтау бөліністері және әскери-тергеу органдарының қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы";

      преамбула мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тергеу, анықтау бөліністерін және әскери-тергеу органдарын ұйымдастыру бойынша қызметті жетілдіру мақсатында "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 2-тармағының 10) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН":

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса берілетін Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тергеу, анықтау бөліністерінің және әскери-тергеу органдарының қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тергеу, анықтау бөліністерінің және әскери-тергеу органдарының қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тергеу, анықтау бөліністерінің және әскери-тергеу органдарының қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық".

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ішкі істер органдарының (бұдан әрі - ІІО) құзыретіне жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша тергеу, анықтау бөліністерінің және әскери-тергеу органдарының қызметін ұйымдастыру бойынша осы нұсқаулық Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (бұдан әрі - ҚК), Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне (бұдан әрі – ҚПК), "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң), басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді және ІІО тергеу, анықтау бөліністерінің және әскери-тергеу органдары қызметінің тәртібін нақтылайды."

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Тергеу, анықтау бөліністерінің және әскери-тергеу органдарының жүйесін мыналар қалыптастырады: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) орталық аппаратында Тергеу департаменті (бұдан әрі – ТД) және аумақтық ІІО, онда басқармалар (өңірлік басқармалар), бөлімдер, бөлімшелер, топтар құрылады."

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Құзырет шегінде тергеу, анықтау бөліністері және әскери-тергеу органдарының қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асырады.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Қылмыстылықтың жай-күйі туралы деректерді кешенді талдау және әскери-тергеу органдары қызметінің нәтижелері негізінде тоқсандық жоспарлар әзірленеді. Оларға сәйкес жұмыстың тиімділігін арттыруға және заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтауды арттыруға бағытталған іс-шаралар жүргізіледі, кемшіліктерді жою бойынша қызметте нақты өзгерістерге қол жеткізіледі.";

      4-тарауда:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Қалалық және аудандық басқармаларда (бөлімдерде), желілік ішкі істер бөлімдерінде тергеу, анықтау бөліністерінің және әскери-тергеу органдарының қызметін ұйымдастыру.";

      75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "75. ІІО басқа қызметтерінің басшылары мен қызметкерлеріне әскери-тергеу органдарының қызметіне араласуға, нұсқаулар және қабылданған шешімдерге баға беруге тыйым салынады.";

      86-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "86. Әскери-тергеу органдарының тергеушілері мен жедел қызметкерлерін олардың лауазымдық міндеттерін орындаумен байланысты емес тапсырмаларды орындауға тартуға тыйым салынады.";

      2. "Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 562 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15699 болып тіркелген):

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидаларында:

      7-тармақтың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі немесе оны алмастыратын адам – әскери-тергеу органдарының әскери қызметшілеріне;".

      3. "Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, сақтау, төмендету және алып тастау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 208 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16731 болып тіркелген):

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, сақтау, төмендету және алып тастау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, сақтау, төмендету және алып тастау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) ішкі істер органдарының полиция, қылмыстық-атқару жүйесі, әскери-тергеу органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының (бұдан әрі - ҰҰ) әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және сақтау тәртібін айқындайды.";

      2-тарауда:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Ішкі істер органдарының полиция, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері және әскери-тергеу органдарының әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігі";

      1-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-параграф. Ішкі істер органдарының полиция, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне және әскери-тергеу органдарының әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілікті беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау тәртібі.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. ІІО-ның әрбір қызметкері және әскери қызметшісінің кәсіби шеберлігін ынталандыру мақсатында полиция, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің және әскери-тергеу органдарының әскери қызметшілерінің (бұдан әрі – ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілері) сыныптық біліктілікті беру, жоғарылату оқу жылының нәтижесі бойынша жүргізіледі.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. ІІО қызметкерлері және әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату нәтижелері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ІІО полиция, қылмыстық-атқару жүйесі және әскери-тергеу органдарының әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілік беру туралы актіде (бұдан әрі - ІІО актісі) көрсетіледі.";

      2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Ішкі істер органдарының полиция, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері және әскери-тергеу органдарының әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату өлшемшарттары";

      3-параграф тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-параграф. Ішкі істер органдарының полиция, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері және әскери-тергеу органдарының әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау";

      21-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – ІІМ орталық аппараты бөліністерінің қатардағы және басшы құрамының лауазымдарында қызмет өткеретін ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне, ІІМ оқу орталықтарының бастықтарына және олардың орынбасарларына, (Астана қаласы), республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, (Жезқазған қаласы) және облыстардың "Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы", "Автокөліктік қызмет көрсету мекемесі", "Солтүстік", "Оңтүстік" әскери және арнайы жабдықтау базасы" мемлекеттік мекемелерінің бастықтарына және олардың орынбасарларына, ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің, Кинологиялық орталықтың бастықтарына және олардың орынбасарларына, ІІМ Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкінің, ІІМ Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкінің командирлеріне және олардың орынбасарларына, қызметкерлеріне және әскери-тергеу органдарының әскери қызметшілеріне;

      2-қосымшада:

      Тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Полиция, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері мен әскери-тергеу органдарының әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілік беру туралы акті".

      4. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 27.05.2024 № 434 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. "Ішкі істер органдарының әскери қызметшісін қызметтік қажеттілік жағдайында жыл сайынғы негізгі демалысынан шақыртып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 653 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21355 болып тіркелген):

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарының әскери қызметшісін қызметтік қажеттілік жағдайында жыл сайынғы негізгі демалысынан шақыртып алу қағидаларына:

      4-тармақ алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "басқа қызметтік қажеттілік жағдайларында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің қызметтің осы бағытына жетекшілік ететін орынбасарының, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан өңірлік қолбасшылықтары қолбасшыларының, өңірлік әскери-тергеу органдары бастықтарының шешімі бойынша.".

      6. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әскери-медициналық (медициналық) бөліністерінде (ұйымдарында) ведомстволық әскери-медициналық (медициналық) статистикалық есептілік нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 779 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21650 болып тіркелген):

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әскери-медициналық (медициналық) бөліністерінде (ұйымдарында) ведомстволық әскери-медициналық (медициналық) статистикалық есептілік нысандарына:

      7-қосымшада:

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың полиция департаменттері әскери-дәрігерлік комиссияларының қызметі туралы есебінде,

      "02. Әскери-дәрігерлік комиссия жүргізген медициналық куәландыру жөніндегі мәліметтер" тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "

бөліністің атауы

жолдың №

қызметке кандидаттар, адам

оқуға үміткерлер, адам

барлық тіркелген қорытындылар

оның ішінде

барлық тіркелген қорытындылар

оның ішінде

жарамды

жарамсыз

қорытынды тексеру аяқталмауына байланысты шығарылмаған

жарамды

жарамсыз

қорытынды тексеру аяқталмауына байланысты шығарылмаған

денсаулық жағдайы бойынша оқу орындарынан қайтарылды

А

Б

1

2

3

4

5

6

7

8

9

полиция, оның ішінде әскери-тергеу органдарының әскери қызметшілері

01










қылмыстық-атқару жүйесі

02










Ұлттық ұлан барлығы

03










оның ішінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер

03.1

Х

Х

Х

Х






азаматтық қорғау органдары, оның ішінде әскери қызметшілер

04










прокуратура органдары

05










сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмета

06










Экономикалық тергеу қызметі

07










Барлығы (01, 02, 03, 04, 05, 06, 07 жолдарының сомасы)

08










      Кестенің жалғасы

қызметкерлер мен әскери қызметкерлер, адам

бөлініс бойынша тіркелген қорытындылардың барлығы, бірлік

барлық тіркелген қорытындылар

оның ішінде

жарамды, оның ішінде әскери қызметке жарамды

әскери есептен шығарумен жарамсыз

бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында жарамды шектеулі

әскери қызметке шектеулі жарамды

тексеруге (емдеуге), кейіннен куәландыруға жатады

10

11

12

13

14

15

16

      "03. Медициналық куәландыру жүргізілген қызметкерлер мен әскери қызметшілер бойынша мәліметтер" тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "

бөліністің атауы

жолдың №

әскери есептен жарамсыз деп танылған; бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында жарамды деп шектелген; әскери қызметке шектеулі жарамды деп танылған адам

3 жылдан аз қызмет еткендер және есепті жылы созылмалы аурулар бойынша есепке алынғандар, адам

қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертіккен (жарақат алған, жараланған, контузия алған), ауырған адамдар, адам

барлығы

оның ішінде

барлығы

в том числе врачом психиатром

3 жылдан аз қызмет еткен, белгіленген еңбек сіңірген жылдары немесе қызметте болудың шекті жасы жоқ

белгіленген еңбек сіңірген жылдары немесе қызметте болудың шекті жасы жоқ

А

Б

1

2

3

4

5

6

полиция, оның ішінде әскери-тергеу органдарының әскери қызметшілері

01







қылмыстық-атқару жүйесі

02







Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа, Ұлттық ұлан

03







азаматтық қорғау органдары, оның ішінде әскери қызметшілер

04







прокуратура органдары

05







сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмета

06







Экономикалық тергеу қызметі

07







Барлығы (01, 02, 03, 04, 05, 06, 07 жолдарының сомасы)

08







      Нысанды толтыру бойынша түсіндірмеде осы "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың полиция департаменттері әскери-дәрігерлік комиссияларының қызметі туралы есеп" нысанына қосымшада келтірілген (ІІМ Ф№7ЖҚ):"

      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-4-бағандардың 01 және 04 - жолдары бойынша қызметке, оның ішінде әскери қызметшілер (әскери-тергеу органдары, азаматтық қорғау органдары) лауазымдарына ресімделетін кандидаттар, 10-15-бағандар-қызметкерлер мен әскери қызметшілер ескеріледі.

      7. "Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін және ішкі істер органдарының әскери қызметшілерін Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әскери-медициналық (медициналық) бөліністерінде (ұйымдарында) медициналық қарап-тексеру жүргізу қағидалары мен мерзімділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 780 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21665 болып тіркелген):

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін және ішкі істер органдарының әскери қызметшілерін Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әскери-медициналық (медициналық) бөліністерінде (ұйымдарында) медициналық қарап-тексеру жүргізу мерзімділігі туралы қағидаларда:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін және ішкі істер органдарының әскери қызметшілерін Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әскери-медициналық (медициналық) бөліністерінде (ұйымдарында) медициналық қарап-тексеру жүргізу қағидалары мен мерзімділігі (бұдан әрі - Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 11-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес әзірленген және, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 78 қаулысымен бекітілген Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін және олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін, зейнеткерлерін, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің балаларын олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық және санаторий-курорттық қамтамасыз ету қағидаларының 2-тармағында көрсетілген адамдардың жекеленген санаттарын қоспағанда, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін және ішкі істер органдарының әскери қызметшілерін медициналық қарап-тексеру тәртібін анықтайды.

      Ішкі істер органдарының әскери қызметшілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және әскери-тергеу органдарының әскери қызметшілері жатады.

      8. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әскери-медициналық (медициналық) бөліністерінде әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 781 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21664 болып тіркелген):

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген"Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әскери-медициналық (медициналық) бөліністерінде әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының әскери-медициналық (медициналық) бөліністерін әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 11-бабы 1-бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, ішкі істер органдарының әскери қызметшілеріне, олардың отбасы мүшелеріне және құқық қорғау органдарының зейнеткерлеріне (бұдан әрі - контингент) ішкі істер органдарының әскери медициналық (медициналық) бөліністерінде әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.

      Ішкі істер органдарының әскери қызметшілеріне (бұдан әрі - әскери қызметшілер) Ұлттық ұланның және әскери-тергеу органдарының әскери қызметшілері жатады.

      9. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 3 наурыздағы № 200 бұйрығына Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әскери қызметшілеріне ақшалай үлес, жәрдемақылар мен басқа да төлемдер төлеу қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32048 болып тіркелген).

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әскери қызметшілеріне ақшалай үлес, жәрдемақылар мен басқа да төлемдер төлеу қағидаларына:

      66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "66. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының, әскери-тергеу бөлімшелерінің, әскери полицияның әскери қызметшілеріне, ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қызметтің ерекше жағдайы үшін үстемеақы мөлшері Еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес белгіленеді.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады