Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 213 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 13 маусымда № 32776 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 72-бабы 2-тармағының төртінші абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір шешімдері мен кейбір шешімдерінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтің сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Т. Дуйсенова

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялық
және аэроғарыштық
өнеркәсіп министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 9 маусымдағы
№ 213 бұйрығына
1-қосымша

Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      3) бюджеттік субсидиялардың мөлшерін белгілеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдары;

      4) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (бұдан әрі – Қор) – әлеуметтік аударымдарды шоғырландыруды, асыраушысынан айырылған жағдайда, отбасы мүшелерін – асырауындағыларды қоса алғанда, өздеріне қатысты әлеуметтік тәуекел жағдайы туындаған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлемдерді тағайындауды және жүзеге асыруды жүргізетін, құрылтайшысы және жалғыз акционері мемлекет болып табылатын, акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым;

      5) міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агент (бұдан әрі – агент) – Қазақстан Республикасындағы қызметін шетелдік заңды тұлғалардың тұрақты мекемесі, филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаны қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын есептейтін, ұстап қалатын (есепке жазатын) және БЖЗҚ-ға аударатын жеке немесе заңды тұлға;

      6) орталықтандырылған дерекқор (бұдан әрі – ОДҚ) – әлеуметтік төлемдерді алушылардың орталықтандырылған дерекқоры;

      7) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Қордың қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      8) электрондық-цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.03.2024 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Бюджеттік субсидиялардың мөлшерін электрондық белгілеу кезінде субсидиялар белгілеу жөніндегі уәкілетті орган мен Мемлекеттік корпорацияның өзара іс-қимылы "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

2-тарау. Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялауды жүзеге асыру тәртібі

      4. Бала бір жарым жасқа толғаннан кейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушылардың пайдасына қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау (бұдан әрі – бюджеттік субсидия) осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

      5. Егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар бала бір жарым жасқа толғанда оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді алушыға (бұдан әрі – күтім бойынша әлеуметтік төлем) бюджеттік субсидиялар оның күтім бойынша әлеуметтік төлем сомасынан міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалуға келіскен кезде Кодекстің 248-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Ай сайынғы бюджеттік субсидияның мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық табыс мөлшерінен есептелген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен күтіміне баланысты төленетін әлеуметтік төлемнен ұсталатын міндетті зейнетақы жарналарының сомасы арасындағы айырма ретінде мынадай формула бойынша айқындалады:

      СУБ = (ОАТ * 10 % / 100 %) – (БКәт * 10 % / 100 %), мұндағы:

      СУБ – ай сайынғы бюджеттік субсидияның мөлшері;

      ОАТ – күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді алушының әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде есепке алынған табыстың орташа айлық мөлшері. ОАТ Кодекстің 85-бабына сәйкес айқындалады. Әлеуметтік аударымдарды есептеу Кодекстің 245-бабына сәйкес жүргізіледі.

      БКәт – Кодекстің 85-бабына сәйкес айқындалатын Қордан күтіміне байланысты төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлемнің мөлшері.

      7. Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне байланысты күтім бойынша төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшерін қайта есептеген жағдайда ай сайынғы бюджеттік субсидияның мөлшері қайта есептеуге жатады және осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес айқындалады.

      8. Күтім бойынша төленетін әлеуметтік төлемдерден ұсталатын міндетті зейнетақы жарналарының мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық табыстың он пайызынан асатын болса, бюджет қаражаты есебінен субсидиялау жүргізілмейді.

      9. Бюджеттік субсидиялау баланың туу туралы куәлігінде көрсетілген баланың туған күнінен бастап, ал баланы (балаларды) асырап алған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бір жарым жасқа дейінгі балаға қамқоршылық тағайындалған жағдайларда – баланы (балаларды) асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап немесе қорғаншы тағайындалған күнінен бастап бала бір жасқа толған күнді қоса алған күнге дейін не қамқоршы (асырап алушы) Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағымен көзделген зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін жүргізіледі.

      10. Міндетті зейнетақы жарналарының ай сайынғы бюджеттік субсидиясын белгілеу кезеңін келесі туылған, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жағдайда, бюджет қаражаты есебінен міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау алдыңғы бала бір жарым жасқа толған күннен кейінгі күннен бастап, ал осы Қағидалардың 19-тармағына сәйкес тоқтатылған жағдайда бала қайтыс болған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап немесе алдыңғы күтіміне байланысты төленетін әлеуметтік төлемдерді алушыға міндетті зейнетақы жарналарын аудару тоқтатылған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап жүргізіледі және белгіленеді.

      11. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі күтіміне байланысты төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау туралы шешім Қор филиалынан келіп түскеннен кейін екі жұмыс күні ішінде міндетті зейнетақы жарналарының ай сайынғы бюджеттік субсидиясының мөлшерін есептейді, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы шешімнің электрондық жобасы бар істің электрондық макетін қалыптастырады және оларды Мемлекеттік корпорацияның филиалына жібереді.

      12. Бюджеттік субсидия мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы шешімнің электрондық жобасы Мемлекеттік корпорацияның жауапты тұлғаларының ЭЦҚ арқылы куәландырылған электрондық-цифрлық нысандағы құжатты білдіреді.

      13. Уәкілетті орган міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы шешімнің электрондық жобасы бар істің электрондық макетін олар түскен күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде қарайды және бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы шешім қабылдайды.

      14. Субсидиялауды белгілеу жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы шешімнің электрондық жобасымен электрондық іс макетін олар келіп түскен күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде қарайды және бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы шешім қабылдайды.

      Мемлекеттік корпорация бюджеттік субсидия мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы шешімнің электрондық жобасымен электрондық іс макеті келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оған өзгерістер енгізеді, бюджеттік субсидия мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы шешімнің электрондық жобасымен электрондық іс макетін қайта қалыптастырады және уәкілетті органға жібереді.

      15. Бюджеттік субсидияның мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы шешім маманның, басқарма (бөлімше) басшысының және уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ арқылы куәландырылған электрондық-цифрлық нысандағы құжатты білдіреді. Бюджеттік субсидияның мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы шешімнің нөмірі мен күні автоматты режимде беріледі.

      Істердің электрондық макеттері орталық атқарушы органның ақпараттық жүйесінде тұрақты сақталады.

      16. Бюджеттік субсидияның мөлшері белгіленген (белгілеуден бас тартылған, аударуды тоқтата тұрған) жағдайда Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі осы Қағидаларға 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша белгілеу (белгілеуден бас тарту, аударуды тоқтата тұру) туралы хабарламаны осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламалар журналына тіркей отырып, оны өзі жүгінген кезде береді немесе өтініш берушінің ұялы телефонына sms-хабарлар жіберу арқылы өтініш берушіні хабардар етеді. Sms-хабарлар осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша sms-хабарлар журналында тіркеледі.

      17. Бюджеттік субсидия уәкілетті органның шешімі негізінде осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кодекстің 86-бабының 1 және 2-тармақтарында және Кодекстің 89-бабының бірінші абзацында көзделген осындай тоқтата тұру үшін негіз болып табылатын мән-жай туындаған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады.

      18. Бюджеттік субсидияны аударуды қайта бастау бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемді алушы бала бір жарым жасқа толған күннен кешіктірмей тоқтата тұру негізіне байланысты мынадай құжаттардың бірін:

      1) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу фактісін растайтын анықтаманы;

      2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелу фактісін растайтын мәліметтерді;

      3) баланы (балаларды) асырап алу туралы және/немесе балаға қамқоршылық тағайындау туралы құжатты ұсынған кезде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялауды белгілеу жөніндегі уәкілетті органның шешімі негізінде жүзеге асырылады.

      Бюджеттік субсидиялауды қалпына келтіру осындай тоқтата тұруға негіз болып табылған мән-жай тоқтатылған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап, ал баланы (балаларды) асырап алған және (немесе) балаға қамқоршы тағайындалған жағдайда баланы (балаларды) асырап алу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап немесе қамқоршы тағайындалған күннен бастап жүргізіледі.

      Бюджеттік субсидияны аударуды қайта бастау үшін негіз болып табылатын мәліметтермен толықтырылған электрондық іс макетін дайындау және бюджеттік субсидияны аударуды қайта бастау туралы шешімнің электрондық жобасын бекіту осы Қағидалардың 11, 12, 13, 14 және 15-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.

      19. Бюджеттік субсидияны аудару:

      1) кодекстің 86-бабының 4-тармағында көзделген;

      2) егер бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдерден ұсталатын міндетті зейнетақы жарналарының мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық кірістің он пайызынан асатын болса;

      Бюджеттік субсидиялауды аудару осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялауды белгілеу жөніндегі уәкілетті органның шешімі негізінде тоқтатылады.

3-тарау. Бюджеттік субсидиялауды аудару тәртібі

      20. Уәкілетті орган, Мемлекеттік корпорация қабылдаған бюджеттік субсидия мөлшерін белгілеу туралы шешімдердің негізінде бюджеттік субсидияны БЖЗҚ-ға аудару үшін ОДҚ-ға электрондық іс макеттерін қою жүзеге асырылады.

      21. Мемлекеттік корпорация бюджеттік субсидияның мөлшерін белгілеу туралы уәкілетті органның шешімдерінің негізінде бес жұмыс күні ішінде бюджеттік субсидияның белгіленген мөлшерін төлеуге арналған бюджет қаражатының қажеттілігіне қосуды қамтамасыз етеді, ол ай сайын уәкілетті органға төлем айының алдындағы айдың 27-күніне ұсынылады.

      Төлем айына қажеттілікті қалыптастырғаннан кейінгі сомалар одан кейінгі айдың қажеттілігіне қосуға жатады.

      Мемлекеттік корпорация бөлімшелерінің қызметкерлері ОДБ-да алушылардың қайтыс болуына, шығуына, төлемнің тоқтатыла тұруына, тоқтатылуына байланысты қажеттілік сомаларын азаю жағына түзетуді күн сайын жүргізеді.

      22. Уәкілетті мемлекеттік орган тиісті кезеңге төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары шегінде бюджеттік субсидиялар үшін қажетті бюджет қаражаты туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жібереді.

      23. Уәкілетті мемлекеттік орган бюджеттік субсидияларға арналған бюджет қаражатының қажеттілігіне сәйкес есепті кезеңге төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында көзделген сомалар шегінде бюджет қаражатын Мемлекеттік корпорацияға аударуды жүзеге асырады.

      24. Мемлекеттік корпорация бюджеттік субсидияларға бюджет қаражатын алып, төлем тапсырмаларын қалыптастырады және бюджеттік субсидиялардың сомаларын кейіннен қордан кету жөніндегі әлеуметтік төлемді алушының жеке зейнетақы шотына аудару үшін БЖЗҚ-ға аударады.

      Бұл ретте, бюджеттік субсидиялауды аудару тиісті кезең (ай (айлар) және жыл) көрсетіле отырып, Қордан күтіміне байланысты төленетін әлеуметтік төлемді төлеген айдан кейінгі айдың 25-күніне дейін жүзеге асырылады.

      25. Ақпараттық жүйелерде күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні өзгерген жағдайда ОДҚ-да автоматты режимде өзгерістер жүргізіледі.

      26. Артық аударылған қаражат немесе шешімнің электрондық жобасы өзгерген жағдайда, бюджеттік субсидияның мөлшерін белгілеу және оларды аудару кезінде Мемлекеттік корпорация бес жұмыс күні ішінде қате аударылған бюджеттік субсидияларды қайтаруға электрондық түрде осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес өтінім қалыптастырады. Өтінімде: міндетті зейнетақы жарналары салымшысының (күтім бойынша әлеуметтік төлем алушының) деректемелері: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі, қайтарылуға жататын бюджеттік субсидиялардың мөлшері және қайтару себебі көрсетіледі.

      Мемлекеттік корпорация қате аударылған бюджеттік субсидияларды электрондық түрде қайтаруға өтінімді әлеуметтік қорғау туралы заңнамада көзделген тәртіппен ақпаратты тасымалдаудың қаржылық автоматтандырылған жүйесін пайдалана отырып, БЖЗҚ-ға жібереді.

      28. БЖЗҚ, Мемлекеттік корпорациядан қате аударылған бюджеттік субсидияларды электрондық түрде қайтаруға өтінімді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияның өтінімінің нөмірі мен күнін көрсете отырып, қате аударылған бюджеттік субсидияларды Мемлекеттік корпорацияға қайтаруды жүзеге асырады.

      29. Қате аударылған бюджеттік субсидияларды БЖЗҚ-ға қайтару мемлекеттік корпорацияның банктік шотына жеке тұлғалардың тізімдерін қоса бере отырып, қате аударылған бюджеттік субсидияларды, Мемлекеттік корпорацияны электрондық түрде қайтаруға арналған өтінімде көрсетілген нақты БЖЗҚ-ға енгізілген бюджеттік субсидиялардың номиналды сомасы бойынша төлем тапсырмасымен жүргізіледі.

  Бала бір жарым жасқа толғанға
дейін оның күтіміне байланысты
кірісінен айырылу жағдайы
бойынша әлеуметтік төлемдерді
алушыларға міндетті зейнетақы
жарналарын субсидиялау
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

      Код ________________________

      Облыс (қала) ________________

      Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті

      ____________________ облысы (қаласы) бойынша департаментінің

      20__ жылғы "___" _________ № ___________ шешімі

      Міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы

      2. Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 87-бабының 1-тармағына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарының ай сайынғы бюджеттік субсидиясының мөлшері 20__ жылғы "___" _______ бастап 20__ жылғы "___" _________ қоса алғанда _______________________________ теңге сомасында белгіленсін.

      (сомасы цифрлармен және жазбаша)

      Тегі____________________________________________________________

      Аты_____________________________________________________________

      Әкесінің аты (бар болса) __________________________________________

      ЖСН____________________________________________________________

      Туған күні ____________________________________________________

      (күні, айы, жылы)

      Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындауға жүгінген күн 20__ жылғы "___" _______________

      Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындалған күн 20__ жылғы "___" ___________

      Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық табыстың мөлшері ________ ж. бастап _________ ж. қоса алғанда _______________

      (_____________________________________________) теңге

      (сомасы жазбаша)

      Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің тағайындалған мөлшері ________________ жылдан бастап __________________ жылды қоса алғанда ___________

      (_________________________________________________) теңге

      (сомасы жазбаша)

      Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнен ұсталатын міндетті зейнетақы жарналарының мөлшері _______ жылдан бастап ________ жылды қоса алғанда _____________

      (_______________________________________) теңге

      (сомасы жазбаша)

      2. ____________________________________________________________

      (негіздеме: себебі көрсетілсін)

      себебі бойынша міндетті зейнетақы жарналарының ай сайынғы бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеуден бас тартылсын.

      Департамент басшысы __________________________________ (Т.А.Ә.)

      Басқарма (бөлім) басшысы _____________________________ (Т.А.Ә.)

      Маман ________________________________________________ (Т.А.Ә.)

      Шешімнің жобасын дайындаған:

      Мемлекеттік корпорацияның жауапты адамдары

      _______________________________________________________________ (Т.А.Ә.)

      _______________________________________________________________ (Т.А.Ә.)

  Бала бір жарым жасқа толғанға
дейін оның күтіміне байланысты
кірісінен айырылу жағдайы
бойынша әлеуметтік төлемдерді
алушыларға міндетті зейнетақы
жарналарын субсидиялау
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

      Міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу туралы

      № ______ хабарлама

      20__ жылғы "___" ____________

      Азамат _____________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Туған күні _____ жыл "___" _____________

      Міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу туралы 20__ жылғы "___" _____________ № _______ шешімі

      Міндетті зейнетақы жарналарының ай сайынғы бюджеттік субсидиясының мөлшері 20__ жылдан бастап ________________________________________

      (________________________________________________) теңгені құрайды.

      (сомасы сандармен және жазбаша)

      Хабарлама жауапты адамның электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған

      _______________________________________________________________

      (жауапты адамның лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Бала бір жарым жасқа толғанға
дейін оның күтіміне байланысты
кірісінен айырылу жағдайы
бойынша әлеуметтік төлемдерді
алушыларға міндетті зейнетақы
жарналарын субсидиялау
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

      Міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеуден бас тарту туралы

      № ______ хабарлама

      20__ жылғы "___" ____________

      Азамат________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Туған күні _____ жыл "___" _____________.

      Міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеуден бас тартылды: ___________________________________________

      __________________________________________________________________

      (негіздеме: себебі көрсетілсін)

      Хабарлама жауапты адамның электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған

      _____________________________________________________________________

      (жауапты адамның лауазымы және Т.А.Ә.)

  Бала бір жарым жасқа толғанға
дейін оның күтіміне байланысты
кірісінен айырылу жағдайы
бойынша әлеуметтік төлемдерді
алушыларға міндетті зейнетақы
жарналарын субсидиялау
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

      Міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін аударуды тоқтата тұру туралы

      № ______ хабарлама

      20__ жылғы "___" ____________

      Азамат ______________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Туған күні _____ жылғы "___" ____________________________________

      __________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (негіздеме: себебі көрсетілсін)

      себебі бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы Сіздің жеке зейнетақы шотыңызға міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясын аудару тоқтатылды.

      Осыған байланысты Сіз тұрғылықты жеріңіз бойынша Мемлекеттік корпорацияның мынадай құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

      ________________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      (құжаттар көрсетілсін)

      Хабарлама жауапты адамның электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған

      ____________________________________________________________________

      (жауапты адамның лауазымы және Т.А.Ә.)

  Бала бір жарым жасқа толғанға
дейін оның күтіміне байланысты
кірісінен айырылу жағдайы
бойынша әлеуметтік төлемдерді
алушыларға міндетті зейнетақы
жарналарын субсидиялау
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

      Хабарламалар журналы

      _____________________________________________

      (төлемнің түрі)

      Мемлекеттік корпорация _______________________________

Р/с №

ЖСН

Т.А.Ә.

Туған күні

Істің №

Төлемнің түрі

Хабарлама табысталған күн

Телефон №

Маман



















  Бала бір жарым жасқа толғанға
дейін оның күтіміне байланысты
кірісінен айырылу жағдайы
бойынша әлеуметтік төлемдерді
алушыларға міндетті зейнетақы
жарналарын субсидиялау
қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

      Sms-хабарламалар журналы

      _____________________________________________

      (төлемнің түрі)

      Мемлекеттік корпорация _____________________________

Р/с №

ЖСН

Т.А.Ә.

Туған күні

Істің №

Төлемнің түрі

sms-хабар берілген күн

Телефон нөмірі

Маман



















  Бала бір жарым жасқа толғанға
дейін оның күтіміне байланысты
кірісінен айырылу жағдайы
бойынша әлеуметтік төлемдерді
алушыларға міндетті зейнетақы
жарналарын субсидиялау
қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

      Код ________________________

      Облыс (қала) ________________

      Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті

      ____________________ облысы (қаласы) бойынша департаментінің

      20__ жылғы "___" _________ № ___________ шешімі

      _____________________________ теңге сомасына субсидиялауға жататын

      (сомасы сандармен және жазумен)

      міндетті зейнетақы жарналарын аудару 20__ жылғы "___" ______ бастап тоқтата тұрылсын.

      Тегі ___________________________________________________________

      Аты ___________________________________________________________

      Әкесінің аты (бар болса)__________________________________________

      ЖСН __________________________________________________________

      Туған күні _____________________________________________________

      Негіздеме ______________________________________________________

      _______________________________________________________________

      (себебі көрсетілсін)

      Департамент басшысы ___________________________________ (Т.А.Ә.)

      Басқарма (бөлім) басшысы ________________________________ (Т.А.Ә.)

      Маман _________________________________________________ (Т.А.Ә.)

      Шешімнің жобасын дайындаған:

      Мемлекеттік корпорацияның жауапты адамдары

      _______________________________________________________________

      (Т.А.Ә.)

      ________________________________________________________________

      (Т.А.Ә.)

  Бала бір жарым жасқа толғанға
дейін оның күтіміне байланысты
кірісінен айырылу жағдайы
бойынша әлеуметтік төлемдерді
алушыларға міндетті зейнетақы
жарналарын субсидиялау
қағидаларына
8-қосымша
  Нысан

      Код ________________________

      Облыс (қала) ________________

      Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті

      ____________________ облысы (қаласы) бойынша департаментінің

      20__ жылғы "___" _________ № ___________ шешімі

      ______________________________ теңге сомада субсидиялауға жататын

      (сомасы сандармен және жазумен)

      міндетті зейнетақы жарналарын аудару 20__жылғы "___" ___________ бастап

      20__ жылғы "___" ________ қоса алғанда қайта басталсын.

      Тегі ___________________________________________________________

      Аты ___________________________________________________________

      Әкесінің аты (бар болса) _________________________________________

      ЖСН __________________________________________________________

      Туған күні _______________________________________________________

      Негіздеме ______________________________________________________

      ________________________________________________________________

      (себебі көрсетілсін)

      Департамент басшысы____________________________________ (Т.А.Ә.)

      Басқарма (бөлім) басшысы ________________________________ (Т.А.Ә.)

      Маман _________________________________________________ (Т.А.Ә.)

      Шешімнің жобасын дайындаған:

      Мемлекеттік корпорацияның жауапты адамдары

      _______________________________________________________________

      (Т.А.Ә.)

      _______________________________________________________________

      (Т.А.Ә.)

  Бала бір жарым жасқа толғанға
дейін оның күтіміне байланысты
кірісінен айырылу жағдайы
бойынша әлеуметтік төлемдерді
алушыларға міндетті зейнетақы
жарналарын субсидиялау
қағидаларына
9-қосымша
  Нысан

      АНЫҚТАМА

      Төлеушінің атауы ________________________________________________

      Бизнес-сәйкестендiру нөмірі (БСН) немесе жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) және міндетті зейнетақы жарналарын төлеушінің орналасқан жері

      _____________________________________________________________________

      Қызметкердің Т.А.Ә. _____________________________________________

      Қызметкердің жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) ______________________

      Бала күтімі бойынша жалақы сақталмайтын демалыс туралы бұйрықтың нөмірі және күні ______________________________________________________

      Әлеуметтік аударымдар және (немесе) міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары _________________

      ______________________________________________________________ сәйкес

      (төлем тапсырмасының күні мен нөмірін көрсету)

      ____________________________________________________________________

      (негіз көрсетілсін: сыйлықақы, материалдық көмек берілді және

      т.б., еңбек қызметі қалпына келтірілді және басқалар)

      негіз бойынша 20 __жылғы _________ ___________________________ жүргізілді

      (кезеңі (ай, айлар) көрсетілсін)

      Анықтама Мемлекеттік корпорацияға тапсыру үшін берілді.

      Мөрдің орны

      Басшы ____________ _________________________________

      (қолы)            Т.А.Ә.

      Бас бухгалтер ___________ ___________________________________

      (қолы)            Т.А.Ә.

      Берілген күні: 20___ жылғы "__" _________

      Ескертпе: Мен ___________________________________________________

      (қызметкердің Т.А.Ә.)

      Субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аудару үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін sms-хабарлама арқылы, телефон байланысы арқылы белгілеу (белгілеуден бас тарту, аударуды тоқтата тұру) туралы хабарламаға келісім беремін.

      Ұялы телефон нөмірі ______________________________

      Күні ________ Өтініш берушінің қолы ______________

  Бала бір жарым жасқа толғанға
дейін оның күтіміне байланысты
кірісінен айырылу жағдайы
бойынша әлеуметтік төлемдерді
алушыларға міндетті зейнетақы
жарналарын субсидиялау
қағидаларына
10-қосымша
  Нысан

      Коды ________________________

      Облыс (қала) ________________

      Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті

      ____________________ облысы (қаласы) бойынша департаментінің

      20__ жылғы "___" _________ № ___________ шешімі

      _______________________________________ теңге сомада субсидиялауға

      (сомасы цифрлармен және жазбаша)

      жататын міндетті зейнетақы жарналарын аудару тоқтатылсын.

      20__ жылғы "___" ______

      Тегі _________________________________________________________

      Аты __________________________________________________________

      Әкесінің аты (бар болса) ________________________________________

      ЖСН ________________________________________________________

      Туған күні _____________________________________________________

      Негізі _______________________________________________________

      _______________________________________________________________

      (себебі көрсетілсін)

      Департамент басшысы _____________________________________ (Т.А.Ә.)

      Басқарма (бөлім) басшысы ________________________________ (Т.А.Ә.)

      Маман _________________________________________________ (Т.А.Ә.)

      Шешімнің жобасын дайындаған:

      Мемлекеттік корпорацияның жауапты адамдары

      ____________________________________________________________

      (Т.А.Ә.)

  Бала бір жарым жасқа толғанға
дейін оның күтіміне байланысты
кірісінен айырылу жағдайы
бойынша әлеуметтік төлемдерді
алушыларға міндетті зейнетақы
жарналарын субсидиялау
қағидаларына
11-қосымша
  Нысан

      Субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарының қате аударылған сомаларын қайтаруға арналған өтінім

      1. Субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын төлеушінің деректемелері:

      Атауы_______________________________________________________

      ________________________________________________________________

      2. Қателіктер жіберілген төлем тапсырмасының деректемелері

      № ___________ күні "___" ____________ 20 ___ жыл

      Төлем тапсырмасының жалпы сомасы _____________________________

      (сомасы сандармен және жазумен)

      3. Міндетті зейнетақы жарналары салымшысының деректемелері

      ________________________________________________________________

      (Т. А. Ә., туған күні)

      Міндетті зейнетақы жарналары салымшысының ЖСН ________________

      Салымшының жарна сомасы, кезеңі, міндетті зейнетақы жарналары

      __________________________________________________

      Қайтарылатын сома, кезең _______________________________

      4. __________________________________________________ байланысты кейінгі төлемдерді түзету мүмкін емес

      Қайтаруды мынадай деректемелер бойынша жүргізуді сұраймыз

      _____________________________________________________________

      (кәсіпорынның толық деректері, барлық банк деректемелері көрсетіледі)

      (басшының қолы) __________________________________________

      (бас бухгалтердің қолы) _____________________________________

      М. П. ______________________________

      (күні)__________________________________________________________

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 9 маусымдағы
№ 213 бұйрығына
2-қосымша

      Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің күші жойылған кейбір шешімдерінің және кейбір шешімдерінің құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 18 желтоқсандағы № 330 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10091 болып тіркелген).

      2. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 11 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өзгерістер енгізілетін шешімдері тізбесінің 5-тармағы (Нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13218 болып тіркелген).

      3. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 21 тамыздағы № 443 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19278 болып тіркелген).

      4. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 121 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20295 болып тіркелген).

      5. "Әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу (айқындау), Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 217 бұйрығы және "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандагы № 330 бұйрығы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 28 желтоқсандагы№ 528 бұйрығының 2-тармағы (Нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31443 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады