Зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, сондай-ақ бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 51 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 15 маусымда № 32811 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 15-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, сондай-ақ бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жекелеген құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
      Агенттігінің Төрағасы М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын
реттеу және дамыту
Агенттігінің Басқармасының
2023 жылғы 7 маусымдағы
№ 51 Қаулыға
1-қосымша

Зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, сондай-ақ бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Осы Зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, сондай-ақ бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес әзірленді және салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, сондай-ақ бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына аудару тәртібін айқындайды.

      1. Қағидалардың мақсаты үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) зейнетақы жинақтарын аудару туралы өтініш – салымшының (алушының) ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарын ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың бұзылуына және зейнетақы жинақтарын аударуға байланысты бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына не ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың бұзылуына және зейнетақы жинақтарын аударуға байланысты бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына аудару туралы жазбаша жүгіну;

      2) Жөнелтуші қор -   ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың бұзылуына және зейнетақы жинақтарын аударуға байланысты ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтары ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына не бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры не ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры;

      3) Алушы қор – ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған шарт негізінде салымшы (алушы) зейнетақы жинақтарын аударатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры не ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры;

      4) зейнетақы жинақтарын аудару – Жөнелтуші қордың, Жөнелтуші қордың кастодиан банкінің ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының аударылатын сомасын салымшының (алушының) Алушы қордағы жеке зейнетақы шотына есептеу үшін қажетті жүйелі іс-қимылдары;

      5) зейнетақы жинақтары – салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотында есепте болатын, ерікті зейнетақы жарналарынан, инвестициялық кірістен, өсімпұлдан және шартқа, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге түсімдерден тұратын ақшасы.

2-тарау. Зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, сондай-ақ бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына аудару тәртібі

      2. Салымшы (алушы) зейнетақы жинақтарын аудару мақсатында Жөнелтуші қорға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша зейнетақы жинақтарын аудару туралы өтініш;

      2) салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және шолу үшін оның түпнұсқасы не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;

      3) салымшының (алушының) тегі, аты, бар болса әкесінің аты өзгерген жағдайда, осы өзгерістерді растайтын құжаттардың көшірмелері (некені қию не бұзу туралы, тегінің, атының, бар болса әкесінің атының өзгеруі куәлік, соттың заңды күшіне енгізілген шешімі) және шолу үшін олардың түпнұсқасы;

      4) Алушы қормен жасалған, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың көшірмесі.

      3. Салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын аудару туралы өтінішпен жеке жүгінуге мүмкіндігі болмаған жағдайда салымшы (алушы) жеке немесе заңды тұлғаға (сенім білдірілген тұлға) сенімхатта Алушы қордың атауын көрсете отырып, сақтандыру зейнетақы жинақтарын аудару туралы өтінішпен жүгінуге арналған нотариат куәландырған сенімхат береді.

      4. Сенім білдірілген тұлға Жөнелтуші қорға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зейнетақы жинақтарын аудару туралы өтініш;

      2) егер сенімхатта сенім білдіруші тұлғаның бірмезгілде бірнеше ұйымда мүддесін білдіру бойынша өкілеттігі болған жағдайда, сенімхаттың түпнұсқасы немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі;

      3) салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;

      4) салымшының (алушының) тегі, аты, бар болса әкесінің аты өзгерген жағдайда осы өзгерістерді растайтын құжаттардың көшірмелері (некені қию не бұзу туралы, тегінің, атының, бар болса әкесінің атының өзгеруі куәлік, соттың заңды күшіне енген шешімі);

      5) салымшы (алушы) алушы Қормен жасаған, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың көшірмесі;

      6) сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және оның түпнұсқасы не көру үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат.

      5. Жөнелтуші қор зейнетақы жинақтарын аудару туралы өтініште көрсетілген толтырылуға тиіс мәліметтердің дұрыстығын тексереді және салымшыға (алушыға) немесе сенім білдірушіге ұсынылған құжаттардың толық тізбесін және оларды қабылдау күнін көрсете отырып анықтама береді.

      Жөнелтуші қор сенім білдірілген тұлғадан зейнетақы жинақтарын аудару туралы өтінішті алған кезде салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесінде қойылған қолы бар сенімхатта көрсетілген салымшының (алушының) қол қою үлгілерін салыстырып тексеруді жүзеге асырады.

      Қағидалардың 4-тармағының 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген зейнетақы жинақтарын аударуға арналған өтінішпен сенім білдірілген тұлға ұсынған құжаттарда салымшының (алушының) қолдары салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды расталған көшірмесіндегі қолдарымен көзбен шолу кезінде сәйкес келмеген жағдайда, Жөнелтуші қор салымшыға (алушыға) оның зейнетақы жинақтарын аудару туралы өтініште көрсетілген іс-әрекетті жасау ниетін растау туралы сұрату жібереді.

      6. Жөнелтуші қор құжаттарды қабылдау кезінде салымшыға (алушыға) немесе сенім білдірілген тұлғаға мынадай:

      1) Қағидалардың 2 немесе 4-тармақтарында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған;

      2) салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотында зейнетақы жинақтарының болмауы не салымшының (алушының) атына ашылған жеке зейнетақы шоттың болмауы;

      3) салымшының (алушының) немесе сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатының зейнетақы жинақтарын аудару туралы өтініш берген күнге қолданыс мерзімінің аяқталуы;

      4) зейнетақы жинақтарын аудару туралы өтініш беруге арналған сенімхаттың қолданыс мерзімі аяқталған не оны ресімдеуге берілген сенімхаттың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;

      5) Жөнелтуші Қордың осы салымшымен (алушымен) жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарты болмаған жағдайларда зейнетақы жинақтарын аудару туралы өтінішті орындаудың мүмкін еместігінің себептерін көрсете отырып, уәжді жауап ұсынады.

      7. Жөнелтуші қор Қағидалардың 2 немесе 4-тармақтарында көзделген құжаттарды алған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде:

      1) зейнетақы жинақтары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, сондай-ақ бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына аударылатын жеке тұлғалардың тізімін қоса бере отырып, МТ 102 форматында электрондық төлем хабарламасын қалыптастырады. Жеке тұлғалардың тізімі салымшының (алушының) жеке басын растайтын құжатта көрсетілген тегі, аты, бар болса әкесінің аты, туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) туралы, сондай-ақ аударым сомасы туралы мәліметтерден тұрады;

      2) МТ 102 форматындағы төлем хабарламасын зейнетақы жинақтарын аудару үшін өзінің кастодиан банкіне береді.

      8. Алушы қор жазбаша немесе ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру шарты тараптарының келісімінде айқындалған өзге тәсілмен салымшыны (алушыны) зейнетақы жинақтарының салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотына есепке жазылған күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде зейнетақы жинақтарының келіп түскені туралы хабардар етеді.

      9. Жөнелтуші қор салымшыға (алушыға) немесе сенім білдірілген тұлғаға оның зейнетақы жинақтарын аудару туралы өтінішін алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде зейнетақы жинақтарын аудару туралы өтінішін төмендегі:

      1) салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген тегінің, атының, бар болса әкесінің атының, туылған күнінің, ЖСН-нің Жөнелтуші қордың дерекқорында көрсетілген тегіне, атына, бар болса әкесінің атына, туылған күніне, ЖСН-ге сәйкес келмеуі;

      2) зейнетақы жинақтарын аудару туралы өтініште көрсетілген мәліметтердің Қағидалардың 2 немесе 4-тармақтарына сәйкес ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келмеуі.

      3) Жөнелтуші қорда Қағидалардың 5-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес Жөнелтуші қор сұратуды жіберген кезде зейнетақы жинақтарын аудару туралы өтініште көрсетілген іс-әрекеттерді жасау туралы салымшының (алушының) растауының болмауы жағдайларына байланысты орындай алмау себептерін көрсете отырып дәлелді жауапты ұсынады.

3-тарау. Кастодиан банктің МТ 102 форматындағы төлем хабарламасын алғаннан кейінгі және Жөнелтуші қордың зейнетақы жинақтарын қайтарған кездегі іс-қимылдары, зейнетақы жинақтарын Алушы қорға аударған кезде зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттардың қолданысын тоқтату талаптары

      10. Жөнелтуші қордың кастодиан банкі салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын Алушы қорға аударуға Жөнелтуші қордың МТ 102 форматындағы төлем хабарламасын алған кезде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысымен бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларында белгіленген төлемдер белгілеу кодтарын көрсете отырып, ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын төлем хабарламасын алған 1 (бір) операциялық күннің ішінде Алушы қорға аударады.

      11. Аударуы Қағидалардың 2-тарауында көзделген тәртіппен жүзеге асырылған, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары қайтарылған жағдайда, Жөнелтуші қор ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары қайтарылған күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде салымшыға (алушыға) немесе сенім білдірілген тұлғаға салымшының (алушының) Жөнелтуші қормен жасалған ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартының қолданысы тоқтатылмағаны және зейнетақы жинақтарының қайтарылуына байланысты оған жеке зейнетақы шоты ашылғаны туралы жазбаша немесе өзге тәсілмен хабарлайды.

4-тарау. Қорытынды ережелер

      12. Жөнелтуші қор зейнетақы жинақтарын Алушы қорға аударылғанын растау үшін салымшыға (алушыға) сұратуы негізінде мыналарды:

      1) аударылған зейнетақы жинақтарының үзінді көшірмесін беру күнін;

      2) зейнетақы жинақтарының және есептелген инвестициялық кірістің сомасын көрсете отырып, ағымдағы күнтізбелік жылдың басындағы зейнетақы жинақтары сомасының қалдықтарын;

      3) ағымдағы күнтізбелік жылдағы зейнетақы жинақтарының нақты түсу күнін көрсете отырып, келіп түскен сомасын;

      4) әр айда нақты есептелгенді көрсете отырып, ағымдағы күнтізбелік жылдағы инвестициялық кірістің сомасын;

      5) салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, сондай-ақ бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына нақты келіп түскен күнін көрсете отырып, ағымдағы жылғы келіп түскен зейнетақы жинақтары аударымдарының нақты сомасын;

      6) нақты төлемдердің күнін және ұсталған табыс салығын көрсете отырып, ағымдағы жылғы жүзеге асырылған зейнетақы төлемдерінің сомасын;

      7) аударылған зейнетақы жинақтарының нақты сомасын көрсете отырып, зейнетақы жинақтарының аударылған сомасы туралы үзінді көшірмені береді.

      13. Салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын Жөнелтуші қордан Алушы қорға аударумен байланысты шығыстар Жөнелтуші қордың меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

  Зейнетақы жинақтарын бірыңғай
жинақтаушы зейнетақы қорынан
ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына,
ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы
қорына, сондай-ақ бір ерікті
жинақтаушы зейнетақы қорынан
басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы
қорына аудару қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      Кімге:_________________________________________

      (Жөнелтуші қордың толық немесе қысқартылған атауы)

      Салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, сондай-ақ бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына аудару туралы өтініші

      Мен, салымшы (алушы):

      Тегі

      Аты

      Әкесінің аты (бар болған кезде)

      Туған күні:

      (күні, айы, жылы цифрлармен)

      Жеке сәйкестендіру нөмірі

      Құжаттың түрі: (тиісті ұяшықта х көрсетіңіз)

      Жеке куәлігі Паспорт

      Азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі

      Ықтияр хат

      Нөмірі       Берілген күні

      (күні, айы, жылы цифрлармен)

      (кім берді)

      Ерікті зейнетақы жарналары есебінен менің зейнетақы жинақтарымды

      _____________________________________________________ аудару күні

      (Алушы қордың толық немесе қысқартылған атауы)

      толық көлемде аударуды сұраймын.

      Мен осы өтінішке қол қойған күні:

      1) зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, сондай-ақ бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына аударудың қолданыстағы Қағидаларымен таныстым;

      2) Жөнелтуші қормен жасалған _________ жылғы № _______ менің зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шартымның қолданылуы, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын аударылған күннен бастап он бес жұмыс күні өткен соң аударылған зейнетақы жинақтарын қайтару болмаған жағдайда тоқтатылады, осыған байланысты менің жеке зейнетақы шотым жабылатындығынан хабардар болдым;

      3) зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына (керегін сызыңыз) аудару үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге өз келісімімді беремін

      Салымшының (алушының) қолы: _____________________________________

      Өтініш жазылған күні:

      (үні, айы, жылы цифрлармен)

      Өтінішті Жөнелтуші қор қабылдаған күні

      (күні, айы, жылы цифрлармен)

      Өтінішті қабылдаған тұлғаның аты-жөні және лауазымы:

      Жөнелтуші қорда тіркелген күні:

      (күні, айы, жылы цифрлармен)

      Кіріс нөмірі

      Ескертулер:

      1. Өтініш баспа әріптерімен түсінікті етіп толтырылады.

      2. Барлық жол міндетті түрде толтырылады.

      ---------------------------------------------------------------------

      АНЫҚТАМА

      ________________________________________________салымшы (алушы)

      (Жөнелтуші қордың атауы)

      ___________________________________________зейнетақы жинақтарын

      (аты-жөні және туған жылы)

      ______________________________________________бірыңғай жинақтаушы

      (Қабылдаушы Қордың атауы)

      зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына (керегін сызыңыз)

      аударуға арналған өтініш қабылдағанын растайды.

      Өтінішті қабылдаған_________________________________________________

      (өтініш қабылдаған тұлғаның аты-жөні мен лауазымы)

      Жөнелтуші қорда тіркелді: _________________________________

      (күні, айы, жылы цифрмен)

      Кіріс нөмірі _______________________

      Өтінішке мына құжаттар қоса берілді: (қабылданған құжаттардың тізбесі)

      Байланыс телефоны:

      E-mail:

  Зейнетақы жинақтарын бірыңғай
жинақтаушы зейнетақы қорынан
ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына,
ерікті жинақтаушы зейнетақы
қорынан бірыңғай жинақтаушы
зейнетақы қорына, сондай-ақ
бір ерікті жинақтаушы зейнетақы
қорынан басқа ерікті жинақтаушы
зейнетақы қорына аудару
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

      Кімге: _______________________________________

      (Жөнелтуші қордың толық немесе қысқартылған атауы)

      Сенім білдірілген тұлғаның салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, сондай-ақ бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына аудару туралы өтініші

      Жеке тұлға толтырады:

      Мен, сенім білдірілген:

      Тегі

      Аты

      Әкесінің аты (бар болған кезде)

      Туған күні:

      (күні, айы, жылы цифрлармен)

      Жеке сәйкестендіру нөмірі

      Құжаттың түрі: (тиісті ұяшықта х көрсетіңіз)

      Жеке куәлік Паспорт

      Азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі

      Ықтияр хат

      Нөмірі       Берілген күні

      (күні, айы, жылы цифрлармен)

      (кім берді)

      Заңды тұлға толтырады:

      Мен, сенім білдірілген тұлға:

      Атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      Сенімхат негізінде іс-қимыл жасайды:

      жылғы тіркелім №

      (күні, айы, жылы цифрлармен)

      салымшының (алушының) мүддесі үшін:

      Тегі

      Аты

      Әкесінің аты (бар болған кезде)

      Туған күні:

      (күні, айы, жылы цифрлармен)

      Жеке сәйкестендіру нөмірі

      Құжаттың түрі: (тиісті ұяшықта х көрсетіңіз)

      Жеке куәлігі             Паспорт

      Азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі

      Ықтияр хат

      Нөмірі             Берілген күні

      (күні, айы, жылы цифрлармен)

      (кім берді)

      Ерікті зейнетақы жарналары есебінен салымшының (алушының) зейнетақы

      жинақтарын ________________________________________________________

      (Алушы қордың толық немесе қысқартылған атауы)

      аудару күні толық көлемде аударуды сұраймын.

      Мен, салымшының (алушының) сенім білдірілген тұлғасы осы өтінішке қол қойған күні:

      1) зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, сондай-ақ бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына аударудың қолданыстағы Қағидаларымен таныстым;

      2) Жөнелтуші қормен жасалған _________ жылғы № _______ салымшының (алушының) зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шартының қолданылуы, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын аударылған күннен бастап он бес жұмыс күні өткен соң аударылған зейнетақы жинақтарын қайтару болмаған жағдайда тоқтатылады, осыған байланысты оның жеке зейнетақы шоты жабылатындығынан хабардар болдым;     

      3) салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына (керегін сызыңыз) аудару үшін қажетті менің дербес деректерімді және салымшының (алушының) дербес деректерін жинауға және өңдеуге өз келісімімді беремін.

      Сенім білдірілген тұлғаның қолы: _____________________________________

      Өтініш жазылған күні:

      (күні, айы, жылы цифрлармен)

      Өтінішті Жөнелтуші қор қабылдаған күні

      (күні, айы, жылы цифрлармен)

      Өтінішті қабылдаған тұлғаның аты-жөні мен лауазымы:

      Жөнелтуші қорда тіркелген күні:

      (күні, айы, жылы цифрлармен)

      Кіріс нөмірі

      Ескерту:

      1. Өтініш баспа әріптерімен түсінікті етіп толтырылады.

      2. Барлық жол міндетті түрде толтырылады.

      ---------------------------------------------------------------------

      АНЫҚТАМА

      __________________________ салымшы (алушы)

      __________________________

      (Жөнелтуші қордың атауы) (аты-жөні және туған жылы)

      мүддесі үшін сенім білдірген тұлғасы ______________________________

      (аты-жөні және туған жылы немесе заңды

      тұлғаның атауы)

      зейнетақы жинақтарын ___________________________бірыңғай жинақтаушы

      (Қабылдаушы Қордың атауы)

      зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына (керегін сызыңыз)

      аударуға арналған өтініш қабылдағанын растайды.

      Өтінішті қабылдаған________________________________________________

      (өтініш қабылдаған тұлғаның аты-жөні мен лауазымы)

      Жөнелтуші қорда тіркелді: _____________________________

      (күні, айы, жылы цифрмен)

      Кіріс нөмірі _______________________

      Өтінішке мына құжаттар қоса берілді: (қабылданған құжаттардың тізбесі)

      Байланыс телефоны:

      E-mail:

  Қаулыға 2-қосымша

Күші жойылды деп танылатын, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актісінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жекелеген құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, сондай-ақ бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына ауыстыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 31 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілмінде № 9326 болып тіркелген).

      2. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 254 Қаулысымен бекітілген Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру және бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16246 болып тіркелді) 3-тармағы.

      3. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 104 қаулысымен бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25889 болып тіркелді) 6-тармағы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады