Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 240) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық мүлкінің құрамына берілетін аудандық коммуналдық мүліктің үлгілік тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі |
А. Куантыров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі 2023 жылғы 13 маусымдағы № 108 Бұйрығымен бекітілген |
Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық мүлкінің құрамына берілетін аудандық коммуналдық мүліктің үлгілік тізбесі
1. Мәдени-демалыс саласында (мәдениет үйлері) қызметін жүзеге асыратын аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктік кешендері.
2. Аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мүлік.
3. Ортақ пайдаланылатын объектілер және өзге де мүлік (автомобиль жолы, елді мекеннің көшесі, саябақ, гүлзар, демалыс орны, ескерткіш).