Мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрттерден қорғайтын аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесін бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 12 маусымдағы № 313 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 15 маусымда № 32814 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 67-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрттерден қорғайтын аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төтенше жағдайлар
министрінің міндетін атқарушы
М. Пшембаев

  Төтенше жағдайлар министрінің
  міндетін атқарушы
  2023 жылғы 12 маусымдағы
  № 313 Бұйрықпен
  бекітілген

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрттерден қорғайтын аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесін бекiту туралы

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциялары.

      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты.

      3. Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі.

      4. Қазақстан Республикасының Парламент Сенаты.

      5. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты.

      6. Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты.

      7. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы.

      8. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі.

      9. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі.

      10. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.

      11. Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы.

      12. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі.

      13. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі.

      14. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі.

      15. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі.

      16. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

      17. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі.

      18. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі.

      19. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі.

      20. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі.

      21. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.

      22. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

      23. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі.

      24. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі.

      25. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі.

      26. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

      27. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығы.

      28. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы.

      29. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының автошаруашылығы.

      30. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету Басқармасының автошаруашылығы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады