Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Пруденциялық нормативтердi және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi, оларды есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 14 қарашадағы № 192 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19629 болып тіркелген) мынадай өзгерістер және толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Пруденциялық нормативтерде және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттерде, оларды есептеу әдістемесінде:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Пруденциялық нормативтердің және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің құрамына:
1) микроқаржы ұйымы үшін:
жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері;
меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері;
меншікті капиталдың жеткіліктілігі;
бір қарыз алушыға тәуекелдің ең жоғары мөлшері;
левередж коэффициенті;
2) кредиттік серіктестік үшін:
жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері;
меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері;
левередж коэффициенті;
3) ломбард үшін - жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері кіреді.
3. Жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері:
1) микроқаржы ұйымы үшін – 100 000 000 (бір жүз миллион) теңге, мынадай жағдайларды қоспағанда:
2023 жылғы 1 шілдеден бастап - 150 000 000 (бір жүз елу миллион) теңге;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 200 000 000 (екі жүз миллион) теңге;
2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда (бұдан әрі - уәкілетті орган) есептік тіркеуден өткен микроқаржы ұйымы үшін жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері:
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 30 000 000 (отыз миллион) теңге;
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 50 000 000 (елу миллион) теңге;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 70 000 000 (жетпіс миллион) теңге;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 100 000 000 (бір жүз миллион) теңге;
2023 жылғы 1 шілдеден бастап - 150 000 000 (бір жүз елу миллион) теңге;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 200 000 000 (екі жүз миллион) теңге;
2) кредиттік серіктестік үшін - 50 000 000 (елу миллион) теңге, мыналарды қоспағанда:
кредиттік серіктестік ретінде 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік тіркеуден өткен және өз қызметін Астана, Алматы, Шымкент қалаларында немесе облыс орталығында жүзеге асыратын кредиттік серіктестікті, ол үшін жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері:
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 10 000 000 (он миллион) теңге;
2020 жылғы 1 шілдеден бастап - 20 000 000 (жиырма миллион) теңге;
2021 жылғы 1 шілдеден бастап - 30 000 000 (отыз миллион) теңге;
2022 жылғы 1 шілдеден бастап - 50 000 000 (елу миллион) теңге;
кредиттік серіктестік ретінде 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік тіркеуден өткен және өз қызметін Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан немесе облыс орталығынан тыс жерде жүзеге асыратын кредиттік серіктестікті, ол үшін жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері:
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 5 000 000 (бес миллион) теңге;
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 10 000 000 (он миллион) теңге;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 15 000 000 (он бес миллион) теңге;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 25 000 000 (жиырма бес миллион) теңге;
3) 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін ломбард ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен ломбардты қоспағанда, ломбард үшін – 70 000 000 (жетпіс миллион) теңге, ол үшін жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшер:
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 10 000 000 (он миллион) теңге;
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 30 000 000 (отыз миллион) теңге;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 30 000 000 (отыз миллион) теңге;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 50000 000 (елу миллион) теңге.";
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері:
1) микроқаржы ұйымы үшін - 100 000 000 (бір жүз миллион) теңге, мына жағдайларды қоспағанда:
2023 жылғы 1 шілдеден бастап - 150 000 000 (бір жүз елу миллион) теңге;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 200 000 000 (екі жүз миллион) теңге;
2020 жылғы 1 қаңтарға дейін уәкілетті органда есептік тіркеуден өткен микроқаржы ұйымы үшін меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері:
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 30 000 000 (отыз миллион) теңге;
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 50 000 000 (елу миллион) теңге;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 70 000 000 (жетпіс миллион) теңге;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 100 000 000 (бір жүз миллион) теңге;
2023 жылғы 1 шілдеден бастап - 150 000 000 (бір жүз елу миллион) теңге;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 200 000 000 (екі жүз миллион) теңге;
2) кредиттік серіктестік үшін - 50 000 000 (елу миллион) теңге, мыналарды қоспағанда:
кредиттік серіктестік ретінде 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік тіркеуден өткен және өз қызметін Астана, Алматы, Шымкент қалаларында немесе облыс орталығында жүзеге асыратын кредиттік серіктестікті, ол үшін меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері:
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 10 000 000 (он миллион) теңге;
2020 жылғы 1 шілдеден бастап - 20 000 000 (жиырма миллион) теңге;
2021 жылғы 1 шілдеден бастап - 30 000 000 (отыз миллион) теңге;
2022 жылғы 1 шілдеден бастап - 50 000 000 (елу миллион) теңге;
кредиттік серіктестік ретінде 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік тіркеуден өткен және өз қызметін Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан немесе облыс орталығынан тыс жерде жүзеге асыратын кредиттік серіктестікті, ол үшін меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері:
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 5 000 000 (бес миллион) теңге;
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 10 000 000 (он миллион) теңге;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 15 000 000 (он бес миллион) теңге;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 25 000 000 (жиырма бес миллион) теңге.
5. Микроқаржы ұйымының меншікті капиталының жеткіліктілігі k1 коэффициентімен сипатталады және меншікті капиталдың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтер сомасына қатынасы ретінде есептеледі.
Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланатын активтерді есептеу Нормативтерге қосымшаға сәйкес Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланған микроқаржы ұйымы активтерінің кестесіне сәйкес жүргізіледі.
k1 коэффициентінің есебіне қабылданатын кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтер берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптауды жүзеге асыру Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16858 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 62 қаулысымен бекітілген Берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптауды жүзеге асыру, берілген микрокредиттер бойынша активтерді күмәнді және үмітсізге жатқызу, сондай-ақ оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру қағидаларына сәйкес қалыптастырылған провизиялар (резервтер) шегеріле отырып енгізіледі.
k1 коэффициентінің мәні кемінде 0,1 құрайды.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Микроқаржы ұйымының, кредиттік серіктестіктің міндеттемелерге капиталдандыру k3 левередж коэффициентімен сипатталады және микроқаржы ұйымының, кредиттік серіктестіктің жиынтық міндеттемелері сомасының оның меншікті капиталына қатынасы ретінде есептеледі.
k3 коэффициентінің мәні 10-нан аспайды.
Кредиттік серіктестік үшін k3 коэффициентін есептеу кезінде кредиттік серіктестіктің жиынтық міндеттемелерінен ұлттық басқарушы холдингтер мен агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары алдындағы міндеттемелер алып тасталады.";
осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакциядағы қосымшамен толықтырылсын.
2. "Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қарыз алушысының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидаларын және шекті мәнін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 215 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19670 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қарыз алушысының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидаларының 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қағидаларда Заңда көрсетілген негізгі ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) кредиттік желі – микроқаржы ұйымының қарыз алушыға микрокредит алу уақытын өзі анықтауға мүмкіндік беретін талаптармен, бірақ микрокредиттер беру қағидаларында және кредиттік желі беру (ашу) туралы келісімде айқындалған сома мен уақыт шегінде қарыз алушыға микрокредит беру міндеттемесі;
2) кредиттік лимит – кредиттік желінің шекті сомасы;
3) қарыз алушы – Заңның 3-бабы 1-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес микроқаржы ұйымының микрокредит беру жөніндегі қызметтерін пайдалануға ниет білдірген немесе пайдаланатын Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғасы;
4) ресми кіріс – мына құжаттардың:
салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттiк корпорациясының дерекқорынан алынған ақпараттың немесе орталық атқарушы органдар және оларға тиесілі не оларға ведомстволық бағынысты заңды тұлғалардың дерекқорынан жеке тұлғалардың кірісі туралы ақпараттың;
зейнетақы төлемдері түсетін банк шотынан үзінді-көшірменің;
жұмыс берушіден жалақы және басқа да кірістер түсетін банк шотынан үзінді-көшірменің;
"Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес жасалған зейнетақы аннуитеті шарты бойынша, аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдері түсетін банк шотынан үзінді-көшірменің;
мынадай салықтық аударымдар:
патенттің негізінде арнайы салық режимін қолданған кезде салық салынатын кірістің 5 (бес) пайызы;
жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимін қолданған кезде салық салынатын кірістің 15 (он бес) пайызы;
тіркелген шегерімді пайдалана отырып арнайы салық режимінің салық салынатын кірісінің 20 (жиырма) пайызы негізінде есептелген жеке кәсіпкер-жеке тұлғаның кірістері туралы ақпараттың біреуінің және (немесе) бірнешеуінің негізінде есептелген орташа ай сайынғы кіріс.".
3. Банктік емес ұйымдарды қадағалау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
М. Абылкасымова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және реформалар
Агенттігінің Ұлттық статистика бюросы
Салымдардың кредит тәуекелінің дәрежесі бойынша сараланған микроқаржы ұйымы активтерінің кестесі
№ | Баптардың атауы | %-бен тәуекел дәрежесі |
I топ | ||
1. | Қолма-қол теңге | 0 |
2. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейінің рейтингі бар елдердің қолма-қол шетел валютасы | 0 |
3. | Тазартылған қымбат металдар | 0 |
4. | Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдар және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне қойылатын өзге де талаптар | 0 |
5. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейінің рейтингі бар елдердің орталық банктеріндегі салымдар | 0 |
6. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-" төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейінің рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар, Еуропа Даму Банкіндегі Қазақстан Республикасының ұлттық валютадағы салымдары | 0 |
7. | Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бағалы қағаздар | 0 |
8. | Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқару органдары шығарған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бағалы қағаздары | 0 |
9. | Қазақстан Республикасының "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Заңына сәйкес "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры", "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі", "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамдары шығарған бағалы қағаздар, сондай-ақ Еуразия Даму Банкі шығарған және Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында номинирленген бағалы қағаздар | 0 |
10. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейінің рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар | 0 |
11. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-" төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейінің рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар | 0 |
12. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің " ВВВ" төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейінің рейтингі бар банктерге ашық корреспонденттік шоттар бойынша талаптар | 0 |
13. | І топтағы тәуекелге енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы | 0 |
II топ | ||
14. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейінің рейтингі бар елдердің, тиісті рейтингтік бағалауы жоқ елдердің қолма-қол шетел валютасы | 20 |
15. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+" -тен "А-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейінің рейтингі бар елдердің орталық банктеріндегі салымдар | 20 |
16. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+" -тен "А-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейінің рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар | 20 |
17. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-" төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейінің рейтингі бар ұйымдарындағы салымдар | 20 |
18. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+" -тен "А-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейінің рейтингі бар елдердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар | 20 |
19. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+" -тен "А-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейінің рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар | 20 |
20. | Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары шығарған мемлекеттік бағалы қағаздарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар | 20 |
21. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейінің рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар | 20 |
22. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-" төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейінің рейтингі бар ұйымдары шығарған бағалы қағаздар | 20 |
23. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ААА" дан "АА-" -ке дейінгі кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейінің рейтингі бар немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzAAA" -дан "kzAA-" -ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейінің рейтингі бар микроқаржы ұйымы баланста ұстап қалатын секьюритилендіру позициясы | 20 |
24. | II топтағы тәуекелдерге енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы | 20 |
III топ | ||
25. | Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты мақсаттарға берілген кепілмен қамтамасыз етілген микрокредиттер | 50 |
26. | Тазартылмаған қымбат металдар | 50 |
27. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейінің рейтингі бар елдердің орталық банктеріндегі салымдар | 50 |
28. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВВ-" -ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейінің рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар | 50 |
29. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-" -ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейінің рейтингі ұйымдардағы салымдар | 50 |
30. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-" -ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейінің рейтингі бар ұйымдардағы дебиторлық берешек | 50 |
31. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВВ-" -ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейінің рейтингі бар елдердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар | 50 |
32. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВВ-" -ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейінің рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар | 50 |
33. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-" -ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейінің рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар | 50 |
34. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-" -ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейінің рейтингі бар ұйымдар шығарған бағалы қағаздар | 50 |
35. | Сомасы осы бағалы қағаздардың номиналдық құнының кемінде 50 (елу) пайызын жабатын, "ДАМУ" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының және (немесе) "Қазақстан Даму банкі" акционерлік қоғамының кепілдіктері бар, "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамының ресми тізімінің "Негізгі" не "Баламалы" алаңдары "Борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шағын немесе орта кәсіпкерлікке жатқызылған субъектілер шығарған және келесі өлшемшарттарға сәйкес келетін бағалы қағаздар: | 50 |
1) эмитенттің бағалы қағаздарының бір шығарылымына салынған инвестициялар көлемі меншікті капиталдың 0,02 (нөл бүтін жүзден екі) пайызынан аспайды; | ||
2) бағалы қағаздар шығару валютасы – теңге. | ||
36. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) "А+"-тен "А-"-ке дейін кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzA+"-тен "kzA-"-ке дейін рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар және микроқаржы ұйымы баланста ұстайтын секьюритилендіру позициялары | 50 |
37. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ-"-тен "ВВ+"-ке дейінгі борыштық рейтінгі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент-банктерге немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ-"-тен "ВВ+"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкіне ашылған корреспонденттік шоттар бойынша талаптар | 50 |
38. | "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамына қойылатын талаптар | 50 |
39. | III тәуекел тобына кіретін активтер бойынша есептелген сыйақы | 50 |
IV топ | ||
40. | Кәсіпкерлік қызметті іске асырумен байланысты мақсаттарға берілген кепілсіз микрокредиттер | 100 |
41. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ+""-тен "В-"-ке дейін тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің орталық банктеріндегі салымдар | 100 |
42. | 1.12. Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ+" -тен "В-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халық аралық қаржы ұйымдарындағы және тиісті рейтингтік бағасы жоқ халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар | 100 |
43. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А-"-тан төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент- ұйымдарындағы, Қазақстан Республикасының тиісті рейтингтік бағасы жоқ резидент- ұйымдарындағы және Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ+""-тен "В-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымдарындағы салымдар | 100 |
44. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А-"-тан төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент- ұйымдарының, Қазақстан Республикасының тиісті рейтингтік бағасы жоқ резидент- ұйымдарының және Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ+""-тен "В-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымдарының дебиторлық берешегі | 100 |
45. | Жеке тұлғалардың дебиторлық берешегі | 100 |
46. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ+"-тен "В-"-ке дейін тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік мәртебесіне ие бағалы қағаздар | 100 |
47. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+" -тен "ВВ-"-ке дейін тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар | 100 |
48. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ+"-тен "В-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары және тиісті рейтингтік бағасы жоқ халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар | 100 |
49. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А-"-тан төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент-ұйымдар және Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар, Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымдары шығарған бағалы қағаздар | 100 |
50. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВВ-"-ке дейінгі кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар, не Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBBB+"-тен "kzBBB-"-ке рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар микроқаржы ұйымы баланста ұстайтын секьюритилендіру позициялары | 100 |
51. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент-банктеріне не Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ+"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банкіне ашылған корреспонденттік шоттар бойынша талаптар | 100 |
52. | IV тәуекел тобына кірген активтер бойынша есептелген сыйақы | 100 |
53. | Төлемдер бойынша есеп айырысулар | 100 |
54. | Негізгі қаражат | 100 |
55. | Материалдық қор | 100 |
56. | Сыйақы мен шығыстар сомасын алдын ала төлеу | 100 |
V топ | ||
57. | Жеке тұлғаларға берілген микрокредиттер, оның ішінде "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабы 3-1-тармағына сәйкес микрокредит сомасын толығымен жабатын, кепілмен қамтамасыз етілген, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға берілген микрокредиттер | 150 |
58. | Жеке тұлғаларға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға берілген кепілсіз микрокредиттер | 200 |
59. | Заңның 4-бабы 3-1-тармағына сәйкес берілген кепілсіз микрокредиттер | 500 |
60. | Жасанды интеллект, блокчейн және басқа да инновациялық технологиялар пайдаланыла отырып, қаржылық және (немесе) төлем қызметтерін көрсету мүмкіндігін беру бойынша қызметтер көрсететін, интернет арқылы ақпараттық жүйе пайдаланыла отырып, қаржы ұйымдары немесе эмитенттер мен қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар арасында қаржылық қызметтер көрсету жөнінде мәмілелер жасау мүмкіндігін беру бойынша қызметтер көрсететін, ұйымдарды қаржы ұйымдарының қызметінде, оның ішінде олардың қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылымды әзірлеуді, өткізуді, қолдап отыруды жүзеге асыратын ұйымдардың (Қазақстан Республикасының резиденттері және бейрезиденттері) меншікті капитал мөлшерінің 15 (он бес) пайызынан аспайтын акцияларға (жарғы капиталындағы қатысу үлесі) инвестициялар | 150 |
61. | Жасанды интеллект, блокчейн және басқа да инновациялық технологиялар пайдаланыла отырып, қаржылық және (немесе) төлем қызметтерін көрсету мүмкіндігін беру бойынша қызметтер көрсететін, интернет желісі арқылы ақпараттық жүйе пайдаланыла отырып, қаржы ұйымдары немесе эмитенттер мен қаржылық қызметтерді тұтынушылар арасында қаржылық қызметтер көрсету жөнінде мәмілелер жасау мүмкіндігін беру бойынша қызметтер көрсететін, қаржы ұйымдарының қызметінде, оның ішінде олардың қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылымды әзірлеуді, өткізуді, қолдауды жүзеге асыратын ұйымдардың (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерінің) акцияларына (жарғылық капиталға қатысу үлесі) меншікті капиталының шамасынан 15 (он бес) пайыздан аспайтын инвестициялары | 1250 |
62. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "В-"-тен төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар елдердің орталық банктеріндегі салымдар | 150 |
63. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "В-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар | 150 |
64. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ-" төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар және тиісті рейтингтік бағасы жоқ Қазақстан Республикасының бейрезидент- ұйымдарындағы салымдар | 150 |
65. | Төменде көрсетілген шет мемлекеттердің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымдарындағы салымдар | 150 |
1) Андорра Князьдігі; | ||
2) Америка Құрама Штаттары (Америкалық Виргин аралдарының, Гуам аралының және Пуэрто-Рико достастығы аумақтары бөлiгiнде ғана); | ||
3) Антигуа және Барбуда мемлекеті; | ||
4) Багам аралдары достастығы; | ||
5) Барбадос мемлекеті; | ||
6) Бахрейн мемлекеті; | ||
7) Белиз мемлекеті; | ||
8) Бруней Даруссалам мемлекеті; | ||
9) Біріккен Араб Әмірліктері (Дубай қаласы аумағы бөлігінде ғана); | ||
10) Вануату Республикасы; | ||
11) Гватемала Республикасы; | ||
12) Гренада мемлекеті; | ||
13) Джибути Республикасы; | ||
14) Доминикан Республикасы; | ||
15) Жаңа Зеландия (Кука және Ниуэ аралдары аумағы бөлігінде ғана); | ||
16) Индонезия Республикасы; | ||
17) Испания (Канар аралдарының аумағы бөлiгiнде ғана); | ||
18) Кипр Республикасы; | ||
19) Комор Аралдары Федералды Ислам Республикасы; | ||
20) Коста-Рика Республикасы; | ||
21) Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкiмшiлiк аудандарының аумақтары бөлiгiнде ғана); | ||
22) Либерия Республикасы; | ||
23) Лихтенштейн Князьдігі; | ||
24) Маврикий Республикасы; | ||
25) Малайзия (Лабуан анклавының аумағы бөлiгiнде ғана); | ||
26) Мальдив Республикасы; | ||
27) Мальта Республикасы; | ||
28) Маршалл аралдары Республикасы; | ||
29) Монако Князьдігі; | ||
30) Мьянма Одағы; | ||
31) Науру Республикасы; | ||
32) Нидерланды (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелдi аумақтары бөлiгiнде ғана); | ||
33) Нигерия Федеративтiк Республикасы; | ||
34) Португалия (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана); | ||
35) Палау Республикасы; | ||
36) Панама Республикасы; | ||
37) Самоа Тәуелсiз мемлекетi; | ||
38) Сейшел аралдары Республикасы; | ||
39) Сент-Винсент және Гренадин мемлекетi; | ||
40) Сент-Китс және Невис Федерациясы; | ||
41) Сент-Люсия мемлекеті; | ||
42) Тонга Корольдiгi; | ||
43) Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Бiрiккен Корольдiгi (мынадай аумақтар бөлiгiнде ғана): | ||
Ангилья аралдары; | ||
Бермуд аралдары; | ||
Британдық Виргин аралдары; | ||
Гибралтар; | ||
Кайман аралдары; | ||
Монтсеррат аралы; | ||
Теркс және Кайкос аралдары; | ||
Мэн аралы; | ||
Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары); | ||
44) Филиппин Республикасы; | ||
45) Шри-Ланка Демократиялық Республикасы | ||
66. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымдарының және тиісті рейтингтік бағасы жоқ бейрезидент-ұйымдардың дебиторлық берешегі | 150 |
67. | Төменде көрсетілген шет мемлекеттердің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымдарының дебиторлық берешегі: | 150 |
68. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "В-"-тен төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтері шығарған бағалы қағаздар | 150 |
69. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ-"-тен төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар | 150 |
70. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "В-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар | 150 |
71. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымдары және тиісті рейтингтік бағасы жоқ Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымдары шығарған бағалы қағаздар | 150 |
72. | Төменде көрсетілген шет мемлекеттердің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымдары шығарған бағалы қағаздар: | 150 |
73. | Микроқаржы ұйымы баланста ұстап тұратын және Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ+"-тен "ВВ-" -ке дейінгі кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBB+"-тен "kzBB-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары | 350 |
74. | Тәуекелдің V тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы | 150 |
Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген микроқаржы ұйымы активтерінің кестесіне қосымша |
Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленуге тиісті микроқаржы ұйымы активтерінің есебіне түсіндірме
1. Салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар, микроқаржы ұйымында түзетілген құны аталған активтер көлемінің 50 (елу) пайызынан кем емес қамтамасыз етуі бар (Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген микроқаржы активтері кестесінің (бұдан әрі - Кесте) 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 және 11-жолдарында көрсетілген активтер түріндегі) осы тармаққа сәйкес микроқаржы ұйымында түзетілген қамтамасыз ету құнын анықтауға мүмкіндік беретін барабар есепке алу жүйесі болған кезде түзетілген қамтамасыз ету құнын шегергендегі тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтер есебіне енгізіледі.
Түзетілген қамтамасыз ету құны (Кестенің 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 және 11-жолдарында көрсетілген активтер түріндегі) мыналарға:
салымдар сомасының 100 (жүз) пайызына, оның ішінде осы микроқаржы ұйымындағы қамтамасыз ету ретінде ұсынылғандары;
қамтамасыз етуге берілген бағалы қағаздардың нарықтық құнының 95 (тоқсан бес) пайызына;
қамтамасыз етуге берілген тазартылған бағалы металдардың нарықтық құнының 85 (сексен бес) пайызына тең болады.
Жоғарыда көрсетілген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың қамтамасыз етілмеген бөлігі салымдарға, дебиторлық берешекке, сатып алынған бағалы қағаздарға сәйкес келетін тәуекел дәрежесі бойынша Кестеге сай мөлшерленеді.
2. Контрагенттен төмен тәуекел дәрежесі бар ұйымдар кепілдік берген (сақтандырылған) микроқаржы ұйымының инвестициялары есебіне енгізілмеген салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген (микроқаржы ұйымының инвестициялары есебіне енгізілмеген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың, қарыздардың, инвестициялардың кепілдік берген (сақтандырылған) сомасын шегергендегі) активтердің есебіне борышкердің тәуекел дәрежесі бойынша енгізіледі.
Ұлттық почта операторының инвестициялары есебіне енгізілмеген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың, қарыздардың, инвестициялардың кепілдік берілген (сақтандырылған) сомасы тиісті кепілдік берушінің (сақтандырушының) дебиторлық берешегінің тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленеді.
3. Егер бағалы қағаз шығарылымының арнайы борыштық рейтингі болса, онда тәуекел дәрежесі бойынша микроқаржы ұйымының активтерін мөлшерлеу кезінде бағалы қағаз рейтингін ескеру қажет.