ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың күшін жою көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 03.09.2024 № 345 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 51-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестіктері және (немесе) Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Т. Дуйсенова |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 маусымдағы № 225 бұйрығымен бекітілген |
Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестіктері және (немесе) Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.05.2024 № 161 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Атауы | Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығы бойынша тауар коды |
---|---|---|
1. Өндірілетін тауарлар: | ||
1. | төсек жаймаларының барлық атауы |
139212.700.000001; |
2. | көрпе |
139211.300.000000; |
3. | матрастар |
310312.700.000000; |
4. | жамылғы |
139216.900.000009; |
5. | әртүрлі жастықтар |
139224.992.000000; |
6. | сүлгі |
139213.500.000000; |
7. | майлықтар |
139213.500.000001; |
8. | жастық тыстары | 139212.530.000000 |
9. | матрасқа арналған тыстар |
139229.990.000038; |
10. | жаялықтар |
139229.990.000068; |
11. | шалбар |
141312.490.000002; |
12. | жартылай жылы комбинезон |
141212.510.000004; |
13. | жылы кеудеше |
141230.110.000004; |
14. | бүркемеленген далалық күртеше | 141211.390.000000; |
15. | дәнекерлеуші костюмі | 141211.290.000004; |
16. | аккумуляторшы костюмі |
141221.290.010001; |
17. | жұмыс комбинезоны |
141212.590.000009; |
18. | аспаз костюмі |
141221.200.000000; |
19. | наубайшы костюмі |
141221.200.000000; |
20. | әртүрлі қалпақтар |
141943.900.000002; |
21. | әртүрлі халаттар |
141230.110.000008; |
22. | әртүрлі алжапқыштар |
141230.110.000012; |
23. | сигналдық кеудеше |
141230.190.000000; |
24. | хирургиялық костюмдер | 141922.290.000006 |
25. | мақта-матадан жасалған бахилалар | 139229.800.000001 |
26. | әртүрлі пижамалар |
141412.390.000002; |
27. | ерлердің іш киімдері | 141430.920.000000 |
28. | трусилер |
141412.290.000001; |
29. | шылғаулар | 141912.910.000000 |
30. | әртүрлі ішкі жейделер |
141412.390.000008; |
31. | әртүрлі жейделер |
141413.900.000014; |
32. | әртүрлі үшкіл орамалдар | 141943.900.000003 |
33. | беторамал | 141923.190.000001 |
34. | жаға астары | 141923.930.000000 |
35. | қолғаптар | 141923.710.010001 |
36. | перделер | 139215.500.000000 |
37. | шымылдықтар |
139616.900.000023; |
38. | әртүрлі қаптар |
139919.900.000020; |
39. | құжат тігілетін папкалар |
172313.500.000000; |
40. | конверттер | 172312.300.000001 |
41. | қағаздарға арналған папкалар |
172313.500.000005; |
42. | сызғыштар | 222925.500.000010 |
43. | орайтын қораптар | 172312.700.000001 |
44. | архив қораптары | 172313.900.000000 |
45. | ағаш бұйымдар |
257310.400.000001; |
46. | жиһаз |
310210.700.000000; |
2. Өндірілетін және (немесе) берілетін тауарлар: | ||
47. | тифлотехникалық құралдар |
329921.500.000002 – таяқ; |
48. | арнаулы жүріп-тұру құралдары |
309220.300.000000 – арба; |
49. | міндетті гигиеналық құралдар |
172212.900.000003; |
3. Орындалатын жұмыстар: | ||
50. | көгалдандыру | 024010.299.000003 |
4. Көрсетілетін қызметтер: | ||
51. | мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған көлік құралдарын жөндеу және қызмет көрсету |
292040.100.000001; |
52. | мүгедектігі бар адамдардың демалысын және санаторийлік-курорттық емдеуді ұйымдастыру | 931919.900.000001 |
53. | орын-жайлар мен аумақтарды жинау, клинингтік қызметтер | 811010.000.000000 |
54. | абаттандыру, көгалдандыру | 711131.900.000004 |
55. | полиграфиялық көрсетілетін қызметтер | 181219.900.000005 |
56. | кір жуу қызметтері | 960119.000.000001 |