ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестіктері және (немесе) Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) "Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестіктері және (немесе) Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 маусымдағы № 225 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32862 болып тіркелген);
2) "Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестіктері және (немесе) Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 маусымдағы № 225 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 22 мамырдағы № 161 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34411 болып тіркелген).
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Инклюзия департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
С. Жакупова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2024 жылғы 3 қыркүйектегі № 345 бұйрығымен бекітілген |
Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестіктері және (немесе) Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 07.04.2025 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Атауы | Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығы бойынша тауар коды |
1. Өндірілетін тауарлар: | ||
1. | төсек жаймаларының барлық атауы |
139212.700.000001; |
2. | көрпе |
139211.300.000000; |
3. | матрастар |
310312.700.000000; |
4. | жамылғы |
139216.900.000009; |
5. | әртүрлі жастықтар |
139224.992.000000; |
6. | сүлгі |
139213.500.000000; |
7. | майлықтар |
139213.500.000001; |
8. | жастық тыстары | 139212.530.000000 |
9. | матрасқа арналған тыстар |
139229.990.000038; |
10. | жаялықтар |
139229.990.000068; |
11. | шалбар |
141212.490.000001; |
12. | күртке |
141321.210.000000; |
13. | жылы кеудеше |
141230.110.000004; |
14. | әскери қызметшілерге арналған далалық жазғы/оқшауланған камуфляж түсті костюм (күрткеден, шалбардан тұрады) |
141322.170.000000; |
15. | дәнекерлеуші костюмі | 141211.290.000004; |
16. | аккумуляторшы костюмі |
141221.290.010001; |
17. | жалпы өндірістік ластанудан қорғауға арналған ерлер костюмі |
141211.290.000016; |
18. | аспаз костюмі |
141221.200.000000; |
19. | наубайшы костюмі | 141221.200.000000 |
20. | әртүрлі қалпақтар |
141943.900.000002; |
21. | әртүрлі халаттар |
141230.110.000008; |
22. | әртүрлі алжапқыштар |
141230.110.000012; |
23. | сигналдық кеудеше |
141230.190.000000; |
24. | ерлер/әйелдер санитарлық киімдер жиынтығы (хирургиялық шалбар, хирургиялық көйлек) |
141221.290.000019; |
25. | мақта-матадан жасалған бахилалар | 139229.800.000001 |
26. | әртүрлі пижамалар |
141412.390.000002; |
27. | ерлердің ішкі киім жиынтығы |
141430.920.000000; |
28. | трусилер |
141412.290.000001; |
29. | шылғаулар |
141912.910.000000; |
30. | әртүрлі ішкі жейделер |
141412.390.000008; |
31. | әртүрлі жейделер |
141413.900.000014; |
32. | әртүрлі үшкіл орамалдар | 141943.900.000003 |
33. | беторамал | 141923.190.000001 |
34. | жаға астары |
141923.930.000000; |
35. | қолғаптар | 141923.710.010001 |
36. | перделер | 139215.500.000000 |
37. | шымылдықтар |
139616.900.000023; |
38. | әртүрлі қаптар |
139919.900.000020; |
39. | ағаш бұйымдар |
257310.400.000001; |
40. | бір жылдық көшет | 013010.210.000000 |
41. | көпжылдық көшет | 013010.210.000001 |
42. | гүл көшеті | 013010.600.000000 |
43. | ағаш көшеті | 021011.200.000000 |
44. | бұта көшеті | 021011.190.000000 |
45. | жиһаз |
310210.700.000000; |
2. Орындалатын жұмыстар: | ||
46. | мүгедектігі бар адамдарға арналған автокөлік құралдарын жөндеу жұмыстары | 292040.100.000007 |
47. | жиһаздарды дайындау бойынша жұмыстар | 310999.000.000000 |
48. | аумақтарды жөндеу/ абаттандыру бойынша жұмыстар | 813010.000.000000 |
3. Көрсетілетін қызметтер: | ||
49. | мүгедектігі бар адамдарға арналған автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер | 331219.200.000004 |
50. | шипажайлық-курорттық емдеу/емдеу-сауықтыру демалысы бойынша қызмет көрсетулер | 931919.900.000002 |
51. | орын-жайлар мен аумақтарды жинау, клинингтік қызметтер | 812110.000.000000 |
52. | полиграфиялық өнімдерді (кітаптардан, фотодан, мерзімді басылымдардан басқа) жасау/басып шығару бойынша полиграфиялық қызмет көрсетулер | 181219.900.000005 |
53. | кір жуу қызмет көрсетулері | 960119.000.000001 |
54. | жас көшеттер суару бойынша қызмет көрсетулер | 024010.299.000005 |
55. | өсімдіктермен күту бойынша қызметтер (отырғызу/қайта өткізу/өңдеу/сауықтыру/сыртқы түрге күтім және ұқсас) | 960919.900.000022 |
56. | жиһаздарды тарту (қаптау) бойынша қызметтер | 310091.000.000000 |