"Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 10-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған адвокат, заң консультанты көрсеткен, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
А. Ескараев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Соты
___________________________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
___________________________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Конституциялық Соты
___________________________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
___________________________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
___________________________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі
___________________________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
___________________________
Қазақстан Республикасы Әділет министрі 2023 жылғы 30 маусымдағы № 434 бұйрығымен бекітілген |
Адвокат, заң консультанты көрсеткен, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшерлері
1. Адвокат көрсеткен, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшері:
1) мына:
қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің кез келген сатысында:
аса ауыр қылмыс жасағаны үшін күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталғанның немесе аса ауыр қылмыс жасады деп тағылған айыптан ақталғанның;
аса ауыр қылмыс жасады деп күдіктену, айып тағу бойынша өзіне қатысты қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында тоқтатылған күдіктінің, айыпталушының қорғаушысы ретінде қатысудың;
қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің кез келген сатысында аса ауыр қылмыс салдарынан жәбірленуші деп танылған адамның өкілі ретінде қатысудың;
аса ауыр қылмыс жасағаны үшін қамауда ұсталған, үйқамақтағы немесе қылмыстық-атқару жүйесi мекемесінде жазасын өтеп жатқан өзі қорғайтын адаммен кездесудің;
өтініштер, өтінішхаттар, процестік келісімдер, сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы қылмыстық істерді қоспағанда, қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісімдер, анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне арыздар, апелляциялық, кассациялық және өзге де арыздар, апелляциялық, кассациялық және өзге де арыздарға қарсылықтар, сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы қылмыстық істерді қоспағанда, қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда азаматтық талапкермен, азаматтық жауапкермен бітімгершілік келісімдер, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдер немесе дауды партисипативті тәртіппен реттеу туралы келісімдер, аса ауыр қылмыс жасағаны үшін күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны, сотталғанды қорғау және олардың мүддесінде азаматтық талап қоюға немесе аса ауыр қылмыс салдарынан жәбірленуші деп танылған адамның мүддесінде пікір (қарсылық) білдірудің;
"Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы" Конституциялық заңның 41-бабының 5-тармағында көзделген конституциялық іс жүргізу шеңберінде кез келген сатысында қатысудың бір сағаты үшін тиісті кезеңге бекітілген 1,15 айлық есептік көрсеткіш;
2) мына:
қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің кез келген сатысында:
ауыр қылмыс жасағаны үшін күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталғанның немесе ауыр қылмыс жасады деп тағылған айыптан ақталғанның;
ауыр қылмыстық іс жасады деп күдіктену, айып тағу бойынша өзіне қатысты қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында тоқтатылған күдіктінің, айыпталушының қорғаушысы ретінде қатысудың;
қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің кез келген сатысында ауыр қылмыс салдарынан жәбірленуші деп танылған адамның өкілі ретінде қатысудың;
ауыр қылмыс жасағаны үшін қамауда ұсталған, үйқамақтағы немесе қылмыстық-атқару жүйесi мекемесінде жазасын өтеп жатқан өзі қорғайтын адаммен кездесудің;
өтініштер, өтінішхаттар, процестік келісімдер, сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы қылмыстық істерді қоспағанда, қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісімдер, анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне арыздар, апелляциялық, кассациялық және өзге де арыздар, апелляциялық, кассациялық және өзге де арыздарға қарсылықтар, сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы қылмыстық істерді қоспағанда, қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда азаматтық талапкермен, азаматтық жауапкермен бітімгершілік келісімдер, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдер немесе дауды партисипативті тәртіппен реттеу туралы келісімдер, ауыр қылмыс жасағаны үшін күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны, сотталғанды қорғау және олардың мүддесінде азаматтық талап қоюға немесе ауыр қылмыс салдарынан жәбірленуші деп танылған адамның мүддесінде пікір (қарсылық) білдірудің бір сағаты үшін тиісті кезеңге бекітілген 0,78 айлық есептік көрсеткіш;
3) мына:
әкімшілік жауаптылыққа тартылатын адамды әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізудің кез келген сатысында қорғаудың;
заң көмегіне ақы төлеуден және азаматтық немесе әкімшілік іс бойынша іс жүргізуде өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босатылған адамның атынан өкілдік етудің және оларды бюджет қаражаты есебіне жатқызудың;
адвокатқа жүгінген жағдайларда жеке тұлғаларға құқықтық консультация берудің;
қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің кез келген сатысында:
қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес не ауырлығы орташа қылмыс жасады деп күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталғанның немесе қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес не ауырлығы орташа қылмыс жасады деп тағылған айыптан ақталғанның;
қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес не ауырлығы орташа қылмыс жасады деп күдіктену, айып тағу бойынша өзіне қатысты қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында тоқтатылған күдіктінің, айыпталушының қорғаушысы ретінде қатысудың;
қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің кез келген сатысында қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес не ауырлығы орташа қылмыс салдарынан жәбірленуші деп танылған адамның өкілі ретінде қатысудың;
онша ауыр емес не ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін қамауда ұсталған, үйқамақтағы немесе қылмыстық-атқару жүйесi мекемесінде жазасын өтеп жатқан өзі қорғайтын адаммен не әкімшілік ұстап алуға тартылған адаммен кездесудің;
өтініштер, өтінішхаттар, процестік келісімдер, сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы қылмыстық істерді қоспағанда, қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісімдер, анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне арыздар, апелляциялық, кассациялық және өзге де арыздар, апелляциялық, кассациялық және өзге де арыздарға қарсылықтар, сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы қылмыстық істерді қоспағанда, қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда, азаматтық талапкермен, азаматтық жауапкермен бітімгершілік келісімдер, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдер немесе дауды партисипативті тәртіппен реттеу туралы келісімдер, қылмыстық терiс қылық немесе онша ауыр емес не ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны, сотталғанды қорғау және олардың мүддесінде азаматтық талап қоюға немесе қылмыстық терiс қылық немесе онша ауыр емес не ауырлығы орташа қылмыс салдарынан әкімшілік құқық бұзушылық іс бойынша немесе азаматтық іс бойынша жәбірленуші деп танылған адамның мүддесінде пікір (қарсылық) білдірудің;
адвокаттардың мемлекет кепілдік берген заң көмегін консультациялар, анықтамалар, құқықтық сипаттағы құжаттарды жасау түрінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 475-бабы үшінші бөлігінің бірінші абзацында және 476-бабының 4), 5), 5-1), 11), 13), 15), 17), 19) және 22) тармақшаларында көзделген жағдайларда соттардың үкімдері мен қаулыларын орындау барысында ұсынылатын құжаттарды дайындау кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өзге де түрде көрсетуінің бір сағаты үшін тиісті кезеңге бекітілген 0,56 айлық есептік көрсеткіш;
4) қылмыстық іс бойынша, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізудің кез келген сатысында түнгі уақытта, демалыс және мереке күндері қорғаушы ретінде қатысудың бір сағаты үшін – осы қосымшаның 1-тармағының 1) – 3) тармақшаларында белгіленген ақы төлеу мөлшерінен 1,5;
5) тергеп-тексерудің немесе өзге әрекеттің басталуын немесе оны кейінге қалдырған жағдайда оның жалғастырылуын: сот отырысының басталуын немесе оны кейінге қалдырған жағдайда оның жалғастырылуын күткен уақыты үшін – осы қосымшаның 1-тармағының 1) – 3) тармақшаларында белгіленген ақы төлеу мөлшерінен 50 пайыз;
6) нақты іс бойынша қорғауды немесе өкілдік етуді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының шегінде басқа жерге іссапарға шығуға байланысты шығыстарды өтеу – мемлекет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері үшін белгіленген мөлшерде.
2. Заң консультанты көрсеткен, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшері:
1) мына:
"Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы" Конституциялық заңның 41-бабының 5-тармағында көзделген конституциялық іс жүргізу шеңберінде кез келген сатысында қатысудың бір сағаты үшін тиісті кезеңге бекітілген 1,15 айлық есептік көрсеткіш;
2) заң көмегіне ақы төлеуден және азаматтық немесе әкімшілік іс бойынша іс жүргізуде өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босатылған адамның атынан өкілдік етудің және оларды бюджет қаражаты есебіне жатқызудың;
заң консультантына жүгінген жағдайларда жеке тұлғаларға құқықтық консультация берудің;
өтініштер, өтінішхаттар, апелляциялық, кассациялық және өзге де арыздар, апелляциялық, кассациялық және өзге де арыздарға қарсылықтар, қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісімдер, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдер немесе дауды партисипативті тәртіппен реттеу туралы келісімдер және басқа да құқықтық сипаттағы құжаттарды әзірлеудің бір сағаты үшін – тиісті кезеңге бекітілген 0,56 айлық есептік көрсеткіш;
3) сот отырысының басталуын немесе оны кейінге қалдырған жағдайда оның жалғастырылуын күткен уақыты үшін – осы қосымшаның 2-тармағының 2) тармақшасында белгіленген ақы төлеу мөлшерінен 50 пайыз;
4) нақты іс бойынша өкілдік етуді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының шегінде басқа жерге іссапарға шығуға байланысты шығыстарды өтеу – мемлекет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері үшін белгіленген мөлшерде.