Бірыңғай төлемнің артық (қате) төленген және (немесе) бірыңғай төлемді уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың сомаларын төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 270 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 маусымда № 32957 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 246-бабының 5-тармағына, 248-бабының 10-тармағына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-4-бабына және "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 2-1 тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Бірыңғай төлемнің артық (қате) төленген және (немесе) бірыңғай төлемді уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың сомаларын төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару қағидалары айқындалсын.

      2. "Бірыңғай төлемді төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 қаңтардағы № 28 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31819 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтің сақтандыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрі
Т. Дуйсенова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық Банкі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2023 жылғы 29 маусымдағы
№ 270 бұйрығына
  қосымша

Бірыңғай төлемнің артық (қате) төленген және (немесе) бірыңғай төлемді уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың сомаларын төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Бірыңғай төлемнің артық (қате) төленген және (немесе) бірыңғай төлемді уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың сомаларын төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 246-бабының 5-тармағына, 248-бабының 10-тармағына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 776-4-бабына және "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабы 2-тармағының 2-1 тармақшасына сәйкес әзірленді және бірыңғай төлемді есептеу, төлеу, аудару және бөлу тәртібін, сондай-ақ оны қайтару қағидалары.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) аударымдар – жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлейтін, өздеріне аударымдар төлеу жүзеге асырылған медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті алу құқығын беретін ақша;

      3) әлеуметтік аударымдар – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды төлеушілер төлейтін ақша;

      4) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – ӘМСҚ) –аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;

      5) әлеуметтік төлемдер – міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік кодекске сәйкес төленетін әлеуметтік аударымдар, заңға сәйкес төленетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар;

      6) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ) – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай-ақ Әлеуметтік Кодексте айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      7) бірыңғай төлем бойынша берешек – заңнамада белгіленген мерзімдерде есептелген және төленбеген бірыңғай төлем сомалары, сондай-ақ олар бойынша төленбеген өсімпұл сомалары;

      8) бірыңғай төлем төлеуші (бұдан әрі – төлеуші) – Cалық кодексінің 776-1-бабында айқындалған салық агенті;

      9) жарналар – Заңның 14-бабының 2-тармағында көрсетілген жарналарды төлеушілер қорға төлейтін және медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті алу құқығын беретін ақша;

      10) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары – агенттер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шартты зейнетақы шотына өз қаражаты есебінен аударған ақша;

      11) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру" ведомстволық автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ҚР Еңбекмині ААЖ) – зейнетақы мен әлеуметтік аударымдарды және төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру үшін процестерді автоматтандыру жөніндегі ақпараттық жүйе;

      12) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ведомстволық ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ҚР Қаржымині МКК АЖ) – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ішкі құжаттарымен реттелетін ақпараттық жүйе;

      13) мемлекеттік кіріс органы – өз құзыреті шегінде бюджетке салықтар мен төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасында кедендік реттеуді, Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның қарауына жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік орган;

      14) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (бұдан әрі – МӘСҚ) – құрылтайшысы және жалғыз акционері мемлекет болып табылатын, асыраушысынан айырылған жағдайда асырауындағы отбасы мүшелерін қоса алғанда, оларға қатысты әлеуметтік тәуекел жағдайы туындаған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік аударымдарды шоғырландыруды, әлеуметтік төлемдерді тағайындауды және жүзеге асыруды жүргізетін акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым;

      15) міндетті зейнетақы жарналары – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына Әлеуметтік кодекске сәйкес енгізілетін ақша.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.03.2024 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Бірыңғай төлем құрамында төлеуге жататын әрбір қызметкер үшін бір айдағы жарналар (бұдан әрі – шектер) белгіленген шектерден аспайды:

      әлеуметтік Кодекстің 249-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары үшін;

      әлеуметтік Кодекстің 251 бабының 2 тармағына сәйкес жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары үшін;

      әлеуметтік аударымдар үшін - әлеуметтік Кодекстің 244-бабының 1-тармағына сәйкес. Бұл ретте бірыңғай төлемнен әлеуметтік аударымдарды есептеу үшін алынатын ай сайынғы кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 7 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

      міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар үшін – Заңның 29-бабының 3-тармағына сәйкес табыс.

2-тарау. Бірыңғай төлемді уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін бірыңғай төлемді және (немесе) өсімпұлды төлеу тәртібі

      4. Бірыңғай төлемді уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін бірыңғай төлемді және (немесе) өсімпұлды төлеуді төлеуші "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын ескере отырып, банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы мемлекеттік корпорацияның банктік шотына қолма-қол ақшамен не қолма-қол ақшасыз тәсілмен жүргізеді.

      5. Төлеушілердің бірыңғай төлем және (немесе) бірыңғай төлемді уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұл бойынша берешекті төлеуі кезеңге (ай (айлар), жыл (жылдар)) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14419 болып тіркелген) қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларында айқындалған нысан бойынша жиынтық төлем тапсырмасымен және оператор немесе төлем жүйелерінің операциялық орталығы бекіткен хабарламалар форматтарында жүзеге асырылады (бұдан әрі – жиынтық төлем тапсырмасы).

      Бірыңғай төлем және (немесе) өсімпұл төленетін әрбір қызметкер бойынша жиынтық төлем тапсырмасында: тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде); жеке сәйкестендіру нөмірі; бірыңғай төлемнің және (немесе) өсімпұлдың аударылатын сомасы; бірыңғай төлем және (немесе) өсімпұл төленетін кезең (ай, жыл); бірыңғай төлемнің құрамына енгізілген төлемдер бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысымен (бұдан әрі – Басқарманың қаулысы) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 болып тіркелген) бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын және Салық кодексінің 776-3-бабы 1-тармағының екінші бөлігінің ережелеріне сәйкес әлеуметтік төлемдердің тиісті үлестеріне азайтуды есепке алмағанда есептелген бірыңғай төлем сомасы көрсетіледі.

      Бірыңғай төлемнің аударылатын сомасы Салық кодексінің 776-3-бабы 1-тармағының екінші бөлігінің ережелеріне сәйкес әлеуметтік төлемдердің тиісті үлестеріне азайтуды ескере отырып, осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес әлеуметтік төлемдер үлестерінің шегінен асып кетуін есепке ала отырып немесе есепке алмай есептелген мөлшерде көрсетіледі.

      Осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес әлеуметтік төлемдер үлестерінің шегінен асып кетуін есепке алмағанда есептелген мөлшерде аударылатын бірыңғай төлем сомасы көрсетілген кезде бірыңғай төлемді бөлу осы Қағидалардың 16-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 10.10.2024 № 394 (11.11.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Бірыңғай төлемді уақтылы төлемеген кезде мемлекеттік кіріс органдары Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімдерде өндіріп алу тәсілдері мен шараларын қабылдайды.

      Бірыңғай төлемді БЖЗҚ, ӘМСҚ, МӘСҚ және Мемлекеттік кірістер органына уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұл сомасын төлеу кезінде төлеуші банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға Басқарманың қаулысына сәйкес "төлем мақсаты" – "(ай (айлар), жыл (жылдар)) үшін бірыңғай төлемді уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұл" бағанында төлем мақсатының тиісті кодын көрсете отырып, төлем тапсырмасын ұсынады.

      Әрбір қызметкер бойынша осы Қағидалардың 5-тармағының екінші абзацында санамаланған мәліметтер көрсетіледі, бірыңғай төлем құрамына енгізілген төлемдер бойынша төлемді тағайындаудың (Басқарма қаулысына сәйкес өсімпұл төлеуге сәйкес келетін) барлық кодтары қойылады.

      Өсімпұлдың көрсетілген сомасы осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген асып кетулер ескерілмей, осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес бөлінеді және аударылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 10.10.2024 № 394 (11.11.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Төлеуші есептелген кірістер бойынша бірыңғай төлемді ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы бірыңғай төлем аударылатын айды көрсете отырып, Мемлекеттік корпорацияның банктік шотына аударады.

      8. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар бірыңғай төлемнің және (немесе) бірыңғай төлемді уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың сомасын төлеуші бастамашылық жасаған күні Мемлекеттік корпорацияға жиынтық төлем тапсырмасымен аударады.

      Бұл ретте жөнелтуші банктер қалыптастыратын жиынтық төлем тапсырмасында бірыңғай төлем және (немесе) өсімпұл төленетін кезең "ААЖЖЖ" форматындағы "Prd" тиісті жолағында көрсетіледі.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 10.10.2024 № 394 (11.11.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Төлеуші жиынтық төлем тапсырмасында "AddtlRmtInf" жолында қызметкерлер бойынша тиынның (үтірден кейінгі екі белгі) жүздік үлесі шегінде бірыңғай төлемнің және (немесе) өсімпұлдың сомасын және әлеуметтік төлемдер (міндетті зейнетақы кәсіптік жарналарын қоспағанда) және жеке табыс салығы бойынша төлемдерді тағайындау кодтарын көрсетеді.

      "AddtlRmtInf" жолында қызметкерлер бойынша бірыңғай төлем және (немесе) өсімпұл сомалары және жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер (міндетті зейнетақы кәсіптік жарналарын қоспағанда) төлемдерін тағайындау кодтары болмаған кезде банк және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым бірыңғай төлемді Мемлекеттік корпорацияның тиісті шотына қабылдау және аудару жөніндегі операцияны жүргізбейді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 10.10.2024 № 394 (11.11.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Бірыңғай төлемді уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін бірыңғай төлемнің және (немесе) өсімпұлдың артық (қате) төленген сомаларын аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару

      10. ҚР Еңбекмині ААЖ-ға бірыңғай төлемді аударуды және бөлуді мемлекеттік корпорация Салық кодексінің 776-6-бабына сәйкес жүзеге асырады.

      11. Мемлекеттік корпорация мемлекеттік корпорацияның шотына келіп түскен бірыңғай төлем және (немесе) бірыңғай төлемді уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұл сомалары түскен күннен бастап үш операциялық күннен кешіктірмей:

      Әлеуметтік кодекстің 244-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде айқындалған әлеуметтік аударымдардың үлестерін;

      Әлеуметтік кодекстің 249-бабының 2-тармағында айқындалған міндетті зейнетақы жарналарының үлестерін;

      Әлеуметтік кодекстің 251-бабының 3-тармағында айқындалған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының үлестерін;

      Заңның 27-бабының 1-1-тармағында айқындалған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың үлесін;

      Заңның 28-бабының 1-1-тармағында айқындалған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың үлестерін;

      Салық кодексінің 776-3-бабының 2-тармағында айқындалған жеке табыс салығының үлестерін бөледі және БЖЗҚ, ӘМСҚ, МӘСҚ шоттарына және тиісті мемлекеттік кіріс органына аударады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 10.10.2024 № 394 (11.11.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің санаттарына жататындығын қоспағанда, Салық кодексінің 776-1-бабында көрсетілген тұлғалар санатына төлеушілердің тиесілігі туралы мәліметтер ҚР Қаржымині МКК АЖ-дан ҚР Еңбекмині ААЖ-ға ұсынылады.

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабына сәйкес төлеушілердің кәсіпкерлік субъектілерінің санаттарына тиесілігі туралы мәліметтер Ұлттық экономика министрлігінің кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімінен Қазақстан Республикасының Еңбекмині ААЖ-ға ұсынылады. Кәсіпкерлік субъектілері бойынша мәліметтерді жаңарту кезеңі ай сайын.

      13. Мемлекеттік корпорация бөлетін бірыңғай төлем және (немесе) өсімпұл сомалары БЖЗҚ, ӘМСҚ және МӘСҚ-ға тиын шегінде – Басқарманың қаулысына сәйкес төлемді тағайындауда әлеуметтік төлемдер мен жеке табыс салығының тиісті кодтарымен жүзден бір бөлігіне дейін (үтірден кейінгі екі белгі) аударылады. Қалған мыңыншы және одан әрі тиын үлестері (олар болған кезде) жеке табыс салығының пайдасына жинақталады және тиісті мемлекеттік кіріс органына аударылады.

      14. Бірыңғай төлем шеңберінде жеке табыс салығын бөлуді Мемлекеттік корпорация Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінен алынатын мемлекеттік кіріс органдарының кодтары анықтамалығының мәліметтеріне сәйкес жүзеге асырады. Мемлекеттік кіріс органдары кодтарының анықтамалығын өзектендіру анықтамалықты ҚР Қаржымині МКК АЖ-дан ҚР Еңбекмині ААЖ-ға жүктеу жолымен жүзеге асырылады.

      15. Мемлекеттік корпорацияның шотына келіп түскен бірыңғай төлем:

      1) бірыңғай төлем сомасында қателіктер жіберген;

      2) Салық кодексінің 776-1-бабында көрсетілген төлеушілердің тұлғалар санатына жататындығы туралы мәліметтер болмаған;

      3) "AddtlRmtInf" жолында қызметкер бойынша бірыңғай төлемдердің сомалары және жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдердің (міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын қоспағанда) төлемдерін тағайындау кодтары болмаған;

      4) "AddtlRmtInf" жолында көрсетілген төлемдерді тағайындау кодтарының және бірыңғай төлем үлестерінің сомасының сәйкес келмеуі;

      5) Әлеуметтік кодекске, Заңға сәйкес әлеуметтік төлемдерді (міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын қоспағанда) төлеуден босатылған қызметкер үшін, сондай-ақ Заңның 26-бабы 1-тармағының 1), 7), 8), 9), 11), 12) және 13) тармақшаларына сәйкес олар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды мемлекет төлейтін қызметкерлер үшін бірыңғай төлемді аударған кезде, бірыңғай төлемнің тиісті үлесі қайтарылуға жатады;

      6) "AddtlRmtInf" жолында жиынтық төлем тапсырмасында көрсетілген соманың және осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес бірыңғай төлемнің аударылатын сомасы сәйкес келмеген;

      7) қызметкер бойынша бірыңғай төлем сомасы әлеуметтік төлемдерді төлеуден босатылмаған (міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын қоспағанда) қызметкер үшін бірыңғай төлем үлестерінің барлық тиісті сомаларын аударған кезде төлеушіге толық мөлшерде немесе бірыңғай төлемді уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін бірыңғай төлемнің және (немесе) өсімпұлдың тиісті үлесі мөлшерінде қайтарылады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 10.10.2024 № 394 (11.11.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Жеке табыс салығын қоспағанда, осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген шектерге сәйкес келетін бірыңғай төлем құрамындағы үлестің және (немесе) үлестің сомасы асып кеткен кезде бірыңғай төлемді төлеушіге ішінара қайтаруды Мемлекеттік корпорация жүзеге асырады.

      Мемлекеттік корпорация бірыңғай төлемді әлеуметтік төлемдер үлестері бойынша (міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын қоспағанда) бөлуге шектерден аспаған соманың бір бөлігі жатады.

      Бірыңғай төлем құрамындағы тиісті үлестің және (немесе) үлестің жалпы сомасы мен БЖЗҚ, МӘСҚ, ӘМСҚ-да бөлінген сома арасындағы айырма тиісінше төлеушіге қайтарылуға жатады, бірыңғай төлем мөлшерлемесі жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдерге (міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын қоспағанда) нақты бөлінген соманы негізге ала отырып, тиісті "AddtlRmtInf" жолындағы тізімдік бөлігінде жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер төлемдерін тағайындау кодтарын (міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын қоспағанда) көрсете отырып азаяды.

      Осы тармақтың күші бірыңғай төлемді уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұл сомасына қолданылмайды.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 10.10.2024 № 394 (11.11.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Төлеушілер заңнамада белгіленген тәртіппен бірыңғай төлемнің және (немесе) бірыңғай төлемді уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың есептелген және төленген сомалары туралы, оның ішінде бірыңғай төлемнің және (немесе) бірыңғай төлемді уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың қате (артық) төленген сомасын қайтару туралы мәліметтердің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамаға сәйкес электрондық немесе қағаз жеткізгіштерде сақталуын қамтамасыз етеді.

      Төлеушінің қызметі тоқтатылған кезде бірыңғай төлемді және бірыңғай төлемді уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды есептеу және төлеу туралы құжаттар Мемлекеттік мұрағатқа беріледі.

      18. Бірыңғай төлемді төлеуші, сондай-ақ қызметкер қажет болған жағдайда Мемлекеттік корпорациядан бірыңғай төлемнің төленген сомалары немесе оның үлестері туралы ақпаратты сұратады және тегін алады.

      19. Бірыңғай төлемді уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін бірыңғай төлем және (немесе) өсімпұл сомасын қайтару, артық (қате) төлеген және Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-ға, ӘМСҚ-ға, МӘСҚ-ға және тиісті мемлекеттік кіріс органына бөлген бірыңғай төлем сомасын қайтару осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төлеушінің Мемлекеттік корпорацияға жіберілген өтініші негізінде жүргізіледі.

      20. Артық (қате) төленген бірыңғай төлем сомалары қайтарылуға жатпайды:

      1) Әлеуметтік кодекстің 78-баптың 4-тармағына, 85-бабының 4-тармақғына, 118-бабының 4-тармағына, 181-бабының 2-тармағына, 240-бабының 3-тармағына сәйкес әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу кезінде есепке алынбаған, артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдардың сомаларын қоспағанда, әлеуметтік төлемдерді тағайындау кезінде қатысу өтіліне есептелген кезең үшін есептелген әлеуметтік аударымдар;

      2) инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы төлеу сомасын есептеу кезінде ескерілген міндетті зейнетақы жарналары;

      3) МӘСҚ-дан әлеуметтік төлем тағайындау кезінде ескерілген кірістерден аударылған міндетті зейнетақы жарналары.

      21. Бірыңғай төлемді уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін төлеуші артық (қате) төлеген бірыңғай төлем және (немесе) өсімпұл сомаларын қайтаруға арналған өтінішке жұмыс берушінің, зейнетақы төлемдерін алушының міндетті зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғаның оның жеке/шартты зейнетақы шотынан есептен шығаруға келісетіні туралы міндетті зейнетақы жарналары салымшысының нотариалды куәландырылған өтініші қоса беріледі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан немесе Мемлекеттік корпорацияға жіберілген соттың шешімі бойынша қате есептелген сомалар.

      22. Банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның кінәсінан бірыңғай төлемді аудару кезінде қателіктер жіберілген кезде төлеушінің банкі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қате аударылған сомаларды қайтару туралы өтінішті Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      Төлеуші банкінің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымының өтініші қате аударылған бірыңғай төлем сомаларын қайтаруға арналған хаттар мен өтініштерге қол қоюға осы адамдардың өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның уәкілетті тұлғаларының қолы қойылып беріледі.

      23. Төлеуші артық (қате) төлеген бірыңғай төлем сомаларын қайтаруға арналған өтініш:

      1) бірыңғай төлемді және (немесе) бірыңғай төлемді уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды есептеу фактісі расталмаса немесе бірыңғай төлем сомасы бұрын түзетілсе (банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қайтарылса);

      2) төлеушінің өтініші және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғаның міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының сомасын жеке/шартты зейнетақы шотынан есептен шығаруға міндетті зейнетақы жарналары салымшысының келісімі осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшалардың нысандарына сәйкес келмесе;

      3) жұмыс берушінің, зейнетақы төлемдерін алушының жеке/шартты зейнетақы шотынан қате есептелген сомаларды есептен шығаруға келісетіні туралы міндетті зейнетақы жарналары салымшысының, жұмыс берушінің, зейнетақы төлемдерін алушының міндетті зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғаның нотариат куәландырған өтініші болмаса;

      4) төлеушінің өтінішінде қайтарудың дұрыс себебі көрсетілмесе (бірнеше себептер таңдау);

      5) өтінішке осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген қайтару себебін растайтын құжаттар қоса берілмесе;

      6) өтініште көрсетілген бір айда екі және одан да көп рет бірыңғай төлем төлеу себебі расталмаса;

      7) әлеуметтік аударымдардың үлесі Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толған адамдар үшін артық төленгені расталмаса Мемлекеттік корпорацияның қарауына қабылданбайды.

      24. Бірыңғай төлемді төлеушіден, немесе банктен, немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан артық (қате) төленген бірыңғай төлем сомаларын қайтаруға арналған өтініш негізінде Мемлекеттік корпорация өтініш келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде тиісті мемлекеттік кіріс органына бірыңғай төлемдегі жеке табыс салығының үлесін қайтаруға алдын ала сұрау салуды жібереді.

      Тиісті мемлекеттік кіріс органы 1 жұмыс күні ішінде тиісті мемлекеттік кіріс органының кодын көрсете отырып, алдын ала сұрау салуға жауап жібереді.

      Тиісті мемлекеттік кірістер органынан оң жауап алған кезде Мемлекеттік корпорация екі жұмыс күні ішінде бірыңғай төлем үлестерін қайтаруға БЖЗҚ, ӘМСҚ, МӘСҚ және (немесе) тиісті мемлекеттік кірістер органына негізгі сұрау салуды қалыптастырады.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 10.10.2024 № 394 (11.11.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Өтінім келіп түскеннен кейін жеті жұмыс күні ішінде БЖЗҚ, ӘМСҚ, МӘСҚ және тиісті мемлекеттік кірістер органы жиынтық төлем тапсырмасын қалыптастырады және оларды кейіннен төлеушіге аудару үшін Мемлекеттік корпорацияның банк шотына ақша аударуды жүзеге асырады не бірыңғай төлем үлесін қайтаруды жүзеге асырмайды:

      1) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды төлеу кезеңі әлеуметтік төлемдерді тағайындау кезінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне есептелген;

      2) Жұмыс берушінің, зейнетақы төлемдерін алушының міндетті зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғаның міндетті зейнетақы жарналары салымшысының жеке/шартты зейнетақы шотындағы соманың жеткіліксіздігі;

      3) егер міндетті зейнетақы жарналарының сомасы тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында зейнетақы төлемдерінің, біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомасын есептеу кезінде және зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару кезінде ескерілсе;

      4) табыстардан аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомалары МӘСҚ-дан әлеуметтік төлем тағайындау кезінде есепке алынған;

      5) Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды төлеу кезеңінде медициналық қызметтерді тұтынушы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алынған;

      6) өтініште көрсетілген бір айда екі және одан да көп рет бірыңғай төлем төлеу себебі расталмаған;

      7) Салық кодексінің 776-3-бабына сәйкес төлеуден босатылған тұлға үшін әлеуметтік аударым төленгені расталмаған;

      8) бірыңғай төлемді Салық кодексінің 776-1-баптарына сәйкес бірыңғай төлемді төлеуші деп танылған тұлға төлегені расталмаған.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 10.10.2024 № 394 (11.11.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. Қорлардан және тиісті мемлекеттік кіріс органынан бірыңғай төлемнің бір немесе бірнеше үлесін қайтарудан бас тартуды алған кезде Мемлекеттік корпорация үш операциялық күн ішінде бірыңғай төлемнің түскен үлестерін қорларға және тиісті мемлекеттік кіріс органына қайтарады және үш операциялық күн ішінде бірыңғай төлем төлеушіге бас тарту себебін көрсете отырып хабарлама жібереді.

      27. Қорлар мен тиісті мемлекеттік кірістер органының оң шешімі кезінде Мемлекеттік корпорация бірыңғай төлемнің барлық үлестерін алғаннан кейін үш операциялық күн ішінде жиынтық төлем тапсырмасын қалыптастырады және төлеушіге артық (қате) төленген бірыңғай төлем және (немесе) бірыңғай төлемді уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұл сомасын аударады және қаражатты төлеушінің банктік шотына аударуды жүзеге асырады.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 10.10.2024 № 394 (11.11.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Мемлекеттік корпорация өткен операциялық күн үшін күн сайын мемлекеттік кіріс органына бірыңғай төлемді төлеушілер бойынша банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың аудару күнін көрсете отырып, келіп түскен және қате аударылған бірыңғай төлем және (немесе) өсімпұл үлестерінің қайтарылған тізілімдерін ұсынады.

  Бірыңғай төлемді уақтылы және
(немесе) толық төлемегені үшін
бірыңғай төлемнің және
(немесе) өсімпұлдың артық
қате) төленген сомаларын
төлеу, аудару және
бөлу, сондай-ақ қайтару
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      Мемлекеттік корпорация басшысына

  ___________________

Қате төленген бірыңғай төлем сомаларын қайтаруға өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 10.10.2024 № 394 (11.11.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      __________________________________________________________

      (бірыңғай төлем төлеушінің немесе банктің, төлеушінің банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы)

      № ______ Төлем тапсырмасымен артық (қате) төленген бірыңғай төлем сомасын қайтаруды сұраймын _______, референс ________ төлемнің жалпы сомасы __________, қайтарудың жалпы сомасы _______________

№ Р/С

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Тегі, Аты, Әкесінің аты (әкесінің аты болған жағдайда)

Кезең ішінде

Төленген сома

Қайтару сомасы













      себебі (бір себеп белгілеу керек):

      ☐ төлеуші немесе банк бір төлем тапсырмасы негізінде екі немесе одан да көп рет қате төлеген;

      ☐ жұмыстан босатылған қызметкерлердің аванста алған, қайтаруға жататын табыстарына артық есептелді;

      ☐ Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағында көзделген жасқа жеткен адамдар болып табылатын қатысушылар үшін артық төленді;

      ☐ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды төлеуден босатылған адамдар үшін қате аударылды;

      ☐ төлем тағайындау коды дұрыс көрсетілмеген;

      ☐ төлем мерзімі дұрыс көрсетілмеген;

      ☐ әлеуметтік аударымдардың сомалары дұрыс көрсетілмеген;

      ☐ төлеушінің деректемелері дұрыс көрсетілмеген;

      ☐ бірыңғай төлем болып табылмайтын қате төленген қаражат;

      Қайтаруды келесі деректемелер бойынша жүргізуді сұраймыз:

      Төлеушінің атауы:_____________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі / төлеушінің Бизнес сәйкестендіру нөмірі:_____________________

      Жеке сәйкестендіру коды:________________________________

      Төлеуші банкінің банктік сәйкестендіру коды:_______________

      Төлеуші банкі:____________________

      Қолтаңбалар:

      Басшы _________________________ (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса әкесінің аты), қолы)

      Бас бухгалтер ____________________

      (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса әкесінің аты), қолы)

      Заңды мекенжайы: ___________________,

      Төлеушінің байланыс деректері:

      Телефон: +7 (____)_________________,

      E-mail __________________________.

      Толтыру күні: 20_______ж "___"_______.

  Бірыңғай төлемді уақтылы және
(немесе) толық төлемегені үшін
бірыңғай төлемнің және
(немесе) өсімпұлдың артық
(қате) төленген сомаларын
төлеу, аудару және бөлу,
сондай-ақ қайтару қағидаларына
2-қосымша

Салымшының жұмыс берушінің, міндетті зейнетақы төлемдерін алушының жеке/шартты зейнетақы шотынан қате есептелген сомаларды есебінен шығаруға келісім туралы өтініш

      Мен, _____________________________________________________________

      (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса), туған күні)

      Жеке сәйкестендіру нөмірі________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Осымен менің жеке зейнетақы шотыма қате аударылған міндетті зейнетақы

      жарналарын/ жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе)

      сомадағы өсімпұлдарды қайтаруға келісім беремін

      ________________________________________________________________

      (сомасы жазбаша)

      _________________________________________________________________

      (Бірнеше төлем тапсырмалары бойынша қате есептелген бірыңғай төлем және (немесе)

      өсімпұл сомаларын қайтару қажет болған жағдайда қайтаруға жататын сомалар әрбір

      төлем тапсырмасына жеке көрсетіледі)

      Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары

      есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың деректемелеріне өзгерістер

      енгізу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      _____________________________

      (қолы) (күні)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады