"Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің және әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 229 бұйрығына және "Бірыңғай төлемнің артық (қате) төленген және (немесе) бірыңғай төлемді уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың сомаларын төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 270 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 10 қазандағы № 394 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 11 қазанда № 35253 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 11.11.2024 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің және әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 229 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32897 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды және олар бойынша өндіріп алуларды есептеу және төлеу қағидаларында:

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Төлеушілердің әлеуметтік аударымдарды төлеуі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14419 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларында айқындалған нысан бойынша жиынтық төлем тапсырмасымен және оператор немесе төлем жүйелерінің операциялық орталығы бекіткен хабарламалар форматтарында жүзеге асырылады (бұдан әрі – жиынтық төлем тапсырмасы).";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің әрбір қатысушысы бойынша жиынтық төлем тапсырмасында тегі, аты, әкесінің аты (бар болса); жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН); әлеуметтік аударым сомасы; әлеуметтік аударым төленетін кезең (ай, жыл) көрсетіледі.

      Қағаз жеткізгіштерде жасалатын төлем тапсырмаларында әлеуметтік аударымдар төленетін кезеңді төлеушілер "Төлем мақсаты" бағанында көрсетеді.";

      25 және 26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлеушілерден түскен ақшаны Мемлекеттік корпорацияға аударуы жиынтық төлем тапсырмаларымен жүргізіледі.

      Бұл ретте жөнелтуші банктер қалыптастыратын жиынтық төлем тапсырмасында әлеуметтік аударымдар немесе өсімпұлдар төленетін кезең тиісті "Prd" деген жолда "ААЖЖЖЖ" форматында көрсетіледі.

      26. Төлеушілердің әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды төлеуі кезең (ай (айлар), жыл (жылдар)) үшін жиынтық төлем тапсырмасымен жүргізіледі.";

      28-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Мемлекеттік корпорацияның шотына түскен әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұл сомалары келіп түскен күнінен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірілмей Қордың шотына аударылады.".

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Төлеуші Қорға әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұл сомасын төлеу үшін "төлем мақсаты" – "кезең (ай (айлар), жыл (жылдар)) үшiн әлеуметтiк аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегенi үшін өсiмпұл" бағанында көрсете отырып, банкке төлем тапсырмасын ұсынады.

      Осы тармақтың ережелері Салық кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға қолданылмайды.".

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдарды қайтаруды жүзеге асырудың қағидалары мен жағдайларында:

      3-тармақтың 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) төлем кезеңі дұрыс көрсетілмеген;

      6) әлеуметтік аударымдар сомасы дұрыс көрсетілмеген;";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Бірыңғай төлемнің артық (қате) төленген және (немесе) бірыңғай төлемді уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың сомаларын төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 270 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32957 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бірыңғай төлемнің артық (қате) төленген және (немесе) бірыңғай төлемді уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың сомаларын төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Төлеушілердің бірыңғай төлем және (немесе) бірыңғай төлемді уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұл бойынша берешекті төлеуі кезеңге (ай (айлар), жыл (жылдар)) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14419 болып тіркелген) қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларында айқындалған нысан бойынша жиынтық төлем тапсырмасымен және оператор немесе төлем жүйелерінің операциялық орталығы бекіткен хабарламалар форматтарында жүзеге асырылады (бұдан әрі – жиынтық төлем тапсырмасы).

      Бірыңғай төлем және (немесе) өсімпұл төленетін әрбір қызметкер бойынша жиынтық төлем тапсырмасында: тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде); жеке сәйкестендіру нөмірі; бірыңғай төлемнің және (немесе) өсімпұлдың аударылатын сомасы; бірыңғай төлем және (немесе) өсімпұл төленетін кезең (ай, жыл); бірыңғай төлемнің құрамына енгізілген төлемдер бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысымен (бұдан әрі – Басқарманың қаулысы) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 болып тіркелген) бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын және Салық кодексінің 776-3-бабы 1-тармағының екінші бөлігінің ережелеріне сәйкес әлеуметтік төлемдердің тиісті үлестеріне азайтуды есепке алмағанда есептелген бірыңғай төлем сомасы көрсетіледі.

      Бірыңғай төлемнің аударылатын сомасы Салық кодексінің 776-3-бабы 1-тармағының екінші бөлігінің ережелеріне сәйкес әлеуметтік төлемдердің тиісті үлестеріне азайтуды ескере отырып, осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес әлеуметтік төлемдер үлестерінің шегінен асып кетуін есепке ала отырып немесе есепке алмай есептелген мөлшерде көрсетіледі.

      Осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес әлеуметтік төлемдер үлестерінің шегінен асып кетуін есепке алмағанда есептелген мөлшерде аударылатын бірыңғай төлем сомасы көрсетілген кезде бірыңғай төлемді бөлу осы Қағидалардың 16-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Бірыңғай төлемді уақтылы төлемеген кезде мемлекеттік кіріс органдары Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімдерде өндіріп алу тәсілдері мен шараларын қабылдайды.

      Бірыңғай төлемді БЖЗҚ, ӘМСҚ, МӘСҚ және Мемлекеттік кірістер органына уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұл сомасын төлеу кезінде төлеуші банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға Басқарманың қаулысына сәйкес "төлем мақсаты" – "(ай (айлар), жыл (жылдар)) үшін бірыңғай төлемді уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұл" бағанында төлем мақсатының тиісті кодын көрсете отырып, төлем тапсырмасын ұсынады.

      Әрбір қызметкер бойынша осы Қағидалардың 5-тармағының екінші абзацында санамаланған мәліметтер көрсетіледі, бірыңғай төлем құрамына енгізілген төлемдер бойынша төлемді тағайындаудың (Басқарма қаулысына сәйкес өсімпұл төлеуге сәйкес келетін) барлық кодтары қойылады.

      Өсімпұлдың көрсетілген сомасы осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген асып кетулер ескерілмей, осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес бөлінеді және аударылады.";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар бірыңғай төлемнің және (немесе) бірыңғай төлемді уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың сомасын төлеуші бастамашылық жасаған күні Мемлекеттік корпорацияға жиынтық төлем тапсырмасымен аударады.

      Бұл ретте жөнелтуші банктер қалыптастыратын жиынтық төлем тапсырмасында бірыңғай төлем және (немесе) өсімпұл төленетін кезең "ААЖЖЖ" форматындағы "Prd" тиісті жолағында көрсетіледі.

      9. Төлеуші жиынтық төлем тапсырмасында "AddtlRmtInf" жолында қызметкерлер бойынша тиынның (үтірден кейінгі екі белгі) жүздік үлесі шегінде бірыңғай төлемнің және (немесе) өсімпұлдың сомасын және әлеуметтік төлемдер (міндетті зейнетақы кәсіптік жарналарын қоспағанда) және жеке табыс салығы бойынша төлемдерді тағайындау кодтарын көрсетеді.

      "AddtlRmtInf" жолында қызметкерлер бойынша бірыңғай төлем және (немесе) өсімпұл сомалары және жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер (міндетті зейнетақы кәсіптік жарналарын қоспағанда) төлемдерін тағайындау кодтары болмаған кезде банк және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым бірыңғай төлемді Мемлекеттік корпорацияның тиісті шотына қабылдау және аудару жөніндегі операцияны жүргізбейді.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мемлекеттік корпорация мемлекеттік корпорацияның шотына келіп түскен бірыңғай төлем және (немесе) бірыңғай төлемді уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұл сомалары түскен күннен бастап үш операциялық күннен кешіктірмей:

      Әлеуметтік кодекстің 244-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде айқындалған әлеуметтік аударымдардың үлестерін;

      Әлеуметтік кодекстің 249-бабының 2-тармағында айқындалған міндетті зейнетақы жарналарының үлестерін;

      Әлеуметтік кодекстің 251-бабының 3-тармағында айқындалған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының үлестерін;

      Заңның 27-бабының 1-1-тармағында айқындалған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың үлесін;

      Заңның 28-бабының 1-1-тармағында айқындалған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың үлестерін;

      Салық кодексінің 776-3-бабының 2-тармағында айқындалған жеке табыс салығының үлестерін бөледі және БЖЗҚ, ӘМСҚ, МӘСҚ шоттарына және тиісті мемлекеттік кіріс органына аударады.";

      15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Мемлекеттік корпорацияның шотына келіп түскен бірыңғай төлем:

      1) бірыңғай төлем сомасында қателіктер жіберген;

      2) Салық кодексінің 776-1-бабында көрсетілген төлеушілердің тұлғалар санатына жататындығы туралы мәліметтер болмаған;

      3) "AddtlRmtInf" жолында қызметкер бойынша бірыңғай төлемдердің сомалары және жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдердің (міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын қоспағанда) төлемдерін тағайындау кодтары болмаған;

      4) "AddtlRmtInf" жолында көрсетілген төлемдерді тағайындау кодтарының және бірыңғай төлем үлестерінің сомасының сәйкес келмеуі;

      5) Әлеуметтік кодекске, Заңға сәйкес әлеуметтік төлемдерді (міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын қоспағанда) төлеуден босатылған қызметкер үшін, сондай-ақ Заңның 26-бабы 1-тармағының 1), 7), 8), 9), 11), 12) және 13) тармақшаларына сәйкес олар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды мемлекет төлейтін қызметкерлер үшін бірыңғай төлемді аударған кезде, бірыңғай төлемнің тиісті үлесі қайтарылуға жатады;

      6) "AddtlRmtInf" жолында жиынтық төлем тапсырмасында көрсетілген соманың және осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес бірыңғай төлемнің аударылатын сомасы сәйкес келмеген;

      7) қызметкер бойынша бірыңғай төлем сомасы әлеуметтік төлемдерді төлеуден босатылмаған (міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын қоспағанда) қызметкер үшін бірыңғай төлем үлестерінің барлық тиісті сомаларын аударған кезде төлеушіге толық мөлшерде немесе бірыңғай төлемді уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін бірыңғай төлемнің және (немесе) өсімпұлдың тиісті үлесі мөлшерінде қайтарылады.

      16. Жеке табыс салығын қоспағанда, осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген шектерге сәйкес келетін бірыңғай төлем құрамындағы үлестің және (немесе) үлестің сомасы асып кеткен кезде бірыңғай төлемді төлеушіге ішінара қайтаруды Мемлекеттік корпорация жүзеге асырады.

      Мемлекеттік корпорация бірыңғай төлемді әлеуметтік төлемдер үлестері бойынша (міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын қоспағанда) бөлуге шектерден аспаған соманың бір бөлігі жатады.

      Бірыңғай төлем құрамындағы тиісті үлестің және (немесе) үлестің жалпы сомасы мен БЖЗҚ, МӘСҚ, ӘМСҚ-да бөлінген сома арасындағы айырма тиісінше төлеушіге қайтарылуға жатады, бірыңғай төлем мөлшерлемесі жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдерге (міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын қоспағанда) нақты бөлінген соманы негізге ала отырып, тиісті "AddtlRmtInf" жолындағы тізімдік бөлігінде жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер төлемдерін тағайындау кодтарын (міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын қоспағанда) көрсете отырып азаяды.

      Осы тармақтың күші бірыңғай төлемді уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұл сомасына қолданылмайды.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Бірыңғай төлемді төлеушіден, немесе банктен, немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан артық (қате) төленген бірыңғай төлем сомаларын қайтаруға арналған өтініш негізінде Мемлекеттік корпорация өтініш келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде тиісті мемлекеттік кіріс органына бірыңғай төлемдегі жеке табыс салығының үлесін қайтаруға алдын ала сұрау салуды жібереді.

      Тиісті мемлекеттік кіріс органы 1 жұмыс күні ішінде тиісті мемлекеттік кіріс органының кодын көрсете отырып, алдын ала сұрау салуға жауап жібереді.

      Тиісті мемлекеттік кірістер органынан оң жауап алған кезде Мемлекеттік корпорация екі жұмыс күні ішінде бірыңғай төлем үлестерін қайтаруға БЖЗҚ, ӘМСҚ, МӘСҚ және (немесе) тиісті мемлекеттік кірістер органына негізгі сұрау салуды қалыптастырады.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Өтінім келіп түскеннен кейін жеті жұмыс күні ішінде БЖЗҚ, ӘМСҚ, МӘСҚ және тиісті мемлекеттік кірістер органы жиынтық төлем тапсырмасын қалыптастырады және оларды кейіннен төлеушіге аудару үшін Мемлекеттік корпорацияның банк шотына ақша аударуды жүзеге асырады не бірыңғай төлем үлесін қайтаруды жүзеге асырмайды:

      1) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды төлеу кезеңі әлеуметтік төлемдерді тағайындау кезінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне есептелген;

      2) Жұмыс берушінің, зейнетақы төлемдерін алушының міндетті зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғаның міндетті зейнетақы жарналары салымшысының жеке/шартты зейнетақы шотындағы соманың жеткіліксіздігі;

      3) егер міндетті зейнетақы жарналарының сомасы тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында зейнетақы төлемдерінің, біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомасын есептеу кезінде және зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару кезінде ескерілсе;

      4) табыстардан аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомалары МӘСҚ-дан әлеуметтік төлем тағайындау кезінде есепке алынған;

      5) Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды төлеу кезеңінде медициналық қызметтерді тұтынушы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алынған;

      6) өтініште көрсетілген бір айда екі және одан да көп рет бірыңғай төлем төлеу себебі расталмаған;

      7) Салық кодексінің 776-3-бабына сәйкес төлеуден босатылған тұлға үшін әлеуметтік аударым төленгені расталмаған;

      8) бірыңғай төлемді Салық кодексінің 776-1-баптарына сәйкес бірыңғай төлемді төлеуші деп танылған тұлға төлегені расталмаған.;

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Қорлар мен тиісті мемлекеттік кірістер органының оң шешімі кезінде Мемлекеттік корпорация бірыңғай төлемнің барлық үлестерін алғаннан кейін үш операциялық күн ішінде жиынтық төлем тапсырмасын қалыптастырады және төлеушіге артық (қате) төленген бірыңғай төлем және (немесе) бірыңғай төлемді уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұл сомасын аударады және қаражатты төлеушінің банктік шотына аударуды жүзеге асырады.";

      1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2024 жылғы 11 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
С. Жакупова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі"

      Республикалық мемлекеттік мекемесі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялық

      және аэроғарыштық өнеркәсіп министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2024 жылғы 10 қазандағы
№ 394 /бұйрығына
1-қосымша
  Артық (қате) төленген
әлеуметтік аударымдарды және
(немесе) әлеуметтік
аударымдардың уақтылы
және (немесе) толық төленбегені
үшін өсімпұлдарды қайтаруды
жүзеге асырудың қағидалары
мен жағдайларына
1-қосымша
  Нысан
  "Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қоры"
акционерлік қоғамының
басшысы _____________

Өтініш

      кімнен _______________________________________________________________

      (төлеушінің немесе банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы)

      __________ жылғы № _______ төлем тапсырмасымен, ___________ анықтамалық, ___________ төлемнің жалпы сомасы, _________________ қайтарудың жалпы сомасы бойынша артық (қате) аударылған әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдарды қайтаруды сұраймын:

Р/с №

ЖСН

Т.А.Ә.
(әкесінің аты бар болса)

Кезең үшін

Төленген сома
(бір төлем тапсырмасы бойынша), теңге

Қайтарылатын сома, теңге

ТТК








      Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдарды қайтаруды жүзеге асыру қағидалары мен жағдайларының 4-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды қоса бере отырып, себебінен (бір себепті белгілеу):

      ☐ төлеуші немесе банк, немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым сол бір кезең үшін екі немесе одан да көп рет Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының шотына қате аударған;

      ☐ қайтаруға тиіс, жаңадан қабылданған немесе жұмыстан босатылған жұмыскерлер аванспен алған табысқа артық есептелген;

      ☐ Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 207-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толған адамдар болып табылатын қатысушылар үшін артық төленген;

      ☐ төлемді тағайындау коды дұрыс көрсетілмеген;

      ☐ төлем мерзімі дұрыс көрсетілмеген;

      ☐ әлеуметтік аударымдардың сомалары дұрыс көрсетілмеген;

      ☐ төлеушінің деректемелері дұрыс көрсетілмеген;

      ☐ дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығы ретінде тіркелмеген жеке тұлға төлеген

      _____ референс, _________ төлемнің жалпы сомасы _______ , қайтарылатын жалпы сома _______ қайтаруды жүзеге асыруды сұраймын.

      Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:

Р/с

Құжаттың атауы

Құжаттағы парақтардың саны

Ескертпе

1




2




3




      Ұсынылған деректердің анықтығын қамтамасыз етемін және ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығын растаймын.

      Осы өтініште қамтылған дербес деректерді жинау және өңдеу "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылғанын растаймын.

      Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдарды қайтарудан бас тарту туралы sms-хабарлама арқылы, телефон байланысы арқылы хабарламаға келісім беремін.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Қайтаруды келесі деректемелер бойынша жүргізуді сұраймын (деректемелер өзгерген кезде растайтын құжаттың көшірмесін қоса беру қажет екені хабарланды):

      Төлеушінің атауы:________________________

      Төлеушінің ЖСН/БСН:____________________

      ЖСК:___________________________________

      Төлеуші банктің БСК:_____________________

      Төлеуші банктің атауы:____________________

      Қолдары: Басшы ______________________________

      (Т.А.Ә. (бар болса), қолы)

      немесе Басшының электрондық-цифрлық қолтаңбасы ("электрондық үкімет" веб-порталы арқылы берілген электрондық өтініш үшін)

      Бас бухгалтер __________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болса), қолы)

      немесе Бас бухгалтердің электрондық-цифрлық қолтаңбасы ("электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы берілген электрондық өтініш үшін)

      немесе бас бухгалтер қарастырылмаған (астын сызу)

      Заңды мекенжайы: ___________________,

      Төлеушінің байланыс телефондары:

      Телефон: ұялы +7 (____)_________________ жұмыс ______________,

      E-mail __________________________.

      Толтырылған күні: 20 ____ жылғы "___" ___________

      Мөр орны (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2024 жылғы 10 қазандағы
№ 394 /бұйрығына
2-қосымша
  Бірыңғай төлемді уақтылы және
(немесе) толық төлемегені үшін
бірыңғай төлемнің және
(немесе) өсімпұлдың артық
қате) төленген сомаларын
төлеу, аудару және
бөлу, сондай-ақ қайтару
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      Мемлекеттік корпорация басшысына

      ___________________

Қате төленген бірыңғай төлем сомаларын қайтаруға өтініш

      __________________________________________________________

      (бірыңғай төлем төлеушінің немесе банктің, төлеушінің банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы)

      № ______ Төлем тапсырмасымен артық (қате) төленген бірыңғай төлем сомасын қайтаруды сұраймын _______, референс ________ төлемнің жалпы сомасы __________, қайтарудың жалпы сомасы _______________

№ Р/С

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Тегі, Аты, Әкесінің аты (әкесінің аты болған жағдайда)

Кезең ішінде

Төленген сома

Қайтару сомасы













      себебі (бір себеп белгілеу керек):

      ☐ төлеуші немесе банк бір төлем тапсырмасы негізінде екі немесе одан да көп рет қате төлеген;

      ☐ жұмыстан босатылған қызметкерлердің аванста алған, қайтаруға жататын табыстарына артық есептелді;

      ☐ Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағында көзделген жасқа жеткен адамдар болып табылатын қатысушылар үшін артық төленді;

      ☐ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды төлеуден босатылған адамдар үшін қате аударылды;

      ☐ төлем тағайындау коды дұрыс көрсетілмеген;

      ☐ төлем мерзімі дұрыс көрсетілмеген;

      ☐ әлеуметтік аударымдардың сомалары дұрыс көрсетілмеген;

      ☐ төлеушінің деректемелері дұрыс көрсетілмеген;

      ☐ бірыңғай төлем болып табылмайтын қате төленген қаражат;

      Қайтаруды келесі деректемелер бойынша жүргізуді сұраймыз:

      Төлеушінің атауы:_____________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі / төлеушінің Бизнес сәйкестендіру нөмірі:_____________________

      Жеке сәйкестендіру коды:________________________________

      Төлеуші банкінің банктік сәйкестендіру коды:_______________

      Төлеуші банкі:____________________

      Қолтаңбалар:

      Басшы _________________________ (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса әкесінің аты), қолы)

      Бас бухгалтер ____________________

      (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса әкесінің аты), қолы)

      Заңды мекенжайы: ___________________,

      Төлеушінің байланыс деректері:

      Телефон: +7 (____)_________________,

      E-mail __________________________.

      Толтыру күні: 20_______ж "___"_______.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады