Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 61 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 1 шiлдеде № 32995 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру қағидаларын, Банктерді, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын банк операцияларын және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге лицензиялау, ислам банктері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары жүзеге асыратын банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуді лицензиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 36 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20228 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктерді, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын банк операцияларын және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге лицензиялау, ислам банктері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары жүзеге асыратын банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуді лицензиялау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Банктерді, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын банк операцияларын және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге лицензиялау, ислам банктері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары жүзеге асыратын банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуді лицензиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" (бұдан әрі – Банктер туралы заң), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы", "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган, көрсетілетін қызметті беруші) банктерді, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын банк операцияларын және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге лицензиялау, ислам банктері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары жүзеге асыратын банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуді лицензиялау тәртібін айқындайды.

      Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады, тиісті нормативтік құқықтық актіні әділет органдарында мемлекеттік тіркегеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жіберіледі.";

      11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Уәкілетті орган банкке, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалына Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банк операцияларын және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге лицензия береді.

      12. Уәкілетті орган ислам банкіне, Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банкінің филиалына Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ислам банктері, Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары жүзеге асыратын банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия береді.";

      9-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. "Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензияларды беру, оларды тоқтата тұру және олардан айыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 40 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20226 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, "Бағалы қағаздар рыногы туралы", "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы", "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензияларды беру, оларды тоқтата тұру және олардан айыру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензияларды беру, оларды тоқтата тұру және олардан айыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 66 және 73-баптарына, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс), "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 3-бабы 2-тармағының 10) тармақшасына және 50-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" (бұдан әрі – Банктер туралы заң), "Сақтандыру қызметі туралы" (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы", "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң), "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензиялар (бұдан әрі – лицензия) беру, оларды тоқтата тұру және олардан айыру талаптары мен тәртібін айқындайды.";

      мынадай редакциядағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "1-1. Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат тиісті нормативтік құқықтық актінің әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жіберіледі.

      1-2. Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезеңі туралы ақпарат мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесінде автоматты түрде жаңартылады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Өтініш беруші уәкілетті органға Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензия беру туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық түрде береді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер, мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын "Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі және мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) жазылған.

      Өтінішті портал арқылы жіберген кезде өтініш берушінің "Жеке кабинетінде" нәтижені алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе автоматты түрде көрсетіледі.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Уәкілетті орган Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензия береді және өзі берген лицензиялардың есебін жүргізеді.";

      7-тармақ алып тасталсын;

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Уәкілетті органның хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері лицензияны қайта ресімдеуге өтініш түскен күні бөліп шығару немесе бөлу нысанында өтініш беруші қайта ұйымдастырылған кезде оны қабылдауды, тіркеуді және жауапты бөлімшеге орындау үшін жіберуді жүзеге асырады. Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері өтініш тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау және (немесе) қолданылу мерзімінің өткені фактісі анықталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге жібереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі анықталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері 25 (жиырма бес) жұмыс күні ішінде құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қарайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті орган өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Өтініш беруші ұсынған құжаттарды қарау, тыңдау нәтижелері бойынша жауапты бөлімше бұйрықтың және лицензияның не лицензия беруден бас тартудың жобаларын дайындайды, уәкілетті органның басшысында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қойғызады.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері шешім қабылданғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін уәкілетті органның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жібереді.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Лицензиаттың бірінші басшысы қол қойған, уәкілетті органға ерікті түрде өтініш беруге байланысты лицензияның қолданылуын тоқтатуға өтініш Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға мынадай құжаттармен қоса ұсынылады:

      1) уәкілетті органға лицензияның қолданылуын тоқтату, қызмет түрінің (шағын түрінің) атауын өзгерту және (немесе) қызмет түрін (шағын түрін) алып тастау туралы ерікті түрде өтініш жасау туралы лицензиаттың акционерлері жалпы жиналысының шешімі не Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің (егер лицензиат Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы болып табылса) шешімі;

      2) лицензиаттың барлық қызмет түрі (шағын түрлері) немесе өзгеріс енгізілуге және (немесе) алып тасталуға тиіс қызмет түрі (шағын түрі) бойынша міндеттемелердің және қолданыстағы шарттардың жоқ екендігі туралы кепілдеме-хаты;

      3) "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ-тың орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде лицензиаттың жеке шотын және жеке шотындағы барлық қосалқы шоттарды жабу туралы хаты немесе "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ-тан лицензиаттың атына ашылған жеке шотқа "жоғалған клиент" мәртебесін беру туралы ақпарат;

      4) "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ-тың депозитарлық қызмет көрсету шартын, ағымдағы шот шартын және факсимильді хабарлар түріндегі операциялық құжаттарды қабылдау және беру шартын бұзу туралы хаты (лицензияның қолданылуын тоқтату туралы уәкілетті органға ерікті түрде өтініш берген кезде);

      5) барлық қызмет түрі (шағын түрлері) (лицензияның қолданылуын тоқтату туралы уәкілетті органға ерікті түрде өтініш берген кезде) немесе өзгеріс енгізілуге және (немесе) алып тасталуға тиіс қызмет түрі (шағын түрі) бойынша "Қазақстан қор биржасы" АҚ-тың алдында берешектің жоқ екені туралы "Қазақстан қор биржасы" АҚ-тың хаты;

      6) өтініш жіберген күннің алдындағы күні жасалған бухгалтерлік баланс және оған түсіндірме жазба. Бухгалтерлік балансқа түсіндірме жазбада кредиторлық берешек сомаларын және олардың туындау негіздерін көрсете отырып, лицензиаттың кредиторлары туралы (олар болса) ақпарат ашып көрсетіледі.

      Осы тармақтың 3), 4) және 5) тармақшалары трансфер-агент қызметін жүзеге асыратын лицензиатқа қолданылмайды.

      Қызмет түрінің (шағын түрінің) атауын өзгерткен кезде лицензиат Қағидаларға 3-қосымшаның 8-тармағы бірінші бөлігінің 8) және 12) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қосымша береді.

      Ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметтің шағын түрі алып тасталған не ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметтің шағын түрінің атауы ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметтің шағын түріне өзгерген жағдайда ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органға осы тармақта көзделген құжаттармен бірге ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкінің, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкінің және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелін басқарушының (ондай бар болса) бірінші басшылары немесе олардың орнындағы адамдар қол қойған ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен уәкілетті органға зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау-өткізу актісін ұсынады.

      Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органға қызметтің шағын түрін алып тастауға немесе өзгертуге өтініш берген күнге дейін атауынан "ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры" деген сөздерді және (немесе) "ЕЖЗҚ" деген аббревиатураларды алып тастау бөлігінде мемлекеттік қайта тіркеуді, сондай-ақ зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы активтері мен міндеттемелерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуды Әлеуметтік кодекстің 49 және 51-баптарында көзделген тәртіппен және талаптармен жүзеге асырады.

      Ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға лицензияның қолданылуын тоқтату туралы уәкілетті органға ерікті түрде өтініш жасау Әлеуметтік кодекстің 51-бабында көзделген тәртіппен және талаптармен жүзеге асырылады.";

      3-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      5- қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2023 жылғы 26 маусымдағы
№ 61 Қаулыға
1-қосымша
  Банктерді, Қазақстан
Республикасы бейрезидент-
банктерінің филиалдарын банк
операцияларын және
Қазақстан Республикасының
банк заңнамасында көзделген
өзге де операцияларды жүргізуге
лицензиялау, ислам банктері,
Қазақстан Республикасы
бейрезидент-ислам банктерінің
филиалдары жүзеге асыратын
банк операцияларын және өзге
де операцияларды жүргізуді
лицензиялау қағидаларына
9-қосымша

      Нысан

  (уәкілетті органның
толық атауы)
___________________________
(банктің, Қазақстан
Республикасы бейрезидент-
банкі филиалының атауы)

Лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш

      ______________________________________________________________ байланысты

      _________________________________________________________________________

      (лицензияны қайта ресімдеу себебін көрсету)

      __________________________________________________________________________

      (лицензияның атауын, валюта түрін көрсету – ұлттық және (немесе) шетел)

      қайта ресімдеуді сұраймын.

      Банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы туралы мәліметтер

      __________________________________________________________________________

      1. Атауы, орналасқан жері _______________________________________________

      __________________________________________________________________________

                  (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үй, офис нөмірі

      __________________________________________________________________________

            телефон нөмірі, факс нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, интернет-ресурс)

      2. Банк операцияларын және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында

      көзделген өзге де операцияларды жүргізуге берілген лицензия туралы деректер

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)

      3. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, даналар саны және олардың әрқайсысы бойынша

      парақтар саны:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы өтінішке қоса берілетін құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігін растайды.

      Банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.

      Банктің атқарушы органы басшысының, Қазақстан Республикасы бейрезидент- банкінің филиалы басшысының не өтініш беруге уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (растау құжаттарын қоса берумен).

      _____________________________________________             ________________

                              (қолы)                                     (күні)

  Қаулыға
2-қосымша
  Бағалы қағаздар нарығында
кәсіби қызмет түрлерін жүзеге
асыруға лицензиялар беру,
оларды тоқтата тұру және
олардан айыру қағидаларына
3-қосымша

"Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

www. egov. kz "электрондық үкімет" веб-порталы www. egov. kz (бұдан әрі - портал).

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

лицензия берген кезде – 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей;
лицензияны қайта ресімдеген кезде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
көрсетілетін қызметті алушы бөлу немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда – 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей;
лицензияның телнұсқаларын берген кезде – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автомататтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия беру (бұдан әрі-лицензия), қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

1) мыналармен айналысу құқығына лицензия беру үшін лицензиялық алым:
брокерлік қызмет - 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК);
дилерлік қызмет - 30 (отыз) АЕК;
инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет - 30 (отыз) АЕК;
кастодиандық қызмет - 30 (отыз) АЕК;
трансфер-агенттік қызмет - 10 (он) АЕК;
бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдармен сауда-саттықты ұйымдастыру жөніндегі қызмет - 10 (он) АЕК;
қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметі - 40 (қырық) АЕК;
банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметі – 800 (сегіз жүз) АЕК;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген тиісті мөлшерлеменің 10 (он) пайызын құрайды;
3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген тиісті мөлшерлеменің 100 (бір жүз) пайызын құрайды.
Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол ақша немесе қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ қолма-қол ақшасыз нысанда "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

7

Жұмыс кестесі

1) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбіден бастап жұма аралығында сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес;
2) портал – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін (лицензия алу үшін) қажетті құжаттар тізбесі:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенi туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
3) көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталының ең аз мөлшерінің төленгенін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
4) құжаттарды ұсыну күнінің алдындағы күнгі жағдай бойынша Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында акционер (қатысушы) туралы мәліметтер (заңды тұлға үшін) және Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акционер (қатысушы) туралы мәліметтер (жеке тұлға үшін);
5) Қазақстан Республикасының бейрезиденті көрсетілетін қызметті алушының қатысушысы (акционері) шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын және бейрезидент заңды тұлғаны тіркеген орган, тіркеу нөмірі, тіркеу күні мен орны туралы ақпарат қамтылған, мемлекеттік тілде және орыс тілінде нотариат куәландырған аудармасы бар сауда тізілімінен заңды үзінді көшірме немесе басқа да заңды құжаттың электрондық көшірмесі;
6) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30383 тіркелген, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 28 қазандағы № 79 қаулысымен бекітілген Мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттарын қоса алғанда, өтініш берушінің (лицензиаттың), бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларына және келісім алу үшін қажетті құжаттарға сәйкес басшы қызметкерлерді келісу үшін ұсынылатын құжаттардың электрондық көшірмелері;
7) электрондық құжат нысандағы қызметкерлердің тегі, аты және болған кезде әкесінің аты, олардың атқаратын лауазымдары көрсетілген штаттық кесте;
8) электрондық құжат нысандағы бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру функциясы жүктелетін құрылымдық бөлімшелер туралы ереже;
9) көрсетілетін қызметті алушыда бағалы қағаздар нарығында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдардың және өзге де жабдықтардың болуын растайтын мынадай құжаттардың электрондық көшірмелері:
жабдықты жеткізу шартының;
жабдықты қабылдау-өткізу актісінің;
лицензиялардың санын көрсете отырып, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және (немесе) жеткізу шартының;
бағдарламалық қамтамасыз етуді қабылдау-өткізу актісінің;
қорғау мен қауіпсіздікті ұйымдастыру бойынша құжаттардың (ақпаратты резервтеу тәртібінің сипаты, деректерге қолжетімділікті бөлу тетіктерінің сипаты, қалпына келтіру жоспары, ішкі бақылау тетіктері) көшірмелері қажетті.
Көрсетілетін қызметті алушы бағдарламалық өнімді дербес әзірлеген не басқа адам көрсетілетін қызметті алушыға бағдарламалық өнімді ақысыз берген жағдайда, осы тармақшаның екінші, үшінші, төртінші, бесінші абзацтарында көрсетілген құжаттар ұсынылмайды;
Ұсынылған құжаттарда мынадай ақпарат көрсетіледі: пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз етудің атауы (серверлік операциялық жүйелер, дерекқорды басқару жүйелері), нұсқалар, лицензияның бар екендігі туралы мәліметтер;
10) электрондық құжат нысандағы өтініш берудің алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы көрсетілетін қызметті алушының бухгалтерлік балансы;
11) ағымдағы жылы құрылған акционерлік қоғамдарды қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушының атқарушы органының бірінші басшысы және оның бас бухгалтері қол қойған, аудиторлық есеппен расталған көрсетілетін қызметті алушының соңғы аяқталған жылғы қаржылық есептілігінің электрондық көшірмесі;
12) электрондық құжат нысандағы директорлар кеңесі бекіткен жақын арадағы үш жылға арналған бизнес-жоспары (акционерлік қоғамнан басқа өзге де ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған трансфер-агенттің бизнес-жоспарын заңды тұлғаның атқарушы органы бекітеді, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының бизнес – жоспары Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің шешімімен бекітіледі).
Бизнес-жоспарда мынадай мәселелер:
лицензияны алу мақсаттары;
қызметінің негізгі бағыттарының сипаттамасы және көрсетілетін қызметті алушының қызметі бағытталған нарық сегментіне шолу;
қызмет шегінде болжамды қызмет көрсетулер, оларды бағалау тәртібі туралы ақпарат, сондай-ақ оларды сату талаптары мен көлемі бойынша жоспарлар;
қызметіне байланысты негізгі тәуекелдер, оларды бағалау және меншікті капиталы есебінен өтеу тәсілдері, меншікті капиталының жеткіліктілігі мәні, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау рәсімдері туралы ақпарат;
қаржы жоспары, оның ішінде алғашқы үш қаржы (операциялық) жылындағы кірістер мен шығыстар болжамы, көрсетілген кезең ішіндегі шығындылықтың жол берілетін коэффициенттері;
инвестициялық саясат, компания қызметін қаржыландыру көздері;
өтініш берушінің ұйымдық құрылымы, корпоративтік басқару рәсімдерін іске асыру тәсілдерінің сипаттамасы, сондай-ақ мамандардың білім деңгейіне қойылатын талаптар көрсетілуі тиіс;
13) электрондық құжат нысандағы сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметтерін пайдаланатын субъектілермен сауда-саттықты ұйымдастырушының өзара қарым-қатынасын айқындайтын бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асырудың ішкі қағидалары (бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін үміткер көрсетілген қызметті алушылар үшін);
14) электрондық құжат нысандағы клирингтік ұйымның қызметтерін пайдаланатын субъектілермен клирингтік ұйымның өзара қарым-қатынасын айқындайтын қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асырудың ішкі қағидалары (қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін үміткер көрсетілген қызметті алушылар үшін).
Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалар бағалы қағаздар нарығында қызметтің қосымша түрін жүзеге асыруға лицензия алу үшін осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 8) және 12) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген сауда-саттықты ұйымдастырушы қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 13) және 14) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензия алу үшін мемлекеттік қызмет көрсету үшін банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы, ислам банкі, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің филиалы уәкілетті органға Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы өтінішті осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 7), 8), 9), 12) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып ұсынады.
"Өмірді сақтандыру" саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия алу үшін мемлекеттік қызмет көрсету үшін осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, сондай-ақ инвестициялық комитеттің құрамы туралы мәліметтерді қоса алғанда, осы комитет туралы ережені және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17462 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 198 қаулысымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларына сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесінің жұмысын айқындайтын ішкі қағидаларды электрондық құжаттар нысанында ұсыну қажет.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін (лицензия телнұсқасын алу үшін) қажетті құжаттар тізбесі (егер бұдан бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса):
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымды төлегені туралы құжаттың электрондық көшірмесі.
мемлекеттік қызмет көрсету үшін (лицензияны қайта ресімдеу үшін) қажетті құжаттар тізбесі:
1) Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымды төлегені туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
3) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпараты бар құжаттардың көшірмесі (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде).
Уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы:
Қазақстан Республикасының резидент - жеке тұлғасының жеке басын куәландыратын;
Қазақстан Республикасының резидент - жеке тұлғасында алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екенін растайтын;
Қазақстан Республикасының резидент - заңды тұлғасын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтерді алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздеме

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер:
1) заңды тұлғалардың осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарында қызметтің түрімен айналысуға тыйым салынуы;
2) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның енгізілмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушы "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Заңының 48-бабының 1-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
5) сот орындаушысының ұйғарымы негізінде көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге соттың лицензия беруге уақытша тыйым салуы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.
Мына жағдайлар:
лицензияларды қайта ресiмдеу кезiнде жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым төленбеуі;
осы Тізбенің 8-тармағының бесінші бөлігінде көрсетілген құжаттардың тиісінше ресімделмеуі лицензияны қайта ресімдеуден бас тартуға негіздер болып табылады.
Лицензияның телнұсқаларын беру кезінде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымға ақы төлемеу лицензияның телнұсқасын беруден бас тартуға негіз болып табылады.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты "жеке кабинет" порталы арқылы қашықтан қолжеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығынан алу мүмкіндігіне ие.
Порталда іркілістер не техникалық қателер анықталған жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну қажет.
Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777 немесе 1414.

  Қаулыға
3-қосымша
  Бағалы қағаздар нарығында
кәсіби қызмет түрлерін жүзеге
асыруға лицензияларды беру,
оларды тоқтата тұру және
олардан айыру қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

Уәкілетті органға ерікті жүгінуге байланысты лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға, қызмет түрінің (кіші түрінің) атауын өзгертуге және (немесе) қызметтің түрін (кіші түрін) алып тастауға

      __________________________________________________________________________

                                    (лицензиаттың атауы)

      акционерлерінің жалпы жиналысының

      __________________________________________________________________________

      (өткізу орны)

      20__ жылғы "__" _____________ № ____ шешіміне сәйкес бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға берілген 20__ жылғы "_"_____ №_____лицензияның қолданылуын тоқтата тұруын, бағалы қағаздар нарығында

      қызметті жүзеге асыруға берілген 20__жылғы "__" ________ № ______

      лицензиядан төмендегі қызметтің түрін (кіші түрін) өзгертуін:

      _________________________________________________________________________,

                        (қызмет түрінің (кіші түрінің) атауы)

      бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға берілген

      20__жылғы "__"________№_____лицензиядан төмендегі қызметтің түрін (кіші түрін) алып тастауын:

      __________________________________________________________________________

                  (қызмет түрінің (кіші түрінің) атауы)

      жүзеге асыруды (керегін таңдап алу) сұрайды.

      Лицензиат өтінішке қоса берілген құжаттар мен ақпараттың дәйектілігін, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұратылатын қосымша ақпараттың және құжаттардың уәкілетті органға уақтылы берілуін растайды.

      Қоса берілген құжаттар (жіберілген құжаттардың атаулы тізбесін, әрқайсысы бойынша дана және парақ санын көрсету керек):

      __________________________________________________________________________

      Лицензиаттың атқарушы органының басшысының не өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (растайтын құжаттарды қоса бере отырып)

      __________________________________________________________________________

                                    (күні)                   (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады