"Экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 86 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 268 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 1 шiлдеде № 33012 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 86 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27085 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу қағидаларында:

      "Экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу" қосымшасында:

      Кәсіптік тәуекелдің 1-сыныбы келесі редакцияда жазылсын:

      "Кәсіптік тәуекелдің 1-сыныбы

      60xxx Бағдарлама және теле-радио хабарлама жасау жөніндегі қызмет

      62xxx Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа ілеспе көрсетілетін қызметтер

      65xxx Міндетті әлеуметтік қамсыздандырудан басқа, сақтандыру, қайта сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру

      66xxx Қаржылық көрсетілетін қызметтер мен сақтандыру саласындағы қосалқы қызмет

      69xxx Құқық және бухгалтерлік есеп саласындағы қызмет

      72xxx Ғылыми зерттеулер және әзірлемелер (72199 қоспағанда)

      84300 Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы қызмет

      73xxx Жарнама қызметі және нарық конъюнктурасын зерттеу

      97ххх Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі

      98xxx Өзіндік тұтынуы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді көрсету өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі

      99ххх Аумақтан тыс ұйымдар мен органдардың қызметі";

      Кәсіптік тәуекелдің 3-сыныбында:

      алтыншы абзац келесі редакцияда жазылсын:

      "84xxx Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру (84230, 84250, 84300 қоспағанда)".

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың ресми жариялануынан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
Т. Дуйсенова

      КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады