ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі
"Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 1-1) және 8-1) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі кезеңде:
1) арақтарға және айрықша арақтарға, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына бір литрі үшін 1 980 теңге мөлшерінде;
2) коньяк пен брендиге бір литрі үшін 2 930 теңге мөлшерінде ең төменгі бөлшек сауда бағалары белгіленсін.
2. 2023 жылғы 1 қазаннан бастап:
1) арақтарға және айрықша арақтарға, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына бір литрі үшін 2 100 теңге мөлшерінде;
2) коньяк пен брендиге бір литрі үшін 3 110 теңге мөлшерінде ең төменгі бөлшек сауда бағалары белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |