Туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 шiлдедегi № 164 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 10 шiлдеде № 33043 болып тіркелді

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған "Қазақстан Республикасының аумағында әуемен тасымалдау кезінде кәмелетке толмаған жолаушылар үшін туристік көрсетілген қызметтер туралы мәліметтер" нысаны осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Оралов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт
министрінің
2023 жылғы 1 шілдедегі
№ 164 бұйрығына
қосымша
  Туристік қызмет саласындағы
әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

"Қазақстан Республикасының аумағында әуемен тасымалдау кезінде кәмелетке толмаған жолаушылар үшін туристік көрсетілген қызметтер туралы мәліметтер" туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      "Kazakh Tourism" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына ұсынылады. "Kazakh Tourism" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы туристік қызмет саласындағы уәкілетті органға ұсынады.

      Әкімшілік деректердің нысаны www.msm.gov.kz және qaztourism.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

      Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: Қазақстан Республикасының аумағында әуемен тасымалдау кезінде кәмелетке толмаған жолаушылар үшін туристік көрсетілген қызметтер туралы мәліметтер

      Индекс: 1-ЭП

      Кезеңділігі: жыл сайын

      Есепті кезең: 20__ жыл

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: ішкі туризм саласындағы туроператор

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: ішкі туризм саласындағы туроператорлар мәліметтерді "Kazakh Tourism" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына күнтізбелік жылдың бірінші жұмыс күнінен бастап 1 желтоқсанына дейін ұсынады. "Kazakh Tourism" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы мәліметтерді туристік қызмет саласындағы уәкілетті органға жыл сайын 20 желтоқсаннан кешіктірмей ұсынады.


№ п/п

Туристік өнім шеңберінде кәмелетке толмаған жолаушы тұрған туристерді орналастыру орындарының атауы

Туристерді орналастыру орындарына кіру күні

Туристерді орналастыру орындарынан шығу күні

Жүзеге асырылған туристік өнім үшін төлем тапсырмасының (түбіртектің) №

Қазақстан Республикасының аумағында әуемен тасымалдау кезінде кәмелетке толмаған жолаушылар үшін билеттер сатып алуға арналған шығыстардың жалпы сомасы, теңге

Төлеуге берілетін сома, теңге

1

2

3

4

5

6

7









Барлығы:






Атауы
______________________
___________________________________

Мекенжайы
______________________________
___________________________________

      Телефоны______________________________________________________

      Электрондық почта мекенжайы _______________________________________

      Орындаушы

      ___________________________________________ _______________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      __________________________________________________ _______________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

      Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)

  Туристік қызмет саласындағы
әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысанға
қосымша

"Қазақстан Республикасының аумағында әуемен тасымалдау кезінде кәмелетке толмаған жолаушылар үшін туристік көрсетілген қызметтер туралы мәліметтер" туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме

      1-бағанда нөмір "№" ретімен толтырылады.

      2-бағанда Туристік өнім шеңберінде кәмелетке толмаған жолаушы тұрған туристерді орналастыру орындарының атауы көрсетіледі.

      3-бағанда Туристерді орналастыру орындарына кіру күні көрсетіледі.

      4-бағанда Туристерді орналастыру орындарынан шығу күні.

      5-бағанда Жүзеге асырылған туристік өнім үшін төлем тапсырмасының (түбіртектің) № көрсетіледі.

      6-бағанда Қазақстан Республикасының аумағында әуемен тасымалдау кезінде кәмелетке толмаған жолаушылар үшін билеттер сатып алуға арналған шығыстардың жалпы сомасы, теңге көрсетіледі.

      7-бағанда Төлеуге берілетін сома, теңге көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады