Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосқаны үшін мемлекеттің ынталандыруы қағидаларын, сондай-ақ наградалардың тізбесі мен сипаттамасын, марапаттау парағының нысанын бекіту туралы және "Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосқаны үшін наградалардың тізбесі мен сипаттамасын, марапаттау парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 471 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 24 шiлдедегi № 521 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 24 шiлдеде № 33132 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi туралы epeжeнің 14-тармағының 267) және 272) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосқаны үшін мемлекеттің ынталандыруы қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосқаны үшін наградалардың тізбесі мен сипаттамасы;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосқаны үшін марапаттау парағының нысаны бекітілсін.

      2. "Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосқаны үшін наградалардың тізбесі мен сипаттамасын, марапаттау парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 471 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19400 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
А. Ескараев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2023 жылғы 24 шілдедегі
№ 521 бұйрығына
1-қосымша

Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосқаны үшін мемлекеттің ынталандыруы қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосуды мемлекеттің ынталандыруы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосуды мемлекеттің ынталандыруы тәртібін айқындайды.

      2. Медальдар, төсбелгілер (бұдан әрі – наградалар) беру кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосуды мемлекеттің ынталандыру шарасы болып табылады.

2-тарау. Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосуды мемлекеттің ынталандыруы тәртібі

      3. Мыналар:

      1) кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуде клиенттердің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау кезінде жоғары кәсіптік шеберлігімен;

      2) кешенді әлеуметтік заң көмегінің дамуына елеулі үлес қосуымен ерекшеленген адвокаттың, заң консультантының кәсіптік қызметіндегі жетістіктер ынталандыру шараларымен атап өтіледі.

      Адвокаттардың, заң консультанттарының жоғары кәсіптік шеберлігі мен кешенді әлеуметтік заң көмегінің дамуына қосқан елеулі үлесін Республикалық адвокаттар алқасының төралқасы, заң консультанттары палатасының алқалы басқару органы айқындайды.

      4. Адвокаттарды, заң консультанттарын марапаттау туралы ұсыныстарға Республикалық адвокаттар алқасы, заң консультанттарының палаталары бастамашылық етеді, олар заң көмегін көрсету саласындағы уәкілетті орталық мемлекеттік органның кадр қызметіне тиісті ұсыныстар (бұдан әрі – марапаттау туралы ұсыныс, уәкілетті орган) жібереді.

      5. Марапаттау туралы ұсыныстар уәкілетті органға мемлекеттік, кәсіби, өзге де мерекелер мен мерейтой күндерін мерекелеуге дейін кемінде 2 ай қалғанда ұсынылады.

      6. Уәкілетті орган марапаттау туралы мәселені қарайды, қажетті құжаттарды дайындайды және күнтізбелік 10 күн ішінде марапаттау туралы бұйрық қабылдайды.

      7. Наградалар салтанатты жағдайда марапатталушының жеке өзіне тапсырылады.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2023 жылғы 24 шілдедегі
№ 521 бұйрығына
2-қосымша

Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосқаны үшін наградалардың тізбесі мен сипаттамасы

      1. "ІЗГІ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" медалі.

      "ІЗГІ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" медалі шеңбер нысанындағы қондырмасы бар биіктігі 32 миллиметр (бұдан әрі – мм) және ені 32 мм сегіз бұрышты жұлдыз нысанындағы жезден жасалады.Медальдің реңі күңгірттелген.

      Медальдің ортасында екі шеңбер бейнеленген, бірінші шеңбердің көгілдір реңінде шаңырақ пен қалықтаған қыран орналасқан. Бірінші шеңбердің сыртында "ІЗГІ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу бар. Медальдің бейнелері мен жазуы алтын түстес. Сегіз бұрышты жұлдыздың беті көлденең бедерлі жолақ түрінде жасалған.

      Медальдің сыртқы жағында "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ" деген жазу орналасқан.

      Медаль құлақша мен шығыршық арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы түстес жібек қатқыл лентамен қапталған, ені 26 мм және биіктігі 16 мм төрт бұрышты тағанмен жалғанады.

      Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.

      2. І дәрежелі "Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы қызметі үшін" төсбелгісі.

      І дәрежелі "Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы қызметі үшін" төсбелгісі шеңбер нысанындағы қондырмасы бар биіктігі 32 мм және ені 32 мм бес бұрышты жұлдыз нысанында болады.

      Төсбелгінің беткі жағында шеңбердің жиегінде көк түсті реңде "АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген бедерлі жазу бар. Шеңбердің ішінде шаңырақ пен қалықтаған қыран бар. Реңі ашық. Бес бұрыштың астында көгілдір түсті лента орналасқан. Лентада - көгілдір түсті "І" рим цифры. Төсбелгінің бейнелері мен жазуы алтын түстес. Бес бұрыштың беті көлденең бедерлі жолақтар түрінде жасалған.

      Сыртқы жағында "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ" деген жазу орналасқан.

      Төсбелгі үлес салмағы қорғасын сияқты түрлі-түсті металдардың қорытпасынан құю әдісімен жасалады. Белгілерге гальваникалық тәсілмен мынадай металдар: мыс, никель, алтын жалатылады. Белгідегі логотиптердің элементтері түрлі-түсті эмальдармен құйылады. Төсбелгілердің барлық элементтері көрнекі қабылдаудың сапалы болуы үшін жеткілікті көлемде орындалуға тиіс.

      Төсбелгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.

      3. ІІ дәрежелі "Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы қызметі үшін" төсбелгісі.

      ІІ дәрежелі "Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы қызметі үшін" төсбелгісі шеңбер нысанындағы қондырмасы бар биіктігі 32 мм және ені 32 мм бес бұрышты жұлдыз нысанында болады.

      Төсбелгінің беткі жағында шеңбердің жиегінде көк түсті реңде "АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген бедерлі жазу бар. Шеңбердің ішінде шаңырақ пен қалықтаған қыран бар. Реңі ашық. Бес бұрыштың астында көгілдір түсті лента орналасқан. Лентада - көгілдір түсті "ІІ" рим цифры. Төсбелгінің бейнелері мен жазуы алтын түстес. Бес бұрыштың беті көлденең бедерлі жолақтар түрінде жасалған.

      Сыртқы жағында "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ" деген жазу орналасқан.

      Төсбелгі үлес салмағы қорғасын сияқты түрлі-түсті металдардың қорытпасынан құю әдісімен жасалады. Белгілерге гальваникалық тәсілмен мынадай металдар: мыс, никель, алтын жалатылады. Белгідегі логотиптердің элементтері түрлі-түсті эмальдармен құйылады. Төсбелгілердің барлық элементтері көрнекі қабылдаудың сапалы болуы үшін жеткілікті көлемде орындалуға тиіс.

      Төсбелгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.

      4. ІІІ дәрежелі "Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы қызметі үшін" төсбелгісі.

      ІІІ дәрежелі "Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы қызметі үшін" төсбелгісі шеңбер нысанындағы қондырмасы бар биіктігі 32 мм және ені 32 мм бес бұрышты жұлдыз нысанында болады.

      Төсбелгінің беткі жағында шеңбердің жиегінде көк түсті реңде "АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген бедерлі жазу бар. Шеңбердің ішінде шаңырақ пен қалықтаған қыран бар. Реңі ашық. Бес бұрыштың астында көгілдір түсті лента орналасқан. Лентада - көгілдір түсті "ІІІ" рим цифры.Төсбелгінің бейнелері мен жазуы алтын түстес. Бес бұрыштың беті көлденең бедерлі жолақтар түрінде жасалған.

      Сыртқы жағында "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ" деген жазу орналасқан.

      Төсбелгі үлес салмағы қорғасын сияқты түрлі-түсті металдардың қорытпасынан құю әдісімен жасалады. Белгілерге гальваникалық тәсілмен мынадай металдар: мыс, никель, алтын жалатылады. Белгідегі логотиптердің элементтері түрлі-түсті эмальдармен құйылады. Төсбелгілердің барлық элементтері көрнекі қабылдаудың сапалы болуы үшін жеткілікті көлемде орындалуға тиіс.

      Төсбелгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2023 жылғы 24 шілдедегі
№ 521 бұйрығына
3-қосымша
  Нысан

Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосқаны үшін марапаттау парағы

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) ____________________

      2. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны __________________________________

      (қызметі, адвокаттар алқасының/заң консультанттары

      палатасының атауы, қызметті ұйымдастыру нысаны)

      3. Жынысы ______________________________________________________

      4. Туған жылы мен туған жері ______________________________________

      5. Ұлты _________________________________________________________

      6. Білімі ________________________________________________________

      7. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы _________________________________

      8. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен марапатталған және марапатталған уақыты: ___________________________

      9. Үйінің мекенжайы: _____________________________________________

      10. Жалпы жұмыс өтілі ___________________________________________

      11. Саладағы жұмыс өтілі _________________________________________

      12. Марапатталушының нақты айрықша сіңірген еңбегі көрсетілген мінездеме:

      _______________________________________________________________

      Кандидатура ____________________________________________________

      (кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның атауы, талқылау күні, хаттаманың №)

      ___________________________________________ талқыланып, ұсынылды.

      Мына наградаға ұсынылады _______________________________________

      (награданың түрі)

      Кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның басшысы _______________________

      (Т.А.Ә (бар болған жағдайда)

      ________________________

      (қолы)

      М.О.

      _____ жылғы "___"________

      (толтыру күні)

      Ескертпе: марапатталушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) жеке куәлік бойынша толтырылады және міндетті түрде қазақ және орыс тілдерінде транскрипциясы көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады