Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосқаны үшін наградалардың тізбесі мен сипаттамасын, марапаттау парағының нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 471 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 19 қыркүйекте № 19400 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 24 шiлдедегi № 521 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 24.07.2023 № 521 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 8 ақпандағы № 45 қаулысымен бекітілген Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосуды мемлекеттің ынталандыруы қағидаларының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1) осы бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосқаны үшін наградалардың тізбесі мен сипаттамасы;

      2) осы бұйрықтың 2 қосымшасына сәйкес кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосқаны үшін марапаттау парағының нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а. Н. Пан

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
міндетін атқарушысының
2019 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 471 бұйрығына
1 қосымша

Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосқаны үшін наградалардың тізбесі мен сипаттамасы

      1. "ІЗГІ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" медалі.

      "ІЗГІ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" медалі шеңбер нысанындағы қондырмасы бар биіктігі 32 мм және ені 32 мм сегіз бұрышты жұлдыз нысанындағы жезден жасалады.Медальдің реңі күңгірттелген.

      Медальдің ортасында екі шеңбер бейнеленген, бірінші шеңбердің көгілдір реңінде шаңырақ пен қалықтаған қыран орналасқан. Бірінші шеңбердің сыртында "ІЗГІ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН"деген жазу бар. Медальдің бейнелері мен жазуы алтын түстес. Сегіз бұрышты жұлдыздың беті көлденең бедерлі жолақ түрінде жасалған.

      Медальдің сыртқы жағында "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ" деген жазу орналасқан.

      Медаль құлақша мен шығыршық арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы түстес жібек қатқыл лентамен қапталған, ені 26 мм және биіктігі 16 мм төрт бұрышты тағанмен жалғанады.

      Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.

      2. І дәрежелі "Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы қызметі үшін" төсбелгісі.

      І дәрежелі "Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы қызметі үшін" төсбелгісі шеңбер нысанындағы қондырмасы бар биіктігі 32 мм және ені 32 мм бес бұрышты жұлдыз нысанында болады.

      Төсбелгінің беткі жағында шеңбердің жиегінде көк түсті реңде "АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН"деген бедерлі жазу бар. Шеңбердің ішінде шаңырақ пен қалықтаған қыран бар. Реңі ашық. Бес бұрыштың астында көгілдір түсті лента орналасқан. Лентада - көгілдір түсті "І" рим цифры. Төсбелгінің бейнелері мен жазуы алтын түстес. Бес бұрыштың беті көлденең бедерлі жолақтар түрінде жасалған.

      Артқы жағында "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ" деген жазу орналасқан.

      Төсбелгі үлес салмағы қорғасын сияқты түрлі-түсті металдардың қорытпасынан құю әдісімен жасалады. Белгілерге гальваникалық тәсілмен мынадай металдар: мыс, никель, алтын жалатылады. Белгідегі логотиптердің элементтері түрлі-түсті эмальдармен құйылады. Төсбелгілердің барлық элементтері көрнекі қабылдаудың сапалы болуы үшін жеткілікті көлемде орындалуға тиіс.

      Төсбелгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.

      3. ІІ дәрежелі "Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы қызметі үшін" төсбелгісі.

      ІІ дәрежелі "Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы қызметі үшін" төсбелгісі шеңбер нысанындағы қондырмасы бар биіктігі 32 мм және ені 32 мм бес бұрышты жұлдыз нысанында болады.

      Төсбелгінің беткі жағында шеңбердің жиегінде көк түсті реңде "АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН"деген бедерлі жазу бар. Шеңбердің ішінде шаңырақ пен қалықтаған қыран бар. Реңі ашық. Бес бұрыштың астында көгілдір түсті лента орналасқан. Лентада - көгілдір түсті "ІІ" рим цифры. Төсбелгінің бейнелері мен жазуы алтын түстес. Бес бұрыштың беті көлденең бедерлі жолақтар түрінде жасалған.

      Артқы жағында "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ" деген жазу орналасқан.

      Төсбелгі үлес салмағы қорғасын сияқты түрлі-түсті металдардың қорытпасынан құю әдісімен жасалады. Белгілерге гальваникалық тәсілмен мынадай металдар: мыс, никель, алтын жалатылады. Белгідегі логотиптердің элементтері түрлі-түсті эмальдармен құйылады. Төсбелгілердің барлық элементтері көрнекі қабылдаудың сапалы болуы үшін жеткілікті көлемде орындалуға тиіс.

      Төсбелгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.

      4. ІІІ дәрежелі "Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы қызметі үшін" төсбелгісі.

      ІІІ дәрежелі "Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы қызметі үшін" төсбелгісі шеңбер нысанындағы қондырмасы бар биіктігі 32 мм және ені 32 мм бес бұрышты жұлдыз нысанында болады.

      Төсбелгінің беткі жағында шеңбердің жиегінде көк түсті реңде "АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН"деген бедерлі жазу бар. Шеңбердің ішінде шаңырақ пен қалықтаған қыран бар. Реңі ашық. Бес бұрыштың астында көгілдір түсті лента орналасқан. Лентада - көгілдір түсті "ІІІ" рим цифры.Төсбелгінің бейнелері мен жазуы алтын түстес. Бес бұрыштың беті көлденең бедерлі жолақтар түрінде жасалған.

      Артқы жағында "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ" деген жазу орналасқан.

      Төсбелгі үлес салмағы қорғасын сияқты түрлі-түсті металдардың қорытпасынан құю әдісімен жасалады. Белгілерге гальваникалық тәсілмен мынадай металдар: мыс, никель, алтын жалатылады. Белгідегі логотиптердің элементтері түрлі-түсті эмальдармен құйылады. Төсбелгілердің барлық элементтері көрнекі қабылдаудың сапалы болуы үшін жеткілікті көлемде орындалуға тиіс.

      Төсбелгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
міндетін атқарушысының
2019 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 471 бұйрығына
2 қосымша
  Нысан

КЕШЕНДІ ӘЛЕУМЕТТІК ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУГЕ ЕЛЕУЛІ ҮЛЕС ҚОСҚАНЫ ҮШІН МАРАПАТТАУ ПАРАҒЫ

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) ______________________

      2. Лауазымы, жұмыс, қызметорны ___________________________________

                                    (қызметі, адвокаттар алқасының/заң консультанттары

                                    палатасының атауы, қызметті ұйымдастыру нысаны)

      3. Жынысы ______________________________________________________

      4. Туған жылы мен туған жері ______________________________________

      5. Ұлты _________________________________________________________

      6. Білімі ________________________________________________________

      7. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы _________________________________

      8. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен марапатталған

      және марапатталған уақыты: ___________________________

      9. Үйінің мекенжайы: _____________________________________________

      10. Жалпы жұмыс өтілі ___________________________________________

      11. Саладағы жұмыс өтілі _________________________________________

      12. Марапатталушының нақты айрықша сіңірген еңбегі көрсетілген мінездеме:

      _______________________________________________________________

      Кандидатура ____________________________________________________

      (кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның атауы, талқылау күні, хаттаманың №)

      ___________________________________________ талқыланып, ұсынылды.

      Мына наградаға ұсынылады _______________________________________

                                    (награданың түрі)

      Кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның басшысы ________________________

                                                      (Т.А.Ә (ол бар болған жағдайда)

      ________________________

      (қолы)

      М.О.

      _____ жылғы "___"________

                  (толтыру күні)

      Ескертпе: марапатталушының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) жеке куәлік бойынша толтырылады және міндетті түрде қазақ және орыс тілдерінде транскрипциясы көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады