Музей саласындағы әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 24 шiлдедегi № 194 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 26 шiлдеде № 33157 болып тіркелді

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес "Тұрақты сақтауға қабылданған мәдени құндылықтар туралы мәліметтер" музей саласындағы әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Оралов

      "Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2023 жылғы 24 шілдедегі
№ 194 бұйрыққа
қосымша

Музей саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне ұсынылады.

      Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурстарда орналастырылған: www.nmrk.kz, www.gov.kz./memleket/entities.mcs.

"Тұрақты сақтауға қабылданған мәдени құндылықтар туралы мәліметтер"

      Есепті кезең: 20 _ жыл

      Индекс: 1-КЦ

      Жиілігі: жылдық

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: жыл сайын 1 наурызға дейін.


п/п

Мәдени құндылықтардың атауы және қысқаша сипаттамасы (авторы, мерзімі, табылған орны, жазулар, материалы және мәдени құндылықтардың дайындалу техникасы, өлшемі, бағалы металдар мен тастардан жасалған мәдени құндылықтардың жалпы салмағы)

Мәдени құндылықтардың саны

Мәдени құндылықтардың шифры

Мәдени құндылықтардың сақталуы

Мәдени құндылықтардың құны
(теңге)

Мәдени құндылықтардың фотосуреті

Мәдени құндылықтар сақталатын музейдің атауы

1

2

3

4

5

6

7

8


БАРЛЫҒЫ







      ________________________

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның (басшының (өкілінің) қолы)

      мөрдің орны (болған жағдайда)

      Ескертпе: "Тұрақты сақтауға қабылданған мәдени құндылықтар туралы мәліметтер" музей саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме осы Нысанның қосымшасында келтірілген.

  "Тұрақты сақтауға қабылданған
мәдени құндылықтар туралы
мәліметтер" музей саласындағы
әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанға қосымша

Музей саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған "Тұрақты сақтауға қабылданған мәдени құндылықтар туралы мәліметтер" нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      1. "Тұрақты сақтауға қабылданған мәдени құндылықтар туралы мәліметтер" музей саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанның 1-бағанында (бұдан әрі – Нысан) реттік нөмері көрсетіледі.

      2. Нысанның 2-бағанында мәдени құндылықтардың атауы және қысқаша сипаттамасы (авторы, мерзімі, табылған орны, жазулар, материалы және мәдени құндылықтардың дайындалу техникасы, өлшемі, бағалы металдар мен тастардан жасалған мәдени құндылықтардың жалпы салмағы) көрсетіледі.

      3. Нысанның 3-бағанында мәдени құндылықтардың саны көрсетіледі.

      4. Нысанның 4-бағанында мәдени құндылықтардың шифры көрсетіледі.

      5. Нысанның 5-бағанында мәдени қ ұндылықтардың сақталуы көрсетіледі.

      6. Нысанның 6-бағанында мәдени құндылықтардың құны (теңге) көрсетіледі.

      7. Нысанның 7-бағанында мәдени құндылықтардың фотосуреті көрсетіледі.

      8. Нысанның 8-бағанда мәдени құндылықтар сақталатын музейдің атауы көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады