Барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 706 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 желтоқсанда № 12414 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 20-бабының 11-8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімдік баспасөз басылымдарында және "Әділет". ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Е. Досаев


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 20 қарашадағы
№ 706 бұйрығымен
бекітілген

Барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.07.2023 № 513 (07.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 20-бабының 11-8) тармақшасына сәйкес әзірленген, барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу тәртібін белгілейді және қала құрылысын жоспарлау және аумақтарды дамыту саласында Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын құрылыс қызметі барлық сәулет, қала құрылысы және құрылыс субъектілерін басқару үшін міндетті болып табылады.

      2. Қағидалар Заңның 64-3-бабының 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген "бір терезе" қағидаты негізінде қаржыландыру көздеріне қарамастан барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасын (бұдан әрі – қала құрылысы сараптамасы) жүргізу тәртібін айқындайды.

      3. Барлық деңгейдегі қала құрылысы жобалары үшін қала құрылысы сараптамасы "бір терезе" қағидаты бойынша жүзеге асырылады.

      4. Қала құрылысы сараптамасын Заңның 64-4-бабында белгiленген өз құзыретiне сәйкес мемлекеттiк сараптама ұйымы жүргiзедi, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларына сәйкес тапсырыс беруші мен мемлекеттік сараптама ұйымдары арасында жасалған шарттар негiзiнде жүзеге асырады.

      5. Мемлекеттік сараптама ұйымы "Сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және кешендi ведомстводан тыс сараптамаға және қала құрылысы сараптамасына қатысу үшiн мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 306 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10635 болып тіркелген) Сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және кешендi ведомстводан тыс сараптамаға және қала құрылысы сараптамасына қатысу үшiн мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидаларына сәйкес сараптама комиссияларын (топтарын) құрайды.

      6. Қала құрылысы сараптамасын жүргізу құны "Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 780 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12681 болып тіркелген) Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидаларына сәйкес анықталады.

      7. Қала құрылысы сараптамасынан өтпеген және оң қорытындысын алмаған барлық деңгейдегі қала құрылысы жобалары бекітуге жатпайды.

2-тарау. "Бір терезе" қағидаты бойынша қала құрылысы сараптамасын өткізу тәртібі

1-параграф. Қала құрылысы сараптамасының мақсаты мен міндеттері

      8. Қала құрылысы сараптамасының мақсаты жобалау шешімдерінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жобалауға арналған бастапқы құжаттардың (материалдардың, деректердің) шарттарына сәйкестігін (сәйкессіздігін) анықтау арқылы қала құрылысы жобаларының сапасын талдау және бағалау, сондай-ақ жобалық шешімдер мен есептеулерде қала құрылысы және техникалық регламенттердің талаптарын, мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттардың нормалары мен ережелерін, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтік құқықтық актілердің нормаларын сақтау болып табылады.

      9. Қала құрылысы сараптамасын жүргізу барысында:

      1) бекітілген жобалық тапсырма және бастапқы құжаттар (материалдар, деректер);

      2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің ережелеріне, нормалары мен талаптарына жобалық шешімдер мен есептеулердің сәйкестігіне қала құрылысы жобаларын бағалау бойынша міндеттер орындалады.

2-параграф. Қала құрылысы сараптамасын өткізуге қала құрылысы жобаларын ұсыну және қабылдау

      10. Тапсырыс берушілер осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес қала құрылысы сараптамасын жүргізу үшін құжаттамалар жиынтығын ұсынады.

      11. Ұсынылған қала құрылысы жобасының және бастапқы құжаттардың жинақтылығы мен құрамы Қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасына ұсынылатын құжаттардың (материалдардың) тізбесінің сәйкестігі:

      республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және халқының есептік саны жүз мыңнан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын қоспағанда, елді мекендердің бас жоспарлары бойынша 5 (бес) жұмыс күні ішінде, мемлекеттік сараптама ұйымында көрсетілген материалдар тіркелген күннен бастап, сондай-ақ егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары (бұдан әрі – ЕТЖЖ) және құрылыс салу жобалары (бұдан әрі – ҚСЖ) бойынша осы Қағидалардың 1-қосымшасына;

      жалпы мемлекеттік және өңірлік маңызы бар қала құрылысы жобалары бойынша, сондай-ақ елді мекендерді дамыту мен салудың қала құрылысы жобалары бойынша, оның ішінде республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және халықтың есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарлары бойынша 15 (он бес) жұмыс күні ішінде көрсетілген материалдар мемлекеттік сараптама ұйымында тіркелген күннен бастап осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес тексеріледі.

      Қала құрылысы жобасының және бастапқы құжаттардың толық еместігі немесе осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген құжаттардың құрамына қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні анықталған кезде 5 (бес) жұмыс күні және 15 (он бес) жұмыс күні өткен соң, тапсырыс берушіге қала құрылысы жобасын сараптамаға қабылдаудан бас тарту және қала құрылысы жобасын және (немесе) жоғарыда аталған талаптарға сәйкес бастапқы құжаттарды сәйкес келтіргеннен кейін оларды сараптамаға қайта ұсыну үшін жетіспейтін материалдарды көрсете отырып, оны қараусыз қайтару туралы ресми хабарлама жіберіледі.

      12. Қала құрылысы жобаларының құрамы мен мазмұны, сондай-ақ қала құрылысы жобаларының электрондық-цифрлық нысанына қойылатын талаптар

      "Қала құрылысы жобаларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен құрылыс салу жобаларын) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 505 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21342 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Қала құрылысы жобаларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен құрылыс салу жобалары) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларында айқындалады.

      13. Мемлекеттiк сараптама ұйымы қала құрылысы сараптамасын жүргiзу кезiнде "Қызмет бабында пайдалану үшін" (бұдан әрі – ҚБПҮ) деген белгісі бар қала құрылысы жобаларын қоспағанда, барлық рәсiмдер мен операцияларды өз ақпараттық жүйесi және жобалардың ведомстводан тыс кешенді сараптамасының бірыңғай порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырады.

      14. ҚБПҮ деген белгісі бар қала құрылысы жобалары электрондық жеткізгіштерде мемлекеттік сараптама ұйымына қала құрылысы сараптамасын жүргізу үшін ұсынылады.

      15. Мемлекеттiк сараптама ұйымының қарауына олардың талап етiлетiн жиынтықтылығы мен құрамы расталғаннан кейiн қала құрылысы жобасын (оған қоса берiлетiн бастапқы құжаттарды ескере отырып) қабылдау, сондай-ақ сараптама жұмыстарының құнын, оларды жүргізу мерзiмдерi мен ұзақтығын белгiлеу тапсырыс берушімен қала құрылысы жобасына қала құрылысы сараптамасын жүргізуге шарт жасасу үшін негіз болып табылады.

      16. Қала құрылысы сараптамасын жүргізуге шарт тараптардың уәкілетті өкілдерінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қойылған электрондық цифрлық нысанда (электрондық шарт) Портал және мемлекеттік сараптама ұйымының ақпараттық жүйесі арқылы жасалады.

      ҚБПҮ деген белгісі бар қала құрылысы жобасына қала құрылысы сараптамасын жүргізуге шарт қағаз жеткізгіште жасалады.

      17. Қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жасалады.

      Мемлекеттік монополияға жатқызылған қала құрылысы сараптамасын жүргізуге арналған шарт жария болып табылады және мемлекеттік сараптама ұйымы тапсырыс берушілермен жасасады.

      18. Жеке меншiк субъектiлерiне тиесiлi жер учаскелерiнiң шекарасында әзiрленген ЕТЖЖ және ҚСЖ бойынша қала құрылысы сараптамасы жер учаскелерiнiң меншiк иелерi немесе құрылыс салушылар, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларына сәйкес тапсырыс беруші, мемлекеттік сараптама ұйымы және жер учаскесінің меншік иесі (құрылыс салушы, инвестор) арасында жасалған үш жақты шарт бойынша инвесторлар қаражаты есебiнен жүргізіледі.

3-тарау. "Бір терезе" қағидаты бойынша қала құрылысы сараптамасын жүргізу

      19. Қала құрылысы сараптамасына ұсынылған қала құрылысы жобасын оның бастапқы құжаттарымен бірге тапсырыс беруші Портал арқылы осы материалдардың жиынтықтылығы мен құрамының электрондық жеткізгіштерде мемлекеттік сараптама ұйымына ұсынылатын ҚБПҮ деген белгісі бар қала құрылысы жобаларын қоспағанда, мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкестігін белгілеу үшін мемлекеттік сараптама ұйымына жібереді.

      20. Қала құрылысы сараптамасын жүргізу барысында сарапшылар:

      1) тапсырыс берушіден және қала құрылысы жобасын әзірлеушіден олар ұсынатын қажетті материалдар мен ақпаратты сарапшы белгілеген мерзімде сұратады және алады;

      2) ұсынылған қала құрылысы жобасының қала құрылысы және техникалық регламенттер нормаларына, мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттардың нормалары мен ережелеріне, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің нормаларына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады;

      3) осы Қағидалардың 23-тармағында көзделген тәртіппен оларды жою мақсатында дәлелді ескертулер береді.

3-параграф. Қала құрылысы сараптамасын жүргізу мерзімі мен ұзақтығы

      21. Қала құрылысы сараптамасын жүргізудің нормативтік ұзақтығы қала құрылысы жобасының түрін ескере отырып айқындалады.

      22. Қала құрылысы сараптамасын жүргізу мерзімі мен ұзақтығы мемлекеттік сараптама ұйымы мен тапсырыс беруші арасында жасалған шартта айқындалады, бірақ:

      1) Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың, ЕТЖЖ және ҚСЖ бас жоспарларын қоспағанда, елді мекендердің бас жоспарлары бойынша 45 (қырық бес) жұмыс күнінен;

      2) жалпы мемлекеттік және өңірлік маңызы бар қала құрылысы жобалары бойынша, сондай-ақ елді мекендерді дамыту мен салудың қала құрылысы жобалары бойынша, оның ішінде республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және халықтың есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарлары бойынша 60 (алпыс) жұмыс күнінен аспайды.

      23. Қала құрылысы сараптамасын жүзеге асыру мына кезеңдерге және мерзімдерге бөлінеді:

      1) қала құрылысы сараптамасының ең ұзақ ұзақтығы 60 (алпыс) жұмыс күні.

      Негізгі кезең:

      қала құрылысы жобасының ұсынылған материалдарын қарау, талдау және анықталған сәйкессіздіктер бойынша сарапшылардың ескертулер беруі – 26 (жиырма алты) жұмыс күні;

      қала құрылысы жобасын әзірлеушінің сараптамалық ескертулерді әзірлеуі және олар бойынша жауаптар беруі – 14 (он төрт) жұмыс күні;

      сарапшылардың ескертулерге берілген жауаптарды қарауы және қала құрылысы жобасының тиісті бөлімдері бойынша қорытынды баға беруі – 10 (он) жұмыс күні.

      Қорытынды кезең:

      сарапшылардың қала құрылысы жобасының тиісті бөлімдерінің нормативтік талаптарына сәйкестігі бойынша қорытындыларды дайындауы, қала құрылысы сараптамасының қорытындысын ресімдеуі және беруі – 10 (он) жұмыс күні;

      2) қала құрылысы сараптамасының ең ұзақ ұзақтығы 45 (қырық бес) жұмыс күні.

      Негізгі кезең:

      қала құрылысы жобасының ұсынылған материалдарын қарау, талдау және анықталған сәйкессіздіктер бойынша сарапшылардың ескертулер беруі – 20 (жиырма) жұмыс күні;

      қала құрылысы жобасын әзірлеушінің сараптамалық ескертулерді әзірлеуі және олар бойынша жауаптар беруі – 10 (он) жұмыс күні;

      қала құрылысы жобасының тиісті бөлімдері бойынша берілген жауаптарды, ескертулерді және қорытынды бағалауды сарапшылардың қарауы – 10 (он) жұмыс күні.

      Қорытынды кезең:

      сарапшылардың қала құрылысы жобасының тиісті бөлімдерінің нормативтік талаптарына сәйкестігі бойынша қорытындыларды дайындауы, қала құрылысы сараптамасының қорытындысын ресімдеуі және беруі – 5 (бес) жұмыс күні.

      24. Қала құрылысы сараптамасын жүргізу барысында ескертулерді белгіленген мерзімде жоймау қала құрылысы жобасын одан әрі қараусыз теріс сараптама қорытындысын беруге негіз болып табылады. Мұндай жағдайларда сараптама жүргізуге шарттың қолданысы тоқтатылады.

4-параграф. Қала құрылысы сараптамасын тоқтату

      25. Қала құрылысы сараптамасын жүргізу барысында мемлекеттік сараптама ұйымының одан әрі ресімдеу және беру, сондай-ақ тапсырыс берушінің сараптама қорытындысын алу қажеттілігі болмаған мән-жайлар туындаған жағдайларда қала құрылысы жобасының тапсырыс берушісі қала құрылысы сараптамасын тоқтату қажеттігі туралы ресми өтінішті тапсырыс берушінің мұндай шешімінің негізділігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, мемлекеттік сараптама ұйымына жібереді.

      Тапсырыс беруші мемлекеттік сараптама ұйымына негізделген өзгерістер енгізілген жағдайларда (бөлек немесе жиынтығында) қала құрылысы сараптамасын тоқтату қажеттігі туралы ресми өтініш жібереді:

      жобалау тапсырмасында;

      бастапқы құжаттар (материалдар, деректер);

      қаланы дамыту немесе елді мекендердің әкімшілік-аумақтық бағыныстылығы тұжырымдамасын немесе қала құрылысын реттеу аумақтарының шекараларын өзгертуге байланысты жергілікті атқарушы органның қала құрылысы регламенттерінің шарттары мен талаптары;

      негізделген құжаттарды қоса бере отырып, тапсырыс берушінің қала құрылысы сараптамасынан бас тарту туралы шешімі.

      26. Мемлекеттік сараптама ұйымы және қала құрылысы сараптамасының тапсырыс берушісі орындалған жұмыс актісін жасай отырып, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен қала құрылысы сараптамасын жүргізуге арналған шартты бұзуды ресімдейді.

      27. Егер қала құрылысы сараптамасының тапсырыс берушісінің растайтын құжаттар қоса бере отырып, қала құрылысы сараптамасын тоқтату қажеттілігі туралы ресми өтініші сарапшылардың ескертулерге берілген жауаптарды қарауы және қала құрылысы жобасының тиiстi бөлiмдерiнің қорытынды бағасы үшін белгіленген мерзімдерде ұсынылған жағдайда, онда қала құрылысы сараптамасын жүргiзуге арналған шарт жоғарыда көрсетiлген негiздер бойынша бұзылуға жатпайды және мемлекеттiк сараптама ұйымы шарттық мiндеттемелердiң орындалуын аяқтайды.

      28. Бұрын қайтарып алынған және қайта ұсынылған қала құрылысы жобалары бойынша қала құрылысы сараптамасын жүргізу жаңадан әзірленетін қала құрылысы жобалары үшін белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      29. Мемлекеттік сараптама ұйымы сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының және өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың актілерін, сондай-ақ қала құрылысы жобаларының бастапқы құжаттарының дұрыс еместігі, оларды өзгерту немесе жою фактісін растайтын сот шешімдерін алған кезде, мемлекеттік сараптама ұйымы мұндай шешімдердің негіздемесімен қала құрылысы сараптамасының шартын біржақты тәртіппен бұзады.

      Қала құрылысы жобасын әзірлеу немесе қала құрылысы сараптамасын жүргізу кезеңінде орын алған жоғарыда аталған фактілерді ұсынған кезде мемлекеттік сараптама ұйымы бұрын берілген оң сараптамалық қорытындыларды кері қайтарып алады.

4-тарау. Қорытынды ережелер

      30. Жүргізілген қала құрылысы сараптамасының нәтижелері бойынша мемлекеттік сараптама ұйымы:

      1) қаралып жатқан қала құрылысы жобасын және оның негізгі ережелерін бекітуге ұсынымы бар сараптаманың оң қорытындысын;

      2) қала құрылысының жобасы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы бастапқы құжаттарда (материалдарда, деректерде) және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерде белгіленген талаптарға, шарттарға немесе шектеулерге сәйкессіздіктер анықталған кезде, сараптаманың теріс қорытындысын береді.

      31. Қала құрылысы жобасына сараптамалық қорытынды "Қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негiздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша сараптама қорытындыларын ресiмдеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 305 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 10636 тіркелген) Қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негiздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша сараптама қорытындыларын ресiмдеу қағидаларына сәйкес жасалады.

      32. Қала құрылысы жобасы жиынтығының электрондық нұсқасы түпкілікті редакцияда қала құрылысы құжаттамасын беру электрондық жеткiзгiштерде жүзеге асырылатын ҚБПҮ деген белгісі бар қала құрылысы жобаларын қоспағанда, қала құрылысы сараптамасының оң қорытындысы берілгенге дейiн қала құрылысы жобасының тиiстi бөлiмдерiне немесе бөлiктерiне жауапты сарапшылардың электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландыру арқылы мемлекеттiк сараптама ұйымының ақпараттық жүйесiнде қалыптастырылады.

      33. Қорытындыларды беру электрондық жеткізгіште жүзеге асырылатын ҚБПҮ деген белгісі бар қала құрылысы жобаларын қоспағанда, тапсырыс берушіге қала құрылысы сараптамасының қорытындысын беру және оларды қабылдау-тапсыру актісін ресімдеу Портал арқылы жүзеге асырылады.

      34. Тапсырыс берушіге қала құрылысы сараптамасының оң қорытындысы берілгеннен кейін қала құрылысы жобасының түпкілікті редакциясы беру электрондық тасымалдағышта жүзеге асырылатын ҚБПҮ деген белгісі бар қала құрылысы жобаларын қоспағанда, мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына тіркеу үшін жіберіледі.

      35. Қала құрылысы сараптамасының оң қорытындысын алған қала құрылысы жобасының түпкілікті редакциясында ҚБПҮ деген белгісі бар қала құрылысы жобасы жиынтығының электрондық нұсқасы және қала құрылысы жобасы жиынтығының қағаз нұсқасы кейінгі үш жыл ішінде бақылау мұрағаттық данасы ретінде тапсырыс беруші мен әзірлеушіде (бас жобалау ұйымында) сақталады.

      Қала құрылысы сараптамасының оң қорытындысын алған, түпкілікті редакциясында ҚБПҮ деген белгісі бар қала құрылысы жобасының жиынтығы бақылау мұрағаттық данасы ретінде тапсырыс берушіде, әзірлеушіде (бас жобалау ұйымында) және мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер базасында сақталады.

      36. Қала құрылысы сараптамасының қорытындысы жаңа бас жоспардың немесе өзгерістер мен толықтырулары бар бас жоспардың қала құрылысы сараптамасының қорытындысы алынғанға дейін жарамды.

      37. Тапсырыс беруші сараптама қорытындысының қорытындыларында көрсетілген шарттарды (талаптарды) сақтамаған жағдайда, сондай-ақ осы Қағидаларда көрсетілген жағдайларда мемлекеттік сараптама ұйымы бұрын берілген оң қорытындыларды кері қайтарып алады.

  Барлық деңгейдегі қала
құрылысы жобаларына кешенді
қала құрылысы сараптамасын
жүргізу қағидаларына
1-қосымша

Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын қоспағанда, елді мекендердің бас жоспарлары, сондай-ақ егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары және құрылыс салу жобалары бойынша кешенді қала құрылысы сараптамасына ұсынылатын құжаттамалардың (материалдардың) тізбесі

      Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын және құрылыс салу жобаларын қоспағанда, елді мекендердің бас жоспарлары бойынша кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізуге тапсырыс берушінің (оның деректемелерін көрсете отырып) өтініміне кешенді ведомстводан тыс бірыңғай портал арқылы мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1. Қала құрылысы жобаларын әзірлеуге негіз болатын бастапқы құжаттар:

      1) жобалау процесінің жоспарланған мерзімі мен ұзақтығын көрсете отырып, қала құрылысы жобаларын қаржыландыру туралы тапсырыс берушінің шешімі;

      2) тапсырыс беруші бекіткен жобалау тапсырмасы (қала құрылысы жобасын әзірлеу үшін). Жобалау тапсырмасын жасау, келісу және бекіту тәртібі мемлекеттік құрылыс нормаларымен және қағидаларымен анықталады;

      3) қала құрылысы жобалары бойынша қоғамдық талқылау хаттамасы;

      4) жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшелерінің және "Қала құрылысы жобаларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен құрылыс салу жобаларын) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 505 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 21342 болып тіркелген) Қала құрылысы жобаларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары және дамыту жобалары) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларымен (бұдан әрі – Әзірлеу қағидалары) және Жобалау тапсырмасымен айқындалатын басқа да ұйымдардың келісімі;

      5) "Жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер базасында тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 16 маусымдағы № 172/НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9603 болып тіркелген) бекітілген Жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер базасында тіркеу қағидаларында айқындалған тәртіппен мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер базасында тіркелген топографиялық түсірілім;

      6) тапсырыс берушінің әзірленген егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, құрылыс салу жобаларын Әзірлеу қағидаларында айқындалған мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, елді мекендердің бас жоспарларымен бекітілген функционалдық аймақтарға сәйкестігіне салыстыру рәсімінен өтуі туралы ақпарат.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 12.07.2024 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Сараптамаға ұсынылған қала құрылысы жобасына тапсырыс беруші және әзірлеуші туралы ақпарат:

      1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, салықтар және басқа да міндетті төлемдер туралы заңнамада көзделген тапсырыс берушінің құжаттарының көшірмелері (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (болған жағдайда));

      2) тапсырыс берушінің банктік деректемелері;

      3) жобалық қызметтің осы түріне құқық беретін, оған қосымшалары және лицензиат санаты көрсетілген жобаны әзірлеуші (бас жобалау және қосалқы жобалық ұйымдар) заңды тұлғаның лицензиясы;

      4) қала құрылысы жобасын әзірлеу бойынша жұмыстардың құнын есептеу.

      3. Географиялық ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып және Әзірлеу қағидаларының талаптарына сәйкес әзірленген электрондық (векторлық) түрдегі қала құрылысы құжаттамасы және қала құрылысы жобасының схемалары.

  Барлық деңгейдегі қала
құрылысы жобаларына кешенді
қала құрылысы сараптамасын
жүргізу қағидаларына
2-қосымша

Жалпы мемлекеттік және өңірлік маңызы бар қала құрылысы жобалары бойынша, сондай-ақ елді мекендерді дамыту мен салудың қала құрылысы жобалары бойынша, оның ішінде республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және халықтың есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарлары бойынша кешенді қала құрылысы сараптамасына ұсынылатын құжаттамалардың (материалдардың) тізбесі

      Тапсырыс берушінің жалпы мемлекеттік және өңірлік маңызы бар қала құрылысы жобалары бойынша, сондай-ақ елді мекендерді дамыту мен салудың қала құрылысы жобалары бойынша, оның ішінде республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және халықтың есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарлары бойынша кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу туралы өтініміне (оның деректемелерін көрсете отырып) жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптаманың бірыңғай порталы арқылы мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1. Қала құрылысы жобаларын әзірлеуге негіз болатын бастапқы құжаттар:

      1) жобалау процесінің жоспарланған мерзімі мен ұзақтығын көрсете отырып, тапсырыс берушінің қала құрылысы жобасын қаржыландыру туралы тапсырыс берушінің шешімі;

      2) "Қала құрылысы жобаларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен құрылыс салу жобаларын) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 505 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21342 болып тіркелген) бекітілген Қала құрылысы жобаларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын және құрылыс салу жобаларын) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларына (бұдан әрі – Әзірлеу қағидалары) сәйкес мүдделі мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың келісімі;

      3) тапсырыс беруші бекіткен жобалау тапсырмасы (қала құрылысы жобасын әзірлеу үшін).

      Жобалау тапсырмасын жасау, келісу және бекіту тәртібі сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтермен айқындалады;

      4) елді мекендерді дамыту мен салудың қала құрылысы жобалары бойынша, оның ішінде республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және халықтың есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарлары бойынша қоғамдық талқылау хаттамасы;

      5) жергiлiктi атқарушы органның құрылымдық бөлiмшелерiнің және жобалау тапсырмасымен айқындалатын басқа да ұйымдардың және Әзірлеу қағидаларына сәйкес келісімі;

      6) "Жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер базасында тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 16 маусымдағы № 172/НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9603 болып тіркелген) бекітілген Жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер базасында тіркеу қағидаларында айқындалған тәртіппен мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер базасында тіркелген топографиялық түсірілім;

      7) тапсырыс берушінің әзірленген егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, құрылыс салу жобаларын Әзірлеу қағидаларында айқындалған мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, елді мекендердің бас жоспарларымен бекітілген функционалдық аймақтарға сәйкестігіне салыстыру рәсімінен өтуі туралы ақпарат.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 12.07.2024 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Сараптамаға ұсынылған қала құрылысы жобасына тапсырыс беруші және әзірлеуші туралы ақпарат:

      1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, салықтар және басқа да міндетті төлемдер туралы заңнамада көзделген тапсырыс берушінің құжаттарының көшірмелері (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (болған жағдайда));

      2) тапсырыс берушінің банктік деректемелері;

      3) әзірлеу үшін заңды тұлғаның лицензиясы талап етілмейтін жалпымемлекеттік маңызы бар қала құрылысы жобаларын қоспағанда, оған қосымшаларымен және жобалық қызметтің осы түріне құқық беретін лицензиат санаты көрсетілген заңды тұлғаның – жоба әзірлеушісінің (бас жобалау және қосалқы жобалық ұйымдар) лицензиясы.

      4) қала құрылысы жобасын әзірлеу бойынша жұмыстардың құнын есептеу.

      3. Географиялық ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып және Әзірлеу қағидаларының нормаларына сәйкес әзірленген электрондық (векторлық) түрдегі қала құрылысының құжаттамасы және қала құрылысы жобаларының схемалары.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады