"Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнын төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-210/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 31 шiлдедегi № 138 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 31 шiлдеде № 33202 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнын төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-210/2020 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21715 болып тіркелген) мынадай өзгерістер еңгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 69-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:"

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнын төлеу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын

      "1. Осы Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнын төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 69-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге (бұдан әрі – субъектілер) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнын төлеу тәртібін айқындайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақы төлеуге жататын фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құны туралы деректердің жиынтық тізілімі (бұдан әрі – Жиынтық тізілім) – бірыңғай дистрибьютор қағаз жеткізгіште және (немесе) амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді есепке алудың ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда қалыптастырған, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құны туралы деректердің жиынтық тізілімі;

      2) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – қор) – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және шарттарда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтерін сатып алуды және оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;

      3) бірыңғай дистрибьютор – қызметін Кодекстің 247-бабына сәйкес жүзеге асыратын заңды тұлға;

      4) бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесі (бұдан әрі – бірыңғай дистрибьютордың тізбесі) – Кодекстің 7-бабының 15) тармақшасына сәйкес бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесі;

      5) бірыңғай дистрибьюторға фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнын төлеу шарты (бұдан әрі – фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу шарты) – тараптардың құқықтарын, міндеттері мен фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнын төлеуге байланысты өзге де талаптарды айқындайтын, қор мен бірыңғай дистрибьютор арасында жазбаша нысанда жасалған шарт;

      6) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер – фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар;

      7) қызмет беруші – фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнын төлеу шарты бойынша фармацевтикалық көрсетілетін қызметті ұсынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъект;

      8) фармацевтикалық көрсетілетін қызмет – ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуды, тасымалдауды, сақтауды, есепке алу мен өткізуді қоса алғанда, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілердің халықты амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етумен байланысты қызметі;

      9) фармацевтикалық қызметтер көрсету туралы шарт – осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тапсырыс беруші мен фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді берушілер арасында жасалған, тараптар қол қойған немесе тараптардың электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куәландырылған шарт;

      10) фармацевтикалық қызметтердің құнын төлеу – Кодекстің 7-бабының 15-1) және 15-2) тармақтарына сәйкес бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу тәртібіне және бірыңғай дистрибьютордың ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібіне сәйкес бірыңғай дистрибьюторға немесе бірыңғай дистрибьютордың немесе жергілікті денсаулық сақтау органдарының сатып алу нәтижелері бойынша белгіленген, фармацевтикалық көрсетілетін қызметке байланысты бірыңғай дистрибьютордың немесе қызмет берушілердің шығындарын өтеу.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде нақты фармацевтикалық көрсетілген қызметтер үшін бірыңғай дистрибьюторға фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнын төлеуді қор әкімшінің тиісті қаржы жылына төлемдері міндеттемелері мен бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарында көзделген қаражат шегінде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнын төлеу шарты негізінде қордың активтеріндегі және ТМККК-ға бөлінетін нысаналы жарна қаражаты есебінен және қор активтері есебінен, сондай-ақ фармацевтикалық қызметтер үшін, алдыңғы қаржы жылының соңғы айында көрсетілген ағымдағы қаржы жылының қор активтеріндегі және ТМККК-ға бөлінетін нысаналы жарна қаражаты есебінен жүзеге асырады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген төлем мерзімі нысаналы жарна қаражаты аударылған сәтке дейін қорға уақтылы аударылмаған кезде тоқтатыла тұрады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнын төлеу қағидаларына 1-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұрықтың 1-тармағы он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Ғиният

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы Министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2023 жылғы 31 шілдедегі
№ 138 Бұйрықа
қосымша
  Дәрілік заттар мен медициналық
бұйымдардың айналысы
саласындағы субъектілерге тегін
медициналық көмектің кепілдік
берілген көлемі және (немесе)
міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыру
жүйесіндегі медициналық көмек
шеңберінде фармацевтикалық
көрсетілетін қызметтердің
құнын төлеу қағидаларына
1- қосымша
  Нысан

Өңірлер бөлінісінде _________ ______ (кезең көрсетілсін) төленуі тиіс фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құны туралы деректердің жиынтық тізілімі

Өңір

АХЖ-10 коды

Р/с №

Қамтамасыз етілген рецептінің № мен күні

ХПА

СА

Шығарылу нысаны, дозалау

Өлшем бірлігі

Өлшем бірлігі үшін баға (теңге)*

Өлшем бірлігінде саны

Сома, (теңге) (8-баған* 9-баған)

Есепке алу және өткізу жөніндегі қызмет шартының немесе өтеусіз жеткізу шартының № мен күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12













      Кестенің жалғасы

Есепке алу және өткізу жөніндегі қызметтің құны, теңге (10-баған* ____ %)**

Фармацевтикалық қызмет көрсету туралы шарттың № мен күні ***

Фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің құны, теңге***

Ақы төленуі тиіс фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің жалпы құны (теңге)(10-баған +12-баған +14-баған)

13

14

15

16





      Фармацевтикалық көрсетілетін қызмет құнының жиыны _____ теңгені құрды.

      (жазбаша)

      Ұсынылды:

      "СҚ-Фармация" ЖШС________________ ___________________

      (қолы, М.О.)*** (Т.А.Ә. (ол болған жағыдайда), лауазымы)

      Келісілді:

      "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ ______ _________

      (қолы, М.О.)**** (Т.А.Ә. (ол болған жағыдайда), лауазымы)

      Ескертпе:

ХПА

Халықаралық патенттелмеген атауы

СА

Саудалық атауы

*

Бағалары бекітілген баға бойынша көрсетілетін құрамында есірткі заттары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қоспағанда, бірыңғай дистрибьютордың прайс-парағы бойынша баға көрсетіледі

**

Құрамында есірткі заттары, психотроптық заттар мен прекурсорлар жоқ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар үшін көрсетіледі. Өтеусіз жеткізу шарты арқылы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізген жағдайда көрсетілген баған толтырылмайды.

***

Құрамында есірткі заттары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар үшін көрсетіледі

****

Жиынтық тізілім электрондық нысанда, екі тараптан электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған жағдайда, мөр қойылмайды.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады