"Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 2 тамыздағы № 379 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 7 тамызда № 33235 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы";

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Білім туралы" Заң) 5-3-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайды.";

      6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "ЖЖОКБҰ алқалы басқару нысандарын (ғылыми кеңес), қамқоршылық кеңесті, әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңесті, оларды сайлау тәртібін қоса алғанда, олардың жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын "Білім туралы" Заңның 44-бабының 9-тармағына сәйкес ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган бекітеді.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. ЖЖОКБҰ басшысы алқалы басқару қағидаттарында ЖЖОКБҰ-ны басқаруды жүзеге асырады, білім алушылардың даярлық сапасын, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 20 шілдедегі № 2 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 болып тіркелген) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.";

      15-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте, ЖЖОКБҰ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымда № 391 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11716 болып тіркелген) "ғылым кандидаты" және (немесе) "ғылым докторы" ғылыми дәрежесі, немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежесі, немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі, немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежесі, және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)", немесе "профессор" (бар болған жағдайда) дәрістердің оқуын қамтамасыз етеді.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Академиялық саясат ЖЖОКБҰ-ның алдында тұрған басымдықтар мен міндеттерді ескере отырып, ғылым және жоғары білім саласындағы қолданыстағы заңнама негізінде әзірленеді және сақталады.

      Академиялық саясаттың құрылымы мен бағыттарын ЖЖОКБҰ айқындайды.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Білім алушыларды қабылдауды жүзеге асыру үшін ЖЖОКБҰ "Білім туралы" Заңның 5-3-бабының 9) тармақшасына сәйкес бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары негізінде әзірленген ЖЖОКБҰ-ға қабылдау қағидаларын әзірлейді, бекітеді және сақталуын қамтамасыз етеді.

      ӘАОО-ға білім алушыларды қабылдау "Білім туралы" Заңның 5-1-бабының 9) тармақшасына сәйкес бекітілген Тиісті деңгейдің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдаудың қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      ЖЖОКБҰ білім алушыларды қабылдауды, ауыстыруды және қайта қабылдауды "Білім туралы" Заңның 43-1-бабы 2-тармағының 6), 10) тармақшаларына, 44-бабының 9-2-тармағына сәйкес ЖЖОКБҰ-ның Үлгілік қағидаларында, ЖЖОКБҰ-да ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларында көзделген растайтын құжатты тіркей отырып, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      ЖЖОКБҰ бітірушілерге білім туралы құжаттарды бергеннен кейін бір ай ішінде осы деректерді ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне енгізеді.

      ЖЖОКБҰ берілген білім туралы құжаттар бойынша ақпараттық жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және білім туралы құжаттардың, оның ішінде бұрын берілген құжаттардың электрондық базасын (архивін) құрады.

      Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне енгізілетін деректердің дұрыстығын ЖЖОКБҰ қамтамасыз етеді.

      ЖЖОКБҰ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 10 ақпандағы № 47 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31894 болып тіркелген) бекітілген 17-қосымшаға сәйкес Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптардың және оларды есепке алу мен беру қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді.";

      25-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "ЖЖОКБҰ білім алушылардың оқу үшін ақы төлеу мөлшері мен ақы төлегендігі туралы мәліметтерді ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне енгізеді.";

      31-тармақта:

      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны тоқтата тұру, қайтарып алу және одан айыру туралы шешім қабылдаған кезде осы ЖЖОКБҰ-ның білім алушылары ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны тоқтата тұру, қайтарып алу және одан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап ағымдағы семестр ішінде оқуын жалғастыру үшін басқа ЖЖОКБҰ-ға ауыстырылады.";

      тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Білім алушыны ақылы негіздегі оқудан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстыру "Білім туралы" Заңның 5-3-бабының 26) тармақшасына сәйкес бекітілген тәртіппен жүзеге асырылады.";

      он төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны тоқтата тұру, кері қайтарып алу және одан айыру, білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуын ерікті түрде тоқтату немесе ЖЖОКБҰ-ны тарату, аккредиттеудің қолданылуын тоқтата тұру, кері қайтарып алу немесе мерзімі өткені туралы шешім қабылдаған кезде білім алушылардың осы ЖЖОКБҰ-ға ауысуы немесе қайта қабылдануы жүзеге асырылмайды.";

      жиырмасыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "ЖЖОКБҰ білім алушыларды ауыстыру, оқудан шығару, қабылдау туралы шешім шығарылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне тиісті өзгерістер енгізеді.";

      жиырма екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарын және ӘАОО-ны қоспағанда, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны тоқтата тұру, кері қайтарып алу және одан айыру, білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуын ерікті түрде тоқтату немесе ЖЖОКБҰ-ны тарату, аккредиттеудің қолданылуын тоқтата тұру, кері қайтарып алу немесе мерзімі өткені туралы шешім қабылдаған кезде ЖЖОКБҰ білім алушыларды міндетті түрде хабардар ете отырып, ЖЖОКБҰ-ның ресми сайтында тиісті ақпаратты орналастырады.";

      33-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. ЖЖОКБҰ-ның оқу-әдістемелік жұмысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 583 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5036 болып тіркелген) Білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларына сәйкес ұйымдастырылады.";

      37-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласының білім алушылары үшін педагогикалық практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын ЖЖОКБҰ ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістемелік ұсынымдарға сәйкес әзірлейді және бекітеді.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Формальды емес білім арқылы ересектер алған оқу нәтижелерін тану "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 48) тармақшасына сәйкес бекітілген Формальды емес білім беретін, танылған ұйымдардың тізбесіне енгізілген ұйымдар беретін формальды емес білім арқылы ересектер алған оқу нәтижелерін тану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";

      40-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте ЖЖОКБҰ білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау, сабаққа қатысуы туралы деректерді ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне енгізеді.";

      47-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "ӘАОО-да қорытынды аттестаттаудан "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған білім алушы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы", "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес "білім беру бағдарламаларының талаптарын орындамаған: диплом жұмысын (жобасын) немесе магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғай алмаған" немесе "білім беру бағдарламаларының талаптарын орындамаған: кешенді емтиханды тапсыра алмаған" ретінде ЖЖОКБҰ-дан шығарылады.";

      49-тармақтың бірінші және екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "ЖЖОКБҰ білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың нысанын және оларды толтыруға қойылатын талаптарды "Білім туралы" Заңның 39-бабының 5-1-тармағына сәйкес айқындайды.

      Өзіндік үлгідегі білім туралы құжаттардың нөмірлері мен QR кодтары ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган ұсынатын арнайы сервисте жасалады.";

      51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "51. Докторлық диссертацияларды қорғауды ұйымдастыру мен өткізу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6951 болып тіркелген) Дәрежелерді беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";

      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын оқып бітірген бітірушілердің тізімі, ӘАОО-ны қоспағанда, олардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), білім беру бағдарламасы және берілген дипломның нөмірі көрсетіле отырып, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне орналастырылады.";

      57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "57. ЖЖОКБҰ Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады және сақталуын қамтамасыз етеді.

      ЖЖОКБҰ шетелдік білім беру, ғылыми және мәдени ұйымдармен, халықаралық ұйымдармен және қорлармен тікелей байланыстарды орнатады, ынтымақтастық туралы екі жақты және көп жақты шарттар жасасады, білім алушылармен, педагогикалық және ғылыми қызметкерлермен халықаралық алмасу бағдарламаларына қатысады, ғылым және жоғары білім саласындағы халықаралық үкіметтік емес ұйымдарға (қауымдастықтарға) мүше болады.

      Бұл ретте, ЖЖОКБҰ шет мемлекеттің мәдениетімен, дәстүрлерімен, тұрмыс-салттарымен және тілін игерумен байланысты қызметі бар шетелдік құрылымдық бөлімшелерді (институттарды, орталықтарды, кафедраларды және т.б.) ашу мәселесін ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келіседі.

      Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның сұрауы бойынша ЖЖОКБҰ халықаралық ынтымақтастықты іске асыру және шетелдік құрылымдық бөлімшелердің (институттардың, орталықтардың, кафедралардың) қызметі туралы есептерді жолдайды.

      ӘАОО-лар шетелдік ұйымдармен ынтымақтастық туралы екі жақты және көп жақты шарттар жасасады, білім алушылармен, педагогикалық және ғылыми қызметкерлермен халықаралық алмасу бағдарламаларына қатысады, тиісті уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша ғылым және жоғары білім саласындағы халықаралық үкіметтік емес ұйымдарға (қауымдастықтарға) мүше болады.";

      61-тармақтың екінші және үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "ӘАОО-ны қоспағанда, ЖЖОКБҰ ақпараттық жүйелерін ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен интеграциялауды қамтамасыз етеді.

      Бұл ретте, ЖЖОКБҰ-ның басшысы ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган бекіткен әкімшілік деректер нысандарының толықтығын, нақтылығын және уақтылы толтырылуын қамтамасыз етеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім
министрі
С. Нурбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады