"Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 52 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 2 тамыздағы № 244 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 8 тамызда № 33249 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 52 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13137 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 55) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттары бекітілсін.";

      осы бұйрықпен бекітілген Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттары.";

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Негізгі ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 55) тармақшасына сәйкес және меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды айқындау үшін әзірленген.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Білім алушылардың тілдік емес және тілдік пәндер бойынша оқу жетістіктерін бағалау өлшемшарттары";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Білім беру деңгейлері бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау өлшемшарттары";

      мынадай мазмұндағы 4-тараумен толықтырлысын:

      "4-тарау. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттары";

      13. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары студенттерінің оқу жетістіктерін бағалау өлшемшарттары оқу материалын игерудің келесі деңгейлерін бағалауға негізделген:

      1) білу;

      2) түсіну;

      3) қолдану;

      4) талдау;

      5) синтез;

      6) бағалау.

      14. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің базалық модульдерінде/жалпы гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық пәндерінде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау өлшемшарттары:

      Дене қасиеттерін дамыту және жетілдіру:

      1) бұлшық ет жүктемесі кезінде тыныс алу, қан айналымы және энергиямен қамтамасыз ету жүйелерінің физиологиялық негіздерін, дене жүктемесінің негіздерін және оны реттеу тәсілдерін біледі;

      2) салауатты өмір салтының негіздері мен ережелерін, дене жаттығулары кезінде жарақат алу себептерін, жарақаттанудың алдын алу жолдарын түсінеді;

      3) оқу ойынында үйренген ойын тәсілдерін және жеке тактикалық тапсырмаларды қолданады, жалпы дене шынықтыру жаттығуларының кешенін, бағдарламада көзделген бақылау нормативтері мен тесттерін орындайды;

      4) дене жаттығуларын орындаудағы өзінің жетістіктері мен тәжірибесін, қимылдардың реттілігі мен үйлестірілуін талдайды;

      5) оңтайлы нәтижеге қол жеткізу үшін жаттығулардың әртүрлі түрлерін, жаттығу әдістері мен принциптерін біріктіреді, тиімділікті, қауіпсіздікті немесе фитнес нәтижелерін жақсарта алатын инновациялық жаттығу тәсілдерін жасайды;

      6) дене белсенділігінің ағзаға әсерін бағалайды, дене шынықтыру мен физиологиялық көрсеткіштер арасындағы байланысты анықтайды, ықтимал қауіптерді анықтайды.

      Ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияларды қолдану:

      1) оқытудағы ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологиялардың негізгі ерекшеліктерін біледі;

      2) білім беру үдерісіндегі ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологиялардың рөлін түсінеді;

      3) компьютерлік бағдарламаларды практикада қолданады, ақпараттық-анықтамалық және интерактивті веб-порталдардың қызметтерін пайдаланады, компьютерлер мен перифериялық құрылғылардың жұмысын басқарады және бақылайды, тапсырмаларды орындау үшін қолданбалы бағдарламалар, графикалық редакторлар, мультимедиялық қосымшалар пакеттерін қолданады;

      4) зерттеу жұмысында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен жаңа технологияларды талдайды және қолданады;

      5) ақпараттық-анықтамалық және интерактивті веб-порталдар мен сайттардың қызметтерін пайдалана отырып жобалар әзірлейді;

      6) жобалық қызмет кезінде бағдарламаны таңдауды дәлелдейді.

      Экономиканың базалық білімін және кәсіпкерлік негіздерін қолдану:

      1) қоғамның экономикалық өмірінің негізгі заңдылықтарын біледі;

      2) маңызды экономикалық құбылыстар мен процестердің мәнін, әлемдік экономиканың даму тенденцияларын, мемлекеттің "жасыл" экономикаға көшуінің негізгі міндеттерін түсінеді;

      3) экономикалық құбылыстар мен процестерді талдау және түсіндіру үшін негізгі экономикалық терминдер мен ұғымдарды, экономикалық қатынастарды және әртүрлі факторлардың әсерін зерттеу үшін деректерді талдау әдістерін қолданады;

      4) экономикалық процестерді талдайды және бағалайды, тенденциялар мен заңдылықтарды анықтау үшін экономикалық деректерді түсіндіреді;

      5) күрделі экономикалық проблемаларды немесе жағдайларды шешу үшін стратегиялар мен ұсыныстарды әзірлейді, кешенді және тұтас шешімдерді әзірлеу үшін экономиканың әртүрлі аспектілерін біріктіреді;

      6) іс-әрекеттің әртүрлі нұсқаларын бағалайды және экономикалық принциптер мен теориялар негізінде олардың ықтимал салдарын болжайды, бекітілген бизнес-жоспарға сәйкес өз қызметін жоспарлайды.

      Қоғам мен еңбек ұжымында әлеуметтену және бейімделу үшін әлеуметтік ғылымдар негіздерін қолдану:

      1) әлеуметтік ғылымдардың негізгі ұғымдарын, еңбек заңнамасының нормаларын, іскерлік этикет нормаларын біледі;

      2) әлеуметтік, мәдени және саяси процестердің даму ерекшеліктерін түсінеді, Қазақстанның қазіргі әлемдегі орны мен рөлін айқындайды;

      3) әлеуметтік және саяси процестерді талдау және түсіндіру үшін негізгі ұғымдарды қолданады;

      4) мәдени, әлеуметтік-саяси оқиғалардың мәнін талдайды;

      5) әлеуметтік жобаларды әзірлейді;

      6) саяси, мәдени, әлеуметтік оқиғаларды бағалайды және негізделген пайымдаулар мен қорытындыларды тұжырымдайды.

      Кәсіби қызметте қазіргі заманғы экономикалық жүйенің жұмыс істеуінің негізгі заңдылықтары мен тетіктерін қолдану:

      1) тәжірибеде экономикалық категориялармен кәсіби түрде әрекет етеді;

      2) экономикалық циклдерің кезеңдерін ажыратады және олардағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қозғалыстарын талдайды;

      3) күрделі экономикалық мәселелерді шешу үшін сандық және сапалық әдістерді қолдануды дәлелдейді;

      4) кәсіпорындардағы экономикалық процестерді талдау үшін статистикалық мәліметтер қорын қалыптастырады;

      5) тәуекелдерді және олардың қызметіндегі өзгерістерді жіктейді және оларды бағалау әдістерін негіздейді.

      Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында кәсіптік модульдерде/жалпы кәсіптік, арнайы пәндерде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау өлшемшарттары:

      1) кәсіби салаға байланысты негізгі ұғымдарды, терминдерді тізімдейді, ақпаратты жаңғыртады, кәсіби міндеттерді орындау үшін қажетті негізгі фактілерді, рәсімдерді айқындайды;

      2) кәсіби саланың негізгі идеяларын, принциптері мен тұжырымдамаларын түсіндіреді, кәсіптік практикаға қатысты терминдер мен ұғымдарды, деректер мен ақпаратты тұжырымдайды және түсіндіреді;

      3) кәсіби саламен байланысты практикалық мәселелерді шешу үшін білім мен дағдыларды қолданады, іс-қимыл жоспарын әзірлейді және тапсырмаларды орындау үшін тиісті әдістер мен алгоритмдерді қолданады, нақты немесе имитацияланған жағдайларда кәсіби дағдыларды қолданады;

      4) кәсіби қызметке байланысты деректерді, проблемаларды немесе жағдайларды талдайды және қатынастарды немесе себеп-салдарлық байланыстарды анықтайды, проблемаларды анықтайды және балама шешімдер мен стратегияларды ұсынады;

      5) кәсіби салада қолданылатын жаңа әдістерді, тәсілдерді немесе модельдерді ұсынады, өз тәжірибесіне негізделген жобалар жасайды;

      6) кәсіптік практика контекстінде шешімдердің немесе стратегиялардың тиімділігін бағалайды, негізделген пайымдаулар мен қорытындыларды тұжырымдайды.

      Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік модульдерде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау өлшемшарттары:

      1) кәсіби қызметпен байланысты негізгі ұғымдар мен терминологияны біледі;

      2) кәсіби саламен байланысты негізгі ұғымдар мен принциптерді түсінеді, өз зерттеулерінің әртүрлі аспектілері арасындағы байланыстар мен өзара байланыстарды анықтайды;

      3) тұжырымдамалар мен теорияларды нақты жағдайларға қолданады, алынған білім мен әдістерді нақты зерттеу мәселелерін талдауға және шешуге қолданады, деректерді жинау және талдау үшін тиісті құралдар мен әдістерді қолданады;

      4) кәсіби сала контекстіндегі кәсіби мәселелердің немесе жағдайлардың, ақпарат пен деректердің әртүрлі аспектілерін талдайды, деректердегі негізгі тенденцияларды, үлгілер мен заңдылықтарды анықтайды;

      5) ұсыныстарды әзірлейді немесе зерттеу негізінде жақсарту жолдарын ұсынады;

      6) ақпаратты сыни тұрғыдан бағалайды, дәлелдерді қолданады және кәсіби салада негізделген шешімдер қабылдайды, өз жұмысын бағалайды және зерттеу сапасын бағалау үшін бағалау және талдау әдістерін қолданады.".

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Г. Бейсембаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады