"Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы № 24 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 10 тамыздағы № 571 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 15 тамызда № 33280 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы № 24 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22100 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-2-бабының 10-27) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-2-бабының 10-27) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдалану тәртібін айқындайды.";

      2-тармақта:

      2) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) біржолғы зейнетақы төлемі - Кодекстің 1-бабы 1-тармағының 33) тармақшасына сәйкес белгіленген тәртіппен тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы (зейнетақы төлемдерін алушы) алатын, міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы;";

      5) және 6) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:

      "5) өтініш беруші – Кодекске сәйкес БЖЗҚ-дан біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар тұлға;

      6) уәкілетті оператор – Кодекстің 1-бабының 136) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын (белгілейтін), тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында БЖЗҚ-дан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдері үшін арнайы шоттар ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын заңды тұлға (заңды тұлғалар), оларға БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан біржолғы зейнетақы төлемдерін аударуды жүзеге асырады;";

      6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Біржолғы зейнетақы төлемдері Кодекстің 220-бабының 3-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде осы Қағидалардың 5-тармағында айқындалған мақсаттар шегінде шектеусіз пайдаланылады.";

      7-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Кодекстің 220-бабының 3-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес алушының жұбайы (зайыбы) және (немесе) жақын туыстары атынан өтініш берушіге (-лерге) тиесілі біржолғы зейнетақы төлемдерін осы Қағидалардың 5-тармағында айқындалған мақсаттарға пайдалануына жол беріледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
А. Бейспеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы нарығын реттеу

      жəне дамыту агенттігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады